Сабақтың мақсаты: Өмір шындықтан қаланғанда ғана нағыз өмір екндігін түсіндіру



бет7/11
Дата27.11.2019
өлшемі187,3 Kb.
#52446
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1-34саб 6-сынып-1


Өзін-өзі тану сабақ жоспары

Мектеп №75 мектеп гимназиясы Күні .01.19ж № -19 сабақ Тақырып: Сыныптағы достық Құндылық : Дұрыс әрекет Қасиеттер: әдепті болу, өсек айтпау, басқалар туралы жамандық ойламау, қоғамға риясыз қызмет ету.

Мұғалім : Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып: 6 «а,ә,б.в,г»

Сабақтың мақсаты: Қоғамда көпшіл, кеңпейілділік таныта отырып дұрыс әрекет құндылығын жүзеге асыру керектігін түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік:- қоғамға риясыз қызмет етуге үйрету;

Дамытушылық:-басқалар туралы жамандық ойламауға ықпалету

Тәрбиелік: - әдепті болуға, өсек айтпауға тәрбиелеу.

Ресурстар: дәйексөз,

стикер қағазы



Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

(5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп,Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру.

Жағымды көңіл-күйге ену. «Орманға саяхат»



Үй тапсырмасын сұрау.

Достар құшағында Сағи Жиенбаев Қасымда бүгін достарым менің,

Құшағым толы қырмызы гүлдер.

Толқиды жаным аспаным кеңіп

Арайлы таңдар, қызықты күндер.

Кел, жан достарым, Келеді көктем, келеді жаздар

Мен бір ән бастадым. Қырларға балғын гүлдерін алып

Шырқайық желпіндіріп Тұрады сәуле көңілде маздап

-Тау асқарын. Жатса да зулап күндерім ағып.

Аспаным нұрын төгеді көктен

Күтеді қызық таңдарым алда

Құшағы жалын, көңілі көктем –

Өздерің барда, арманым бар ма?!

Хрусталь- ный грусть



Дәйексөз

Айнымас досы бар адам – ең бақытты адам.

  • Айнымас дос деген қандай болады?

  • Өзіңді айнымас доспын деп айта аласың ба?

  • Айнымас досың болған дұрыс па, айнымас дос болған дұрыс па?

(Адал достықты біреуден күтпе, адал дос өзің бола біл)




Әңгімелеу

Аптаның ақырғы күндері Қуаныш Жиенбайұлы

  • «Дос», «достық» туралы ойларыңды ортаға салыңдар.

  • Достар арасындағы ізгі қарым-қатынасқа кедергі келтірмеу үшін не істеуіміз керек?

  • Досқа адал, қамқор болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы тиіс деп ойлайсыздар?

  • Достар арасындағы сенім мен құрмет қайткенде тереңдей түседі? Ол үшін не істекіміз керек?

  • «Досы көппен - сыйлас, досы жоқпен – сырлас» деген сөзді қалай түсінесің? Әңгімелеп бер.

Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Мақалдарды оқып, «дос», «достық» туралы эссе жазыңдар.

  • Досыңменен дос болғанға шаттан,

Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.

  • Досың мың болса да – аз,

Дұшпаның біреу болса да – көп.

  • Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық.

  • Асы көптің тәні семіреді,

Досы көптің жаны семіреді.

  • Жақсы дос ашып айтар,

Жаман дос қосып айтар.

2-тапсырма: Достыққа жүрмін құмартып. Досымды сыйла, қымбаттым! Достарың көп пе? Досыңа сонда, Апырау неткен жақсы едің? Досыммен ғана қымбатпын. Досым аз менің... Дос болам десен, Досым-ау менің, тапшы емін? Мендегі доспен достасқын, Достарыңменен достастыр мені, асылым, Сендегі доспен Достастыр мені? Дос болып сонда тұрмақпын. Болайын құлың нақ сенің!

Достыққа жүрмін, Достыққа жүрмін құмартып құмартып!  

Өлгелі жүрмін, Өзіме-өзім мін артып...

Жауыздың барып, Жанына уәзір болғаннан,  

Достардың барып, Ауласында өлген мың артық. Мұқағали Мақатаев
3-тапсырма: Айтқали Нәріковтің «Достық туралы» өлеңіндегі ойды талқылаймыз.

Достар!Достар!Мен сендерге қостым үн, Болсын аулақ тоттану мен мұңдану

Сендер барда жоқ қой менің еш мұңым. Одан да біз достық жырын тыңдалық.

Достық болып оралады өзіме Жүрегіміз ақ таңменен апталсын

Өздеріңе жасап жүрген достығым Қалсын шетте қап-қара боп түн налып

Болса дағы қазан басқа от басқа Достық деген өлшенбейді безбенмен

Жарасады жүрісіміз топтасқан Қасиетін ұға алмайды кез келген

Бәріміздің мұңаяды жүзіміз Достық деген Қыз Жібектей ару ғой

Біріміздің көңіліміз «тоттанса» Төлегенге семсер ұстап, сөз берген!





Топпен ән айту

Жан досым Т.Молдағалиев

Iздегенде табылатын қасыңнан,


Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.
Көрiспесек қызғаныштан жүдейтiн,
Кiм бар екен бала күнгi досыңнан!
Қ-сы: Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымызда бiтпесiн,
Жырымызда бiтпесiн, жырымызда бiтпесiн!
Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,
Қатар жүріп сырымызды санаштық.
Жол тапсақ та бiрге жүрiп жол таптық,
Адассақта бiрге жүрiп адастық.
Өмiр өзi арқамызға жүк салып,
Бәрiмiздi қияларға жұмсады.
Қатар ұшқан құска ұқсадык әлде бiз,
Қатар жанған қос жұлдызға ұқсадық.




Үйге тапсырма

Келесі сабақ: «Менің сыныбым» тақырыбында эссе жазып келу.






Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып, барлығымыз бірге



Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде





Өзін өзі тану сабақ жоспары

Мектеп №75 мектеп гимназиясы Күні: .01.19 ж 20 сабақ Тақырып: Сыныптағы достық Құндылық : Қиянат жасамау Қасиеттер: толеранттылық (кеңпейілділік); ақжарқындылық, татулық.

Мұғалім : Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып: 6 «а,ә,б.в,г»

Сабақтың мақсаты: қоғамдық ортада қиянат жасамай, зиянын тигізбей адами келбетті сақтау керектігін түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: - толеранттылық әрбір адамның ұстанымы екендігін үйрету;

Дамытушылық: - ортада ақжарқындылық танытуға баулу;

Тәрбиелік: - татулықты сақтауға тәрбиелеу.

Ресурстардәйексөз,

стикер қағазы.



1.Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: (5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп, Тыныш- тық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру.

Жағымды көңіл-күйге ену. «Орманға саяхат»



2.Үй тапсырмасын сұрау.

«Менің сыныбым» тақырыбында жазылған эсселерін оқиды.

Хрустальный грусть




3.Дәйексөз

«Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады»

  • Дос болса неге жылатып айтады?

  • Дұшпанның күлдіруін қалай түсінесің?

  • Сен досыңа адалсың ба?

  • Досыңды ренжіткен кездерің болды ма? Неге?



4.Әңгімелесу Қалихан Ысқақ

Қоңыр күз еді

  • Мәтіндегі « сен өзіңді басқамен салыстырма. Кімнің қандай білігі бар, ол маған бес саусақтай белгілі» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Ұстаз оқушы бойынан қандай қасиетті көре білді деп ойлайсыңдар?

  • Қазақтың Чеховы деп кімді, қай жазушыны айтып тұрғанын білесіңдер ме?

  • Адам қандай қасиеттері арқылы рухани-адамгершілік биігіне көтеріліп, кемелдікке жете алады?Неліктен?

  • Сыныптарыңда ұстаз бен оқушы арасында осыған ұқсас оқиға болды ма? Әңгімелеп бер.


5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Сыныптастарыңның, достарыңның алдындағы жауапкершіліктерің жайлы жазып, пікірлеріңді ортаға салыңдар.

2-тапсырма: Жанбай Өзденбаевтің «Дос» өлеңін оқып, достық туралы ойларыңды бөлісіңдер. - Сыныптағы ұлдар мен қыздардың арасындағы достық қарым-қатынас туралы айтып беріңдер. Сауалнама жүргізіп, қорытынды- сын шығарыңдар. Тұрғанымда қысылып Сынға түскен кездерде Медет берген достарым Сырын бермес достарым Өз қайғысын ысырып Қамыққанын өзгеге Көмек берген достарым. Біліндірмес достарым.

Замандастың жеңісін Жырға сені қосумен Көре білген достарым Өтсем деймін досым-ау Қолындағы жемісін Сыйлас болып досыммен Бөле жеген достарым. Өмірімде осынау.



  • Досың бар ма?

  • Досыңа ойланбастан көмек бере аласың ба?

  • Сенің жеңісіңе досың қуанышын білдірмеді, сенің әрекетің?

  • Досыңның басына бір ауыртпалық түсті, сенің әрекетің?..т.б.

3-тапсырма: Төмендегі қанатты сөздерге ойыңды айтып бер.

  • «Дос емес дос сыртынан жамандаған» Міржақып Дулатов

  • «Дос адам маңайыңды жұмақ етер» Махмуд Қашқари

  • «Көңіліңе қарай – дос таңда, күшіңе қарай – жүк таңда»

Жүсіп Баласағұни
4-тапсырма: Буриме әдісі төмендегі сөздерге ұйқастырып өлең жолдарын жазу

жала ........ құлатады сатқындық ........ жылатады көз жасыңды төгіп ..... еңіреген кезде адал дос ........ жұбатады

кел достым ........... күлейік,

қол ұстасып .......... жүрейік.

сен жамансың ......... демейік,

достығымыз мәңгілік деп ..... білейік.

сыныпқа ....... келдім,
досымды ....... көрдім,
деді ол, ....... маған қайырлы ....... таң, аяулы ...... жан.





6.Топпен ән айту Жан-досым Т.Молдағалиев Iздегенде табылатын қасыңнан,
Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.
Көрiспесек қызғаныштан жүдейтiн,
Кiм бар екен бала күнгi досыңнан!
Қ-сы: Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымызда бiтпесiн,
Жырымызда бiтпесiн, жырымызда бiтпесiн!
Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,
Қатар жүріп сырымызды санаштық.
Жол тапсақ та бiрге жүрiп жол таптық,
Адассақта бiрге жүрiп адастық.
Өмiр өзi арқамызға жүк салып,
Бәрiмiздi қияларға жұмсады.
Қатар ұшқан құска ұқсадык әлде бiз,
Қатар жанған қос жұлдызға ұқсадық.




7.Үйге тапсырма:

Келесі сабақ: «Қоршаған ортаға қызмет етемін» тақырыбында жоба жоспарын жасап келу.






8.Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге

Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бар жерде. Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бүкіл әлемде.






Мектеп №75 мектеп гимназиясы Күні .02.19 ж21-сабақ Тақырып: Мен және қоршаған әлем Құндылық : Дұрыс әрекет. Қасиеттер: әдепті болу, зиянды әдеттерден аулақ болу, өз-өзіне сенімді болу.

Мұғалім : Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып: 6 «а,ә,б.в,г»

Сабақтың мақсаты: Қоршаған ортамен қарым-қатынаста үнемі дұрыс әрекет жасауға ұмтылу керектігін түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: - Қоршаған ортамен адами қарым-қатынаста әдептілікті сақтауға шақыру;

Дамытушылық: - өзіне сенімді бола тұрып басқалардың сенімінен шығып қалмауға ықпал жасау;

Тәрбиелік: - зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Ресурстардәйексөз,

стикер қағазы.



Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: (5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп, Тыныш- тық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру.

Жағымды көңіл-күйге ену. «Су асты патшалығына саяхат»



Үй тапсырмасын сұрау.

«Қоршаған ортаға қызмет етемін» тақырыбындағы жоба жоспарын түзіп, оқу.

Хрустальный грусть




Дәйексөз Қадыр Мырза Әли

«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

Табиғаттың оны айтарға тілі жоқ»

  • Табиғатсыз адам баласы тіршілік ете алады ма?

  • Табиғаттың орнына өзіңді қойып көр, адамзатқа бірінші нені ескертер едің?

  • Табиғаттың тілі деп нені түсінесің?

  • Табиғат айта алады ма?



Әңгімелесу

Жайын ілерде Хамза Есенжанов

  • Атасы немересінің балыққа баруына не себепті қарсы болды деп ойлайсыңдар?

  • Мәтінде қысқы табиғат көрінісі қалай суреттелген? Өзің тұратын жердің табиғаты қандай?

  • Айнала қоршаған ортаны қорғап, сақтап қалуда қандай жалпыадамзаттық құндылықтар көрініс береді?

  • Табиғатқа риясыз қызмет ету үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек? Мысалыңды дәлелмен келтіріп айт.


Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Бізді қоршаған орта мәтінін оқып, адам мен табиғаттың байланысын және барлығына ортақ дүниені тап.

Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар – осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.

Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанар- таудың атқылауы, найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.

Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайқалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы – осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.

Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады. Табиғат құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты.


  • Табиғат құбылыстарындағы өзгерістердің себебін түсіндіріп беріңдер?

  • Табиғатты қорғаудың қандай тиімді жолдарын білесіңдер?

2-тапсырма: «Қоршаған әлем және адамзат баласы» тақы- рыбында сауалнама жүргізіңдер? Нәтижесінде, табиғат пен бүкіл тіршілік иесінің тығыз қарым-қатынасы мен өзара үйлесімі туралы қорытынды жазу.
3-тапсырма: Әбілхан Қастеевтің «Қазақстан таулары» атты суретін қарап, табиғат пен жан-жануарлар арасындағы үйлесімділікті әңгімелеп беріңдер, 88-беттегі.




Топпен ән айту

Үшқоңыр

Үшқоңыр Алатаудың қойнауында Ай, Үшқоңырым, туған жерім,

Әкемнің ізі қалған жайлауында. Рахым нұры тұнған жерім.

Қасқасу гүр-гүр тасып, гүлі еркелеп, Ай, Үшқоңырым, тал бесігім,

Арқарың жайылатын аймағында. Жүрегімде мәңгі есімің.
Бұл жерде тарих сырдың сыбдыры бар,

Бабалар тұлпарының дүбірі бар.

Бұл жерде Жамбыл-«Жәкең» өлең айтқан,

Өнердің, ақындықтың тұғыры бар.

Шыңдарың Төле бидің қалпағындай,

Жазира жасыл әлем алқабыңды-ай.

Жуасы, қарақаты, бүлдіргені,

Әкемнің шекер қосқан талқанындай.

Көрінер сонадайдан анық маған,

Шыңында қырандары қалықтаған.

Самғаған қыранына құмар қылып,

Өсірген ұландарын алып далам.






Үйге тапсырма:

Келесі сабақ: «Табиғаттың адамзат өміріндегі орны мен рөлі» туралы айналадағы адамдармен сауалнама жүргізу және зерттеу жұмысының қорытындысын жазып келу.






Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде. Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет