Сабақтың тақырыбы : Американың қоныстану және игерілу кезеңдері. Америка елдерін топтастыру



бет8/9
Дата05.02.2022
өлшемі146,89 Kb.
#22011
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Жаңа тақырыптың жоспары:
1. Мұздықтар қалай пайда болады?
2. Қар жиегі дегеніміз не?
3. Тау мұздықтары мен жабынды мұздықтар дегеніміз не?
4. Мұздықтардың маңызы
Кестені толтыру

Белемін

Білгім келеді

Білдім


















Қазақстан өзендерінің негізгі көздерінің бірі-мұздықтар.Мұздықтар тұщы судың орсан қоймасы.Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясы География институтының ғалымдары республика мұздықтарының каталогын құрастырды.Соның нәтижесінде Қазақстанның тау мұздықтарының картасы жасалды.


Қазақстандағы жер беті ағын суы қорының негізгі көзі – мұздықтар суы. Таулық өңірлерден жалпы ауданы 2033,3 км²-лік 2724 мұздық анықталды (1985). Жалпы мұз басудың тең жартысына жуығы (1000 км²-ден астам) Жетісу Алатауында (мұздық аумағы 1369 км²), қалғаны Іле мен Күнгей (610,7 км²), Теріскей (144,9 км²) Алатауларында, Алтай мен Сауыр жоталарында (106,2 км²), Қырғыз және Талас Алатауларында (101,5 км²).
Талы бөлікте мұздықтар типтерінің 3 түрлі негізгі топтары бар
Тегістелген төбе
Тау беткейлерінің мұздықтары
Аңғарлық мұздықтар
Осылардың ішінде көбірек таралғандары (жалпы мұздықтардың 66%-ы) аңғарлық мұздықтар. Аңғарлық мұздықтардың көпшілігі Қазақстан табиғатын (әсіресе таулы өңірлерін) зерттеуге аса зор ұлес қосқан ғалымдардың, әдебиет және мәдениет қайраткерлерінің есімдерімен аталған. Іле Алатауындағы Талғар массивімен байланысты күрделі аңғарлық '''Корженевский мұздығы''' – Қазақстандағы аса ірі мұздық болып саналады: ұзындығы 11,7 км, ауданы 38,0 км², мұзының жалпы көлемі 6,32 км3. Аңғарларда және аңғарлық беткейлерде қалыптасқан мұздықтардың көпшілігінің қалыңдығы 50 – 100 м, ал таудың жоғары беткейлеріндегі мұздықтардікі 10–30 м.

"Алтай мұздықтары"
Мұздықтардағы мұздың жалпы көлемі 100 км3. Мұз басудың төменгі шекарасы мен фирн (мұзқар) сызығының (мұз шоғырының көбеюі кезіндегі жоғарғы және еріп азаюы кезіндегі төменгі бөліктері арасындағы шегі) абсолюттік биіктігі солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа карай арта түседі. Егер де Алтайда бұл көрсеткіш 2500–2800 м болса, Тянь-Шань тауында 3500–3800 м. Бұның өзінде оңтүстік беткейлерге қарағанда солтүстік беткейлердің шекарасы 200–250 м төменірек жатады. Қазақстан мұздықтары негізінен тым төмен температуралы келеді. Әсіресе, мұздың үстіңгі 12–15 м қабаты қыс кезінде қатты суынады. Жаз маусымында мұздың 1 м-ге дейінгі беткі қабаты 0°С-ка дейін ғана жылынады. Мұз қабатының жұқалығына, температурасының төмендігіне және жылдық жауын-шашынның шамалы түсуіне байланысты мұздықтар жылына 50–70 м-ге дейін төмен қарай баяу жылжиды. Мұздықтардың абляциялық (еру және булану процесінің) маусымы қалыпты жағдайларда 2–2,5 айға созылады. Абляцияның көп жылдық орташа мөлшері 1 м шамасында. Мұздық суы – тау өзендерінің толығу көзі. Әр тау өзені ағынының басталар жеріндегі суының 85%-ы, жазыққа шығар бөлігіндегінің 35%-ы мұздық суының үлесіне тиеді.

"Тянь-Шань мұздықтары"
Республика мұздықтары тартылуда. Кейбіреуінің ұзындығы жылына 5–20 м-ге, ауданы 1000 м2, мұз қоры 0,05– 0,1%-ға кемуде. Қазақстанның таулық бөлігінде ауданы 20000 км²-дей көп жылдық тоң белдемі қалыптасқан; оның төменгі шегі Алтайда 2000 м, Сауырда 2300 м. Жетісу Алатауында 2800 м және Тянь-Шань жоталарында 3000 м-ге дейін төмендейді.


Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет