Сабақтың мақсаты : Оқушылардың адам өміріндегі махаббаттың рөлі туралы түсініктерін тереңдету және құндылық ретінде мәнін ашу



бет4/6
Дата11.01.2017
өлшемі0,64 Mb.
#6931
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Үй тапсырмасын тексеру.

ШАРАЙНА

Махаббат орны

Кімге арналған махаббат

Махаббаттың түрлері

1.Отан, ел, жер, қала,дала, ауыл, көше, үй, сынып т.б.

Отанға, елге, жерге, туған қала, туған ауыл, жүрген жолдар мен көшелерге, өзім тұратын үйіме және оқитын сыныбыма.

Адал, пәк шексіз құдіретті махаббат.

2.Ата-ана, туған-туыс, іні-қарындасқа.

Әкеме, анама, атама, апама, аға-бауырыма, сіңілі-апа, туған-туыстарға.

Перзенттік махаббат.

3.Ұлылар:Еңілік-Кебек, Мариям-Дүйсен, Елтай-Қорлан, Ләйлі-Мәжнүн, Қазы Көрпеш-Баян сұлу.

Қыз-жігітке, ару қызға, ер азаматқа.

Киелі мәңгілік махаббат.

4.Мектеп сынып ұстаз.

Ұстазға.

Шәкірттің шынай махаббаты.








  1. Дәйексөз.

«Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ.»

В.Белинский



Енді осы дәйексөздің мазмұнына тереңірек үңіліп көрейікші. Оқушылар өз ойларын айтады.

Ананың махаббатын Тауданда биік, теңізденде терең. Анаға баланың алалығы жоқ.




  1. Оқытушы: Иә. Біздің оқушылар өздерінің махаббатқа деген сүйіспеншілігін сөзбен ғана емес, іс-әрекеттерімен де жақсы көрсете білді. Ал олай болса, Түн ұйқысын төрт бөліп,

Әлдилеп өсірген балапаны

мен ананың басынан

кешкен өмір хикаясын тамашалайық...

Саз отау «Ана жүрегі» атты бейнебаянға назар аударыңыздар.

Оқушыларға талқылау сұрақтары:


  • Осы көрген бейнебаянда сол жігіттің орнында болсаң, сен не істер едің?

  • Адам қай уақытта ата-ананың үмітін ақтай алады?

  • Анаң немесе әкең қай уақытта саған риза болады?

Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.

Ата-анаңды сыйласаң, көп жасарсың,

Сыйламасаң жан қинарсың.





5.Шығармашылық жұмыс

Баяу музыка әуенімен оқушылар конвертке салынған тапсырма бойынша шығармашылық жұмыс орындап қорғайды:





Тапсырма: 1- тапсырма.

Балалардың алдында бақыт үйіне лайық етіп қаланатын шаңырақ жарастығы атты үйдің макеттін жасау.

Әр топ мүшелері жұмыстарын қорғайды.

Жанұядағы сүйіспеншілікке қатысты үш ой жазу керек, яғни жанұя бақыты, берекесі, қарым-қатынасы неде екенін жазу тапсырылады. Қандай сөздер арқылы шаңырақтың жарастығы көрінеді. Шаңырағы биік, босағасы берік болады. Осыған байланысты сөздерді жазып шаңырақ құру.

Оюлар арқылы оқушылар «отбасыма ризашылығым» деген ойларын жазу арқылы, өздері жасаған үйдің жан-жағын безендіру. Ата-аналарына деген жылы лебіздерін жазады.

Міне, балалар, біз сендермен сыластыққа толы, сүйіспеншілігі мол «Бақытты отбасы» шаңырағын жасадық, шаңырақта көңілді де, қуанышты, қызықты да жақсы өмір сүру өзіміздің қолымызда екенің ұмытпауымыз керек.



Сабақта қатысып отырған ұстаздарға «Хат жолдау» атты психологиялық уақыт.(тренинг)

Түрлі-түстер арқылы адамның мінез-құлқын тануға болатынын да алға тартады. Сонымен, сіздің мінезіңіз қандай, сізге қандай түстер ұнайды? Арнайы сіздерге дайындалған түрлі түсті конверттерді таңдаңыз. Көрсетілген түстердің сырына мән беріп, өзіңіздің түсіңізді таңдай біліңіз.



КӨК түс

Сіз зат пен оқиғаның мәніне жетіп, өзіңізде қалыптасқан пікірді айтады екенсіз. Егер қажет болса, бұл ойыңызды еш бүкпесіз, тіке айта аласыз. Сонымен бірге күрделі жағдайларда не істеуді білмей абдырып, сасқалақтамайды екенсіз. Сондықтан да, қиын сәттерде құрбыларыңыз, достарыңыз сізбен ақылдасу үшін жиі барады.

Көк түс сізге күнделікті шаршап-шалдығудан, басыңыздың қатуынан аулақ болуға көмектеседі. Сізге көкшілі бар киім кию де, жатын бөлмеңіздің қабырғасын көкшілмен бояп қою да ұнауға тиіс.

ЖАСЫЛ түс

Сіз аяғыңызбен нық тұрған жан екенсіз, сіздің әр нәрсеге жөнімен баруыңыз айналаңызда болып жатқан оқиғаларды қалт жібермеуге мүмкіндік береді. Сіз жақын-жуықтарыңызға қамқор болып, достарыңызды демеп жүреді екенсіз, сондықтан да сізде достар көп.

Сіз осы жақсы қасиеттеріңізді дамыта түсу үшін жасылы бар қағазды, жасыл түсті сабынды және жасыл түсті иіссуын пайдаланып жүргеніңіз жөн.

ҚЫЗЫЛ түс

Сізге алға ұмтылыс, ізденіс тән. Өміріңізде айналысатын ісіңіз бен шаруаңызда сіз бір мақсатты алға қойған болсаңыз, сол жолдан таймай алға ұмтылады екенсіз. Бірақ мұндай ұмтылыстың қиын жақтары да бар. Сол үшін қай мақсатты алға қойсаңыз да оның орындалуы мүмкін бе, жоқ па екенін ойлап алғаныңыз жөн. Өйтпесеңіз кей жағдайда қалт басып, сәтсіз қадам жасауыңыз мүмкін.

Өзіңіздің алғырлығыңызды, алға ұмтылғыштығыңызды білдіре жүру үшін киім-кешегіңізде қызыл түсті пайдаланып, тырнағыңызға қызыл түсті лак жаққаныңыз дұрыс болмақ.

КҮЛГІН түс

Көк пен қызылды бойына жинаған екі бояудың қосындысы. Күлгін түсті ұнататындар сенгіш, көнгіш келеді. Дегенмен, басшылық қабілеттері де жоқ емес. Алайда, ең шешуші сәтте тасада қалып қойғанды жақсы көреді. Бұл адамдар ұйықтар алдында бүгін қанша адамды күлдіргенін, ренжіткенін естеріне алып, жасаған іс-әрекеттерінің барлығына талдау жасап, қатесін мойындап отырады екен.



САРЫ түс

Сіздің өзіңіз-ақ күн сәулесісіз. Барлық жандармен тамаша қатынаста жүресіз. Сіздің жүзіңізде үйірілетін күлкі, жылы қабақ жұртты сізге магниттей тартады. Құрбыларыңызға сан жетпейді, ал еркектер сізге балға үймелеген арадай үйір екен. Жұмыс орнында бастығыңыз сізді бағалайды, ал сіз әріптестеріңізбен айқай-шуға бармай, жақсы қатынас орнатып жүресіз. Көп жан сіздің достығыңызды пайдалануға тырысады. Бірақ сіз іштей оларға деген өкпеңізді «ренжітіп алам» деп айтпай жүресіз. Сіз әркімде-ақ нашар көңіл-күй болатынын білетін кезіңіз жеткен сияқты. Сондықтан да өз мәселелелеріңізбен басқалармен бөлісіп, жүрегіңізге түскен ауыртпалықты жеңілдеткеніңіз абзал.

Ашық сары түсті көйлек кисеңіз, үйде сары түсті орамал, сарысы бар ыдыс-аяқ көңіл-күйіңізді көтере түспек.

Ашық КӨК түс

Басқалардың қажетіне қарай білуге талпынады. Ол адамға ізденгіштік, еңбекқорлық тән, ақылы мол болады.

Барлық жандармен тамаша қатынаста жүресіз. Сіздің жүзіңізде үйірілетін күлкі, жылы қабақ жұртты сізге магниттей тартады

ҚЫЗҒЫЛТ САРЫ түс

Әнді жиірек тыңдағанды ұнатады және ол адамдар жанын жадырататын күндерді аңсайды екен. Қызғылт сары түсті жақсы көретіндер қызуқанды, белсенді болып келеді. Егер сіз қызғылт сары түсті бұйымдарды көп пайдаланатын болсаңыз, көп ұзамай өзіңіздің ұстамды, байсалды бола бастағаныңызды байқайсыз.



Ашық ҚЫЗЫЛ түс

Күш пен қызбалықтың белгісі. Ашық қызыл түс байлық пен дамудың белгісі саналады. Арманыңызды іске асырғыңыз келсе, қорқыныш пен үрейден қорғанғыңыз келсе, ашық қызыл түсті таңдаңыз.



ҚАРА түс

Жұмбақ әрі құпиялыққа толы. Бұл түсті жақсы көретіндер жігер-қайратқа кенде емес, әділетсіздікке жаны қас жандар. Осындай мінездерінен бұл адамдар көпшілікке ұнай бермеуі мүмкін. Қара түсті қалаған адамдардың өмірі ағысқа қарсы тұрғанмен тең өтеді.



АҚ түс

Тазалық пен мүлтіксіз істердің нышаны. Әдетте, ақ түсті таңдайтын адамдар ұқыпты, әділетсіздікке жаны қас, сонымен бірге, талапшыл болып келеді. Пәктіктің белгісі болғандықтан, әлемнің барлық елдерінде дерлік қалыңдық көйлегі ақ түсті матадан тігіледі.



Ашық ЖАСЫЛ түс

Сіз аяғыңызбен нық тұрған жан екенсіз, сіздің әр нәрсеге жөнімен баруыңыз айналаңызда болып жатқан оқиғаларды қалт жібермеуге мүмкіндік береді. Сіз жақын-жуықтарыңызға қамқор болып, достарыңызды демеп жүреді екенсіз, сондықтан да сізде достар көп.



ҚОҢЫР түс

Әсершілдікті білдіреді. Дені сау, жігерлі адамдар бұл түсті онша жақтырмайды, ал оны жақсы көретіндер-әбден қажып, тынығуды қалаған жандар. Егер бұл түс ұнамаса, сізді жаттанды болған жағдайлар жалықтырады.



Каталог: uploads -> doc -> 108b
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
108b -> Ұлықбек атындағы №29 жалпы орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пән кабинетінің паспорты Кабинет меңгерушісі – Абилова Г. С
108b -> ШҚо жарма ауданы Шар қаласы Т. Көбдіков атындағы орта мектеп Тарих пәнінің мұғалімі Ажимбетова Каламкас Байкеновна


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет