Сабақтың мақсаты: баланың даму деңгейін, пішін және түс туралы түсінігін анықтау; заттардың қасиеттері туралы түсінігін дамыту



бет4/4
Дата26.08.2017
өлшемі0,73 Mb.
#27947
түріСабақ
1   2   3   4

15-сабақ. «+», «-» таңбалары

Сабақтың мақсаты: қосу және азайту амалдарының мәнімен, «+», таңбаларымен таныстыру; қарапайым есеп- тер шығаруға дайындау; заттар тобын салыстыру дағдыларын бекіту.

Алдымен ауызша жұмыс жүргізіледі. Қиып алынған материалды пайдалана отырып, қосу амалының мені көрсетіледі. Заттардың екі тобын біріктіреміз. Алдымен бірінші топта неше зат барын санаймыз. Қажетті цифрды қоямыз. Содан кейін екінші топта неше зат бары саналады. Тағы цифр қоямыз. Енді барлыгы неше зат болганын санаймыз да, шыққан цифрды қоямыз.

Мұгалім «+» таңбасын керсетеді.

  • «Плюс» таңбасыныц кемегімен осы заттарды қосқанымызды жаза аламыз. (Балалар келді, ұшақтар ұшты, машиналар келді жене т.б.)

Азайтудың менін тусіндіру үшін үлестірмелі материалмен жұмыс жүргізіледі. «5 машина қоямыз. Осындай цифрды тауып қоямыз. Енді екі машинаны алып тастаймыз. Олар жүріп кетті. Осындай цифрды тацдап аламыз. Оны қатарластыра қоямыз. Неше машина қалды? Санаңдар. Шыққан цифрды табыңдар».

Мұнан кейін мұғалім «-» таңбасын көрсетеді.

  • «Минус» дегеи бұл таңбамен азайтуды, яғни затты алып тастаганда (кетті, жүріп кетті, ұшып кетті, кесті, сындырды т.б.) белгілейміз. Үстелде 5-2=3жазуы пайда болады.


«=» таңбасы балаларға таныс. Олар заттың осынша екенін білдіретінін біледі. Бағдарламаға «тең» немесе «өрнек» түсінігі кірмейтіндіктен, бұл жағдайда таңбасы санды қосқанда жене азайтқанда неше шыққанын жазу үшін қолданылатын таңба ретінде түсіндіріледі.

Азайту амалын түсіндіргенде мұғалім былай айтады: «6-дан 1-ді алғанда, 5 шығады». Балалар азайту жолын қайталайды. Мұғалім балаларға қай саннан қай санды азайту керектігін енді өздері айта алатындарын түсіндіреді. Бала­лар азайту неге керек екенін жене бұл амал қандай сандық езгеріске әкелгенін түсінуі тиіс (сан азайды).

Жаңа тақырыпты бекіту үшін № 1 тапсырма орындалады. Ол арифметикалық амалдардың менін түсінуге көмектеседі. Тапсырма орындаймыз. «+», «-», «=» математикалық таң- баларымен танысамыз. «Кетті, қашып кетті, алып тастады» т.б. сездерді (етістіктерді) таңбасымен ауыстырамыз, ал « келді, ұшып келді, кірді» т.б. сөздерді «+» таңбасымен ауыс­тырамыз. Себетте 5 мыршай отыр. Суреттен не көрдіңдер? (1 мыршай себеттен шығып кетеді, 2 мыршай себеттен шығып кетеді). Бұл тапсырманы орындауда қандай амал қолданылды? Неше мыршай қалды? Тағы бір суретте мыр­шай себеттен шығып кетеді, екінші суретте себетке кіреді. Содан кейін осындай тапсырмаларды орындап жаттығу қажет.




4+□=□ 5-□=□


2 тапсырма. Жазуларға сурет таћда. Мысалдарды суретпен сызықтар арқылы біріктір.
2+1=□ 4-1=□ 2-1=□ 4+1=□

Сурет қосу және азайту амалдарын көрсетеді. Тапсырма бұрынғы тапсырмаларға ұқсас орындалады, алайда жазбалары дайын. Есептеу арқылы нәтижені тауып, торкөзге жазамыз.

Балалар мектепте пайдаланатын арифметикалық терминдерді меңгеруі тиіс. Балаларды бастапқы кезден бастап «қосу», «азайту», «тең болады» деген терминдерді пайдалануға үйреткен жөн» өйткені «алу», «қалады» сөздері ауызекі тілде ғана қолданылады.



Балалар әрбір амалдың мәнін, амалдар арасындағы теуелділікті түйсіну үшін қосу және азайтуға арналған тапсырмаларды үнемі салыстырып отыру қажет. Бұл олардың айырмашылығын жақсы түсінуге және тиісті амал таңдауға көмектеседі. 1

3 тапсырма. Цифрлар қайда жасырынды? |

Жасырынып қалған цифрларды және сурет астындағы цифрларды бірдей түспен сызықтар жүргізе отырып боя.

4. Фигураларды бояғанда фигуралардың орналасу реті:

Шаршы үстінде,

Шеңбер ішінде




Шеңбер үстінде,

шаршы астында



Үлестірмелі материалдан шеңбер мен шаршы (тіктөртбұрыш) алыңдар. Оларды суреттегідей етіп орналастырыңдар. Алдымен шеңбер төменде. Не көріп тұрсыңдар? Суретті қалай бояу керек? Фигураның қайсысы жоғарыда қайсысы төменде жатқанын қалай білуге болады? Фигуралардыц сыртына шығармай мұқият бояуға тырысамыз.

Қалған уақыт жазу дәптермен жұмысқа арналады. Саусақ кимылыи дамытуға көп көңіл бөліңіз.

16-17-сабақтар. Кіші екі саннан 2,3,4,5 сандармен

құрастыру

Балаларды есептеуге дайындау үшін өзінен кіші екі саннан тұратын сандар құрамымен таныстыру қажет. Балаларды кіші екі санға жіктеумен ғана емес, санды кіші екі саннан алумен де таныстырады. Бұл балалардың қосындыны 2 қосылғышты шартты біріктіру деп түсінуіне көмектеседі.

Балаларға бес көлеміндегі сан құрамынық барлық нұсқалары көрсетіледі.

2 саны - бұл 1 және 1;

  1. 2мен 1, 1 мен 2;

  2. 3пен 1, 2 мен 2, 1 мен 3;

  3. 4пен 1, 3 пен 2, 2 мен 3, 1 мен 4 дегенді білдіреді.

Тәрбиеші жинақ тақтайшаға түсі бірдей 3 шеңбер орналастырады. Балалардан барлығы неше шеңбер екенін сұрайды. Содан кейін бұл топтың қызыл түсті 3 шеңберден құралғанын көрсетеді: 1,1 және тағы 1. Балаларға 3 шңћберден тұратын топты басқаша құрастыруға да болатынын айтып, үшінші шеңберді теріс қаратып қояды. Шеңберлер тобы енді қалай құрылғанын сұрайды. Балалар оның қызыл түсті 2 шеңберден және көк түсті 1 шеңберден құралғанын, яғни топ түсі әртүрлі шеңберлерден тұратынын айтады.

Тәрбиеші 3 санын 2 мен 1 сандарынан құрастыруға болатыны, ал 2 мен 1 бірігіп 3 санын құрайтыны туралы қорытынды жасайды. Содан кейін екінші шеңберді теріс айналдырып қояды. Балалар топтың 1 қызыл және 2 көк шеңберден құралғанын айтады. Балалардың жауабын қорыта отырып, тәрбиеші 3 санын түрліше құрауға болатынын атап көрсетеді, мысалы: 2 мен 1, 1 мен 2. Бұл жаттығу санның құрамын, бүтіннің бөлшекке қатынасын айқындайды, сондықтан бала­ларды сан құрамымен таныстырғанда осыдан бастау керек.

Балалардың кіші 2 саннан тұратын санның құрамы туралы білімін бекіту үшін заттар мен геометриялық фигуралардың үлгілерімен түрлі жаттығулар қолданылады. Мынадай әңгіме тапсырмалар беруге болады: «жоғары сымда 3 қарлығаш отыр, 1 қарлығаш ұшып барып төменгі сымға отырды. Барлығы неше қарлығаш? Олар енді қалай отыр? Олар тағы қалай отыруы мүмкін? (Қарлығаштар жинақ тақтайшадағы сымдарға отырғызылады). «Айнұрға 4 қарындаш сыйлады. Ол Сәулемен бөлісті. Айнұр қарындаштарды қалай бөлді?» Осы мақсатта мынадай тапсырмалар беріледі: бір бала 3 емемнжаңғақты екі қолына салады, қалған балалар оның әр қолында неше жаңғақтан барын табуы тиіс; 3 (4.5) ойыншықтар тобын 2 балаға бөліп беру керек; шеңбер және шаршы сияқты фигуралардың екі түрінен барлығы 4 фигура салу керек; балалалр сандық фигураларды қарастырады, онда шеңберлер 2 топқа бөлінеді.

Тапсырмаларды ормндау барысында олар жиынтық қандай 2 топқа бөлінгенін, оған неше зат кіретінін әңгімелейдіді жене 2 кем саннан тұратын сан құрамы туралы қорытынды жасайды. Мысалы, бала былай дейді:мен 2 жасыл және 1 сары лента алдым, барлыгы 3 лента болды.3 санын 2 мен 1 сандарынан құрастыруға болады. 2 мен 1 сандары бірігіп, 3 санын құрайды.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет