Сабақтың мақсаты: Өмір шындықтан қаланғанда ғана нағыз өмір екндігін түсіндіру



бет3/11
Дата27.11.2019
өлшемі187,3 Kb.
#52446
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1-34саб 6-сынып-1



Өзін-өзі тану сабақ жоспары

Мектеп №75 гимназия Күні 16.10.18ж7 сабақ Сабақ тақырыбы: Әсемдікке талпыныс Құндылық : Сүйіспеншілік Қасиеттер: кешірімді болу, шынайылық, сыйластық. Мұғалім : Сейденова А.Т. Сынып: 6 «а,ә,б.в,г»

Сабақтың мақсаты: Сүйіспеншіліктің адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.

Міндеттері:

Білімділік: - кешірімді болуға үйрету;

Дамытушыылық: - жақсылықты шынайы жасауға баулу;

Тәрбиелік: - мейірімді, қайырымды болуға, сыйластыққа тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. «Орманға ойша серуен»

Ресурстар

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

«Мейірім» Ұшқын Жамалбектің өлең жолдарын жатқа айту.

Толқимын теңіздей Сенуің керек,

Мейірімді көп іздей. Дүниені жинасаңда сәнімен.

Мына өмірдің жақсылығы Иманмен жинаған жан байлығың

Жамандықпен егіздей. Биік тұрар бәрінен.

Мына өмірдің жақсылығы - Ай толған түндей боп,

Жамандықпен егіздей. Бұлттан шыққан күндей боп,

Қайырмасы: Жан жүрегіңе мейір толсын,

Анаңның сөзіндей Тасқа шыққан гүлдей боп,

Ақ адал сезімдей, Жан жүрегіңе мейір толсын,

Мейірім керек Тасқа шыққан гүлдей боп,

Өзгені өзіндей көретін,

Әппақ пейілің керек.



  1. Дәйексөз.

«Адам деген ардақты ат» Халық нақылы

  • Ардақты деген ат кімдерге айтылады?

  • Нағыз адам деп кімді айтамыз?

  • Басқа жаратылыс иелерінен адамның артықшылығы неде?




  1. Әңгімелеу

Ұлыма хат Немат Келімбетов

  • Өзіндік көзқарасы бар адамға тән қасиеттер қандай деп санайсың?

  • Сен өзіңді өзіндік көзқарасым бар деп санайсың ба?

  • Ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулықты қалай түсінесіңдер? Оларды жетілдіруге болама? Қалай?

  • Жан сұлулығы дегенді қалай түсінесің? Жаны сұлу адамды қалай сипаттар едің?




Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1-тапсырма: Қанатты сөздерді оқып шынайы сұлулықты таңдап ,

таңдауларыңды дәлелдеңдер.



  • «Сөзі райлының – жүзі шырайлы»

  • «Қарапайымдылық – моральдық сұлулықтың басты шарты»

  • «Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын...»

  • «Сыртқы сұлулық толық болуы үшін ішкі сұлулықпен жандануы керек»

  • «Табиғи сұлулық дегеніміз - оның ұнамдылығы. Әрбір ұнамды мінез-құлық пен келісімді көріктен әдемілік пайда болады»

  • «Қарапайымдылық дегеніміз – өзінің адамдық қадір-қасиетін түсіну»

2-тапсырма: Жағдаяттық оқып, кейіпкердің ойын жалғастырып жаз:(34бет

3-тапсырма: Адамның жан сұлулығын бейнелейтін сөздерді тауып, «Әсемдік» сөзжұмбағын шешу.

Көлденеңінен

Тігінен

5.Адамдардың бір-бірімен сезініп қарым-қатынас жасауына қажет нәрсе



6. Тірі организмнің бәріне тән мінез, ортақ қасиет

7. Әдепті, кішіпейіл адамның бойындағы жағымды қасиет

8. Кішіпейіл, қарапайым әдепті адамның қасиеті

1.Тәрбиелі, қарапайым, әдепті адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі

2.Адамшылық, жақсылық тілеу қарым-қатынастары

3.Әсем, әдемі адамның бойындағы сұлулық

4.Байыпты, ақылды адамға тән қасиет.



д

2

а

м

3

г

е

4

р

5

6

ш



а

р

а

п

а

й

ы

м

8





Топпен ән айту

Ана туралы жыр Сөзі: Ғ.Қайырбековтікі,

Әні: Ш.Қалдаяқовтікі

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың қанатын самғаған,

Балалық құштарым өзіңе арналған.

Қайырмасы: Әлдилеп,аялап,өсірген жемісің,

Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де,мен саған сәбимін.

Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.






Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Тәні сұлу сұлу емес, жаны сұлу сұлу» тақырыбына эссе жазу






Соңғы тыныштық сәті

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде. Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.





Өзiн-өзi тану сабақ жоспары

Мектеп: №75 мектеп гимназиясы Мерзiмі. 23.10.18ж. № 8 сабақ

Сабақ тақырыбы: Әсемдікке талпыныс

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: әрқашан көмектесу, ешқашан зиян келтірмеу, ешкімді ренжітпеу, бірлік.

Мұғалiм: Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып: 6 «а,ә,б,в,г»

Сабақтың мақсаты: адам өміріндегі дұрыс әрекет құндылығын тұлға ретінде өмірдегі орнын анықтауға көмектеседі.

Міндеттері:

Білімділік: - ешқашан айналаңа зиян келтірмеуді үйрету;

Дамытушылық: - әрқашан көмек беруді бойда дамыту;

Тәрбиелік: - бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

Сабақ барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңi. 5 «Т» - ережесін сақтау

Тыныштық сәтi «Су асты патшалығына ойша саяхат»




2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Тәні сұлу, сұлу емес, жаны сұлу, сұлу» тақырыбына жазған эсселерін оқиды




3. Дәйексөз

Көңілі кіршіксіз жан кісіні күндемейді М.Горький

  • Күндемеу дегенді қалай түсінесің?

  • Көңілі кіршіксіз деп бойында қандай қасиеті бар адамды айтамыз?




4.Әңгімелесу

Ақыл мен сезім Мамытбек Қалдыбай

  • Автордың ақыл мен сезім туралы ой-тұжырымымен келісесің бе?

  • «Сезім мен ақылыңды қатар ұстай білу – үлкен тәртіптілік,

  • «Сезім мен ақыл тек адамда ғана емес, табиғатта да бар. Ол да кейде күліп, кейде күрсінеді» - деген сөздері нені білдіреді?

  • «Жаман мінез-құлық – рухани кесел» деген пікірге көзқарасың қандай?

  • Өз мінез-құлқыңды өзгерткің келе ме? Неліктен? Қалай?




5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Төмендегі ой-тұжырымдарды оқып, түсінігіңді айт.

  • «Жылтырағанның бәрі - алтын емес»іімді болғаны үшін әдемі»

  • болғаны үшін сүйкімді емес, сүйк

  • «Көңілі кіршіксіз жан, кісіні күндемейді»

  • «Сұлулықты сезіне білетіндер нағыз адам өмірінің мағынасын түсіне біледі»

  • «Әдемі болғаны үшін сүйкімді емес, сүйкімді болғаны үшін әдемі»

2-тапсырма: « Тәкаппаршылық» сахналау.

3-тапсырма: Сөзтізбекті шешу Аль-Фарабийдің дана сөзі шығады;

1-сөз: «Жақсы» сөзінің антонимі. 3-сөз: Сын есім.

2-сөз: Адам даралығының белгісі. 4-сөз: «Ауру» сөзімен мағыналас сөз.



ж

а

м

а

н




м

і

н

е

з

-

қ

ұ

л

ы

қ

-




р

у

х

а

н

и




к

е

с

е

л










6.Топпен ән айту Жан әке

Кезің жоқ мейірленіп тіл қатпаған, Шыңның да шырқау көңіл құшадәмін, Сөзің жоқ өнегесін тыңдатпаған. Шыңға да кейсәттер де түсседарын. Осынау дөңгеленген дүниеде, Сүрініп кетпес үшін әке сонда Жанәке кімбар сендей қымбатмаған. Сенің өз болмысыңнан күшаламын Қайырмасы Пейілің егіз даламмен, Көңілің көрік сыйлап гүлбағына, Мейірім ыстық жаныңнан. Өмірдің қанықтырдың сырларына. Неліктен түстім саған мен, Мен әке қуанамын бар жаныммен, Еліктей балғын шағымнан. Өзіңнің перзентің боп туғаныма.

Алтынға балап тұлғаңды, Артыңда қалар ізіңмін. Қызығын көріп жүр мәңгі, Өсірген ұл мен қызыңның.





7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: 1) «Табиғат - баға жетпес сый» жобасының 1-кезеңін аяқтап дәптерге жазып, фотоальбом, коллажды толықтыру.






8. Соңғы тыныштық сәті

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.







Өзін – өзі тану пән сабағы

Мектеп: № 75 мектеп-гимназиясы Мерзімі: 11.18ж

Сабақ тақырыбы: Өзгелермен үндесу № 9 сабақ

Құндылық: Ішкі тыныштық

Қасиеттері: сыпайылық, ашуланбау, ой тыныштығында отырып үйрену, шыдамдылық.

Мұғалім : Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып: 6 «а,ә,б,в,г»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға ішкі тыныштық құндылығы ынтымақтастықты нығайтатындығы жайлы түсінік беру.



Сабақтың міндеттері:

Білімділік: - ой тыныштығында отырып үйренуге шақыру ;

Дамытушылық: - әркез сыпайылықты сақтау жан дүниеңнің тазалығына әкеледі;

Тәрбиелік: - шыдамдылыққа, сыйластыққа, тәрбиелеу.

Ресурстар

Проектор, сазды музыка, бейнефил



Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі 5 «Т» - ережесін сақтау (Талап, Тазалық, Тыныштық, Татулық, Тәртіптілік)

Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену»




  1. Үй тапсырмасын сұрау

«Табиғат - баға жетпес сый» жобасының 1-кезеңінің фотоальбом, коллаждарын қорғау.




  1. Дәйексөз

Досы көппен сыйлас,

Досы азбен сырлас.

  • Мақалдың мағынасын түсіндір.

  • Неге досы көппен сыйласып, досы азбен сырласу керек деп ойлайсың?




  1. Әңгімелесу

Бес тиын Өтебай Тұрманжанов

  • Мұрат неліктен өзінің сыныптағы кезекшілігіне мұқият дайындалды?

  • Мұрат тауып алған тиынын не себепті мұғаліміне берді?

  • Мұратты дұрыс әрекетке жетектеген бойындағы қандай қасиеттері деп ойлайсыңдар?

  • Адам бойындағы қандай қасиеттер оның жеке басын сыйлы етеді? Неліктен?

  • Адамның өзін және өзгелерді сыйлауының мәні неде деп ойлайсыңдар?

  • Өздерің көпшілік алдында қандай қасиеттеріңмен сыйлы болып жүрсіңдер? Әңгімелеп беріңдер.




Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Мақалдардың жалғасын тауып мағынасын түсіндіріңдер.

  • Аға әдепті болса, іні әдепті, .....

  • Орнымен мақтай біл, .....

  • Халықтың қартын сыйлау - .....

  • Ардагер аға алдыңда тұрсын, ....

  • Сыйлай білсең кәріні, .....

  • Сыйлау деген - .....

  • Әдепті бала ата-анасын мақтатар, .....


2-тапсырма: «Өзіңді жұрт сыйласын десең, алдымен өз-өзіңді сыйла» деген қанатты сөзді талқылап, мәнін түсіндіру:

  • Көзқарас

  • Себеп

  • Мысал

  • Қорытындылау.


3-тапсырма: Жағдаяттардың шешімін табыңдар.

1). Ұланға әке-шешесі жұмысқа кетерде: Балам, біз жұмыстан келгенше сабағыңды оқып болған соң, үйдің айналасын жинас тыр, үйге су алып кел, - деп тапсырды. Ұлан сабақ оқып болған соң оның достары Айдын мен Дидар келіп, Ұланды компьютермен футбол ойнауға шақырды. Ұлан әке-шешесінің тапсырмасын орындауды, әлде достарының көңілінен шығуды білмеді. Сендер Ұланның орнында болсаңдар не істер едіңдер? ..........


2) Жаңыл өзінің інісі Ернармен үйдің ауласында ойнап жүр еді. Екеуінің тұсынан көрші үйдегі Гүлнардың анасы дүкеннен келе жатыр еді. Ернар: Гүлнар бізбен ойнасын, шақырып жіберші , - деді. Жаңыл інісінің сөзіне ұялып қалып, Ернарға әлденені түсіндіре бастады. Жаңыл інісіне не туралы айтты?
3) Бүгін сенбілік. Кеше мұғалім мектепке сыпыртқы, шелек алып келулерін тапсырды.




Топпен ән айту

Үйрендім Сәнді Ақылай

Жақсылықты асыруды үйрендім Жамандықты жасыруды үйрендім Жауласқанға ат құйрығын кесісіп Жақсыларға қосылуды үйрендім Анда –санда ашығуды үйрендім Ашудан соң басылуды үйрендім Қабағымнан қар жаудырып лезде Күндей болып ашылуды үйрендім Жылағанды жұбатқанды үйрендім Орынымда тұрақтауды үйрендім Дүниенің шешпесемде жұмбағын Жауабы бар сұрақтарды үйрендім Бақта гүлді өсіруді үйрендім Отты отпен өшіруді үйрендім Қарсы шыққан досым түгүл дұшпанда Бір-ақ сәтте кешіруді үйрендім Алғанымды қайтаруды үйрендім Арызымды айта алуды үйрендім Дүниені шыр айналып ойыммен Өлеңге кеп жай табуды үйрендім . Жақсыларды сағынуды үйрендім Тағдырыма бағынуды үйрендім Жақын түгіл алысыма іс түссе Жаным жасып қамығуды үйрендім Кей сәттерде үндемеуді үйрендім Кім болсаңда күндемеуді үйрендім Азды-көпті адамдарды таныдым Біліп тұрып «Кім» демеуді үйрендім Кейбір кезде құбылуды үйрендім Көпшілікпен жұмылуды үйрендім Кертартпаның кердеңіне келіспей Кері қарай бұрылуды үйрендім






Үйге тапсырма

Келесі сабақ: «Достарым» Хасен Закариянов сөзіне жазылған өлең жолдарын жаттап келу.






Соңғы тыныштық сәті.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасып, бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізде сақтайық. Ішкі тыныштық, ішкі тыныштық, ішкі тыныштық бар жерде.

Ішкі тыныштық, ішкі тыныштық, ішкі тыныштық бүкіләлемде .


Үнтаспа

Баяу ән қойылады





Өзiн-өзi тану сабақ жоспары

75 мектеп-гимназиясы Мерзiмі: 10.18ж. Сабақ: №10



Сабақ тақырыбы: Өзгелермен үндесу

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: шындықты айту, уәдені орындау, ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлау, тілалғыш болу.

Мұғалiм: Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып: 6«а,ә,б,в,г»

Сабақтың мазмұны

Ресурстар

Сабақтың мақсаты: адамдармен қырым-қатынас негізі дұрыс әрекетте екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - уәдені орындау, уәдеде тұру тұрақтылығың екендігін айту;

Дамытушылық: - ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға ықпал жасау;

Тәрбиелік: - шындықты айтуға, тілалғыштыққа тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi. «Су асты патшалығына ойша саяхат»

Ресурстар

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Достарым» Хасен Закариянов

Толтыра біліп көңілдің отын, достарым,

Қатемді түзеп, жол тапсам дұрыс қостадың.

Қиналған шақта бөлісіп жүрек жылуын,

Жүріңдер сендер қолтықтан демеп, достарым.

Қ-сы: Жабыққан сәтте қас қағым

Жаныңды ұғар басқа кім?

Жаңа бір әуен бастадым,

Сендерге арнап, достарым!

Сағыныш толы кеудені кернеп жыр көшкін,

Достықтың келдім сазына ән мен үн қосқым.

Өтермін мынау өлшеулі ғана тірліктен,

Биіктен сайлап орнын адал шын достың.

Десек те қашан баянсыз достан түңіл деп,

Қаншама арзан мінезге куә жұмыр жер.

Асылдар аз ба жаныңды қияр дос үшін?!

Соларға, тағдыр, өкінбей өтер ғұмыр бер.




3. Дәйексөз.

Дос жылатып айтады,

Дұшпан күлдіріп айтады.




4.Әңгiмелесу

Тынышбек қалай түзелді? Қаржаубай Омарұлы

  • Қарындастарының ойынын сырттай бақылаған Тынышбек неліктен көз жасына ерік берді?

  • Мұғалімнің боынан қандаә ізгі қасиеттерді байқадыңдар?

  • «Сыйласаң сыйлы боларсың» деген сөздің мәнін қалай түсінесіңдер?

  • Қарым-қатынастағы өзара сыйластық адам бойындағы қандай құндылыұтардың көрінісі?

  • Өздерің үлкендермен, құрдастарыңмен және кішілермен қаншалықты сыйласып жүрсіңдер? Әңгімелеп беріңдер.




5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Төмендегі ұғымдар мен анықтамаларды сәйкестендір

Ұғымдар

Анықтамалары

1.Татулық
2.Достық
3.Ауызбіршілік
4.Бірлік
5.Ынтымақтастық

А) Адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті.

Ә) Адамдардың берік бірлігі, сыйласымдылығы.

Б) Бірлікке келу, бірге тірлік жасаудың көрінісі, татулықтың белгісі.

В) Мақсаты бір топ мүшелерінің тату-тәттілік, ынтымақтастық, ұйымшылдық көрсете білуі.

Г) Ынтымақтасып біріккен бірауыздылық, іштей байланысты табиғи біртұтастық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет