Сабақ Тақырыбы: «Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің дәстүрлі түрлері»



Дата25.08.2017
өлшемі106,74 Kb.
#27736
А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы


Технология пәнінен ашық сабақ
Тақырыбы:

«Қазақ халқының

сәндік-қолданбалы өнерінің

дәстүрлі түрлері»

/ 5 «ә» сыныбы./


Өткізген: техн.пәні мұғалімі Ташанов А.С
2015-2016 оқу жылы

Бекітемін: ...................... Сыныбы: ...... Уақыты:.........................
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің

дәстүрлі түрлері.


Білімділік мақсаты: қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері жайлы жалпы мағлұматтар беру, олардың түрлерімен таныстыру ;
Дамытушылық мақсаты: оқушыларға ұлттық бұйымдардың адам өміріндегі маңызын айту, олардың қабілеттерін ғылыми негізде дамыту ;
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды ұлттық салт-дәстүрге, отансүйгіштікке ұлттық өнер ерекшеліктерін сезінуге тәрбиелеу ;
Сабаққа қажет материалдар:
Мұғалім үшін: интерактивті тақта, көрнекілік иллюстрациялар, қолөнер

бұйымдарының үлгілері.

Оқушылар үшін: дәптер, қалам, сызғыш, қайшы, желім, кескіш пышақ,

былғары, т.б.материалдар


Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету, сарамандық.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, бейнелеу өнері. 

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі

*Сәлемдесу.

*Оқушыларды тексеру.

*Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Фольга материалынан аналар мейрамына жасалған шекіме.

Жақсы жұмыстарға талдау жасау.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің дәстүрлі түрлері.
Болжау стратегиясы:
– Балалар мына бейнеден не көріп тұрсыңдар? (киіз үй есігі)
– Бұл киіз үйдің ішінде не болуы мүмкін? ( оқушылар жауаптары)
– Бұл бұйымдарды кім жасауы мүмкін?(оқушылардың болжамдары)
– Дұрыс. Бұл қолөнер туындылары.


Бүгінгі сабақта біз қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің дәстүрлі түрлерімен танысамыз.

Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар. Сәндік қолданбалы өнер деп тек қана практикалық жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызды дайындалған және көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туынды жасауды айтады.


Қай халықтың болса да тұрмыс – тіршілігіне қажетті әдемі бұйымдар мен заттарды дүниеге әкелген қолөнері болады. Солардың ішінде біздің қазақ халқы қолөнерінің дамуы өзінше ерекше.

Қазақ қолөнерін төрт топқа бөлген. Олар: ұсталар, зергерлер, ісмерлер мен шеберлер.





Міне өздерің көріп отырғандай сіздер де төрт топқа бөлінгенсіздер. 
І топ «Ұста» тобы ІІ топ «Зергер» тобы
ІІІ топ «Ісмер» тобы ІҮ топ «Шебер» тобы
Ұсталар – найза, қылыш, қанжар, қалқан, семсер, т.б. қару-жарақ түрлерін жасаған.
Зергерлер – білезік, сырға, сақина, шашбау, қапсырма, сәукелеге тағылатын қымбат металдардан (алтын, күміс ) соғылған әшекей бұйымдар жасаған.
Ағаш шеберлері – киіз үй сүйегінен бастап, сандық, асадал, ожау, тостаған, қобыз, домбыра, бесік, шана, арба т.б. бұйымдар жасаған.
Ісмерлер – камзол, шапан, құрақ көрпе тігумен, тұс киіз, алаша тоқумен, сырмақ, текемет басумен айналысқан.



  1. Қазақ ұлттық музыкалық аспабы.
    Қ

    О

    Б

    Ы

    3


  2. Құрметті қонаққа берілетін киім
    А

    Ш

    П

    А

    Н


3.Ұста жасайтын қарудың түрі
М

С

Е

Р

С

Е

4. Қыздардың шашқа тағатын


Ш

А

Ш

Б

А

У

сәндік бұйымы


Ы

С

Р

М

А

Қ

5. Киізден өрнектеліп жасалған

төсеніш.
Балалар, өздерің көріп отырғандай сөзжұмбақтың ортасында «қамшы» деген сөз шықты. Олай болса, қамшы туралы не білеміз? Кім айтады?.
Бейнематериал «Қамшы туралы мәлімет»
Қамшы — атқа мiнген адам ұстайтын, бiрнеше таспа қайыстармен көмкерiлiп, өрiлген, сабы тобылғыдан, ырғайдан, аңдардың тұяғы, мүйiздерiнен жасалған атты айдап жүргiзетiн құрал. Атақты бақсыларды қобызымен, сайтан қашар қамшысымен жерлеу бергі ХХ ғасырдың басына дейін жалғасқан дәстүр. Алты таспа қамшыны – бұзау тіс қамшы, сегіз өрімдіні – дойыр қамшы деп, Жетісуда сешгіз өрімді қамшыны – қырғыз өрім – деп атайды. Қамшының ең алғаш қандай бөліктерінің қалай аталғанын жазған Ш.Уәлиханов болған.

Қамшының сабының өлшемі шынтақ пен жұдырықтай не 7 тұтам, өрімнің ұзындығы бес алақанның көлеміндей, тұтаммен есептегенде өрімі сабынан бір-екі тұтам ұзын болу керек. Қамшының сабына қайыс таспадан бау тағылады, оны бүлдірге деп атайды.


Қолымда бір қамшым бар бүлдіргелі,
Мен айтайын сөзімді күлдіргелі.
(қара өлең)

Өрімшілікте айтылатын сол сөздер:
- Ассалаумағалейкүм (1-тұтам)
- Уағалейкумассалам! (2-тұтам)
- Жол болсын! (3-тұтам)
- Әлей болсын! (4-тұтам)
- Қайда барасың? (5-тұтам)
- Тобылғы сайға барамын. (6-тұтам)
- Оған неге барасың! (7-тұтам)
- Қамшы сапқа барамын. (8-тұтам).

Қамшының түрлері: 
1. Тобылғы сапты қамшы
2. Мүйіз сапты қамшы
3. Ырғай сапты қамшы
4. Орама сапты қамшы
5. Сарала қамшы
6. Сылдыр қамшы
7. Шыбыртқы қамшы (бишік)

Қамшылау әдістері 
1. Қамшы үйіру
2. Батыра қамшылау
3. Шықпырту
4. Салып қалу

5. Сілтеп қалу


ІV. Сарамандық жұмыс:

Керекті құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы қамшы жасау.


Өзіндік жұмыс барысында 4 топ өнер туралы мақал – мәтелдер жазады.

Ү. Бекіту:

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазу.



VІ.Үйге тапсырма:

Қамшы жасау жұмысын аяқтау.



«Мен қолөнер шебері болсам...» деген тақырыпта эссе жазу.

VІІ. Қорытындылау

VІІІ. Бағалау .
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет