Сабақтың тақырыбы : Асыл сөз Сабақтың мақсаты



бет6/6
Дата13.12.2016
өлшемі1,2 Mb.
#3752
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Сабақтың тақырыбы: Д.Исабеков «Дермене»

Сабақтың мақсаты:

а) Д.Исабеков өмірімен таныстыру,пәнге деген қызығушылығын артттыру;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі: сот сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар,сотқа арналған киімдер,сабаққа қатысты жазылған сөздер

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген Ахмет пен Зекен бойындағы өнегелі қасиеттерді жинақтап,шағын әңгіме құрастырып келгенін сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Омаш қылығын жазалау,яғни істеген істері үшін Омашты жазалау.



Сот сабағы

Сонымен ,балалар, естеріңде болсын,істеген бұзықтық үшін адам бірінші ар алдында,екінші сот алдында жауап беру керек.

Шығармада Омашты жазалады ма?

Жоқ,ендеше, оны біз жазалаймыз. Ал шығармада Омашты неге соттамады?



Балалар жауабы: Тоқсанбай оны жауапқа тартқызбады,шағымданбады.

Сонымен ,бүгінгі сабағымыз-сот сабағы.



Хатшы: Тұрыңыздар,сот келеді.

Сот: Отырыңдар. Біз бүгін Қазақстан Республикасының азаматы Омашты қылмыстық кодекстің бабына сәйкес қылмыс жасады деген айыппен осы істі қарауға кірісеміз.

Хатшы: Айыптаушыға сөз береміз.

Айыптаушы: Сіз неге дерменені ұрладыңыз?

Омаш: Жұмыс жоқ. Тұрмысым нашар болды.

Айыптаушы: Сіз сонда өз еңбегімен тапқан дерменешілер жайлы ойлаған жоқсыз ба?

Омаш: Жоқ,менің ол кезде ары қарай өмір сүруім үшін күнделікті жейтін тамағым үшін ақша керек болды.

Айыптаушы. Сонда сіз нағыз өзімшіл болдыңыз ғой.

Ақтаушы: Қарсымын. Жеке басының намысына тиіп отырсыз.

Сот: Қабылдаймын.

Айыптаушы: Онда сұрақты былай қояйын,сіз сонда жеке басыңыздың қамын ойладыңыз ғой.

Омаш: Иә.

Айыптаушы: Менің сұрағым бітті.

Хатшы: Ақтаушы, қояр сұрағыңыз бар ма?

Ақтаушы: Жоқ.

Айыптаушы: Онда куәгерді ортаға шақыруға рұқсат етіңіз.

Сот: Рұқсат.

Ақтаушы: Сіз есекті Омаш ұрлағанын көрдіңіз бе?

Малшы: Жоқ.

Ақтаушы: Онда есекті Омаш ұрлағанын қайдан білесіз?

Малшы: Мен күндіз жұмыс істеймін де, түнде есегімді жайылымға жіберемін,түн ортасында тұрып көріп келетінмін,бірақ сол жолы шықсам есегім жоқ болып шықты.Ұзап кеткен шығар деп бақылып жүрдім.Сонда мен баланың есекпен арбаны жегіп қойып кетіп бара жатқанын көрдім.

Ақтаушы: Сіз сонымен есекті Омаш ұрлағанын сеніммен айта алмайсыз ғой,сіз оны көзбен көрген жоқсыз ғой?

Малшы: Толық сеніммен айта алмаймын.

Ақтаушы: Менің сөзім бітті.

Айыптаушы: Енді ортаға тағы бір куәгерді шақыруға рұқсат етіңіз.

Сот: Рұқсат.

Айыптаушы: Сіз Омашты көрдіңіз бе?

Қырманшы: Иә.

Айыптаушы: Сағат нешеде?

Қырманшы: Білмеймін,есімде жоқ.

Ақтаушы: Қарсымын.Қырманшының дәлелі жеткіліксіз. Оның қылмысын кім дәлелдеп береді?

Сот: Қабылдаймын.

Қырманшы: Тоқсанбай қарт дәлелдеп береді.

Айыптаушы: Онда Тоқсанбай қартты шақыруға рұқсат етіңіз.

Сот:Рұқсат.

Айыптаушы: Сіз Омашты қайдан білесіз?

Тоқсанбай қарт: Біз дермене шабуға келгенде Омаш бізді қорқытып,келісімімсіз-ақ бірге тұрды.

Айыптаушы: Сіз неге немереңізді ондайға жібердіңіз?

Қарт:Өйткені біз Омаштан қорқатынбыз.Ол бізді «Ағашқа байлап қоям,суға батырымын» деп қорқытты.

Ақтаушы: Омаш, сіз қарттың айтқанына келісесіз бе?

Омаш: Иә.

Ақтаушы: Сіз Омаштан қорыққаннан заң орындарына хабарламадыңыз ба?

Қарт:Иә.

Ақтаушы: Менің сұрағым бітті.

Айыптаушы: Сіздер көріп отырғандай,бұл адам-қылмыскер.Қорғансыз қарт пен немересін жәбірледі,қорқытты,бұл да-қылмыс. Біреудің есегін ұрлады. Бұдан кейін бұны қалай қылмыскер демейсің?! Омаш қолымен істегенін мойынымен көтерсін.Егер сіздер Омашты ақтап жіберсеңіздер,ол енді жаман іске жуымаймын деп уәде беріп, ертеңіне оны істерін қайталамайтынына кім кепіл?! Менің ойымша,оңай ақша тауып,жалқаулыққа бой ұрған адам түзелмес. Омаш-ауырдың астымен,жеңілдің үстімен жүріп үйренген адам. Жазасын өтесін.

Ақтаушы: Сіздердің ойларыңызша ,мына отырған адам- қылмыскер. Бірақ біз бұны басқа жағымен қарасақ,бұл-адам,яғни Омаш тағдыр тәлкегіне түскен. Соғыстан кейінгі жағдайды өздеріңіз мен айтпай-ақ білесіздер.Жоқшылықты көрген,тұрмыс жағдайы нашар адам,бұл адамды да түсінуге болады.Өздеріңіз ойлап көріңіздерші,өмірінде бір рет көп ақшаны қолына ұстап көруге,қиыншылық пен жоқшылықтан құтылмақ болады,бірақ Омаш оңайлықпен ақша табам деген қате болғанын біледі. Тағы да айта кететін жайт: ол өз қателігін мойындап отыр,сондықтан да оның жазасын жеңілдетесіздер деп ойлаймын.

Хатшы: Сот ақтық шешім шығару үшін үзіліс жариялаймын .

Сот шешімі: Бүгін біз Қазақстан Республикасы азаматтық заң кодексі бойынша осы республика азаматы Омашты 3 жыл бас бостандығынан айырамыз,еңбекпен түзеу колониясында жазасын өтейді.

Қорытынды: Естеріңде болсын,балалар, біреуге істеген жамандық,Омаш сияқты адамның арамдығы айналып алдына келеді,өйткені «Адам білмегенді Алла біледі» ,сондықтан ар тазалығынан артық бақыт жоқ.

Үйге тапсырма: Омашқа мінездеме жазып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6



Сабақтың тақырыбы: Зигфрид Ахметұлы

Сабақтың мақсаты:

а) шығарма мазмұнын пайдалана отырып,оқушылырдың кейіпкерлерге толық мінездеме беруіне,тағдырына ортақтаса алуына мүмкіндік туғызу;

ә) кейіпкерлер арсындағы ізгілік қарым-қатынасты талдау,оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі: іскерлік пен дағдыны қалыптастыру

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түрлі стратегиялар т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

I. Қызығушылықты ояту.

«Авторға сұрақ қою» стратегиясы бойынша сұрақ-жауап жұмыстарын өткізу.

1. Шығарманың аталуында қандай сыр бар?

2. Ахмет тәрізді адамдар қазір кездесе ме?



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

II. Мағынаны тану. Шығарманың кейіпкерлерін талдау жұмыстары.

1. «Айдарлар құру» стратегиясы бойынша топтық жұмыстар.



Тапсырмалар

Зигфрид

Ахмет

Дәуренбек

Портреті

Көк көзді,жалбыраған ұзын сары шашаты сары бала. Кірпігі мен қасы да сары.

Ширатылған ұзын бозғылт мұрт,шоқша сақалды,өңі жел мен күнге тотыққан ақ сұр шал.

Қара галифе шалбарлы,әскери гимнастикалы жігіт.

Мінез-құлқы










әр түрлі әрекеттері










Кейіпкердің ұстанымы










2.Басты кейіпкерлерді анықтау.

Зигфрид Воль фганг Вагнерден Зекен Ахметұлы Бегімбетовке дейінгі іс-әрекеттерді саралау (ауызша)



Тілін кәлимаға келтірді

Сүндетке отырғызды.

Зекен Бегімбетов атанды.

Құмнан қорған соғады,балшықтан үй қалайды.

3-4 аптада аяғын күс басқан,қара сирақ,қараторы бала болады.

Аттың тізгінін ұстсп,өз бетімен жүріп тұрды.

Шашы ұстарамен алынған тақырбас.

Тілі біршама бастыққан.Ептеп қазақша сөйлей бастады.

Нарымбеттің інісі атанды.

Асық ойнап,суға шомылды.

Малды қайырысуға көмектесті.

Балалар республикасының тең құқылы азаматы атанды.

III. Ой-толғаныс.

«Ортада қаламсап» стратегиясы бойынша жұмыс.

Жетелейтін сұрақтар.


  1. Осындай жетістіктерге жетуде кімнің ықпалы зор болды?

  2. «Адам баласын бауырым деу-жүрек ісі» деген Абайдың сөзін қалай түсінесіңдер?

  3. «Ахметтің «Сыртқы түр- перде.Ішін айт,пиғылын айт» деуінде қандай сыр бар деп ойлайсыңдар?

Оқушылырдың жұмысын тыңдау,жинақтау,бағалау.

Шығарма түйіні туралы мұғалім қорытындысы.


Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.



Үйге тапсырма: «РАФТ стратегиясы» бойынша жұмыс

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6



Сабақтың тақырыбы: «Манас» жыры

Сабақтың мақсаты:

а) әлем әдебиетінен түсінік беріп,қырғыздың «Манас» жырына тоқталу,жырдың ауыз әдебиетіндегі батырлар жырымен ұқсастығын түсіндіре кету;

ә) «Манас» жырын эпикалық шығарма екендігін дәлелдей отырып,Манас бейнесін ашу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,топтау , т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

«Манас» -- қырғыздың ескі мифтерінен,аңыздарынан,ертегілерінен жиналып,бір адам—Манас төңірегіне топталған энциклопедия. Бұл жағынан ол даланың «Иллиядасы» тәрізді.

Ш.Уалиханов

Халық ауыз әдебиеті туралы М.Мағауиннің бағасын оқып беремін.

Қырғыз халқының «Манас» жыры-мазмұн байлығы,көлемі мен көркемдік жыр кестесі жағынан да әлем халықтары әдебиетінің алтын қорынан ойып тұрып орын алатын батырлық эпос. Онда алып батыр Манастың дүниеге келгенінен бастап,бүкіл үрім-бұтағымен жалғасқан батырлық,ерлік дәстүрі қоса жырланады. Эпос аса ауқымды көлем құрайды.Ол-тек қырғыз халқының ғана емес,күллі түркі халықтарының тарихы мен салт дәстүрінен,рухани әлемінен мол мағлұмат беретін энциклопедия тектес мұра. Онда қазақ халқының тарихына қатысты оқиғалар да кеңінен қамтылып отырады,қазақ жырларымен сарындас тұстар да жетерлік.Манасшылар күнді-күнге,айды-айға қосып жырлайтын алып жырдың көркем табиғатына кезінде қазақтың ұлы ғұламалары Ш.Уалиханов,М.Әуезовтер ерекше көңіл аударып,оның алғашқы зерттеушілері болған.

Манастың балалық шағы



  1. Басталуы: а) перзентсіз ата-ана,оның хал-жайы; ә) кейіпкердің төтенше жағдайда ерекше туу тарихы мен жылдам өсуі; б) батырдың ерлікпен үйлену тарихы.

  2. Негізгі оқиға: а) батырдың елін қорғауы мен ерлік жорықтары; ә) елдің талануы; б) шапқыншы жаумен соғыс; в) жауды жеңіп, ата-мекеніне оралуы.

  3. Аяқталуы: а) жеңіс,қуаныш той,тыныш өмір,батырдан ұл тууы; ә) батырдың баласының ерліктері

Манастың дүниеге келуі,оның «Дәу жынды» атануы мен ойын балаларының одан қорқуы туралы сұраймын. Оны ауыз әдебиетіндегі батырлармен салыстыру.

Манастың қырық қырғыз баласымен Алтай тауының бауырына жиналып ойнауы,8 жасар Манас бастаған ойын балаларына 80 қалмақ,оларды бастаған зор қалмақ баласы қырғыз балаларын кемітіп,мазақ қылып,ұрып-соғады.

Манастың алғашқы батырлық ерлігінің суреттелуі. (мәтіннен тауып оқу)

Әкесі Жақыптың Манасқа ұрысуы.

Қария Ақбалтаның Жақыпқа қайырған жауабы және Манастан күткен үміті.

Манастың аты Айманбоз.

Манастың жауға шабуы.

Қанжарқолды өлтіруі.

Әке мен бала арсындағы араздық.

Осы тезистік жоспар бойынша тақырыпты ашамын.


Дәптермен жұмыс:

Теңеу

Найзағайдай жарқылдап

батыр Шамдай сәулелі

Атқан оқтай жылдам

Бала құстай сүйкімді

Жай оғындай жалындаған


Күмістей айдаһардай

Құстай қасқырша

ат Судай дұшпан қабандай

Оқша бурадай

Құйындай алпамсадай

Жолбарыстай сабау секілді

Қырғыз батырлары туралы сурет көрсетемін.
Сергіту сәті:
Батырлар туралы мақал-мәтелдер

1. Батыр-батыр емес,батырды бастаған-батыр. 2.Елін сүйген ер болар. 3. Ер жігіт елі үшін туады,елі үшін өледі. 4. Жүкті нар көтерер, қайғыны ер көтерер. 5. Ерлік білекте емес,жүректе. 6. Ел үмітін ер ақтар,Ер атағын ел сақтар.


.

Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.


  1. « Манас» жыры қай халықтың шығармасы?

  2. Манас қалай өсті?

  3. Манас батырлығы қалай өрбіді?

  4. Манас қырғыздарды кімдерден қорғады?


Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма:

«Манас» жырын оқып,мазмұндап және өздеріне ұнаған бес шумағын жаттап келу

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Шығарма

Сабақтың мақсаты:

а) логикалық ойлау қабілеттерінөмірге деген көз қарасын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың ойлау қабілеттерін,ауызша және жазбаша пікір айту дағдыларын қалыптастыру;



Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: шығармашылық ізденіс т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Шығармаға жоспар жасауға және ол бойынша жазуға үйрету.

Жоспар--өте күрделі жұмыс. Ол бүкіл шығарма жазуға тиісті тақырыпты,туындыны,оның идеясын ,құрылысын және мазмұнын толық қамтитындай етіп жасалуы тиіс.Оқушы шығармасының талапқа сай жазылуы оның жоспарының дұрыс жасалуына да байланысты. Сондықтан ең алдымен жоспарды дұрыс,жүйелі жасауға үйретіледі.

Шығармаға жоспарды дұрыс жасау оқушының сол тақырыпты,мәселе мен туындының мазмұны мен идеясын қаншалықты түсінгеніне байланысты.Сондықтан шығарма жаздырардан бұрын сол тақырып мәселесін немесе еңбектің мазмұнын қаншалықты білетінін ,оған керекті жағдайларды анықтап алу керек.Содан кейін шығарма жоспарының мәні мен мазмұнының және қандай түрлері болатыны түсіндіріледі.

Қорытынды бөлім –оқушы шығармасының түйінді өзегі. Мұнда оқушы сөз етіп отырған тақырыптан алған әсерін,тілек мақсатын жазушы я шығарма ,тақырып я мәселе туралы пікірін білдіреді.

Шығарма тақырыбына жоспар құруға көмектесемін.

Жоспар

I Кіріспе.



II Негізгі бөлім:

а)

ә)



III Қорытынды.
Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: Кез-келген ақын-жазушылардың шығармаларын оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6



Сабақтың тақырыбы: Джек Лондон «Мексика ұлы»

Сабақтың мақсаты:

а) Әлем әдебиеті туралы түсінік бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру;

ә) оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіре отырып,шешендік өнерге баулу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, суреттер т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген «Манас» жырын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Манас пен Алпамыстың балалық шақтарында қандай ұқсастықтар бар?

2. манастың адамгершілік, ерлік, батырлық мінездері қандай әрекеттерінен көрінеді?

3. Жырда жау батырлары қалай суреттелген?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Джек Лондон -әлем оқырмандарына кеңінен таныс американ жазушысы. Оның қоғамдағы әлеуметтік теңсіздіктерді, өмірге құштарлықты, ерлік пен адамгершілікті,жануарлар әлемін жыр ететін «Ақ азу», «Өмірге құштарлық», «Солтүстік жорығы», «Әйел ерлігі», Киш туралы аңыз», « Мартин Иден», сияқты біраз шығармалары қазақ тіліне аударылған. Солардың бірі –«Мексика ұлы» атты әңгімесі

«Мексика ұлы» әңгімесінің мазмұнын түсіндіріп беремін

Мексикандық Ривера мен Дэни Уорд екеуі бокстасады..



Венн диаграммасы: Ривера мен Дэниге салыстырмалы мінездеме беріңдер.





Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.



  1. Шығармадан қандай ой түйуге болады?

  2. Ривераның намысын жанап, қажырын күшейткен қандай күш?

  3. Қазақ әдебиетінде спорт тақырыбына жазылған қандай шығармаларды білесіңдер?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Джек Лондонның «Мексика ұлы» әңгімесін оқып,мазмұндап келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6



Сабақтың тақырыбы: Тоқсандық қайталау

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың әдебиет пәнінен алған білімдерін тиянақтау;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау, т.б

Сабақтың көрнекілігі:, сызба-нұсқаулар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Балалар, біз әдебиеттің қандай түрлерін өттік.


Қазақ әдебиеті



Ауыз әдебиеті

Жазба әдебиеті

Әлем әдебиеті

Батырлар жыры

Қобыланды батыр

Алпамыс батыр



А.Құнанбаев «Әсемпаз болма

әрнеге» М. Жұмабаев

«Қазақ тілі»

С.Торайғыров «Мен қазақ»

М.Мақатаев «Мен таулықпын» т.б

«Манас» жыры

Джек Лондон

«Мексика ұлы»

Шығармашылық тапсырма: Өткен тақырыптардан өздеріңе ұнаған тақырып бойынша ойтолғау жазыңдар. Неге ұнады?

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын


  1. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?

  2. Жазба әдебиетінің ауыз әдебиетінен қандай айырмашылығы ба?

  3. Ауыз әдебиетінің қандай салаларын білесіңдер?

  4. Әлем әдебиеті дегеніміз не?


Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады. Үйге тапсырма : Ақын-жазушылардың әңгімелерін,романдарын оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6



Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Мен кім» өлеңі

Сабақтың мақсаты: а) Мағжан Жұмабаевтың «Мен кім?» өлеңінің негізгі идеясын таныту;

ә) оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету,сөйлеу мәдениетін,ойлау шеберлігін жетілдіру; б) өршіл де өжет,жігерлі болуды талап ету,үйрету.



Түрі: жаңа оқу материалын меңгерту.

Әдісі: сұрақ-жауап,баяндау,талдау,салыстыру,ойтолғау,топпен жұмыс.

Көрнекілігі: Венн диаграммасы,Мағжан портреті,деңгейлік тапсырмалар жазылған жайма қағаз.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа әзірлеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. М.Жұмабаевтың «Қазақ тілі» өлеңін мәнерлеп оқыту.

ІІІ.Жаңа сабақ.

1.Мұғалімнің кіріспе сөзі.Қазақ әдебиетінің ХХ ғасыр басындағы жарқын жұлдыздарының бірі – Мағжан Жұмабаев.Өткен сабақта сендерге Мағжан ақынның өмірі,зорлық-зомбылық дәуірінің құрбаны болған оның тағдыры туралы әңгімелеп берген болатынбын.

Мағжан Жұмабаев кім,қандай ақын?

Осы сұрақтың жауабын,яғни ақынның кім екенін,ақындық қуаты қандай екенін «Мен кім?» деген өлеңінен іздеп көрейік.

2. Өлеңді мәнерлеп оқу.

IV. Бекіту.Өлеңді ауызша талдау (топпен жұмыс)

ІІІ деңгейдің тапсырмасы : «Баяндаушы топ»

Ақын өзін нелерге теңейді?


арыстан


тұлпар

жолбарыс



жалын

бұлт

теңіз

жел

күн

ІІ деңгейдің тапсырмасы : «Суретші топ».

Ақын өзін неге осы нәрселерге теңеді? Ол сөздер қандай қасиеттерді бейнелейтіндігін айтыңдар.

Арыстан: азулы аң,аң патшасы.Жолбарыс: бұл да мықты,күшті аң.Бұлт: түйіліп тұрады,жаңбыр әкеледі.

Жел:күшті,алдындағыны жайпап кетеді.Күн: жер бетіне шуақ әкеледі,нұрын сыйлайды.Теңіз: буырқанады,толқиды,тасады.Жалын:от,өртеп жібереді.Тұлпар: жүйрік ат.

Мұғалім түсінігі.Біз бұл асқақ шумақтардан ақынның өз күшіне,өз талантына,өмір тағдырына кәміл сенетінін байқаймыз.Ақын өзін «арыстанмын,жолбарыспын» дейді.Бұл асып-тасудың,мақтанудың белгісі емес,асылдықтың,өткірліктің белгісі.Өлеңде асқақ арман бар.Ақын ешқайда,ешкімге жалтақтамайды. Болашаққа нық сеніммен қарайды.Ақын жігітке тән өршіл де өжет,жігерлі болуды талап етеді

І деңгейдің тапсырмасы: «Шығармашыл-ізденуші топ»

Ертеңгі болашақтың тұтқасын ұстайтын өршіл азамат қандай болу керек деп ойлайсыңдар?Өжеттікті,жалын атқан жігерді асқақтата жырлағанда Мағжан нені мақсат етті?(ой-толғау)



Жайма қағаздардан сұрақ алу,тапсырмалар орындау.

ІІІ деңгей.Ер жігітке тән қасиеттер ...

ІІ деңгей.Венн диаграммасы бойынша «Мен кім№» өлеңін Сұлтанмахмұттың «Шығамын тірі болсам,адам болып» өлеңімен салыстыру.

І деңгей. «Менің арманым» деген тақырыпқа эссе.

V.Қорытындылау. Міне балалар ,Мағжан осындай ақын екен.Оның жүрегі от,рухы биік.Ақын қиялы бай,түйсік қабілеті мол,ешкімге ұқсамайтын,өзіне ғана тән қолтаңбасы бар ақын.Сондықтан да қазақтың көрнекті жазушысы Сәбит Мұқанов «Абайдан кейін тіл өнегесінде Мағжаннан асқан жан жоқ» деп баға берген.

VI.Үйге тапсырма: өлеңді жаттау.

VII.Бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 0587
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0587 -> Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Мукатаева Гүлмира Шәріпқызы Сабақтың атауы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет