Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Қозғалыс материяның ажырамас қасиеті»



бет4/6
Дата24.07.2017
өлшемі0,8 Mb.
#21916
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Сабақтың тақырыбы: Күш
Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға «Күш.» тақырыбын түсіндіру, саналарына бекіту.

  2. Оқушыларды белсенділігін арттыру өзіне-өзі баға беруге, алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға үйрету, дәлдікке, ұқыптылыққа ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

  3. Оқушылардың теориялық практикалық сауаттылықтарын арттыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өз ойын жүйелеуге, ұқсастықты, қарама-қайшылықты байқауға дағдыландыру.


Сабақтың типі: дәстүрлі тип;
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен, жекелей жұмыс жасау,

көрнекі құралмен жұмыс жасау;


Сабақтың түрі: теория-практика сабақ;
Дидактикалық материал: А.П.Рымкеевич «Физика есептер жинағы»
Пән аралық байланыс: геометрия;
Көрнекі құрал: сызығыш, бейне суреттер плакатта сызылған сызбалар,

графиктер;


Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі;

Амандасу. Келмеген оқушылар тізімін журналға белгілеу.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Ньютонның бірініші заңы.»

тақырыбын сұрау


ІІІ. Жаңа сабақ: Сабақтың мақсатымен таныстыру; Жоспар бойынша сабақты түсіндіру;

а) Ауырлық күші (Fа=mg, мұндағы m-дененің массасы, g-еркін түсу үдеуі, оның модулі шамамен 9,8м\с2-қа тең деп денелердің Жерге тартылу күшін айтады. Денелердің ауырлық күшінің әрекетінен ғана қозғалуын еркін түсу деп атайды.

Серпімділік күші деп дененің пішіні менг көлемі өзгерген кезде пайда болатын күшті айтады.

Үйкеліс күші деп денелер тікелей жанасқанда пайда болатын күшті айтады және ол күш әрдайым жанасу бетінің бойымен қозғалыс бағытына қарама-қарсы жаққа қарай бағытталады.

Тіректің реакция күші деп тіректің денеге әрекет ететін серімділік күшін айтады.Үйкеліс күшінің модулі тіректің реакция күшіне тура пропорционал: мұндағы - үйкеліс коэффиценті деп аталатын пропорционалдық коэффицент.

Күш денеің басқа денелер тарапынан болатын әркеттің нәтижесінде үдеу алатынын сипаттайтын және осы әркеттің өлшемі болып табылатын физикалық шаманы айтады.

Теңәркетті күш деп денеге бір мезгілде әркет ететін бірнеше күштің әркеттіндей әркет жасайтын күшті айтады.


Оқушылармен жұмыс жасау: 9-жаттығу №1,2 есепті шығару.
ІҮ.Қорытынды: 1.Күш нені сипаттайды?

2.Күш неліктен векторлық шама болып саналады?

3.Денеге түсірілген күш үдеу туғызатынын көрсететін тәжірибені сипаттаңдар?

4.Күш пен үдеудің арасында қандай байланыс бар?



Ү. Үйге тапсырма: §11 оқып түсініктерін айтып беру.
ҮІ. Бағалау: Үй тапсырмасын айтқан оқушыларды және белсене қатысқан

оқушыларды бағалау.



Сабақтың тақырыбы: Ньютонның екінші заңы. Масса.
Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға «Ньютонның екінші заңы. Масса.» тақырыбын түсіндіру, саналарына бекіту. Ньютонның заңдары туралы мағұлматтарды тереңдету, есте қалдыру, жете меңгерту;

  2. Оқушыларды белсенділігін арттыру өзіне-өзі баға беруге, алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға үйрету, дәлдікке, ұқыптылыққа ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

  3. Оқушылардың теориялық практикалық сауаттылықтарын арттыру, ғылыми ойлауын, дүниетанымын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өз ойын жүйелеуге, ұқсастықты, қарама-қайшылықты байқауға дағдыландыру. Сабақты түсіндіру арқылы пәнге деген қызығушылықтарын ояту.

Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ;

Сабақтың әдісі: «Сыни тұрғыдан ойлау» стратегиялары, сұрақ-жауап, топпен, жекелей жұмыс жасау, дөңгелек үстел, ассоциация әдісі (топтастыру әдісі, «Ой толғау» әдісі және «еркін жазу» стратегиясы, көрнекі құралмен жұмыс жасау;

Дидактикалық материал: А.П.Рымкеевич «Физика есептер жинағы»

Сабақтың көрнекілігі: Сабақ жоспары, физик-ғалым суреті, сызба-нұсқалар, кестелер, бейне суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі;

Амандасу. Келмеген оқушылар тізімін журналға белгілеу. «Сыни тұрғысынан ойлау» технологиясы бойынша сабақ жоспары үш кезең негізінде жүзеге асырылады.



ІІ. Қызығушылықты ояту. Үй тапсырмасын сұрау: Сабақтың бұл кезеңінде ассоциация (топтастыру) әдісі негізінде «Күш» тақырыбы бойынша ассоциациялық картаға өз ойларын түсіру тапсырылады. Оқушылар бұл кезеңде шығармашылық жұмыспен айналысады. Зерттеу тақырыптары күштердің түрлері бойынша өз ойларын: а) жекелей; б) жұптық, в) топтық шаралар арқылы жеткізе білулері шарт. Әр оқушыға жеке-жеке қағаз таратылады. Бұл әдіс бойынша сыныптағы барлық оқушы өз ойларын мүмкіндіктеріне қарап қағаз бетіне түсіріп, тақтаға шығып топтастырады.


Ауырлық күші





Серпімділік күші





Үкеліс күші




Күш




Тіректің реакция күші


Теңәрекетті күш



ІІІ. Жаңа сабақ: Сабақтың мақсатымен таныстыру; Жоспар бойынша сабақты түсіндіру;

а) Денеің өзінің алатын үдеуіне ықпал етеін қасиетін инерттілік деп атайды. Инерттілік сандық сипаттамасы ретінде масса физикалық шамасы қолданылады.

Дененің массасы – оның инерттілгінің , яғни күштің әркетінен белгілі бір үдеу алу қабілетінің сипаттамасы болып табылады.

Денелер жүйесінің массасы (мысалы, азық-түлік салынған себеттің массасы) оны құрайтын денелердің массаларының қосындысына тең болады, яғни m=m1+m2+....+ mп. Ондай шамалар аддитивті (латынша additivios – қосу жолымен алынған) деп аталады.

ә) Ньютонның екінші заңы төмендегіше тұжырымдалады:

денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал оның массасына кері пропорционал:



Ньютонның екінші заңының формуласын



Егер денеге бірнеше күш әркет ететін болса, онда теңәркетті күшті іздеуіміз керек. Күш векторлық шама болып табылатындықтан, жалпы түрде:



Аламыз, мұндағы -тең әркетті күш. Бұл теңдеу динамиканың негізгі теңдеуі деп аталады.


Оқушылармен жұмыс жасау: 10-жаттығу №1,2,3 есепті шығарту
ІҮ.Қорытынды: 1. Денелердің инерттілік қасиетінің мәні неде?

2. Дененің екінші массасы дегеніміз не? Ол қандай шамаға жатады – векторлық па әлде скалярлық па?

3. Ньютонның екінші қалай тұжырымдалады?

4. Әртүрлі денелердің инерттілігі бірдей ме?

5. Бірнеше күш әркет еткендегі дененің үдеуін қалай табуға болады?

Ү. Үйге тапсырма: §12 оқып түсініктерін айтып беру.
ҮІ. Бағалау: Үй тапсырмасын айтқан оқушыларды және белсене қатысқан

оқушыларды бағалау.












9-сынып. 13-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ньютонның үшінші заңы.
Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға «Ньютонның үшінші заңы» тақырыбын түсіндіру, саналарына бекіту.

  2. Оқушыларды белсенділігін арттыру өзіне-өзі баға беруге, алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға үйрету, дәлдікке, ұқыптылыққа ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

  3. Оқушылардың теориялық практикалық сауаттылықтарын арттыру, ғылыми ойлауын, дүниетанымын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өз ойын жүйелеуге, ұқсастықты, қарама-қайшылықты байқауға дағдыландыру. Сабақты түсіндіру арқылы пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.


Сабақтың типі: дәстүрлі тип;
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен, жекелей жұмыс жасау,

көрнекі құралмен жұмыс жасау;


Сабақтың түрі: теория-практика сабақ;
Дидактикалық материал: А.П.Рымкеевич «Физика есептер жинағы»
Қосымша материал: Салыстырмалылық принципі.
Көрнекі құрал: сызығыш, бейне суреттер плакатта сызылған сызбалар,

графиктер;


Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі;

Амандасу. Келмеген оқушылар тізімін журналға белгілеу.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Ньютонның екінші заңы. Масса» тақырыбын

сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ: Сабақтың мақсатымен таныстыру; Жоспар бойынша сабақты түсіндіру;



а) Ньютонның үшінші заңы былайша тұжырымдалады:

Әркет етуші күшке әрқашан тең қарсы әрекет етуші күш бар болады. Басқаша айтқанда, денелердің бір-біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары қарама-қарсы:

F1=-F2

Әркет және қарсы әркет күштері әр түрлі денелерге түсіріледі. Сондықтан олар ешқашан теңеспейді және оларды теңәркетті күшпен алмастыруға немесе қосуға болмайды.



ә) Салыстырмалылық принципі.

Галилейдің салыстырмалылық принципіне сәйкес барлық инерциялық санақ жүйесіндегі механикалық құбылыстар бірдей жүреді. Басқаша айтқанда, барлық инерциялық санақ жүйелері бірдей құқылы.

Салыстырмалылық принципі барлық инерциялық санақ жүйелерінде механикалық құбылыстардың бірдей жүріп жататынын тұжырымдайды, бірақ бұдан бұл жүйелердегі барлық механикалық шамалар тең болады. Алайда, бұл инерциялық санақ жүйелеріндегі қозғалыс заңдары өзгермейді.
Оқушылармен жұмыс жасау: 11-жаттығу №1,2,3 есепті шығарту
ІҮ.Қорытынды: 1. Денелердің өзара әркеттесуі кезінде туындайтын

күштердің табиғаты туралы не айтуға болады?

2. Екі дененің өзара әркеттесуі кезінде пайда болатын күштер бірін-бірі теңгере ала ма?

3. Ньютонның үшінші заңы қалай тұжырымдалады?

4.Галилейдің салыстырмалылық принципінің мәнісі неде?

5.Инерциялық санақ жүйелерінің теңқұқықтығы қалай байқалады?



Ү. Үйге тапсырма: §13-14 оқып түсініктерін айтып беру.
ҮІ. Бағалау: Үй тапсырмасын айтқан оқушыларды және белсене қатысқан

оқушыларды бағалау.

9-сынып. 14-сабақ













Сабақтың тақырыбы: Бүкіләлемдік тартылыс заңы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Бүкіләлемдік тартылыс заңы» тақырыбын

түсіндіру, саналарына бекіту.



  1. Оқушыларды белсенділігін арттыру өзіне-өзі баға беруге, алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға үйрету, дәлдікке, ұқыптылыққа ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

  2. Оқушылардың теориялық практикалық сауаттылықтарын арттыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өз ойын жүйелеуге, ұқсастықты, қарама-қайшылықты байқауға дағдыландыру.


Сабақтың типі: дәстүрлі тип;
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен, жекелей жұмыс жасау,

көрнекі құралмен жұмыс жасау;


Сабақтың түрі: теория-практика сабақ;
Дидактикалық материал: А.П.Рымкеевич «Физика есептер жинағы»
Көрнекі құрал: сызығыш, бейне суреттер плакатта сызылған сызбалар,

графиктер;


Пәнаралық байланыс: астрономия
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі;

Амандасу. Келмеген оқушылар тізімін журналға белгілеу.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Ньютон үшінші заңы» тақырыбын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ: Сабақтың мақсатымен таныстыру; Жоспар бойынша сабақты түсіндіру;

а) Бүкіләлемдік тартылыс заңы.

Ньютон көптеген жылдар бойы планеталардың Күн айналасындағы, Айдың Жер айналасындағы қозғалысын зерттей отырып, әрі өзінің тағайындаған динамика заңдарын пайдаланып, бүкіләлемдік тартылыс заңын ұсынды, бұл заң былайша тұжырымдалады:



Кез келген екі дене бір-біріне массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал және арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал күшпен тартылады:



- гравитациялық тұрақты, оның мәні Жерде де, ғарышта да бірдей.

- денелердің массасы.

-олардың арақашықтығы.

Ол сандық мәні жағынан бір-бірінен 1м қашықтықта орналасқан, әрқайсысының массасы 1кг болатын екі дененің тартылыс күшіне тең.

Гравитациялық тұрақтының сан мәнін лабораториялық жағдайда бірінші рет 1798 ж. Ағылшын ғалымы Генри Кавендиш сезгіштігі аса жоғары бұралатын таразылардың көмегімен анықталған болатын.



Гравитациялық тұрақтының сан мәні анықталған:




ә) Бүкіләлемдік тартылыс заңынан барлық денелердің бір-біріне тартылатыны анықталды. Ал тартылыс күші дененің масасымен анықталатындықтан, масса тартылыс өлшемі болып табылады.

Масса бір мезгілде денелердің әрі инерттік,әрі гравитациялық қасиеттерінің сандық сипаттамасы болып табылады.


Каталог: uploads -> doc -> 0143
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0143 -> Сабақ жоспары 1 «А» сынып Тақырыбы: Colours (Түстер) Мақсаты: Білімділігі: Ағылшын тілінде түстерді атап беруге үйрену, ажырату, қазақ тілімен салыстыру
0143 -> Сабақ Пәні: қазақ тілі Тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау Сынып: 2 Өткізген: Нурпеисова Жибек Сакеновна Еңбек өтілі: 19 жыл Санаты: 2 Білімі: жоғары Рудный қаласы 2016 жыл
0143 -> Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
0143 -> Сабақтың тақырыбы : «Шоқан ғалым, этнограф, жазушы, саяхатшы, суретші» Сабақ эпиграфы : «Шоқанның ұлылығы соншама, біз оны енді ғана толық түсіне бастағандаймыз»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет