Сабаққа негізделген оқу мақсаттары



бет1/4
Дата22.11.2022
өлшемі1,47 Mb.
#159418
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
кмж (1)
Kazak salty 2, Саба №1-2 Балалар мен жас спірімдерді физикалы дамуы. Ма саты, БӨЖ 3 Каликенова Сания ПМНО-21К

Сабақ тақырыбы:

4 саны және цифры

Мектеп:

Күні :




Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:



Қатыспағандар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары:

1.1.1.2. бір таңбалы сандарды оқу және жазу
1.1.1.3 .бір таңбалы сандардың құрамын анықтау


Барлық оқушылар:Бір таңбалы сандарды санайды ,Цифр мен санды ажырата алады.
Оқушылардың басым бөлігі:Тура және кері санайды .Санын көрсетіп ,өрнектің мәнін табады.
Кейбір оқушылар орындай алады:4 санының құрамын айтады.


Сабақ мақсаттары

Бағалау критерийлері

  • Бір таңбалы сандарды (тура ,кері )санайды.

  • 4 санын басқа сандармен салыстыра алады.

  • Бір таңбалы сандарға берілген еесептерді шығарып ,4 санын таба алады.

Тілдік мақсат

Төрт -четыре-four

Ресурстар:

  1. төрт цифрының жазу үлгісі (баспа және жазба нұсқалары);




  1. сандық сәуле;

  2. 1-ден 4-ке дейінгі сандар жазылған парақшалар;




  1. қарындаштар;

  2. белгі беретін тақтайшалар.

Құндылықтарды дарыту

  1. Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.

Пәнаралық байланыс

  1. Ана тілі, дүниетану, көркем еңбек,ағылшын тілі,орыс тілі.

Жеті модель

  1. СТО. Бағалау. Жас ерекшеліктеріне сай оқыту. Диалогтық оқыту.

Акт қолдану дағдылары

  1. Оқулық, жұмыс дәптері, қима қағаздар,ноутбук,интербелсенді тақта.

Алдыңғы оқу

  1. 3 саны мен цифрын біледі, салыстырады.

Жоспарлау




Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар




Сабақтың басы


Топқа бөлу


Жаңа сабақ

Топпен жұмыс
Суретпен жұмыс

Жұптық жұмыс

Психологиялық ахуал.
Күн жарығын алақанға саламын
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі, әрі нәзік, жарық, мейірімді.
Болып кетер сонда дереу жан – жағым.
Оқушыларды үй жануарларына байланысты төрт топқа бөлемін
Өткен сандарға байланысты ашық сұрақтар беремін.
1.Өткен сандарды өсу ретімен және кему ретімен санау
2.3 санынан кейін қандай сан келеді?
3.2+2 мәнінің саны нешеге тең?
4.1+3 қосындысы нешеге тең?
Сабақты өткен тақырыптарды қайталаудан және оқушыларға мына жаттығуларды орындатудан басаған абзал:

тура және кері ретпен тізбектей санатыңыз;


ойын түрінде өткізіңіз: оқушы 9-ға дейінгі кез келген санды айтады, келесі оқушы оның алдындағы не келесі санды атайды;


тақтаға 1-ден 3-ке дейінгі сандарды өсу ретімен және кему ретімен жазғызыңыз.


Жаңа тақырыбымыз 4 саны
4 саны — натурал сан, ол натурал сандық сәуледегі 3 санынан кейін тұрады.
Оқушыларды 4 санының құрамымен және оны алудың әртүрлі тәсілдерімен таныстыру. Сандық сәуледегі басқа сандармен 4 санын салыстыруға және 1, 2, 3 сандарымен байланысына, сандар қатарындағы 4 санынан оңға немесе солға орналасқан сандарға көңіл бөлу керек. Сонымен қатар 4 цифрын көркем жазуға үйрету қажет.
Оқушылардан тақтадағы және оқулықтағы сандық сәулеге қарауын сұраңыз.
Санаған кезде 3-тен кейін қай сан болатынын сұраңыз.

Оларға алғашында 3 қарындаш алуды, одан кейін 1 қарындаш алуды ұсыныңыз. Неше қарындаш болғанын және 1, 2, 3 сандары 4 санынан артық не кемдігін сұраңыз. 4 санын қалай алуға болатынын сұраңыз.
4 санының құрамына байланысты мына ойынды ойнатыңыз: тақтаға 4 оқушы (екі ұл және бірінің шашы ұзын, екіншісінікі қысқа екі қыз шыққаны дұрыс) шығады. Тақтаның алдына шыққан оқушылардан әртүрлі тәсілдермен топтарға бөлінуін сұраңыз және әр топтағы баланы санатып отырыңыз. Соңынан оларға құрылған топтарға байланысты 4-ті қалай алуға болатыны туралы қорытынды жасатыңыз.
Қай үй жануарларының 4 аяғы бар? Айтып бер. Оқушылар суретке мұқият қарап, сұрақтарға жауап беруі тиіс.
Жауабы:
ат, қой, ешкі.

Қандай сандар түсіп қалған? Тапсырманы орындауға неғұрлым көп оқушыны белсенді түрде араластыруға тырысыңыз. Жауап беруге қиналған оқушыларға санау таяқшасының орнына қарындаштар қолдануды ұсыныңыз.


Жауабы:
бірінші шие: 3; екінші шие: 2; үшінші шие: 1.
Сандарды салыстыр. Оқушыларға өрнектерді жұппен салыстырып айтуды ұсыныңыз. “Артық”, “кем” және “тең” сөздерін дұрыс қолдануларын бақылаңыз.
Жауабы:
4 > 1 2 < 4
3 < 4 4 = 4
2.
Шығарып көр. Оқушылардың суретке мұқият қарап, сұрақтарға жауап беруін ұйымдастырыңыз. Қоянда неше ақ көжек бар? Неше қара? Барлығы неше көжек бар? Соңғы сұраққа жауап беру үшін көжектерді санап шығуды сұраңыз.
Жауабы:
4 көжек.
Сана. Оқушыларға жұппен жұмыс жасауды ұсыныңыз. Біреуі сұрақ қояды, ал екіншісі ол сұрақтарға жауап береді. Оларға мынадай жұмысты мысал ретінде көрсетіңіз. Бірінші топтамадағы суреттер бойынша сұрақтар қойыңыз да, жауабын тыңдаңыз. Неше қоңыр тауық бар? (3) Неше ақ тауық бар? (1) Егер 3-ке 1-ді қосса қанша болады?
(4) Оқушылар қалған суреттер бойынша жұппен жұмыс жасайды. Жұптардың жұмыстарын байқаңыз. Содан кейін олардан 4 санын қалай алғаны туралы айтып беруді сұраңыз.
Орындап көр. Оқушыларға “Ең байқағыш оқушы” ойынын ойнауды ұсыныңыз. Оқушылар өз орындығының, көршісінің орындығының аяғын, тағы сол сияқты сыныптағы саны 4 болатын басқа заттарды тез табуы керек.
Жауаптар нұсқасы:
төрт шкаф, төрт қабырға, төрт фломастер т.с.с.

Интербелсенді тақтадан








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет