Сабақтың атауы Адам ағзалары және олардың қызметі Мақсаты



бет3/51
Дата06.04.2020
өлшемі1,15 Mb.
#61698
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
дүниетану 1,2,3,4-тоқсан




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Қан айналым жүйесі

Мақсаты

1. Қан айналым мүшелері туралы түсінік беру. Жүрек құрылысы, қызметі туралы ұғымын тереңдету.

2. Қанның қызметі, тамыр түрлері жөнінде қарапайым мағлұмат беріп, ағзадағы қан айналым жүйесі жөнінде ұғымын жүйелеу.


Тәрбиелік:

Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, спортпен шұғылдануға ықпал ету, жүректі шынықтыруда еңбектің маңызын оқушы санасына сіңіру.

Дамытушылық:

Ақпаратты өздігінен ізденіп игеруге, мәліметтерді сұрыптауға, талдай білуге, салыстыруға, ой тұжырымдауға машықтану, логикасын дамыту.



Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді)

Жақсы! (алақандарын соғады)

Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді)

Жақсы! (алақандарын соғады)

Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды)

Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өздерін құшақтайды)

Жақсы! (алақандарын соғады)

Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды)

Жақсы! (алақандарын соғады)

Үйіміз бар жерде жақсы ма? (үйді бейнелейді)

Жақсы! (алақандарын соғады)

Биде айналған жақсы ма? (айналады)

Жақсы! (алақандарын соғады)

Қазақстандық болған жақсы ма?

(бас бармақтарын көрсетеді)

Жақсы! (алақандарын соғады)



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Қан айналым жүйесін атайық
1.Жүрек

2.Күретамыр

3.Артерия


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Қанайналым жүйесі — денедегі қан немесе гемолимфаның үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін тамырлар мен қуыстардың жүйесі. Көптеген омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталмаған, яғни қан тамырларының аралықтарында қан құйылатын саңылаулы қуыстар болады. Адам мен барлық омыртқалы жануарларда және кейбір жоғары сатыдағы омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталған, яғни қан тек бір-бірімен толық байланысып жалғасып жатқан қан тамырлары арқылы ғана қозғалады.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Қан тамыр туралы не білеміз?

Тарам - тарам бір ғалам,

Айқыш - ұйқыш шырғалаң.

Толған ағыс тоқтаса,



Жоғалады бірге адам. (Қан тамырлар)

Үйге тапсырма

Қан айналым жүйесі


Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Жүрек және оның қызметі

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік: жүрек қызметінің гуморальді реттелу туралы білімді қалыптастыру;

Дамытушылық: оқушылардың білімділік, салыстыра білу, талдау, танымдық қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: адамгершілік, еңбек тәрбиесін беру;


Психологиялық ахуал

Атамның алып күрегін

Ауланың қарын күредім

Апама барып құдықтан

Су әкеліп беремін

Еденді де жуамын

Шаң тозаңды қуамын



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Жүрек туралы не білеміз?

Жүрек пен өкпедегі жетіспеушілік — егер жүректің қызмет етуге мүмкіндігі шамалы болса, онда мұндай жағдайда қызмет етуге әкелінбейтін қосымша компенсаторлы механизмнің қатысуынсыз жүректің мүшелері бірдей қанмен жабдықтауға қабілетсіздігі.


Жүрек пен өкпе коэффициенті — қазіргі телерентген сәулесі арқылы зерттеуден анықталған жүрек көлденеңінің, көкірек қуысы көлденеңіне байланыстылығы; жүрек ауруында ұлғаяды рентген көлеңкесінде ұлғайтылып көрсетеді, өкпе альвеоларының эмфиземасында кемиді.
Жүрек пен өкпе ауруы — өкпеде қан кернегеннен жүректің оң жақ қан қуысының қалыптан тыс ұлғаятын және (немесе) кеңейетін ауруы; әдетте кеңірдек тарамдарының, өкпенің, өкпе қан тамырларының, диафрагманың, сірі қабықтың және көкірек қуысының бұзылуынан пайда болады.
Жүрек пен өкпенің созылмалы түрде ауруы — өкпенің созылмалы ауруында, мысалы, өкпе тканінің араласып, дәнекер тканьге айналып қатаюында, өкпе кеңеюінде, өкпенің созылмалы қабынуында, көп жыл бойына бірте-бірте дамиды.
Жүрек-өкпе препараты. Жүрек пен өкпе жұмыстарын зерттеу мақсатында қан айналысын бұзбастан өкпе мен жүректі үлкен қан айналу шеңберінен ажыратуды жүрек-өкпе препараты дейді. Жүрек-өкпе препараты арқылы жылы қанды жасанды жолмен айдауға болады. Бұл әдісті бірінші рет И. П. Павлов қолданған.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс:

Жүрек – пішіні конус тәрізді, кеуде қуысының сол жақ жартысына жақын, екінші-бесінші қабырға деңгейінде орналасқан қуыс бұлшықет мүшесі. Жүрек массасы 250-300 г. Жүрек төрт қуысты: екі жүрекше мен екі қарыншадан тұрады. Жүрекшелер мен қарыншалар жақтаулы қақпашамен өзара байланысты болады. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: эпикард, миокард, эндокард. Адамда қантамырлардың екі тұйық жүйесі – Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Жүрек бұлшықеті (гр. myocardiummys — бұлшықет, kardia — жүрек) - жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының бұлшықет қабығы (миокард). Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналқанайналымның үлкен және кіші шеңберлері бойынша қозғалады.



Сергіту сәті

Қатар, қатар тұрайық

Кәне, кәне сұрайық

Кімнің болсы бойы ұзын

Паравозы поездің

Пш-пш-пш-пш біз кеттік

Жүрісті біз үдетт

Гу-гу-гу гуілде

Қалып қойма біріңде.? 



Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Жүректің қызметі дегеніміз - жүрек циклінің үш фазасы: құлақшаның жиырылуы, қарыншаның жиырылуы және жүректің жалпы босаңсуының ырғақты түрде алмасуы.
Жүрек циклінің жалпы ұзақтығы шамамен 0,8 секунд. Жүректің жалпы босаңсу фазасына 0,4 секундтай уақыт кетеді. Жиырылу аралығындағы мұндай тынығу жүрек бұлшық еттерінің жұмысын толық қалпына келтіруге жеткілікті болады.

Үйге тапсырма

Жүрек қызметінің реттелуі

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет