Сабақтың өту мерзімі: Сабақтың тақырыбы: Қайталау Сабақтың мақсаты



бет9/28
Дата17.06.2018
өлшемі0,78 Mb.
#42644
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

3 мин


Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату:

Түстер арқылы топтарға бөлу


Оқу құралдарын дайындайды.

Өлең оқиды

5 топқа бөлінеді


ІІ. Өткенді қайталау:

Еске түсіру:

12 мин


1. Үй тапсырмасын тексеру: 29-жаттығу (Тиісті есімдікті қойып, мәтінді көшіріп жазу, есімдіктердің қай септікте тұрғанын айту)

2. «Ой қозғау».

Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойып оқу, есімдікті талдау:

... жолшыбай кітап дүкеніне кірдік. Сатушы ... қызықты кітаптарды ұсынды. Ата ... мақтады. Әкем ... домбыра жасауды үйретті.

3. Топтық жұмыс: Мен, сен, ол, біз, сіз сөздерін септеп жазу, олардың септелуінде болған өзгерістерді айту, тұжырым жасау

4. Дәптер ауыстыру, көркем жазу, күнді жазу



1. Жеке жұмыс: қол көтеру арқылы оқиды, тексереді

2. Жаппай жұмыс: қол көтеру арқылы жауап береді

3. Топтық жұмыс: әр топ берілген есімдікті септеп жазады, өзгерісті анықтайды, тұжырым жасайды

4. Дәптер ауыстырады, көркем жазады, күнді жазады



ІІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну:

6 мин



1. Жаңа сабақты хабарлау

2. Оқулықпен жұмыс.

31 - жаттығу. Мәтінді көшіріп жазу, есімдіктердің астын сызу, қай септікте тұрғанын айту:

өзі, оның, оған.




1. Сабақ мақсатын қояды.

2. Жұптық жұмыс: сөйлемдерді көшіріп жазады, есімдіктерді талдайды, қорытынды жасайды



Талдау және қолдану:

6 мин


32-жаттығу. Өлеңді жатқа жазу, есімдіктерді талдау: саған, сені, мен.


Жеке жұмыс: өлеңді көшіріп жазады, тексереді, есімдіктерді талдайды.

Сергіту сәті:

1 мин


Өлең оқу, қимыл-қозғалыс жасау.

Өлең оқиды, қимыл-қозғалыс жасайды

6 мин

33-жаттығу. Кесте бойынша зат есім мен есімдіктің септелуін салыстыру, олардың септелуінде қандай өзгешеліктер бар екенін анықтау,қорытынды жасау:

Топтық жұмыс: зат есім мен есімдіктің септелуін салыстырады, қорытынды жасайды.

І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау:

6 мин


34-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойып, көшіріп жазу, тексеру: біз, оның, менің .

Жеке жұмыс: тиісті есімдікті қойып көшіріп жазады, тексереді, критерийлер бойынша ұпай санын анықтайды

Бағалау:

3 мин


Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері

бағалайды



Рефлексия:

1 мин


1. Бүгінгі сабақта не үйрендің?

2. Қай тапсырма қиынға соқты?

3. Қай тапсырма оңай болды?


Ауызша жауап береді

Үйге: 1 мин

36-жаттығу

Күнделікке жазады

Пәні: қазақ тілі


Сабақтың өту мерзімі:


Сабақтың тақырыбы:

Диктант

Сабақтың мақсаты:

Өткен тақырыптарды игеру және дағды деңгейін тексеру

Оқыту нәтижелері:

Өз бетінше жұмыс жасауға, сауатты жазуға жаттығады, өткен тақырыптарды игеру деңгейін тексереді, білімін саралайды

Негізгі дерек көздер:

Диктанттар жинағы (Ұ.С.Ботабаева, К.Ә.Ерешева), сурет


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

3 мин


Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.



Оқу құралдарын дайындап, зейінін сабаққа аударады.

Жақсы тілектер айтады



ІІ. Жаңа сабақ:

25мин



1. Жаңа сабақты хабарлау

2. Диктант мәтінімен таныстыру, мәтінді оқу, мазмұнын талдау:

Менің қарлығашым

Жазғытұрым біздің босағаға бір қарлығаш ұя салды. Ол ұядан он алты балапан ұшырды. Күзге қарай құстар жылы жаққа кете бастады. Менің қарлығашым да дайындалды. Келесі жылы ол келер ме екен деп ойладым. Кешке қарлығашты ұстап алып, аяғына мықты жіп байладым.

Қыс өтіп, көктем келді. Құстар келе бастады. Олардың ішінде қарлығаштар да болды. Оларды көрген сайын мен қарлығашымды ойладым.

Біздің қораға екі қарлығаш келіп қонды. Біреуі менің қарлығашым екен. Оған қатты қуандым. (71)



1. Сабақтың мақсатын қояды
2. Диктант мәтінін тыңдайды, мазмұнын талдайды


1. Қиын деген сөздерді тақтаға жазу: жазғытұрым, сайын.

2. Диктантты жаздыру (бір сөйлемнен оқу, сөз тіркестерін оқу, барлық оқушының жазып отырғанын қадағалау)

3. Тапсырма: есімдіктерді тауып, астын сызу


Жеке жұмыс: диктантты жазады, тапсырманы орындайды

ІІІ. Сабақты қорыту:

10 мин


Қатені тексеру:

1) Диктант мәтінін оқып, қателерін тексерту.

2) Өз бетінше қатесін тексерту.


Жеке жұмыс: мәтінді тыңдай-ды, қателерін тексереді, өз бетінше қатесін тексереді, жұмысты жинайды

І\/. Бағалау:

3 мин


Бағалау

Өзін –өзі бағалайды

І\/. Рефлексия

3 мин


1. Тексеру қорытындысынан нені күтесің?

2. Қандай нәтижеге жеттім деп ойлайсың?

3. Неліктен?


Ауызша жауап береді

\/. Үйге: 1 мин

Қайталау

Күнделікке жазады

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың өту мерзімі:

Сабақтың тақырыбы:

Жіктеу есімдіктерінің септелуі

Сабақтың мақсаты:

Жіктеу есімдігінің септелуімен таныстыру, олардың септелуіндегі ерекшеліктерді

аңғарту, байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру



Оқыту нәтижелері:

Жіктеу есімдігінің септелуімен танысады, олардың септелуіндегі ерекшеліктерді

аңғарады, байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіреді, талдайды, қорытынды

жасайды


Негізгі дерек көздер:

Оқулық, бағалау парағы, кесте, сызба


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

3 мин


Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату:

Санамақ арқылы топтарға бөлу


Оқу құралдарын дайындайды.

Өлең оқиды

5 топқа бөлінеді


ІІ. Өткенді қайталау:

Еске түсіру:

12 мин


1. Үй тапсырмасын тексеру: 24-жаттығу (Мақалды жатқа айту, құраған әңгімені оқу, есімдікті табу)

2. «Ой қозғау». Сұрақ-жауап арқылы жұмыс:

1) Есімдік дегеніміз не?

2) Есімдіктің қандай түрлері бар?

3) Жіктеу есімдіктерін ата

3.«Топтастыру». Берілген есімдіктерді мағынасына қарай топтастыру,неліктен солай топтастырғанын дәлелдеу,

3. Дәптер ауыстыру, көркем жазу, күнді жазу


1. Жеке жұмыс: қол көтеру арқылы оқиды, тексереді

2. Жаппай жұмыс: қол көтеру арқылы жауап береді

3. Топтық жұмыс: есімдіктерді топтастырады, дәлелдейді, тұжырым жасайды

4. Дәптер ауыстырады, көркем жазады, күнді жазады



ІІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну:

4 мин



1. Жаңа сабақты хабарлау

2. Оқулықпен жұмыс.

25 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу, қарамен жазылған есімдіктерге сұрақ қою, қай септікте тұрғанын айту:

Ол – не?, атау септік. Оның – ненің?, ілік септік. Оны – нені?, табыс септік. Мен – кім?, атау септік.



1. Сабақ мақсатын қояды.

2. Жаппай жұмыс: сөйлемдерді көшіріп жазады, есімдіктерді талдайды, қорытынды жасайды



Талдау және қолдану:

6 мин


26-жаттығу. Есімдіктердің септелуін оқу, олардың септелуінде қандай өзгешелік бар екенін айту.


Топтық жұмыс: есімдіктердің септелуін талдайды, қорытынды жасайды

Сергіту сәті:

1 мин


Өлең оқу, қимыл-қозғалыс жасау.

Өлең оқиды, қимыл-қозғалыс жасайды

6 мин

27-жаттығу. Жіктеу есімдіктерін сұрақтардың ыңғайына өзгертіп жазу, неліктен солай өзгерткенін дәлелдейді, қорытынды жасайды:

Жұптық жұмыс: жіктеу есімдіктерін өзгертіп жазады, талдайды, дәлелдейді, қорытынды жасайды.

3 мин


28-жаттығу. Берілген есімдіктерді қатыстырып сөйлем құрау: біз, сенің, оған.

Топтық жұмыс: сөздерді топтастырады, дәлелдейді, қорытынды жасайды

І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау:

6 мин


Сен, сендер есімдіктерін септеп жазу, салыстыру,тексеру:

Жеке жұмыс:мен, сен есімдіктерін септеп жазады, салыстырады,тексереді

Бағалау: 2мин

Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері

Рефлексия:

1 мин


1. Бүгінгі сабақта не үйрендің?

2. Қай тапсырма қиынға соқты?

3. Қай тапсырма оңай болды?


Ауызша жауап береді

Үйге: 1 мин

29-жаттығу

Күнделікке жазады

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың өту мерзімі:

Сабақтың тақырыбы:

Жіктеу есімдіктері

Сабақтың мақсаты:

Жіктеу есімдіктері туралы білімін кеңейту, есімдіктердің стильдік қызметін

меңгерту



Оқыту нәтижелері:

Жіктеу есімдіктері туралы білімін кеңейтеді, есімдік-тердің стильдік қызметін

меңгереді, жіктеу есімдік-терін ажырата алады, қорытынды жасайды



Негізгі дерек көздер:

Оқулық, бағалау парағы, кесте, сызба


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

3 мин


Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату:

Түстер арқылы топтарға бөлу


Оқу құралдарын дайындайды.

Өлең оқиды

5 топқа бөлінеді


ІІ. Өткенді қайталау:

Еске түсіру:

10 мин


1. Үй тапсырмасын тексеру: 16-жаттығу (қарамен жазылған сөздерді тиісті жіктеу есімдіктерімен алмастырып жазу, есімдіктердің қай сөз табының орнына қолданылып тұрғанын айту)

2. «Топтастыру». Есімдікке тән белгілерді топтастырып жазу, талдау, қорытынды жасау.

3. Дәптер ауыстыру, көркем жазу, күнді жазу


1. Жеке жұмыс: қол көтеру арқылы оқиды, тексереді

2. Топтық жұмыс: есімдіктерге тән белгілерді талдайды, тұжырым жасайды

3. Дәптер ауыстырады, көркем жазады, күнді жазады


ІІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну:

5 мин



1. Жаңа сабақты хабарлау

2. Оқулықпен жұмыс.

19- жаттығу. Мәтінді рөлге бөліп,тиісті дауыс ырғағымен оқу, жіктеу есімдіктерін табу, олардың қай жақта тұрғанын айту: сені, ол, сен, сізді.


1. Сабақ мақсатын қояды.

2. Жаппай жұмыс: мәтінді рөлге бөліп оқиды, жіктеу есімдіктерін талдайды, қорытынды жасайды



Талдау және қолдану:

5 мин


20-жаттығу. Қайталанып келген сөздің бірінің орнына тиісті есімдікті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу, қорытынды жасау:

Тұжырым: Есімдіктер зат есім, сын есім, сан есімдер сияқты белгілі бір нақты ұғымды білдірмейді, меңзеу арқылы белгілі бір түсінікті, ойды жалпылама түрде білдіреді.Олардың мағыналарының нақтыланып, анықталуы бұрын айтылған сөйлемнен, алда айтылған пікірден, ойдан аңғарылады.



Жұптық жұмыс: жіктеу есімдіктерін қойып жазады, талдайды, қорытынды жасайды

Сергіту сәті:

2 мин


«Сөйлем ойла, тез ойла» ойыны. Жіктеу есімдіктерін қатыстырып, жылдам сөйлем құрау

Бір оқушы жіктеу есімдігін айтып, допты келесі оқушыға лақтырады, екінші оқушы жылдам сөйлем құрайды

4 мин

21-жаттығу. Берілген етістіктер мен жіктеу есімдіктерін қатыстырып сөйлем құрау: ақылдастық, көмектестің, келді.

Жеке жұмыс: сөйлем құрайды, талдайды

7 мин


22-жаттығу. Сөздерді топтастырып, неліктен солай топтастырғанын дәлелдеу:

Зат есім

Сын есім

Етістік

Есімдік
















Топтық жұмыс: сөздерді топтастырады, дәлелдейді, қорытынды жасайды

І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау:

5 мин


Семантикалық карта:




Зат е.

Сын е.

Сан е.

Жіктеу

Сұрау

Кім
















Сен
















Әрбір
















Біраз



















Жеке жұмыс: семантикалық картамен жұмыс жасайды, тексереді

Бағалау: 2мин

Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері

Рефлексия:

1 мин


1. Бүгінгі сабақта не үйрендің?

2. Қай тапсырма қиынға соқты?

3. Қай тапсырма оңай болды?


Ауызша жауап береді

Үйге: 1 мин

24 -жаттығу

Күнделікке жазады

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың өту мерзімі:

Сабақтың тақырыбы:

Жіктеу есімдіктері

Сабақтың мақсаты:

Жіктеу есімдіктерімен таныстыру, олардың үш жақта айтылатынын білдіру,

ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту



Оқыту нәтижелері:

Жіктеу есімдіктерімен танысады, олардың үш жақта айтылатынын біледі, ойлау

және сөйлеу қабілетін дамытады, талдайды, тұжырым жасайды



Негізгі дерек көздер:

Оқулық, бағалау парағы, кесте, сызба, ребус, сурет


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

3 мин


Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату:

Түстер арқылы топтарға бөлу


Оқу құралдарын дайындайды.

Өлең оқиды

5 топқа бөлінеді


ІІ. Өткенді қайталау:

Еске түсіру:

10 мин


1. Үй тапсырмасын тексеру: 12-жаттығу («Наурыз» тақырыбына мәтін құру, есімдіктерді табу, қай сөз табының орнына қолданылып тұрғанын айту)

2. «Ой қозғау».

1) Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойып оқу, есімдіктердің қай жақта айтылып тұрғанын анықтау :

... жалқаулықты сүймейміз. ... үлкендерді сыйлаймын. ... досыңа адал бол. ... – елінің сүйікті ұлы.

2) Кестемен жұмыс: жіктеу есімдіктері

3. Дәптер ауыстыру, көркем жазу, күнді жазу



1. Жеке жұмыс: қол көтеру арқылы оқиды, тексереді

2. Топтық жұмыс: есімдіктерді талдайды, кестеге жіктеу есімдіктерін жазады, тұжырым жасайды

3. Дәптер ауыстырады, көркем жазады, күнді жазады


ІІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну:

6 мин



1. Жаңа сабақты хабарлау

2.Оқулықпен жұмыс.

13- жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу, есімдіктерді табу, сұрақ қою, қай жақта айтылып тұрғанын анықтау: ол,сен, біз.


1. Сабақ мақсатын қояды.

2. Жұптық жұмыс:өлеңді оқиды,есімдіктерді талдайды, қорытынды жасайды



Талдау және қолдану:

5 мин


14-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті жіктеу есімдіктерін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу, талдау, қорытынды жасау:

Мен, ол, біз, сен, сендер.



Жұптық жұмыс: жіктеу есімдіктерін қойып жазады, талдайды, қорытынды жасайды

Сергіту сәті:

3 мин


«Сөйлем ойла, тез ойла» ойыны. Жіктеу есімдіктерін қатыстырып, жылдам сөйлем құрау

Бір оқушы жіктеу есімдігін айтып, допты келесі оқушыға лақтырады, екінші оқушы жылдам сөйлем құрайды

5 мин

15-жаттығу. Жіктеу есімдіктерін қатыстырып сөйлем құрау: біз, сіз, ол.

Жеке жұмыс: сөйлем құрайды, талдайды

4 мин


18-жаттығу. Ребусты шешу, шешуіндегі сөзге әңгіме құрау: қалада.

Жұптық жұмыс: сөйлем құрап жазады, оқиды.

І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау:

6 мин


1.17-жаттығу. Түсіп қалған есімдіктерді қойып, өлеңді көшіріп жазу, есімдікті талдау, тұжырым жасау:

2. Кестені толтыру:



Нені білемін?

Нені үйрендім?










Жеке жұмыс: тапсырманы орындайды, тексереді

Бағалау: 3мин

Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері

Каталог: uploads -> doc -> 0390
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0390 -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев" Қыс". 4-сынып Сабақтың мақсаты
0390 -> Сабақ жоспары І сабақ мақсаты
0390 -> Сабақ жоспары Күні: 20. 12 Сабақ: 2 Сабақтың тақырыбы
0390 -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әдеби шығарма желісіне ілесе отырып сурет салуға үйрету; оқушының көркемдік талғамын қалыптастыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет