Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Қозғалыс материяның ажырамас қасиеті»



бет5/6
Дата24.07.2017
өлшемі0,8 Mb.
#21916
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Оқушылармен жұмыс жасау: Кітаптағы 12-жаттығуды №1,2,3 есептерді шығару.
ІҮ.Қорытынды: 1. Бүкіләлемдік тартылыс деп нені айтамыз?

2.Қандай күштерді гравитациялық деп атайды?



  1. Бүкіләлемдік тартылыс заңын қандай жағдайда қолдануға болады?

  2. Г.Кавендиш гравитациялық тұрақтыны қалай анықтады?

  3. Бүкіләлемдік тартылыс заңын қандай жағдайда қолдануға болады?



Ү. Үйге тапсырма: §15- оқып түсініктерін айтып беру.

12-жаттығудағы №4,5 есептерді шығарып келу.


ҮІ. Бағалау: Үй тапсырмасын айтқан оқушыларды және белсене қатысқан

оқушыларды бағалау.


9-сынып. 19-сабақ




16

11

2011ж.



Сабақтың тақырыбы: Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға «Дене импульсі. Импульстің сақталу

заңы» тақырыбын түсіндіру, саналарына бекіту.



  1. Оқушыларды белсенділігін арттыру өзіне-өзі баға беруге, алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға үйрету, дәлдікке, ұқыптылыққа ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

  2. Оқушылардың теориялық практикалық сауаттылықтарын арттыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өз ойын жүйелеуге, ұқсастықты, қарама-қайшылықты байқауға дағдыландыру.


Сабақтың типі: дәстүрлі тип;
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен, жекелей жұмыс жасау,

көрнекі құралмен жұмыс жасау;


Сабақтың түрі: теория-практика сабақ;
Дидактикалық материал: А.П.Рымкеевич «Физика есептер жинағы»

Б.А.Кронгарт «Физика және астрономия» есептер жинағы


Көрнекі құрал: сызығыш, бейне суреттер плакатта сызылған сызбалар,

графиктер;


Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі;

Амандасу. Келмеген оқушылар тізімін журналға белгілеу.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: ІІ-тараудың түйінді мәселелерін сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ: Сабақтың мақсатымен таныстыру; Жоспар бойынша сабақты түсіндіру;

а) Дене импульсі.

Қозғалыстағы денені оның массасына да,жылдамдығына да байланысты болатын қандай да бір шамамен сипаттауға болады. Мұндай физикалық шама-дене импульсі (грек.impulsus-соққы дегенді білдіреді) немесе қозғалыс мөлшері деп аталады.

Дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын физикалық шама дене импульсі деп аталады.

мұндағы жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы m дененің импульсі.

Масса-скалярлық шама, ал жылдамдық векторлық шама болғандықтан, дене импульсі де векторлық шама болып табылады. Дене импульсінің бірлігі секундына килограмм-метр болып табылады.

ә) Күш импульсі.

Күшпен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі күш импульсі деп аталады.

Күш импульсі бағыты күш вектроның бағытымен сәйкес келетін векторлық шама болып табылады. SI жүйесіндегі күш импульсінің бірлігі ньютон-секунд (Hс) болып табылады. Дене импулсінің өзгерісі күш импульсіне тең.



б) Импульстің сақталу заңы

Тұйық жүйе деп сыртқы күштер әрекет етпеген жағдайда жүйеге енетін денелер бір-бірімен ішкі күштер арқылы ғана әрекеттесетін жүйені айтады.




Тұйық жүйедегі өзара әркеттесетін денелер импульстерінің қосындысы өзгермейді.

Бұл –импульстің сақталу заңы деп аталады.



Оқушылармен жұмыс жасау: Кітаптағы 17-жаттығуды №1,2 есептерді шығару. Б.А.Кронгарт «Физика және астрономия» есептер жинағынан есептер шығарту.
ІҮ.Қорытынды: 1.Дене импульсі дегеніміз не?

2.Күш импульсі дегеніміз не?

3.Дене импульсінің өзгеруі қандай шамаға байланысты?


  1. Күш импульсі мен дене импульсінің арасында қандай байланыс бар?

  2. Тұйық жүйе деп қандай жүйені айтамыз?

  3. Импульстің сақталу заңы қалай тұжырымдалады?



Ү. Үйге тапсырма: §19-20- оқып түсініктерін айтып беру.

17-жаттығудағы №3,4 есептерді шығарып келу.


ҮІ. Бағалау: Үй тапсырмасын айтқан оқушыларды және белсене қатысқан

оқушыларды бағалау.

9-сынып. 25-сабақ













Сабақтың тақырыбы: Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға «Еркін және еріксіз тербелістер.Резонанс»

тақырыбын түсіндіру, саналарына бекіту.



  1. Оқушыларды белсенділігін арттыру өзіне-өзі баға беруге, алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға үйрету, дәлдікке, ұқыптылыққа ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

  2. Оқушылардың теориялық практикалық сауаттылықтарын арттыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өз ойын жүйелеуге, ұқсастықты, қарама-қайшылықты байқауға дағдыландыру.


Сабақтың типі: дәстүрлі тип;
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен, жекелей жұмыс жасау,

көрнекі құралмен жұмыс жасау;


Сабақтың түрі: теория-практика сабақ;
Дидактикалық материал: А.П.Рымкеевич «Физика есептер жинағы»

Б.А.Кронгарт «Физика және астрономия» есептер жинағы


Көрнекі құрал: сызығыш, бейне суреттер плакатта сызылған сызбалар,

графиктер;


Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі;

Амандасу. Келмеген оқушылар тізімін журналға белгілеу.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Математикалық тербеліс кезіндегі энергияның түрленуі» тақырыбын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ: Сабақтың мақсатымен таныстыру; Жоспар бойынша сабақты түсіндіру;

а) Тербелмелі қозғалыстағы ф шамасы тербеліс фазасы деп аталады. Косинус немесе синус заңдары бойынша өзгеретін тербелістер гармоникалық тербелістер деп аталады.

Дененің тепе-теңдік қалпынан ауытқуын ығысу деп атайды.

ә) Электромагниттік өріс материяның ерекше түрі, ол арқылы берілген санақ жүйесінде қозғалатын зарядталған бөлшектердің немесе денелердің өзара әрекеті жүзеге асады.

Электр өрісі деп қозғалмайтын және қозғалатын зарядқа әсер ететін электромагниттік өрістің бір бөлігін айтамыз. Берілген санақ жүйесінде қозғалмайтын зарядтардың туғызатын электростатикалық өріс деп аталады.





qc



qc

Берілген нүктедегі өрісті сипаттайтын, әрі F/qc түріндегі қатынаспен анықталатын

физикалық шама өріс кернеулігі деп аталады да Е әріпімен белгіленеді.



qc F/qc қатынасына тең Е өріс кернеулігі де векторлық шама болып табылады:

qc

Кернеулік электр өрісінің күштіксипаты болып саналады.Кернеуліктің бірлігі ретінде Н/Кл алынады.



Каталог: uploads -> doc -> 0143
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0143 -> Сабақ жоспары 1 «А» сынып Тақырыбы: Colours (Түстер) Мақсаты: Білімділігі: Ағылшын тілінде түстерді атап беруге үйрену, ажырату, қазақ тілімен салыстыру
0143 -> Сабақ Пәні: қазақ тілі Тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау Сынып: 2 Өткізген: Нурпеисова Жибек Сакеновна Еңбек өтілі: 19 жыл Санаты: 2 Білімі: жоғары Рудный қаласы 2016 жыл
0143 -> Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
0143 -> Сабақтың тақырыбы : «Шоқан ғалым, этнограф, жазушы, саяхатшы, суретші» Сабақ эпиграфы : «Шоқанның ұлылығы соншама, біз оны енді ғана толық түсіне бастағандаймыз»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет