Сабақтың мақсаты : Оқушылардың адам өміріндегі махаббаттың рөлі туралы түсініктерін тереңдету және құндылық ретінде мәнін ашу



бет6/6
Дата11.01.2017
өлшемі0,64 Mb.
#6931
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

6.Үй тапсырмасы. Әке-асқар тау,

Ана-ағып жатқан бұлақ,

Бала-жағадағы құрақ.

Халық нақылын басшылыққа алып, «Ата-анам-берік қорғаным » атты тақырыпқа эссе жазып келу.




  1. Топпен ән айту.

Оқытушы оқушылармен бірге «Риясыз махаббат»

Кұрмаш Маханов.

Мен де сені өмір-ау жан тәніммен сүйгенмін,

Жүрек атты қоңырау елтіп күйгенмін.

Туған жердің шаңын да махаббатпен сіңіргем,

Естелік көп жадымда балғын күнімнен.
Өмірім балдай, көңілім қардай,

Сенімім шамдай шын махаббат орнаса.

Реңім әрсіз, білегім әлсіз,

жүрегім әнсіз бір махаббат болмаса
Анашыма еркелеп, әкешіме асылып,

Есейсем деп ертерек өстім асығып.

Үміт сыйлап әр кешке, жана берді көзімде от,

Парталас қыз қалды есте мөлдір сезім боп.
Өмірім балдай, көңілім қардай,

сенімім шамдай шын махаббат орнаса.

Реңім әрсіз, білегім әлсіз,

жүрегім әнсіз бір махаббат болмаса
Асыл досқа назым бар, ғашық жарға сезім бар,

Балаларға сазым бар, жылы сөзім бар.

Олар барда өмір бар, күліп атар ақ таңым,

Бақыт деген менің бар махаббатарым.
Өмірім балдай, көңілім қардай,

сенімім шамдай шын махаббат орнаса.

Реңім әрсіз, білегім әлсіз,

жүрегім әнсіз бір махаббат болмаса .




  1. Соңғы тыныштық сәті

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерініңізді тыныштықта отырып көз алдымызға елестетейік. Іштей өздеріне, мұғаліміне, барлық әлемге тыныштық, сүйіспеншілік жолдап, ризашылықтарын білдіріндер.

Оқытушы:Құрметті оқушылар! Бүгінгі сабағымыздан көп ой түйгендейміз. «Жүректің өз заңдары бар, бірақ олар толық жүйелі кодекс құрастыратындай заңды емес»,-деп В.Т.Белинский айтпақшы, махаббат жөнінде кесіп-пішіп айту мүмкін емес, нақты ереже де жоқ.

Алланың алдында бәріміз бірдейміз. Әрқайсымыздың өз жолымыз, өмірлік өз міндетіміз бар, бірақ бәрімізге ортақ бір міндет-жан дүниеміздегі махаббатың сөнбейтін шырағын жаға отырып АДАМ боп қалу!



Сара Алпысқызының осы тұжырымдамасымен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Әрбір адам өз тағдырымен ғана сезінетін осынау қилы жолда сендерге әрқашан сәттілік тілеймін.







«Дүниеде ана махаббатынан

қасиетті нәрсе жоқ.»
Ердің анасы-елдің анасы.

Алдында бақыт үйіне лайық етіп қаланатын шаңырақ жарастығы атты үйдің макеттін жасау.

Жанұядағы сүйіспеншілікке қатысты үш ой жазу керек, яғни жанұя бақыты, берекесі, қарым-қатынасы неде екенін жазу тапсырылады. Қандай сөздер арқылы шаңырақтың жарастығы көрінеді. Шаңырағы биік, босағасы берік болады. Осыған байланысты сөздерді жазып шаңырақ құру.



Оюлар арқылы оқушылар «отбасыма ризашылығым» деген ойларын жазу арқылы, өздері жасаған үйдің жан-жағын безендіру. Ата-аналарына деген жылы лебіздерін жазады.

Жомарт: «Махаббат» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

Ең алдымен «Махаббат деген не?» деген сауалға жауап бергім келеді. Шынымен де, махаббат деген не? Менің ойымша, махаббат-ол адам бойында туатын ең күшті, ыстық күндей, жарық айдай, асқақ та ұлы сезім. Ол-өмірдің күші, жүрегіңдегі жалынды жанға от және ішкі жанның сәні. Махаббат-түсінбестіктің, қастықтың, жамандықтың және жауыздықтың қабырғасын сындыратын құдіретті күш.
Ересен: Адамда махаббат сезімі болмаса, не болар еді?

Махаббатсыз өмірдің қызығы не? Егер, дүниеде махаббат болмаса, онда барлық адамдар жауыз, қатыгез, тасжүрек болушы еді. Махаббат ерекше сезім ғой, жүрегіңді елжіретіп жіберетін. Оған адал болу қажет. Махаббат ол бір бақыт құсы сияқты, егер оған суық қабақ танытсаң немесе оған мән бермесең, ол ұшып кетеді Сол себептен шығар «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» дейтін. Сондықтан, махаббатты қадірлейік, құрметтейік жас достар!

Анаға деген махаббат

Менің ойымша, махаббат ең алдымен отбасынан басталады. Махаббат-ол сүйіспеншілік. Сүйіспеншілік әр нәрсеге бағытталуы мүмкін. Мәселен, ананың шыр етіп өмірге келген сәбиіне деген махаббат. Отқа түсіп жан беретін, өз Отанына деген махаббат. Өмірінің серігі болатын, ыстығына күйіп, суығына көнетін, арқа сүйер сүйгеніңе деген махаббат. Себебі адам туғанан бастап ата-анасының махаббатына, ілтипатына бөленіп, құрметі мен ізгілікті көріп,, шынайы сезімдерді жанұясында бойына сіңіреді. Кейін есейген соң, қоршаған ортадағы табиғатты, айналасындағы адамдарды, туған жерін, Отанын сүйе білген адам болашақта іздеген екінші жартысын да сүйе алады десем, қателеспеспін. Тек солай ғана адамдар арасында шынайы махаббат сезімдері пайда бола алады. Ең бастысы, махаббатты дұрыс бағалай біліңдер, достарым!
Дәйексөз: «Дүниеде ана махаббатыынан қасиетті нәрсе жоқ». В.Белинский. Деген сауалды адам баласына қойса, сан түрлі жауап табылатыны шындық.

Ақерке: Сендер шыр етіп дүниеге келгенде ата-анаңның қуанышында шек болмайды. Ал сендер алған рет сәби жүректеріңмен ананың аялы алақанын, мейірленген махаббатын сезіндіңдер. Сондықтан да барлық жақсылықтың негізі осы махаббатан басталып, адам жанын нұрға, көңілін қуанышқа бөлейді. Әрбір адам ата-анасының махаббатын сезінгенен кейін, міндетті түрде Отанға туған жерге сүйіспеншілікпен қарайды.

Асхат: Адам дүниеге келген мезеттен ата-ана махабббатының жылуына бөленсе, одан кейін дос-жаран, жора жолдастарының сүйіспеншілігін біледі. Ананың махаббатын жүрегімен сезінген баланың жүрегі махаббатқа, сүйіспеншілікке толы болып, мейірімділік, адалдық сияқты асыл қасиеттер үнемі байқалып тұрады.


Әкеге деген махаббат

Шынында да, бұл сөздің мағынасы тереңде жаттыр. Өмірде анаға деген, әкеге, Отанға, туған жерге, досыңа, отбасыңа деген махаббат сезімі болады. Кейде өзгелерге қарағанда бір адамды жанындай жақсы көресің. Ол адам сенің анаң, досың немесе құрбың болуы мүмкін. Махаббат тек мейірімді, таза жүректі, біреуге жамандық тілемейтін адал адамға тән қасиет.
Махаббат алғашқы сыйластықтан басталады. Махаббат екі адамға ортақ, екеуінен бірдей туатын сезім. Шынайы махаббат сайрат жатқан даңғыл жол емес: оның оқпаны мен ой-шұңқыры да жеткілікті, соны түсіне білсең ғана, мен өмір сүрдім, бақыттымын деп ауыз толтырып айтуға қақың бар. Махаббат-адам жүрегін нұрлы қуанышқа бөлеп, рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік сезімі. Махаббат-өмірдің мәні, жұпар шашқан гүлі, тамылжыған ән-жылы.

Білімпаздар: «Сүйіп көрмеген, өмір сүріп көрмеген» десе, осы заманның ақын философы:«Ғашықтықпен өткен күндер ғана-өмір, ал қалғаны-жай күндер»,-деп нақтылай түседі. Махаббатпен адамның күллі тіршілігі байланысты. Ол-адамның ішкі әлеміндегі рухани сезімдерінің көрінісі ретіндегі жан күйі. Барлық әдемі, сүйкімді, шарапатты, ұлы істерге, ерліктерге адамды сүйіспеншілік сезімдері жігерлендіріп, дем береді.
Адам біреуді сүйгендіктен, яки біреудің өзін сүйетінін сезгендіктен немесе біреудің сүйіспеншілігінен үміттенгендіктен, оның бойы күш-жігер кернеп, биік мақсаттарға ұмтылады!
2.Шынында да, бұл сөздің мағынасы тереңде жатыр. Өмірде анаға деген, Отанға, туған жерге, досыңа, отбасыңа деген махаббат сезімі болады. Отанға, елге, жерге, туған қала, туған ауыл, жүрген жолдар мен көшелерге, өзім тұратын үйіме және оқитын сыныбыма.

Әкеме, анама, атама, апама, аға-бауырыма, сіңілі-апа, туған-туыстарға.
1.«Махаббат» деген сөз естілсе, көз алдыңа Қозы Көрпеш пен Баян сұлу, Қыз Жібек пен Төлеген, Ләйлі мен Мәжнүн сияқты ғашықтардың шынайы сезімдері еріксіз келеді. Ұлылар:Еңілік-Кебек, Мариям-Дүйсен, Елтай-Қорлан, Ләйлі-Мәжнүн, Қазы Көрпеш-Баян сұлу.
Білімпаздар: «Сүйіп көрмеген, өмір сүріп көрмеген» десе, осы заманның ақын философы:«Ғашықтықпен өткен күндер ғана-өмір, ал қалғаны-жай күндер»,-деп нақтылай түседі. Махаббатпен адамның күллі тіршілігі байланысты. Ол-адамның ішкі әлеміндегі рухани сезімдерінің көрінісі ретіндегі жан күйі. Барлық әдемі, сүйкімді, шарапатты, ұлы істерге, ерліктерге адамды сүйіспеншілік сезімдері жігерлендіріп, дем береді.
3.Махаббат-бергенді, бөліскенді, қуаныш пен бақыт сыйлауды, есепсіз, риясыз араласуды қалайтын патша сезім. Шын махаббат ақ жүректі адамнан шығады. Адал, пәк шексіз, құдіретті махаббат, перзенттік махаббат, киелі мәңгілік махаббат. Шәкірттің шынайы махаббаты.


Тома:

Махабат-сезімі, ол адамның ішкі рухы, тозбас қуаты. Шынайы махаббатқа үлкен ерлік, жүрек керек.


Ересен: Жер бетіндегі ең әдемі сөз-АНА. Адам алғашқы сөзін де осыдан бастайды. Жер бетіндегі тілдердің бәрінде де осы сөз ерекше қастерлі.

Әркім өз анасымен мақтанады, оны мақтайды, мадақтайды. Мен де ел сияқты анаммен мақтанамын, тұла бойымда жақсы қасиеттер болса, оны сол анамнан маған сіңген деп білімін.


Жомарт:Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе? Па шіркін, ананың айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді!
Айгерім:

Шырылдап жерге түскеннен-ақ сенің ең бір жақының,ең бір досың,ең бір ұстазың бар.Ол АНА.Сенің кара жерді баспай жатып,есіңді білмей жатып,тырмысып бауырына жабысатының,шырылбай уанбай,жылап іздейтінің АНА.Ол саған бәрінен де қымбат.Анаға деген махаббаттың құндақта жатқан күннен басталатыны да сондықтан.Ананың жолы басқа.Ана деген сөздің өзі ыстық.Ана десе толқымайтын жүрек,тасымайтын қан,сезбейтін сезім болуы мүмкін емеС.



Қолын белгісін сұрағанда айтасын.

Мадина: Ананың қолы ең қасиетті, аялы қол, ол нені болса да атқара алады. Ананың жүрегі ең сенімді және сезімтал жүрек, оның сүйіспеншілігі ешқашан сөнбейді, оның көзінен еш уақытта ешнәрсе де қалтарыс қалмайды.

Сенің жасың қаншада болсын-мейлі бес жас болсын, мейлі елу жас болсын, саған әрқашан да ана керек, оның аясы, мейірімі керек. Сенің анаңа деген сүйіспеншілігің неғұрлым зор болса, өмірің де соғұрлым шексіз қуанышқа, шалқар нұрға бөлейді.

Бәрі де, ана бір өзіңнен басталады,

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастаңды

Қуандым ба,

Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба,

Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба,

Тек өзіңене жасқандым.
Сәбидің шырағын жандырған,

Бұлағы мейірін қандырған.

Шуағы жылытқан жүректі,

Жаңғыртып айтамын қайталап,

Бәрінің бастауы-МАХАББАТ!
Махаббат-бергенді, бөліскенді, қуаныш пен бақыт сыйлауды, есепсіз, риясыз араласуды қалайтын патша сезім. Шын махаббат ақ жүректі адамнан шығады. Адал, пәк шексіз, құдіретті махаббат, перзенттік махаббат, киелі мәңгілік махаббат. Шәкірттің шынайы махаббаты.


  1. Мұғалім сыйлығы. «Сенің жалғыз ғана анаң барі» (аңыз әңгіме) Ф.Тайтелиев

-Сенің бір жасыңда, анаң сені емізді, артыңды жуып, тазалады. Бұның рахметіне сен түні бойы жыладың.

-Сен екі жасқа толғаныңда, анаң саған жүруді үйретті. Ал сен болсаң, анаң шақырғанда қашатын едің.

-Сен үш жасқа толғаныңда, анаң саған ең дәмді тағамдар әзірледі. Ал сен болсаң, табақтарды жерге лақтырдың.

Сен төрт жасқа келгеңде қалам беріп жазуды үйретті. Ал сен болсаң, дуалдарды шимақтадың.

Бес жасқа толғаныңда, анаң саған әдемі киімдер киіндірді, бұның рахметіне сен үйге кір-қожалақ болып оралар едің.

-Алты жасқа толғаныңда, анаң сені мектепке алып барды. Ал сен болсаң, «оқымаймын» деп, «бақырып жылап» сабақтан қаштың.

-Он жасқа толғаныңда, анаң сені құшақтағысы келіп мектептен қашан келер екен деп, сарғая күтіп отырды. Ал сен болсаң дереу бөлмеңе қарай асықтың.

Сен он сегізге толып, ер жеткеніңде анаң балам «есейді» деп көзіне жас алды. Ал сен болсаң мен «машина» мінгім келеді дедің.

-Жасың жиырмаға толғаныңда, анаң «балам біршама уақыт үйде отыршы» деп өтінді, ал сен болсаң бар уақытыңды достарыңа бөлдің.

-Сен жиырма беске келгеніңде, анаң той жасап сені үйлендірді. Ал сен болсаң, «лажы» болса үйде жырақ болайын» деп анаңды тастап, әйеліңмен бірге еншіңді алып кеттің.

-Жасың отызға толып бала-шағалы болғаныңда, анаң «бала тәрбиесінде» көмек бергісі келді. Ал сен болсаң, «менің жеке басымның тірлігіне, жеке өміріме араласпа» дедің.

-Сен отыз беске келгеніңде анаң сені «тамақтануға» үйіне шақырды. Ал сен болсаң, «тығыз шаруаларым көп, уақытым жоқ» дедің.

-Сен қырыққа келгеніңде, анаң саған телефон соғып «балам мен науқаспын, сенің қолғабысыңа мұқтажбын» дегенде, сен «ата-ананың проблемалары балаларын мазалайды» дедің.

-Бір күні «анаң» о дүниеге аттанады. Ананың балаға деген махаббаты өзімен бірге кетеді.

Ананың о дүниеге аттануымен, сен үшін «жәннат» есіктерінің бірі жабылатындығын ұмытпа. Егер де сенің анаң әлі күнге дейін тірі болса, оны жалғыз қалдырма. Қолыңнан келгенше анаңа жақсылық жаса. Ол қандай сөз айтсада, анаңды бақытты қылуға тырыс. Ешуақытта анаңа ашуланушы болма. Оның саған деген махаббаты орналасқан «жүрегін» жаралайтын ауыр сөздер айтушы болма.

Сенің жалғыз ғана «анаң» бар.



(Әңгімені тыңдағанан кейін оқушылар өз ойларымен бөліседі).

Мәтін бойынша сұрақтар:

1.Бұл мәтіндегі жайттар өмірден алынған дегенге келісесіңдерме?

2.Ананың балаға деген сүйіспеншілігі неге о дүниеге бірге кетті деп ойлайсыңдар?

3.Өз анаңа деген сүйіпеншілігіңді қалай білдіріп жүрсіңдер?

4.«Дүниеде ананың сүйіспеншілігінен асқан құдірет жоқ» дегенді қалай түсінесіңдер едіңдер?

  1. Мұғалім сыйлығы. «Ана жүрегі»

Ол өте дарынды, ақылды әрі зейінді бала болды, мұны байқаған ата-анасы ұлына бар махаббат пен қамқорлықтарын салды. Оған жоғарғы білім мен тәрбие беріп, оның болашағына, ұлы тұлға болуына үлкен үміт артты, онымен мақтан етуді армандады.

Ұзақ жылдар бойы ерен еңбек еткен бала әйгілі ғалым болды, ал оның көкейінде алып, ұшар арман өмір сүрді. Ол тың, өте жаңа нәрсе жасап, күллі әлемді таңғалдырғысы келді. Күш-жігері мен уақытын аямай ол таңғажайып, ғаламат жаңалықты іздеу жолына түсті.

Сансыз тәжірибелер мен зерттеулерден кейін ол түлтіксіз материяны жасауға жақындады, аяулы арманына жетуге тек бір ғана қадам қалды, ол-жүректегі ұлы махаббаты құрбандыққа шалу.

Шарасыз болған бала өз ата-анасына келіп, сондай жүректі табуға көмектесулерін сұрады. Ана жүрегінен құдіреті асқан не бар? Біраз кідіріп, ойланғаннан соң асыл ана жолдасына келіп: «Біз ұлымыздың жолында қаншама тер төгіп, күш жұмсадық, енді оның әлемді дүрліктірген ғалым болуына бір ғана қадам қалды, менің жүрегімді ұлымызға бер»,-деді.

Бұл әңгіме қысқа ма ұзақ па созылды, әйтеуір әңгіменің соңында анасы ұлының танымалдығын өзінен артық қалаған ұлдың әкесін көндіре алды. Сөйтіп, әкесі ана жүрегін ұлына табыстады. Бозбала ұзақ ойланбады, себебі оның қолы тумасы ойының барлығы жаулап алды. Ол үшін өз мақсатының орындалуы аса маңызды болды. Осылайша, құрбандыққа шалынған ана жүрегі материя жасау үрдісін аяқтады.

Орындалды! Ол тума талант, асқан шебер, әлемді өз жаңалығымен таңғалдырды. Адамдарға әлемді жаулап алу үшін, оны меңгеруде жаңа мүмкіндіктер беретін ғажайып материя сыйлады. Иә, ол танымал болды, оның жаңалығы адамзатты дүр сілкіндірді, және барлығы керемет боп көрінді.

Бірақ адамдардың бойындағы ашкөздік, қызғаншақтық пен өшпенділік жаңалықты басқа арнаға бұрды. Бозбала да берілген еріктен басы айналып, өзінің пайдакүнемдігінің жетегінде кетті. Ол жаңа серіктестерімен бірге әлемдегі бар тірі ағзаны жойып, тек материалдық байлықты қалдыратын қуатты қару жасады. Ол шексіз бақытты болды, өзін-құдіретті әрі мықты болып, сезінді, ал оның жанындағы адамдар оған кішкентай жәндіктердей көрінді. Көптен күткен сәт келді.

Қарудың іске қосылуына бірер секунтар қалғанда ол әлемді жалмайтын жарылыстың ортасында тулап соққан анасының жүрегін анық көрді. Дәл сол сәтте бозбала осы жаратылыспен өз анасының жүрегін де жарып жібергендігін түсінді. Алғашқы рет оның қатыгез, өзімшіл жүрегіне балалық махаббат жылуы енді. Бәлкім, сол мезетте ол жасалған іске өкінген болар, бірақ уақытты кері қайтару мүмкін емес. Секунтарды санап өтуде. Қазір барлық тірі жан ажал алдында дүр сілкінетіндей көрінді. Бірақ ештеңе болмады. Жарылыс болмады. Тек екі жүрек соғуын тоқтатты:ана жүрегі мен бала жүрегі. Әлемдегі өмір үшін тоқтаған ананың жүрегі бір кездері ұлы махаббатпен сыйға тартылған бала жүрегін де тоқтатты.



(Әңгімені тыңдағанан кейін оқушылар өз ойларымен бөліседі).
Каталог: uploads -> doc -> 108b
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
108b -> Ұлықбек атындағы №29 жалпы орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пән кабинетінің паспорты Кабинет меңгерушісі – Абилова Г. С
108b -> ШҚо жарма ауданы Шар қаласы Т. Көбдіков атындағы орта мектеп Тарих пәнінің мұғалімі Ажимбетова Каламкас Байкеновна


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет