Сабақтың мақсаты : Оқушылардың адам өміріндегі махаббаттың рөлі туралы түсініктерін тереңдету және құндылық ретінде мәнін ашу



бет3/6
Дата11.01.2017
өлшемі0,64 Mb.
#6931
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Мұғалім сөзі:сабағымызды жалғастыра, отырып сіздерге сөзжұмбақ жасырмақпын. Сіздер осы сөзжұмбақтың шешуші сөзін сұрақтарға жауап беру арқылы табыңыздар.



Сұрақтарға назар аударыңыздар.

  1. «Ғашықпын! Шын ғашықпын сол адамға,

Мен болмасам, болмайын, сол аман ба?»-осы ғашықтық өлең сөздерінің авторы кім? (Мұқағали Мақатаев)

  1. «Көзімнің қарасы» атты әннің авторы кім? (Абай)

  2. Айта алмаған сезіміңді немен жекізуге болады? (хатпен)

  3. Ғашықтық сезімнің тірегі не? (адалдық)

  4. Ғашықтық сезімін жеткізу үшін адамға қандай қасиет керек? (батылдық)

  5. Махаббаттың жоғарғы шыңы не? (бақыт, бақытты болу)

  6. Жер бетіндегі аяулы жан кім? (ана)

  7. Ғашықтық символына айналған Қозы Көрпеш-Баян сұлу мазары қай елді мекенде орналасқан? (Таңсық)

Сөзжұмбақтың шешуші сөзі:«МАХАББАТ»

Оқытушы: Адамзаты аялаған ақ арман,

Барлық ғалам махаббаттан жаралған.

Өмір-өзен сан тарапқа ақса да,

Жақсылықтан шуақ алып, нәр алған.


Махаббаттың тоймай ішіп дәміне,

Адамзаттың талмай айтар әні ме?

Өзіңді де, өзгені де сыйласаң

Жете аларсың махаббаттың мәніне»,-дей отырып, «Бәрі де махаббаттан басталады...» атты сабағымызды бастайық! (45 мин)

Махаббат-достықтың, татулықтың шыңы, адам өмірінің ұлы жарастығы. Онсыз өмірдің мәні, қызығы, құны жоқ. Ақын Абай «Махаббатсыз дүние-бос» деп тегін айтпаған. Махаббатпен адамның бүкіл тіршілігі байланысты.

Әлемдегі барлық жақсылық махаббат арқылы келеді. Ендеше бүгінгі сабағымыздан анаға, әкеге, Отанға, табиғатқа, досқа, бір-біріңе деген махаббат сезімдері туралы сыр шертеміз.



Осы жерде сендерге сұрақтар қойғым келіп тұр.

«Махаббат» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

Адамға махаббат қаншалықты қажет?

Адамда махаббат сезімі болмаса, не болар еді?

Сабағымыздың белгісі ретінде мына салынған сурет нені білдіреді? Алақан, жүрек және ана мен баланы салдыңыздар.



Махаббат-өзгелерді сыйлауға негіз болады.

Махаббат-ата-анаға сүйіспеншілікті білдіреді.

Махаббат-Отанды, елді құрметтеуге үйретеді.

Махаббат-табиғаттың сұлулығын сезіндіреді.


Сабақтың барысын талдау:

Каталог: uploads -> doc -> 108b
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
108b -> Ұлықбек атындағы №29 жалпы орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пән кабинетінің паспорты Кабинет меңгерушісі – Абилова Г. С
108b -> ШҚо жарма ауданы Шар қаласы Т. Көбдіков атындағы орта мектеп Тарих пәнінің мұғалімі Ажимбетова Каламкас Байкеновна


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет