Сабақ тақырыбы: Дене қозғалысы бағытында әрекет ететін күштің жұмысы



бет4/8
Дата04.05.2017
өлшемі1,87 Mb.
#15631
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

Сабақ барысында оқушылардың білімін бағалау үшін бағалау критериилері көрсетілген парақша таратып, онымен таныстырдым. Бағалау парағы бойынша оқушылардың сабақ кезіндегі іс-әрекеттері, ынтасы, сабаққа қатысуы, пікір айтулары бойынша көшбасшы бағалауы, бірін-бірі бағалау, топтық бағалау жүзеге асты.

Өткен сабақты қорытындылау, үй тапсырмасын тексеру мақсатында диалогтык оқыту, сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылар тақырып бойынша дайындап келген сұрақтарын келесі топқа қойды. Сұрақтар өткен сабақты толық қамтитындай етіп құрастырылу ескерілді.Әрбір сұрақ қойған оқушы жауап берген оқушының жауабын бірден бағалап отырды, бағалауда жауаптың толық, нақты болу критериилерін ескерді.


8-сурет.

Т-ның сұрақ қою сәті.

қою сәті
Зерттеуге алған жоғарғы деңгейлі оқушым орыс қызы Т-ның « Сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін дәлелдеген ғалым кім? Бұл қағида кімнің заңы?»-деп қойған сұрағы бүкіл өткен тарауды қорытындылап, мағынасын ашып тұрғандай (8-сурет).

Т. сұрағына жауап берген топты бағалауда бағалау критериилерін, яғни,жауаптың нақты және толық болуын ескере отырып, әділ бағасын қойды.



Менің шәкірттеріме риза болғаным үй тапсырмасын ынтамен орындай білді, қызығушылықпен қарады, біріге отырып, өздері бір шешімге келе білді, пікірлесті, диалог жүрді, өз ойларын еркін айтты.

Келесі кезеңде оқушылардың жас еркшеліктерін ескере отырып, өздеріне лайықты қабілетін, дарынын дамыту мақсатында «Кубизм» стратегиясы арқылы, яғни кубтың жақтарында көрсетілген тапсырмалар бойынша тәжірибе жұмысын орындау ұсынылды. Оқушылар таңдалған тәжірибе жұмысын сыни тұрғыдан ойлау арқылы, түсіндіре отырып, дәлелді түрде көрсете білді.




2-сурет.Е-нің тәжірибе

жасау сәті.
Зерттеуге алған орташа деңгейдегі Е.есімді оқушым бұрын сабақтарда есептер шығаруда қиналатын. Ал тәжірибе жасауда қолмен ұстап, көзбен көріп жұмысты орындағандықтан тапсырманы ойдағыдай орындап, физикалық тілмен сыни тұрғыдан басқа топтарға түсіндіруі мені қатты қуантты. Бұдан топтық жұмыстың әр түрін қолдана отырып, әр оқушыға өзін әр қырынан көрсетулеріне мүмкіндік ашылды.


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет