Сабақтың мақсаты: Өмір шындықтан қаланғанда ғана нағыз өмір екндігін түсіндіру



бет2/11
Дата27.11.2019
өлшемі187,3 Kb.
#52446
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1-34саб 6-сынып-1


Топпен ән айту







  1. Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.






Мектеп: №75 гимназия Күні: 25 09.18ж4 сабақ Сабақ тақырыбы: Адамның мүмкіндіктері Құндылық : Қиянат жасамау Қасиеттер: басқа мәдениеттің құндылығын түсіну; толеранттылық (кеңпейілділік); ақжарқындылық; татулық. Мәдени мұраны құрметтеу; қоғам меншігін қамқорлау; қоршаған ортаны қорғауМұғалім : Сейденова Адиса Сынып: 6 «а,ә,б.в,г»

Сабақтың мақсаты: Өмірдегі орныңды анықтауда талаппен талпынудың мәнін түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: - Шындықпен кез-келген шыңға апаратынын үйрету;

Дамытушылық: - уәдені орындауға, берген сөзде тұруға дағдыландыру;

Тәрбиелік: - батылдыққа, тілалғыштыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: дәйексөз,

стикер қағазы.



Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

(5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп,Тыныштық, Тазалық, Татулықты сақтауға шақыру, Талап. Жағымды көңіл-күйге ену.

«Орманға саяхат»

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

«Адамның мүмкіндіктері шексіз» тақырыбына жазып келген эсселерін оқу.



  1. Дәйексөз

«Век живи, век учис» халық мақалы




  1. Әңгімелеу Ерлан Сыдықов

Мәдениет пен билік салмағы

  • Шәкәрімнің орыс тілін үйрену, музыкалық аспаптарда ойнауды үйрену, халықтың тарихын жазу мақсатына қандай қажеттілік болды?

  • Абайдың өзбетінше білімін көтеруіне бойындағы қандай қасиеттер көмектесті деп санайсыңдар?

  • Абай «жан азығым» деп жүрген жалғыз кіітабын шәкірті Шәкәрімге тарту етеді. Ал сенің жан азығың не?

  • Автор «Шәкәрім өзін білім жемісі өсетін мәуелі жеміс ағашының көлеңкесінде отырғандай сезінетін» дегенде нені айтқысы келді?

  • Шәкәрімнің ақсатына жетуіне адамның адами қасиеттері, «ыстық қайрат», «нұрлы ақыл», «жылы жүрек» қалай әсер етті деп ойлайсыңдар?

  • Бойыңдағы мүмкіндіктеріңді толығымен пайдаланып жүрсің бе?Мысал келтіріп ойыңды ортаға сал.




  1. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Түсіндірме сөздіктен (136-бет) «қабілет», «дарын», «парасат», «ақыл» - мағынасын тауып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу.
2-тапсырма: Буриме әдісі: көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып өлең жолдарын аяқтау.

Адам болғым келеді С.Дәуітов

Ойы терең мұхиттай ... болғым келеді,

Көңілі аппақ сүттен де ... болғым келеді.

Адалдықты сүйетін жүрегімен, жанымен,

Бал бұлақтай мөп-мөлдір ... болғым келеді.

Отты, ойлы жыры бар ... болғым келеді,

Қиындықтан қайтпайтын ... болғым келеді,

Адамдардың бәрінен ... болғым келеді,

Ең бастысы өмірде ... болғым келеді.

Керекті сөздер: таза, дана, бала, кіші, асыл, ақын, кісі.

3-тапсырма: Төмендегі рольдерді сахналау:

  • Дәнекер (өмірмен байланыстырады)

  • Сөз тапқыш (мәтіннен жүрекке жылы сөздер тауып оқиды)

  • Сұрақ қоюшы (сұрақ қояды)

  • Реттеуші (реттеп отырады)

4-тапсырма:

Таным тағылымы

  • Өзің қандай жолды таңдар едің? Неліктен?

  • Досыңның бойындағы мүмкіндіктерін ашуға қандай кеңес берер едің?

  • Бойыңдағы мүмкіндіктеріңді ашуға, қабілеттер- іңді шыңдауға қандай қасиеттерің көмектеседі?

  • Күнделікті өмірде бастаған не нәрсең сәтті және сәтсіз шығуда? Оның себептері неде деп ойлайсың?




  1. Үйге тапсырма

Жобаны жазып келу, төмендегі сұрақтарды басшылыққа аламыз.

  • Менің қандай қабілеттерім бар?

  • Мен мүмкіндіктерімді пайдалана аламын ба?

  • Мен не істегенді ұнатамын?




  1. Топпен ән айту.

Өсіп келе жатырмын

Төлеген Айбергенов

Кеудесінде таулардың, Қиындықтың көк тасын

Кемесінде арманның Кесіп келе жатырмын.

Жалау етіп өрлікті, Кейде Күнмен теңесем

Ескек етіп ерлікті Таласып күнмен мен өсем.

Есіп келе жатырмын! Гүл теремін жерімнен

Адал терін әрдайым Бірге туған елімнен

Моншақтатып маңдайым... Өсіп келе жатырмын

Соқсын дауыл соқпасын.




Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге



Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бар жерде. Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бүкіл әлемде.




Өзін-өзі тану сабақ жоспары

Мектеп: №75 гимназия Мерзiмі : 2 .10.18ж. №5 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Өзіңе сен

Құндылық : Дұрыс әрекет

Қасиеттер: шындықты айту, уәдеде тұру, шынайылық, адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық.

Мұғалiм: Сейденова Адиса Сынып: 6 «а,ә,б,в,г»

Сабақтың мақсаты: танымға бастар жол адам өміріндегі дұрыс әрекет құндылығы арқылы жүзеге асатынын түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - өмірдегі өзіңді өзің тану адамдарға риясыз қызмет етуден басталатынын үйрету;

Дамытушылық: - шынайылықтың белгісі шындықты айта білуге баулу;

Тәрбиелік: - уәдеде тұруға, жанашырлық танытуға тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi. «Орманға ойша саяхат»

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Жобаны жазып келу, төмендегі сұрақтарды басшылыққа аламыз.

  • Менің қандай қабілеттерім бар?

  • Мен мүмкіндіктерімді пайдалана аламын ба?

  • Мен не істегенді ұнатамын?

Ресурс:

үн таспа,

3.Дәйексөз

Өзіне-өзі сенген адам, қиындықты да,

уақытты да жеңе алады Ілияс Есенберлин

  • Өзіне–өзі сену дегенді қалай түсінесің?

  • Ондай адамның бойында қандай қасиеттер болады?

  • Самоуверенный деген кім?




4. Әңгiмелеу

Адамның рухани кемелденуі

  • Ник Вуйчич өмір сүруге күшті қайдан алды?(отбасына деген сүйіспеншіліктен)

  • Никтің ерік-күші, шексіз мүмкіндігі қалай көрінді?Сүйіспеншілік құндылығы оның қандай қасиеттері арқылы байқалады?

  • Адамдар Никті тыңдағанда неден шабыттанады?

  • Никтің бақыты неде? (сүйе алуында)

  • Никтің тағдырымен таныса отырып, өзің өмірлік қандай ой түйдің?

  • Сенің айналаңда осындай ерік-жігері мықты адамдар бар ма? Сен оларды неліктен үлгі тұтасың? Мысал келтір.

  • Өзің өмірлік ұраның ретінде қандай сөздерді таңдар едің?




5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Төмендегі ой-тұжырымдарды оқып, дұрыс жауабын таңдап алып, дәлелде. ( 25-бет)

«Сенбе жұртқа тұрса дағы қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтан.» Абай.

2-тапсырма: «Ойға алғанның бәрін адамның ынта-жігерімен жүзеге асыруға болады» деген халық даналығын талдау:

- көзқарас



  • себеп

  • мысал

  • қорынтылау

3-тапсырма: Сахналау: «Жақсы көрем» Бейбіт Қойшыбаев

4-тапсырма: Сөзтізбекті шешу, Есенберлиннің қанатты сөзі шығады:




с

е

н

і

м

-




қ

ұ

д

і

р

е

т

т

і




к

ү

ш














































6.Топпен ән айту. Жақсы адамдар Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.






7.Үй тапсырмасы

Келесі сабақ: 1. «Ертеңіме сенемін» Иранбек Оразбаев жаттап келу. 2. Рухани кемелденген, өмірі мәнді деп ойлайтын адамдар (ата-анаң, ұстазың, досың, белгілі адамдар) жайлы альбом, слайд, шағын кітапша әзірлеу.






8.Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде. Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.






Өзін-өзі тану сабақ жоспары

Мектеп:№75 гимназия Күні 9.10.18ж6 сабақ Сабақ тақырыбы: Өзіне сенім Құндылық : Қиянат жасамау Қасиеттер: әрқашан көмектесу, ешкімді ренжітпеу, жан-жануарларға қамқорлық жасау.

Мұғалім : Сейденова Адиса Сынып: 6 «а,ә,б.в,г»

Сабақтың мақсаты: қиянат жасамау адам өміріндегі маңызды іс екендігі жөнінде түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.

Міндеттері:

Білімділік: - айналаңа, жан-жануарларға қамқор болу туралы білімдерін кеңейту;

Дамытушыылық: - әрқашан көмектесуге дайын болуға ықпал ету;

Тәрбиелік: - мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi. Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену»

Ресурстар үн таспа,

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Ертеңіме сенемін Иранбек Оразбаев

Өмірімнің мәні – өлеңім Еркемін мен ойлар ертеңін

Жайқалған нұр жасыл желегім Мәңгіліктің жырын өркеп ем

Мен өміріме, өлеңіме Мен жырларыма, нұр бағыма

Сенемін, сенем... Сенемін, сенем...

Жайқалған нұр жасыл желегім Өрлесін деп жаяр өркенім,

Ертеңім деп табар қорегім. Өмірімнің күйін шертемін

Мен өміріме, өлеңіме Ертеңім – менің ертегім

Сенемін, сенем... Ертеңіме сенемін...





  1. Дәйексөз.

«Ерліктің шарты – өзіңе сенім» халық даналығы





  1. Әңгiмелеу

Дара дарын Медеу Сәрсеке

  • Кейбір тарихи тұлғалардың ғасырлар бойы халық санасында ұмытылмауы неде?

  • Қаныш Сәтпаевті халық ілтипатпен еске алады, қандай қасиеті бойынша?

  • Қаныш Сәтпаевтің бойында қандай жалпыадамзаттық құнды- лықты байқадыңдар? Оны «сегіз қырлы, бір сырлы» деп айтуға болама?







  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1 атапсырма:

Үйге тапсырылған 2) – тапсырмаларын - Рухани кемелденген, өмірі мәнді деп ойлайтын адамдар (ата-анаң, ұстазың, досың, белгілі адамдар) жайлы альбом, слайд, шағын кітапша әзірлеу, қорғайды.....


Қорытынды: ...Ей ,перзентім, қай кезде де болмасын, жақсылық істеуді жадың- нан шығарма. Жақсылықты жалпы халыққа жаса, жамандықтан аулақ бол, керісінше сөйлеме, теріс ой ойлама. Бидайды көрсетіп арпа сатпа. Әр істе әділетті бол. Әділ жанға бидің де, қазының да қажеті жоқ.




  1. Топпен ән айту.

Жақсы адамдар Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.





  1. Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: 38 беттегі «Мейірім» Ұшқын Жамалбектің өлең жолдарын жаттап келу.




8.Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге

Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бар жерде. Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бүкіл әлемде.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет