Сабақтың мақсаты: Өмір шындықтан қаланғанда ғана нағыз өмір екндігін түсіндіру



бет10/11
Дата27.11.2019
өлшемі187,3 Kb.
#52446
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1-34саб 6-сынып-1


Топпен ән айту

Сенім Ринат Зайытов

Сездірмей жүрген, Жылуын берер,

Тек өзім білген, Шапағат төгер,

Бір сенім бар, Махаббатым адаспай келер.

Жоғалмас мүлдем. Асқардай биік,

Сол сенім барда Армандар жиып,

Асығам алға Мен өтемін

Ақ тілегім, биікке самға. Өмірді сүйіп.

Тағдыр жолы көп торабы,

Ақ пен қара жолағы,

Сенім – маған серік болады.

Ақ таңдарды мен көремін,

Дауылды да жеңемін

Жүрегіммен сенемін.




Үй тапсырмасы

Келесі сабақ: «Дара тұлға, дана тұлға Дінмұқаммед Қонаев жайлы сыр шертейік» реферат жасап келу.




Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып барлығымыз бірге

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.








Өзін – өзі тану сабақ жоспары

№ 75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .05.19 ж № 29- сабақ



Тақырып:

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: білім іздеу, өз-өзіне адал болу, шыншылдық, жақсыдан жаманды ажырата білу.

Мұғалiм: Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып: 6 «а,ә,б,в,г»

Сабақтыңмақсаты: барлығынан жақсыны көру білу арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: - жетістікке жету үшін өз-өзіне сенімді болу керек екендігін түсіну;

Дамытушылық: - жақсыдан жаманды ажырата білу үшін білім іздеуге ұмтылдыру;

Тәрбиелік: - шыншылдыққа тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. «5 - Т» ережесін сақтау

Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»




Үй тапсырмасын тексеру

«Дара тұлға, дана тұлға Дінмұқаммед Қонаев жайлы

сыр шертейік» жасап келген рефераттарын оқиды.




Дәйексөз.

Ел қамын жеген ер - басшы




Әңгімелесу

Қонаевтің 12 қасиеті

  • Д.Қонаев атамыздың бойындағы қандай қасиеттер ерекше сүйсіндірді?

  • Адамзаттың шынайы көшбасшысы дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Ол кіісіні әлемнің шынайы көшбасшыларының қатарына жатқызар ма едің? Неліктен?

  • Димаш атамыздың бойындағы қандай қасиеттерін өз бойыңда дамытқың келеді?




Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Төмендегі қанатты сөздерді оқып, көшбасшы- лық туралы ойларыңды түйіндеңдер.

  • «Әділдік пен шыншылдық бір билеушінің бойынан табыл- са, онда оның шыншылдығы мен әділдігінің арқасында өз өмірі де, билеп жатқан адамдарының өмірі де шаттық- қа бөленеді» Сократ.

  • «Мемлекетті басқаратын адам – халқын шын ықыласымен сүюімен қатар парасатты және шыншыл болуы шарт» Конфуций.

  • «Ел-жұртты басқаратын адам – ақыл-парасатты ұшан-теңіз, ниеті түзу, сөзі шырын, білім мен өнерге жетік, қолы ашық, пейілі кең, жүзі жарқын, ешкімге кек сақтамайтын жан болуы шарт» Жүсіп Баласағұни


2-тапсырма: Өлең жолдарын оқып, сұрақтарға жауап бер.

Екі Шыңғыс өнегесі М.Шаханов

Екі Шыңғыс ғұмыр кешті мына ұмытшақ ғаламда, Екі дара із қалдырды олар елге, заманға. Екеуі де дарынымен, жалынымен лаулады, Бірі қылыш, найза кезеп, бірі рухпен баурады. Екеуіде сан миллион адамдарды жаулады. Екеуінде еске сақтап қалды қырғыз таулары. Оның бірі – даңқ көгіне зорлығымен тырмысқан, Жарты әлемді қан қақсатқан бас қолбасшы Шыңғыс хан Екіншісі – қару еткен рухи-намыс қанатын, Қара күшке қарсы қойған адамдықтың санатын, Әр жүректің айдынында ізгілік боп жанатын, Жаңа Манас - ұлы Шыңғыс Айтматов болатын.

  • Екі Шыңғыс арасындағы айырмашылық қандай?

  • Олардың ішінен қайсысын шынайы көшбасшы, ал қайсысын жай танымал деп атауға болады? Неліктен?

3-тапсырма: Төмендегі қасиеттерді пайдаланып, шынайы көшбасшы мен жай көшбасшыға мінездеме бер. Көшбасшыларға тән қасиеттер: менмендік, еңбекқорлық, пысықтық, іскерлік, қырағылық, көрсеқызарлық, шешендік, адалдық, тәуекелшілдік, батырлық, сөзшеңдік, сабырлылық, көңілшектік, құштарлық, көркемдік, тез бейімделушілік, бірбеткейлік, бауырмалдық, өркөкіректік, өнерлілік, табысқорлық.

Көшбасшы – қоғамға, ұйымға, топқа ықпал етуге қабілетті тұлға. Халықтың, бір топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге тән қасиеттерді жия білген адам. Көшбасшы адамдардың күш-жігерін біріктіріп, іс-әрекетін қоға мүддесіне сай жүргізеді.




Топпен ән Жігерлендіру Мұхтар Шаханов

Сен жыладың жігітім

Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын. Асауды мінілмейді деп, Қайтпады деп жұртқа еткен жақсылығым, Ақ көйлек кірлемейді деп, Сен жыладың, Қара ешкі мүжіген ағаш, Бір қатты соққы алдым деп Қайта гүлдемейді деп, Жә-жә жарар, өткен күн оралар ма, Кім айтты саған, Қарау керек, бауырым саған алға, Жұрттың бәрі, мейірбан, арайлы деп, Басыңдағы бөрік пе, орамал ма, Биікті ардақтайды, асылды қорлатпайды деп. Көтер қане басыңды, бұл қай қылығың, Қиналып бекер алаңдадың- ау. Мұз боп еріп кеткен бе бар айбының. Ойыңды шығар өріске, Көтер қане басыңды,күніңді босқа өткізіппеедің, Өзің-ақ айтшы, ғаламда мынау Тағдырың неге сыр айтты саған Жеңудің бәрі жеңіс пе Өмірдің барлық сәтсіздіктерін Жігітке арман жеткізіп пе еді, Бақытсыздық деп кім айтты саған, Өз сорын өзі жеңбесе. Кім айтты саған, Өмірдің барлық сәтсіздіктері, Тұлпарды сүрінбейді деп, Бақытсыздық емес ендеше.





Үй тапсырмасы

Келесі сабақ: «Менің ӘКЕМ» тақырыбына эссе жазу.




Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып барлығымыз бірге

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде.

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде.







Өзін – өзі тану сабақ жоспары

№ 75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .05.19 ж № 30 сабақ



Тақырып: Адамзаттың шынайы көшбасшысы

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: мәдениеттің құндылығын түсіну, толеранттылық (кеңпейілділік), мәдени мұраны құрметтеу.

Мұғалiм: Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып: 56«а,ә,б,в,г»

Сабақтыңмақсаты: Рухани мұра – салт-дәстүрді, мәдени мұраларды құрметтеу адами құндылық екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - мәдени мұраларды құрметтеуді, қорғауды үйрету ;

Дамытушылық: - ата дәстүрін жалғастыруда толеранттылық танытуды дамыту;

Тәрбиелік: - кеңпейілділікке тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. «5 - Т» ережесін сақтау

Тыныштық сәтi. Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену»




Үй тапсырмасын тексеру

«Менің ӘКЕМ» тақырыбына жазып келген эсселерін оқиды.




Дәйексөз






Әңгімелесу

Менің сүйікті әкем Әйгерім Шынтемірқызы

  • Әкенің әрекеті неліктен мақтауға ылайықты болды?

  • Әкенің бойынан көшбасшыға тән қандай қасиеттерді байқадыңдар?

  • Көшбасшы болу үшін міндетті түрде атақты болу шарт па? Неліктен?

  • Күнделікті өмірде үлгі тұтатын көшбасшыларың бар ма? Әңгімелеп беріңдер.

  • Өздерің шынайы көшбасшы болуға қаншалықты талпынып жүрсіңдер?




Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: «Менің өмірімдегі шынайы көшбасшы» тақыры бында эссе жазу.
2-тапсырма: Төмендегі сұрақтарға өз бетіңше ойланып, жазбаша жауап беру.

  • Менің ойым, сөзім және ісім әрқашан бір жерден шыға ма?

  • Менің сөзім мен ісім тек өз мүддемді көздей ме, әлде «мен», «маған» және «менікінен» жоғары мұраттарым бар ма?

  • Қабылдаған шешімім дұрыс болмай қалатындығына қарамастан, өз бетімше шешім қабылдауға батылым жете ме? Әлде басқаларға арқа сүйеп жүрмін бе?

  • Өз қиындықтарымды сәтті және білуге менің күш-жігерім мен табандылығым жеткілікті ме? Әлде қиындықтарға кездескенде айналып өтем бе?

3-тапсырма: Мәтінді оқып, алған әсерлеріңді бөлісіңдер?

Елдің иесі сендерсіңдер, қарақтарым!

Айналайын балаларым, сендерді көргенде өзімнің балалық шағымды еріксіз еске түсіремін. Көз алдыма тай-құлындай тебісіп бірге өскен достарым келеді. Біз де сендер секілдіойынның қызығына тоймаушы едік. Жүгіреміз, жарысамыз, күресеміз, алысамыз. Шыжыған шілденің ми қайнатқан ыстығында өзеннен шықпаймыз. Бәрі қызық, бәрі тамаша. Сонда қол-аяғымыздың тілім-тілімі шығып ашығанын да сезбейтінбіз. Балалық дәурен өтеді де кетеді. Бірақ қызығы да, қуанышы да, тіпті ауыртпалығы да аз болмайтын балғын шақтың әсері жадында мәңгі қалады.Балалық шақтағы алаңсыз кездерімнің әдемі әсері санамда сайрап тұр. Ата-ана тәрбиесінің күші шығар, бойыыма турашылық, бірсөзділік, қиянат көрсе өршеленіп кететінөршіл мінез, батылдық секілді қасиеттер молынан енді. Соның бәрі дерлік жан дүниеме балалық шағымда ұялады. Тек жақсы адамдарға үйір болдым. Істерінен, сөздерінен өнеге алдым.

Тәуелсіз қазақ еліне білімді де білгір, ақылды, іскер, намысқой азаматтар көп керекОлар – сендерсіңдер. Елдің ендігі иесі өздерің екенін жадыларыңнан ешқашан шығармаңдар, қарақтарым!

  • Қасым атаның өнегелі өсиетінен қандай ой түйдіңдер.




Топпен ән айту Алға, қазақ жігіттері! Ержан Серікбаев

Асыл текті туған, Қ-СЫ: Алға, алға, алға қазақ жігіттері, Алаш кегін қуған. Сенім артқан жансын халық үміттері. Ерлерім ел үшін, Көк аспанда желбіресін көк байрағың, Белін бекем буған. Жаса мәңгі, қазағымның жігіттері. Ақ білек күшімен. Жігіттер, жігіттер, Ақ найза үшімен, Биікке өрлеңдер. Қорғаған бабамның, Ел үшін, жер үшін, Үлгі алып ісінен. Намысты бермеңдер. Нардың күші дарып, Жүрек дүрсіл қағып.

Жетіңдер жеңіске, Шаршы топты жарып.





Үй тапсырмасы

Келесі сабақ: Қазақ күйшілері – Құрманғазы және Дина апаларымыз жайлы деректер жазып келу.




Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып барлығымыз бірге

Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бар жерде.

Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бүкіл әлемде.










Өзін – өзі тану сабақ жоспары

№ 75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .05.19 ж № 31- сабақ



Тақырып: Адамзаттың рухани байлығы

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: әдепті болу, өсек айтпау, басқалар туралы жамандық ойламау, әділеттілік.

Мұғалiм: Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып: 6 «а,ә,б,в,г»

Сабақтыңмақсаты: әдептілік ар-ұятты қалайтын кірпіш екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: басқалар туралы жамандық ойламауға үйрету;

Дамытушылық: - әдепті болуға, өсек айтпауға ықпал ету;

Тәрбиелік: - әдепті болуға, әділеттілікке тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. «5 - Т» ережесін сақтау

Тыныштық сәтi. Орманға саяхат




Үй тапсырмасын тексеру

Қазақ күйшілері – Құрманғазы және Дина апаларымыз

жайлы жазып келген деректерін оқиды.




Дәйексөз Халық нақылы

Атамұраң – асыл қазынаң.

  • Мұра дегеніміз не?

  • Қазына деп нені түсінесің?

  • Сенің отбасыңда атадан балаға келе жатқан қандай мұра бар?

  • Елің үшін атадан келе жатқан мұраларды қастерлейсің бе?




Әңгімелесу

Бір күйдің тарихы Ахмет Жұбанов

  • Адамның рухани әлемі мен жан сұлулығы қаншалықты байланысты? Нақты мысал келтіріп түсіндір?

  • «Қазақ деген кім? Домбыра деген не?» деген сұраққа өзің қалай жауап берер едің?

  • Күй тыңдағанда қандай әсерде боласың? (Сарарқаны ютубтан қойып, тыңдатамыз)




Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Төменде берілген ақпарат бойынша өз ойларыңды білдіріңдер?

«Қазақ әнін 2 миллиард халыққа паш паш еткен Димаш Құдайберген өз орындауынан кейін сахна сыртына барып, еңкілдеп жылаған. Себебі оның ең әуелгі мақсаты орындалды. Ол қытайларға, қала берді бүкіл әлемге қазақ әнін, қазақ күйін тыңдатты».

  • Димаш орындаған ән мен күй сендерге таныс па? Қалай аталады? Авторы кім?

  • Димаштың өнерінен өздерің қандай әсер алдыңдар? Не ұнады \ұнамады? Неліктен?

2-тапсырма: «Қазақ биі» мәтінін және Абай өлеңін оқып мазмұнына мән беріңдер. Өз ойларыңды «Өнер - өмірдің мәні, өйткені...» және «Өнер – өмірдің сәні, өйткені ....» деп дәлелдеп жазыңдар.

Өлең – сөздің патшасы,сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, Ол – ақынның білімсіз бишарасы. Айтушы мен тыңдаушы көбі надан, Бұл жұттың сөз танымас бір парасы. Өлеңге әркімнің ақ бар таласы, Сонда да солардың бар таңдамасы. Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын Қазақтың келістірер қай баласы?

2-тапсырма: Абайдың өнер туралы сөзі шығады:

1-сөз: Өнерлі адам. 2-сөз: Шартты рай тұлғасындағы етістік (2-ші жақ) 3-сөз: Туынды етістік.

Ө

н

е

р




а










о







а




,




а







а




а







3-тапсырма: Нақыл сөздерді оқып, негізгі ойын анықтап, бүгінгі өмірмен байланыстырыңдар.

... «Заман толқыны тарих теңізінің жағалауында көркем өнердің баға жетпес меруерт маржандарын қалдырады».

... «Ақын болу шарт емес, азамат болу - парызың».

... «Өнер адамды асқақ сезімге бөлеуге, адамның жан дүниесін нұрландырып, байыта түсуге, ал өмірдің өзін кемелдендіріп, игілікті егуге тиіс»

... «Өнер туындысы өнерді түсінетін және сұлулықтан ләззат алуға қабілетті адамдарды тудырады».

... «Адамдардың мінез-құлқын, ішкі жан дүниесін, әрекетін көрсететін таза ырғақтың көрінісі, себебі би қимылдары туар кезде ырғақтық сурет әдетте оны туғызған сезім күйіне сәйкес келеді».

... «Ән – халық үні, оның шындығы, оның ойы мен сезімі»

... «Музыканы сүю үшін ең алдымен оны тыңдай білу керек»
Топпен ән айту







Үй тапсырмасы

Келесі сабақ: «Домбыра туралы балада» Шөмішбай Сариевтің өлең жолдарын жаттап келу.




Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып барлығымыз бірге

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет