Сабақ Тақырыбы: «Мұнай құрамы, өңдеу әдістері және өнімдері»



бет2/3
Дата25.04.2023
өлшемі406,49 Kb.
#175327
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Ашық сабақ Мұнай құрамы, өңдеу әдістері және өнімдері
№17-сабақ Египет пирамидалары, 5В020600-Религиоведение, Египет тарихыны улетке дейінгі д уірін сипаттап бері із, ОЛИМПИАДА 5-11кл Я2 1тур, 10-2, Бұқар жырау Тілек, күз кереметі, макала алоэ, тет для инкл, 9 сын 5 саб, бжб №2, Әке мен бала Д.Мамырбаева, 540655, шаруашылық
ІІІ. Негізгі бөлім
1) «Миға шабуыл»Оқушыларға сұрақтар қою арқылы бүгінгі тақырыпты анықтау және мақсатымен таныстыру.
Біздің Атырау қаламыз қандай өлке?«Мұнай- табиғаттың берген сыйы» — демекші бүгін біз «Қазақтың қара алтыны» атанған Мұнайдың ашылу тарихы, құрамы, өңдеу әдістері және өнімдеріне тоқталамыз.
2) Тірек-сызбалар(слайдтар) бойынша бағыт-бағдар беру.
Кездесетін кен орнына байланысты мұнайдың сапалық, сандық құрамы да әртүрлі болады. Мұнайдың негізін
парафиндер, циклопарафиндер, ароматты көмірсутектер құрайды.
Сонымен қатар органикалық қышқылдар,күкіртсутек, күкірт органикалық қосылыстар болады.Мұнай құрамында бұлардан басқа да қосылыстар кездеседі. Оларға: сілтілік жер металдар,минералдар,тағыда басқа типтік металдар. Кездесетін кен орнына байланысты мұнайдың сапалық құрамы да,сандық құрамы да әр түрлі болады.Жоғары көрсетілген кестеге сәйкес мұнай құрамында кездесетін көмірсутектерге байланысты: парафинді, нафтенді, ароматты деп ажыратуға болады.Мысалы,Мақат мұнайы – нафтенді көмірсутектерге бай, Жетібай мұнайы парафиндерге бай.Жер астынан өндіріліп алынған мұнайда су көп болады оны шикі мұнай деп атайды.Шикі мұнайды суынан және қосалқы газдардан тазартып өңдеуге жібереді.
Мұнай (парсы тілінен neft- тұтанатын) – жанғыш, майлы, түсі – кен орнына байланысты ашық қоңырдан қара- қоңырға дейін болатын, өзіне тән иісі бар сұйықтық. Ол судан жеңіл, тығыздығы 0,80- 0,95 г /см, суда ерімейді, органикалық еріткіште ериді.
Мұнайды өндіру, тасымалдау. Жер қыртысынан өндіру кезінде ұңғымалардан қысым әсерінен мұнай бұрқақ түрінде атқылайды. Ал кейбір кен орындарында ағыс пен қысым төмен болады. Сонд-н ұңғымада тереңдікте насостар орнатылады. Мұнайды құбырлар, темір жол цистерналары, теңіз танкерлеріарқылы тасымалдайды.
Мұнайды өңдеу әдістері
Мұнайды өңдеудің екі түрлі әдісі бар.
1. Физ. әдіс Мұнарада мұнайды фракцияларға бөлу. Бұл мұнайды айдау деп аталады.Серік газдан, судан айырылғаннан кейін мұнай қыздырылады, сонда ол фракцияларға бөлінеді.
С5- С11
40 –200 С
Бензин фракциясы
С8- С14
150 –250 С
Лигроин фракциясы
С10- С16
150- 300 С
Керосин фракциясы
2. Химиялықәдіс- крекинг әдісі.
Крекинг- мұнай өнімдерін белгілі қысымда үлкен молекулалы көмірсутектерді қайта өңдеу арқылы кішк молекулаларға айналдыру. Крекинг(ағылш. сrak- ажырату, үзілу) ( 1891ж Щухов)
Платина мен молибден катализаторы қатысында ашық және тұйық тізбек көмірсутектерді ароматты көмірсутектерге айналдыру ароматтандыру немесе риформинг процесі деп атайды.
Бензиннің сұйық жанар май ретіндегі аса бағалы қасиеттерінің бірі – детонацияға төзімділігі.
Бензиннің қозғалтқышта қопарылыс түзіп жануы детонация деп аталады, яғни жанған кезде дыбыс ырғағы бұзылады. Егер бензин құрамында ароматты көмірсутектер мен тармақты көмірсутектер көп болса, сапасы жоғары, ал ашық тізбекті көмірсутектер көпболса, сапасы төмен болады.
Детонацияға төзімділігі өте жоғары изооктанның 2,2,4 три метилпентанның октан саны 100-ге тең деп аталады. гербензиннің октан саны 76 болса, ондай бензин цилиндрде 76% изооктан мен 24% гептан қоспасындай детонациясыз қысым туғыза алады.
IV. «Ұшқыр ой»Топтарға арналған шығармашылық тапсырма:
1топ Мұнайдың пайда болуы, шығутарихытуралы.
2топ Мұнайдан алынатын өнімдер, қолданылуы
3топ Мұнайдың қоршаған ортаға әсері.


V. Бекіту
1. Мұнай құрамы қандай көмірсутектерден тұрады?
2. Мұнайдан алынатын өнімдерді атаңдар
3. Крекинг сөзі ағылшын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
4. Мұнайды тасымалдау түрлері .
5. Мұнайды өңдеу әдістері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет