Сабақтың мақсаты: баланың даму деңгейін, пішін және түс туралы түсінігін анықтау; заттардың қасиеттері туралы түсінігін дамыту



бет3/4
Дата26.08.2017
өлшемі0,73 Mb.
#27947
түріСабақ
1   2   3   4
Білімді жетілдіру,Шалқан,Бауырсақ және т.б. ертегілер негізінде бұрын,кейін,дейін,шейін секілді түсініктер нақтыланады.

Кейіннен сюжеттік картиналар(үлестірмелі материал)қарастырылады.Бала тәулік күндерін:таңертең,түс,кеш,түн мезгілін ажырата алуы тиіс.

-Таңертеңді,күндізді және т.б.қалай анықтау керек?

Балалар әулік мезгілдері туралы айтып береді.Содан кейін оларды реті анықталады.Үлестірмелі материалмен жұмыс ұйымдастыруға болады.Таңертең,күндіз,кеш,түн бейнеленген картиналар аралас орналастырылады.Оларға ретін анықтау тапсырылады.

2тапсырма.Суретте Саматпирамида құрастырып жатыр.Оның іс-әрекетінің ретін анықта.Егер1 нүкте,яғни төменгі бөлшек,қалғанбөлшектерді ретімен орналастырамыз.Бала ең кіші және ең үлкен бөлшекті атайды, санайды және түсін айтады.




Сандар ойын текшесіндегідей нүкте түрінде(сандық фигуралар) белгіленеді:мұнда үлгілер орналастырылады.

Балалар жапсырма қағаздарды кестеге жапсырады.

3 тапсырма.Балалардың ойлауын дамытамыз.Фигураларды айтылғандағыдай орналастыр.Қандай фигура шығатынын ойластыр.Фигураларды қандай ретпен құрастырғаныңды айт.Неше үшбұрыш,шаршы бар.Түстерді ата.Бірдей фигураларды тауып, атап шық.



Үлестірмелі материалдармен ауызша жұмыс жаттығудың осы түрін орындаған кезде көмектеседі.Балаларға досына арнап тапсырма ойластыру ұсынылады.3-4 фигура таңдап алынады.Олардың орналасуы анықталады:төменгі жақ,ортасы, жоғары жақ.Балалар олардың біріктіргенде не шығатынын қағазда көрсетеді.№4 тапсырма жыл мезгілдерінің атауын бекітуге арналған.Мына ағаштардың қай жыл мезгілінде тұрғанын анықта.Ағаштарды жыл мезгілі бойынша боя.Ол қай кезде болатынын әңгімеле.Бала неге олай екенін дәлелдеуі тиіс.

Ауызша жұмыс.Үлестірмелі материалмен(дайын немесе мұғалім дайындаған) жұмыс: заттарды пішініне,түсіне,көлеміне қарай топтарға бөл.Бала топтарға бөліп,өз жауабының дәлелін айтуы тиіс. Топты атайды және қандай белгілері бойынша бөлгенін айтады.Мысалы:

Заттар тобын салыстыру.
Сабақтың мақсаты:заттарды салыстыруға үйрету,заттардың үлкен және кіші санын анықтау,салыстыра алу және» қаншалықты артық немесе кем?»деген сұраққа жауап бере алу. Сабақ суретті қарастырудан басталады.Суретке мұқият көз жүгірте отырып,ненің теңдей екенін анықта.Балалар қай үстелде ойнап отыр,қай үстелдецифрлармен жұмыс істеп отыр?Олар нешеу, қайсылары көп?Суретте балалар саны тең, артық не кем екенін көрсет.Неше орындық,парта сағат, тақта,т.б.(1мұғалім,3қыз,4ұл,2үстел,5 орындық және т.б.)екенін санаймыз.

Кестені толыру үшін жапсырма қағаз таңдап алу керек.

Тапсырма беріледі:

-Алдымен ұяшықта неше нүкте барын анықта.Содан кейін суреттен заттардың осынша санын тап.Бір,екі,үш және т.б. адамы бар суретті таңда.Енді қажетті жапсырма қағазды алып,нүкте санына қарай ұяшықтарға жапсыр.

2тапсырмада №1 тапсырмадағы сурет бойынша жұмысты жалғастырады.Балалар суретте неше зат немесе неше обьект болса,сонша шеңбер ішін бояуы тиіс.Содан кейін боялған шеңберлер бойынша қай зат артық(кем)екені белгілі болады.



Осындай ауызша жұмыста қайсысы артық екенін көру үшін,екі топтағы заттарды бірінің астына бірін немесе бірінің үстіне бірін қою ұсынылады.

3 тапсырма. Тиеген пирамидалар саны бірдей жүк көлігін тап.Пирамидалар саны көп машинаны қызыл түспен боя.Пирамидалар саны аз машинаны көк түспен боя.Пирамидалар саны бірдей машиналарды қызыл мен көктен өзге бірдей түспен боя.



4 тапсырма.Заттарды 10-ға дейін санау үшін үлкен картина берілген.

-Әр ұяшықтағы заттарды санаймыз.Түсі мен пішінін, заттың қандай геометриялық пішінге ұқсас екенін анықта.Ойша топтарға бөл,қандай топтар шыққанын ата,неше топ болды?(Жеміс-жидектер және көкөністер).Жеміс-жидектер көп пе, әлде көкөністер көп пе?

Ауызша жұмыс.Символдар бойынша дидактикалық ойын.№1 суретте осындай заттарды тап.


Санау және кері санау бойынша білімдерін бекіту кезінде балаларды жекелеген заттарды санаумен қатар, бір текті заттардан тұратын топтарды санауға жаттықтыру қажет.Балаларға бір текті және саны бірдей матрешка, текше, конус, саптыаяқ секілді заттардың немесе үшбұрыш, шеңбер және т.б. геометриялық фигуралардың үлгілерінен тұратын топ беріледі.Бұл түрлі түсті заттар немесе геометриялық фигураларды топпен жұмыс кезінде магнитті тақтаға, не болмаса үстел үстіне орналастыруға болады.»Неше топ...?Әр топта неше...бар?Барлығы неше...? деген сұрақтар қойылады.Соңғы сұраққа жауап бере отырып, балалар заттарды бір-бірден санап шығады.

Ойын сәттері жұмысты жандандыра түседі.Мәселен, тәрбиеші магнитті тақтаға ұшақ бейнеленген картиналарды орналастырады және Ұшақтардың неше тобы бар?Әр топта неше ұшақ бар?.Ұшақтар неше қатар.?Барлығы неше ұшақ?деп сұрақтар қойылады.Содан кейін балалар көзін жұмады да, тәрбиеші ойыншықтардың орнын ауыстырады.Балалар көзін ашқан соң,не өзгергенін тауып, ұшақтың неше тобы,әр топта неше ұшақ екенін санайды.

Кейіннен балаларға белгілі бір заттар тобын санап, оларды2,3,4,5-тен топтарға бөлу тапсырылады.Неше топ шыққанын және әр топта неше заттан екенін анықтайды.Алдымен сюжетті иллюстрациялық материалды пайдалануға болады, мысалы,8 балықты 2 аквариумге салады,содан кейін абстрактілі заттар- геометриялық фигураларға көшеді.

Балалар тапсырма орындағаннан кейін неше топ шыққанын және әр топта неше заттан барынайтады. Оларға әр топта зат үштен емес, екіден болса немесе 1 зат артық болса, неш топ болатынын, керісінше, егер 1 топ артық (кем) болса немесе 3 топтың орнына 4 топ, 3 топтың орнына 2 топ болса, әр топта неше зат болатынын анықтау ұсынылады.

Балалардың ойланбай әрекет етуіне жол бермеу керек. Оларды алдымен ойланып, топтарды қалай орналастырудың жолын табуға, содан кейін қателеспеу үшін тексеру жүргізуге дағдыландыру керек. Мысалы, 6 шеңберді 2 топқа бөліңдер, әр топта 3 шеңберден болады. Шеңберді үш топ ету керек. Ол үшін балалр әр троптан 1 шеңберден алып, жаңа топ құрады.

Әр кезде топтар саны мен топтағы заттар саны арасында байланыс орнатады. Балалар топтар санын арттырғанда, әр топтағы заттар саны азаятынына, топтар санын азайтқанда, әр топтағы заттар саны көбейетініне (жалпы заттар саны бірдей болғанда) көз жеткізеді.
Қорытынды.
Заттар тобын санау жаттығуларынынң сан туралы түсінікті дамытуда маңызы зор. Бұдан былай санау бірлігі ретінде жекелеген заттармен қатар заттар тобы да қолданылады. Осылайша бірлік жекеден оқшауланады.

9-сабақ. 1-5 сандары
Сандық қаынастытарды меңгерту, артық және кем санды анықтауды түрлі анализаторларды, яғни дыбыс, қозғалысты санау, сипау арқылы затарды санау жаттығуларын қатыстырумен ұштастырылады. Мәселен, балалар неше дыбыс естісе, сонша ойыншықты санап шығарады, неше рет қол көерсе, сонша шеңбер болса, сонша рет отырып, тұрады. Олар карочкаға қадалған түймелерді сипап көру арқылы санап, неше түйме болса сонша рет немесе 1 рет артық (кем) шапалақтайды. Мысалы: «Сымбат 1 рет артық (кем) жасау үшін неше рет қол көтеру керек екенін ойланыңдар».

Түрлі анализаторларды қатыстыра отырып, жиын санының теңдігін немесе теңсіздігін құруға арналған жаттығулар әр сабақта кездеседі.

Реттік санау. Жоғары топта балалар реттік санаумен танысты. Алайда 6 жастағы балалардың көбісі реттік және есептік санауды ажырата алмайтынын, олардың мәнін түсінбейтінін тәжірибе көрсетті.

Мекепке даярлық тобында реттік санауға үлкен көңіл бөлу керек. Балалрдың реттік сан қай жағдайда қолданылатыны, қай кезде және қандай мақсатта нөмірлеуге (үй, пәтер, балалбақша, театрдағы, кинодағы, көліктегі орын, т.б. нөмірленеді) жүгіну керектігі туралы түсініктері кңейтіледі.

6 жастағы балалар реттік санаудың мағынасын толық түсіне бастайды және қайсысы? Нешіншісі? Деген сұрақтар мұқият қайта санауды талап ететін меңгереді. Әр заттың қатарда өз нөмірі болады және қай орында? Немесе реті бойынша қайсысы? Деген сұрақтарға жауап беру үшін санаудың айтарлықтай маңызы бар. Балалр реттік нөмірді анықтау кезінде сол жақтан оң жаққа қарай санау қажеттігін біледі, ал кей жағдайларда санау қай бағытта жүргізілгені көрсетіледі (жоғарыдан төртінші, төменнен бесінше, оң жақтан үшінші).

Балалар реттік санаудың мәнін жақсы түйсіну үшін, неше? Реті бойынша нешінші? Деген сұрақтарды кезек қоя отырып, оны есептік санаумен үнемі салыстырады.

Балалар нешінші? Қайсысы? Қандай? Деген сұрақтарды ажыратып үйренуді жалғастырады. Соңғы сұрақ объектінің сапалық белгісіне қарай айыруға бағытталған. Балаалр реттік санауға жаттығу барысында қандай тапсырмалар орындайды?

Басқа заттар арасынан заттың орнын анықтайды. («Барлығы неше жалау? Көк жалау нешінші тұр? Сегізінші жалаудың түсі қандай?»). Түрлі тапсырмалар орындау барысында затты реттік нөмірі бойынша табады. (Төртінші матрешканың орнына қуыршақты қойыңдар. Алтыншы көк шеңберді қызылмен ауыстырыңдар. Үшінші шаршыны екінші жағымен жоғары қаратып қойыңдар. Жалауларды екінші, төртінші және алтыншы тұрған балаларға беріңдер»).

Балалар заттарды аталған тәріппен орналастыра отырып, олардың арасындағы кеңістіктік қатынасты айқындайды: алдында, кейін, артында, арасында. Тапсырма: «Ойыншықтарды бірінші матрешка, екінші қоян, үшінші аю болатындай орналастырыңдар. Қуыршақты екінші және үшінші нөмірлер арасына қойыңдар...». «Қуыршақ нешінші тұр? Аю ше? Барлығы неше ойыншық? Қоянның алдында не тұр? Қоян реті бойынша нешінші?» деген сұрақтар қойылады.

Бір қатарға орналасқан заттардың 2 жиыны салыстырылады. «Неше шырша? Шыршалар нешінші орында тұр? Неше қайың бар? Олар нешінші орында тұр? Шырша көп пе, әлде қайың көп пе?» деген сұрақтарға жауап береді.

Заттар мен геометриялық фигуралар салып, оларды белгіленген тәртіппен түрлі түсті қарындаштармен бояйды (Көк қарындашпен екінші, жетінші, сегізінші шеңберді бояңдар» ).

Балалар қатарға тұрып, тәрбиешінің нұсқауымен орындарын ауыстырады. Мысалы, 4-5 бала тақта алдына шығады, бір бірінің артына тұрады, санайды, қолдарын көтереді, шапалақтайды, отырады. Қатарда тұрған балалар орын ауыстырады. Балалардың біріне орнына тұрып, үшінші және төртінші нөмірлердің арасына тұру тапсырылады. Жаттығу барысында балалар алдында, артында, екі балаланың арасында кім тұрғанын анықтап, реттік қатынастарды ажыратып үйренеді.

Доппен ойын жүргізіледі. Балалар қатарға тұрады да, санап шығады. Жүргізуші кімге доп лақтырса, сол адам реттік нөмірін айтады. Реттік нөмірді жүргізуші атауға да болады. Мысалы, ол «алтыншы» деп айтқанда, алтыншы тұрған бала бір қадам аттап, «Мен алтыншы!» деп жауап береді де, допты қағып алады.

Мақсаты: 5-ке дейінгі реттік және есептік санауды бекіту, заттарды топқа бөліп үйрену, геометриялық фигураларды қайталау.

Ауызша жұмыс. Сандық және реттік санауды ұйымдастыруғы арналған үлестірмелі материалды пайдалану. Көп қабатты үй, пойыз вагондарын және т.б. реттік санауда қолдануға болады. Содан кейін дәптермен жұмыс істеуге көшіңіз.

1 тапсырма. «Вагондардың ретін ата. Кімнің артында кім тұрғанын айт». Тапсырманы ойын-жаттығулармен толықтыруға болады. Мұғалім балаларға мынадай тапсырма береді:



  • Вагонды жасыр, бірақ балаларға нешінші екенін айтпа.

Балалар қай вагон екенін табу үшін сұрақтар қояды. Басқа балалар сұрақ қояды:

  • Сенің вагоның бірінші ме?(Жоқ, иә). Сенің вагоның қызыл ма? Онда ит отыр ма?

Осы сияқты сұрақтар қою арқылы балалар жасырылған вагонды табуға тырысады.

2тапсырма. Түсі әртүрлі 1-5 дана шеңбер, шаршы кесінді, үшбұрыш салынған. Тапсырма: Фигуралардың неше түрі болса, сонша таяқша сал. Қай фигура тең екенін анықта. Сурете түсі бірдей фигуралар саны қанша болса, сонша таяқша сал.



Сергіту жаттығуы.

Жаздық, жаздық, көп жаздық,

Шаршады бізжің саусақтар.

Бір, екі, үш

Демаламыз, жинап күш.

3 тапсырма. №2 тапсырмадағыдай сызықшалардың көмегімен санын жаз. Неше көк, сары, жасыл моншақ бар. Моншақты жіпке өткізу ретін ата, тізу кезінде жіпке неше және түсі қандай моншақ өткізгеніңді сана, мәселен, бір жасыл моншақ өкізгеннен кейін, екі моншақ және т.б. бояуға да болады.

4 тапсырма. Бұл тапсырма бізге бұрыннан таныс. Балалармен фигуралардың белгілері мен қасиетерін тағы табады. Шартты белгінің (жапсырмалар) көмегімен олардың ұқсас белгісін көрсету. Фигуралар пішіні, түсі, көлемі жағынан ерекшеленеді.

Тақырыбы: 1-5 сандары

Сабақтың мақсаты: 5-ке дейін реттік санауды бекіту; цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйрету; заттарды салыстыру дағдыларын арттыру; 1 цифрының баспаша жазылуымен таныстыру.

1 тапсырма. Суретте толық боялмаған көрініс берілген.



  • Заттың (объектінің) қайсысы және нешеуі боялмағанын санаймыз. Сандар қандай цифрмен белгіленген? Бұл цифрларды үлестірмелі материалдан табыңдар. Санап, санын салыстырамыз: 1 күн, 2түйе, 4 гүл, 5 құс. Құс түйеден көп, тау гүлден кем және т.б.

  • Цифраларды мұқиятбастырып шық. Суреті боя. Суреттен қандай геометриялық фигуралар көріп тұрғанымызды атай аласыңдар ма?

2 тапсырма. Суретте заттың қайсысы бірден? Екіден? Үштен? Түрлі үсті қарындаштармен бастырып шық. Бұл заттарды қандай топтарға бөлуге болады? Топтарды бір сөзбен ата. Мысалы: құрал – саймандар, ойыншықтар.

Ауызша жұмыс. Мұғалім үстелге алманың суретін қояды



  • Магнитті тақтаға тапсырма бойынша саңырауқұлақтарды, гүлдерді орналастыр: үйлестірмелі материалдардың көмегімен неше алма болса, сонша саңырауқұлақ (сурет көрсетіледі) орналастыр, содан кейін саңырауқұлақтарға қарағанда гүлді артық қой. Саңырауқұлақ артық па, гүл артық па, қайсысы тең?

Мұнда қайсысы артық (кем) екенін тез көру үшін санауда және суреттерді асты асына орналастыруды қалай дұрыс жүргізуді қайталаған жөн.

3 тапсырма пирамида тиеген жүк көлігімен орындалған тапсырмаға ұқсас. Жемісі аз тәрелкені қызыл түске бояу қажет, ал жемісі көп тәрелке көк түске боялады. Жеміс саны ең тәрелке қызыл мен көк түсен басқа түске боялады.



Берілген үлестірмелі маериалдың ішінен тапсырма бойынша фигуралар аңдалады. Символдар туралы үнемі ескерпеу үшін, үлкен плакат жасау қажет немесе үлестірмелі маериалдың белгілерін пайдалануға болады. Бір тапсырманы балалармен бірге орындаңыз.
4 тапсырма. Біліктерді тауып, бастыр. Торкөздергк үзік сызықпен берілген 1 цифрларын жүргізіп шық. Қол қимылының бағыты ауада пысықталады, содан кейін үстел үстіне саусақпен немесе қарындашпен тигізбей орындалады. Мұнан соң тапсырма беріледі: жолды бірлікпен толтырып шығу.

Қортынды:Саусақ қимылдарын дамыту үшін сабақ кезінде «Математикалық жазулар» дәптерін пайдалану керек.

11-14 сабақтар. 1-5 сандары.

Артық, кем, сонша. «=» белгісі

Сабақтың мақсаты: 5-ке дейін есептік және реттік санауды бекіту; 2-5 сандарымен және цифрымен танысыру; затар тобын салыстыруды үйрету (артық, кем,сонша), «=» белгісі.

2-ден 5-ке дейінгі цифр және санмен танысыру сабақтары өзара ұқсас құрылады. Алдымен ауызша жұмыста есептік және реттік санауды қайталаймыз. Ретін және санын анықтау үшін үлестірмелі материал қолданамыз.

Балаларды есептеу қызметіне дайындауды сандарды есте сақтау қабілетін дамытудың маңызы зор. Арнайы таңдап алынған жаттығулар жүйесі балалардың сандарды заттың атауымен, сапалық белгілерімен және кеңістіктегі орналасуымен байланысын еске сақтауға үйретуге ықпал етеді.

Тәрбиеші үстел үстіне заттың бірнеше тобын орналастырады. Балаларды кезек шақырып, әр топтағы затарды санатады да, неше шыққанын еске сақтап қалуды тапсырады. Содан кейін заттардың бетін қағазбен жауып, олардың есте сақтағанын тексереді. Балаларды тақта алдына шақырмай-ақ, орындарында отырып ойыншықтарды іштей санатуға болады.

Жаттығуды күрделендіру: ойыншықтар санын 2-ден 5-ке арттырады, зат санын оның сапалық белгілерімен және кеңістікте орналасуымен байланыстырады. Мәселен, балаларға үстел үстінде қызыл, көк, жасыл түсті неше матрешка барын немесе ұзын, қысқа, орташа неше лента барын есте сақтауға тапсырма беріледі.

Бұл жаттығуларда әдетте сабақ басында 5-7 минут арналады. Осылайша затты санауда сандарды еске сақтауға арналған жаттығулар да күрделендіріледі. Алдымен балаларға түрлі заттардан тұратын екі топты санап шығу ұсынылады, мәселен 4 шырша және 5 саңырауқұлақ, содан кейін түсі, пішіні немесе көлемі секілді сапалық белгілері жағынан ерекшеленетін біртекті заттардың 2 тобы саналады, оларды санап қана қоймай, белгілі орынға орналастыру керек. («5 цилиндрді үстелдің ортасына, 5 текшені үстелдің оң жағына, 4 шеңберді жоғарғы сол жақ бұрышқа, 3 сопақ фигураны қағаздың оң қапталын жағалата қойып шық»).

Тәрбиешінің нұсқауымен балалар заттар арасындағы кеңістік қатынастарын орнатады: жоғары, төмен, сол жақ, оң жақ, ортасы, арасы, жаны, қарсысы, шеңбер боймен және т.б. Тапсырма орныдаған соң олар заттың санын және қайда орналастырғанын айтады.

«Не жоқ?», «Не өзгерді?» деген ойын-жаттығулары сабаққа деген қызығушылықты арттыруға көмектеседі. Мәселен, тәрбиеші үстел үстіне заттардың 2 тобын орналасырады (заттар саны бірдей, бұған балалар санау арқылы көз жеткізеді). «Түн!» деген белгіге балалар көзін жұмады, ал тәрбиеші 1 затты алып тастайды немесе 1 затты қосады. «Күн!» деген белгіге балалар көзін ашады да, не өзгергенін, неше зат болғанын, неше зат қосылғанын немесе кем болғанын шешеді. Балалар дұрыс жауап жауап іздеуде заттар тобын есін сақтағанымен салыстырады. Мұндай жаттығулар ойша заттар жиынығын салыстыруға, ақырында сандарды салысыруға өуге мүмкіндік береді.

Мекепке даярлық тобындағы балалар бірінші бестіктегі сандар бірлігінің құрамы туралы білімдерін бекітеді, олар екінші бестіктегі сандар бірлігінің құрамын үйренеді, бірлік пен сан арасында қатынас (6-бұл 1,1,1,1,1 және тағы 1)орнатуға үйренеді. Жоғары топтағыдай алдымен бірліктен тұратын санадар құрамын көрсету нақты матриал негізінде жүргізіледі. Мынадай тәсілдер қолданылады: үрлі заттар немесе ойыншықтардан топ құрау; сапалық белгісі жағынан ерекшеленетін біртекті материалдардан топ құрау; туыстық түрлері бойынша біріктірілген (1 үстел, 1 орындық, 1 кресло, 1 шкаф, 1 сөре, 1 буфет – барлығы 6 жиһаз) түрлі затар бейнеленген суретерден топ құрау;

5(6) жастағы балалармен жұмыс жүргізгенде қолданылатын жаңа тәсілдердің бірі – түрлі ойыншықтардың немесе геометриялық фигуралардың белгілі санын бояу. («Мен барлығы 5 фигура салдым: 1 шеңбер, 1 сопақ пішінді фигура, 1 шаршы, 1 тіктөртбұрыш, 1 үшбұрыш). Затты белгілері бойынша топтарға бөлу, санау бірлігі ретінде әрбір топты бөлу, топтардың жапы санын анықтау. («Жалаудың барлығы 4 тобы бар: 1 көгілдір жалаулар тобы, тағы 1 қызғылт жалаулар тобы,тағы 1 сары жалаулартобы және тағы 1 көк жалаулар тобы»).

Балаларға 2-3 сан құрамын қатар оқытып, тиісті сандар тобын құрастыру жаттығулары енгізіліп отырса, санның есептік мәнін тезірек түсінеді. Бұған түрлі үлестірмелі материалдардың көмегімен жұмыс ұйымдастыру ықпал етеді (мысалы: бірінші топ 7 жиһаз бұйымынан, екінші топ 7 ыдыс түрінен, үшіншісі көкөністің жеті түрінен құралған т.б.). Тапсырманы орындаған соң балалар топты қалай құрғанын, түрлі заттар нешеден, барлығы неше екенін айтады. 5(6) жасар балаларға 2 санын атап, заттардың бірден 2 тобын құруға тапсырма беруге болады. Мысалы, карточканың жоғарғы жағына 4 түрлі геометриялық фигурадан топ құрастырылады. Тәрбиеші балалар назарын тек санның есептік құрамына ғана емес, сандар арасындағы қатынастарға да аудартады (бір сан екінші саннан неше артық немесе кем).

Көрнекі құралға сүйенбестен сөздік жатығулар кеңінен қолданылады: («Қоян, кірпі, аю тиінге қонаққа келеді. Тиіннің үйінде неше қонақ болды? Тиіннің үйінде барлығы неше аң бар? Түрлі аңдар нешеден?», «Ғарыш кемесінің командасына кеме командирі, бортинженер және дәрігер кіреді. Ғарыш кемесінің команда құрамына неше адам кірді?»)

Балалар әрбір сан құрамында бірліктің белгілі бір мөлшері барын біртіндіеп түсіне бастайды, олар «Егер мен 7 санын атасам, сен неше ойыншық аласың?, Неге?» деген сұрақтарға, кейіннен « 7 санында неше бірлік бар?» деген сұраққа жауап бере алады. Бұл тақырыпқа бүкіл оқу жылы ішінде кейде оралып отыру қажет, бұл әсіресе балалар 1 санын есептеу тәсілдерін меңгерген кезде қажет.

1тапсырма. Топтардағы затты сана. (2.3.4.5) заттан тұратын топтарды ата. Саны тең заттар тобын сызықтармен біріктір. Шамаң келсе заттар қандай топтарға бөлінгенін атап бер. Саны тең заттарды цифрмен белгіле.



Үлестірмелі материалдардан қажетті цифрды тап. Оны көрсет. Цифрлар туралы тақпақ пайдалан.

  • Цифр неге ұқсас?

Балаларға бұл цифрларды өздері таяқша, сым темірден, ермексаздан жасауды немесе олардың суретін салуды ұсынамыз.

2тапсырма. Заттарды санап, қажетті цифрды жүргізіп шық және екі,үш, төрт, бестен кем затарды боя. Бұл тапсырмаларда суреттегі заттарды салыстыру жүргізіледі. Қай жерде заттар артық, кем, сонша. «>», «<», салыстыру таңбалары енгізілмейді, алайда онымен таныстыруға болады. «=» белгісін осы сабақтарда енгізуге болады. Балалар зат санын айтқанда, оларға «=» белгісін көрсетуге болады. Бұл заттың осыған тең екенін көрсетеді. Үстелде (тақтада) қиып алынған цифрлармен суреттердің мынадай жазбасы беріледі:




***




***

3

=

3

3 тапсырма бұл сабақта өзгешелеу. 11-сабақта №3тапсырмасына тоқалайық. Ол алғаш рет кездесіп отыр. Мұғалімнің тапсырмасымен үйдің кіреберісі (подъезд) мен қабатын табу керек, содан кейін қажетті үспен бояймыз. Баламен жұмыс жүргізуші ересектер балаға кестедегі тапсырманы «оқуға» көмектеседі. Оқи алатын балаларға мынадай тапсырма беруге болады: Үйдің неше кіреберісі, қабаиы және бірінші қабатта барлығы неше терезе барын сана. Кестені мұқият қара. Алдымен бағанның қайсысы кіреберісті, қайсысы қабатты білдіретінін түсініп ал, содан кейін боя.








3

3




1

5




1

1




2

3




2

5




3

1



Подъезд қабат

4сырма саусақ қимылын дамытады. Қажетті цифрды табуға бағытталған. Балалар оларды жүргізіп шығуға және көшіруге жаттығады. Бұл сабақта қолды дамытуға арналған дәптер («Математикалық жазулар» дәптері) пайдаланылады. Жазба тапсырмалар қолды дамытуға көмектеседі, саусақ қимылын дамыту жөніндегі тапсырмаларды түрлендіреді. Әр баламен жеке жұмыс жүргізуге, баланың мүмкіндігіне қарай тапсырма орындау көлемі мен жылдамдығын таңдауға мүмкіндік береді.



Бұл сабақтарда ауызша жұмыстар барысында 1-ден 5-ке дейінгі сандар қайталанады.

  • Сенде дене мүшелеріңнің қайсысы екіден екенін (қол, аяқ т.б.), қайсысы біреуден екенін, топта ненің үштен артық екенін айт.

Үлестірмелі материал бойынша тақырыппен жұмыс:

  • Үстел үстінде қай за үшеуден? Төртеуден? Бесеуден? Үшеуден артық (кем) қандай зат бар?

  • Ненің артық екенін және қаншалықты артық екенін, ненің кем және қаншалықты кем екенін түсіндір. Тең болу үшін не істеу керек (біреуін қосу немесе азайту керек)?

Заттың қасиеттерін бекітуге арналған үлестірмелі материалмен жұмыс: Заттарға көз жүгірт. Әр карточкадағы заттарға не ортақ? Әр карточкадағы заттарды топқа жіктеуге бола ма? Әр топтан бір сөзбен ата.

Ағаштан жасалған бұйымдар: үстел, орындық, кереует, шкаф, т.б. және ағаштан жасалған ас үй бұйымдары: тақтай, қасық, астау т.б. суреттері (екі топ болу үшін)


Жаздық және қыстық киімдердің суреті

(2 топ болу үшін)

Жабайы және үй құстары бйнеленген (торғай, қарға... үйрек, қаз, тауық...)

(2 топ болу үшін)

Жабайы аңдар мен олардың төлдері бейнеленген

(2 топ болу үшін)


13-сабақа көлемді денелер таныстырылатынына назар аударайық. Бұл денелер сабақта міндетті түрде болуы тиіс. Балалар оларды қолмен ұстап, көрген-білгенін айтуы тиіс. Мысалы: шар домалайды. Текшенің 6 шаршысы бар (дұрысы-қыры, алайда бұл терминдерді есте сақтауды талап ету міндетті емес). Егер оны қойып тұрып, қарындашпен жүргізіп шықса, оның шаршы ізі қалады. Цилиндр де домалайды. Оның екі ұшы бар. Егер қағаз бетіне қойып, қарындашпен жүргізсек шеңбер пайда болады.





Содан кейін балалар айналасынан осыған ұқсас денелерді табады. 13-сабақтың №4 тапсырмасында осы түсініктерді бекітуге болады.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет