Сабақтың тақырыбы : Асыл сөз Сабақтың мақсаты



бет5/6
Дата13.12.2016
өлшемі1,2 Mb.
#3752
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.



  1. Республикамыздың ірі қалаларында Тұрар Рысқұлов атында мектеп,көше, аудан бар.

  2. Алматы қазақ экономикалық университеті Тұрар Рысқұлов атымен аталады.


Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: «Жақсы бала жеткізеді мұратқа» тақырыбында ой толғау жазу

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6


Сабақтың тақырыбы: Талап Сұлтанбеков «Ғажайып планета»

Сабақтың мақсаты:

а) Талап Сұлтанбеовтың өмірі,әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білім беру,толықтыру;

ә) оқушылардың ой-өрісін,қызығушылығын ояту;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,топтау , т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар,дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген Ш. Мұртазаның «Бала Тұрар» әңгімесінің мазмұнын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Талап Сұлтанбеков 1930 жылы Алматы облысының Ақсу ауданында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Алғашқы шығармаларын спорт тақырыбына арнаған.

Ғылыми қиял (фантастика) жанрына қалам тартып жүрген жазушы шығармаларының тақырыбы сан алуан. Жас өспірімдерге арналған «Көшпелі алтын», «Жүрек тулайды», «Жұлдыз ат», «Лұқпан Хакім», «Тізгін», «Темір еліне саяхат» әңгімелері оқушыны қиялға, арманға жетелейді. Ол өз оқырманын ғылымның табиғи сырына үңілуге, адам миы арқылы оның құдірет күшін танып білуге, тіпті оны тізгіндеп бағындыруға да болатынын айғақтайды.

«Ғажайып планета әңгімесінің мазмұнын түсіндіремін.


Сөздікпен жұмыс: Ғаламшар- күнді айнала қозғалатын аспан денесі.

Анабиоздық ұйқы-айрықша дәрімен немесе өте төмен температурада организмді, адам денесін мұздатып,ұзақ уақытқа ұйықтату.

Биогравитация-биологиялық гравитация заттардың,денелердің өзара магниттік тартылыс күші.

Шығармашылық жұмыс: Өздерің сүйіп оқыған бір фантастикалық шығарманы айтып бер.

Білімді бекіту:

1. «Байқоңыр-12» ғарыш кемесі басқа ғаламшарға қалай тап болды?

2. Экипаж құрамындағы жасанды адамның аты кім?

3. Ғарыш кемесі неліктен басқа ғаламшарға қонуға мәжбүр болды?

4. Электрондық ми ғарыш кемесіне төнген қауіп-қатерді қандай белгімен береді?

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: Талап Сұлтанбековтың « Ғажайып планета» әңгімесін оқып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбеков

« Қылау»

Сабақтың мақсаты:

а) Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып,ерлікке,адамгершілікке баулу;

ә) көркем прозаға деген қызығушылыққа,халықтық салт-дәстүрін түсіне білуге тәрбиелеу;

б) оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру,өз ойын ашық айтуға,ізденуге тәрбиелеу;



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,топтау , т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген Талап Сұлтанбековтың «Ғажайып планета» әңгімесінің мазмұнын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. «Байқоңыр-12» ғарыш кемесі басқа ғаламшарға қалай тап болды?

2. Экипаж құрамындағы жасанды адамның аты кім?

3. Ғарыш кемесі неліктен басқа ғаламшарға қонуға мәжбүр болды?

4. Электрондық ми ғарыш кемесіне төнген қауіп-қатерді қандай белгімен береді?



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Сайын Мұратбеков 1936 жылы Алматы облысының Қапал ауданындағы Қоңыр ауданындағы Қоңыр ауылында дүниеге келген.

«Менің қарындасым», «Ауыл оты», «Көкорай», «Жабайы алма», «Жусан иісі», Басында Үшқараның», «Дос іздеп жүрмін», «Кәментоғай» сияқты әңгіме повестер жинақтарының авторы.

«Қылау» әңгімесінде балалардың мінез-құлқы мен іс-әрекеттеріндегі адалдық ,сезімталдық, бауырымдылық,қайырымдылық қасиеттер суреттеледі. Сайын шығармаларының басты тақырыбы-адамгершілік,жан дүниесінің сұлулуғы.



кітаппен жұмыс: Сатайдың балаң мінезін, аңғырттығын,үстірт түсінігін мәтіннен мысал келтіре отырып дәлелдеңдер.

Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.



  1. Таң азанғы әке даусы Сатайдың құлағына неліктен жағымсыз естілді?

  2. Өлім мен өмір туралы Сатайдың ойлануына не түрткі болды?

  3. Сатайдың сезімталдығы мен жайдарлылығы,қайырымдылығы оның қандай әрекеттерінен байқалады?

  4. Орынсыз мақтанды сүймейтіндігіне Сатайдың қай әрекеті дәлел?


Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.



Үйге тапсырма: Сайын Мұратбековтың «Қылау» әңгімесін оқып, Сатай мен Рабиғаға мінездеме жазып келеді.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6


Сабақтың тақырыбы: C. Мұратбеков «Жусан иісі»

Сабақтың мақсаты:

а) өтілген тақырып бойынша білімдерін жинақтап бекіту;

ә) сөйлеу тілін байыту,тіл мәдениетіне көңілдерін аударту,салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі: білімді жинақтау,қорыту сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру,сайыстыру т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген «Жақсы бала жеткізеді мұратқа» тақырыбында жазған ой тоғауды тексеремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

«Жусан иісі» повесінен үзінді оқып,алған білімімізді жинақтау үшін бүгінгі сабақта «XXI ғасыр көсбашсысы» интеллектуалды ойын ұштастырылып отыр.

Ойын VII кезеңнен тұрады.

I . Бәйге.

Оқушылар екі топқа бөлінеді: «Ғибрат», «Қасиет» тобы. Әр топқа бес сұрақтан қойылады.

1-топқа

1. Әңгімедегі кейіпкерлерді ата. (Аян,Есікбай,Бапай шал, Тұрған, Асылбек шал, әңгімеші бала.)



2.Шығармада баяндалатын оқиға қай жылдары өткен? (1941-1945 жылдар)

3. Аян ертегісі қалай басталады? (Ертеде бір жетім бала болыпты)

4.Аян тайдырып алған тобығын кімге салғызды? (Асылбек шалға)

5. Аянды талай жерге дейін шығарып салған кім? (Есікбай)

2-топқа

1. Аян алғашқы сауатын кімнен ашты? (Иманжановтан)



2. Әжесі қайтқан соң Аян кімнің қолына көшті? (Әжесінің тумасы Бапай шалдың үйіне)

3. Аянның кешкі қорегі не еді? («Тісің бар ғой» деп бір уыс бидай төгеді)

4. Аян алғаш рет қалай тобығын тайдырды? ( Өрістен бұзау айдап келе жатқанда үйретемін деп,өзінің қысқа бұзауына секіріп мінген. Семіз бұзау мөңкіп-мөңкіп жығып кетті.)

5. Ауыл қай жерде орналасқан? (Ешкіөлмес деген кішкене қоңыр таудың етегінде).



II. Көкпар.

Әр топтан бір оқушы шығып билет суырады. Берілген тақырып бойынша мақал-мәтел айтады. Топ мүшелері толықтырады. Қанша мақал-мәтел айтса сонша ұпай жинайды.



III. Тіл өнер.

Әңгімеден бір сөйлем алынады,ішінен бір сөз қалдырып кетеді. Сол сөзді тауып орысша,ағылшынша аудармасын айтады.Толық жауап берсе 30 ұпай.



  1. Әуелде біз-балалар оның ..... айтпайтынын білгеніміз жоқ. (ертегі,сказка)

  2. Менің көкем де,атам да жоқ,сондықтан төбелессем .... ұрсады ғой. (әже,бабушка)

  3. Шіркін,ағама .... жазар едім. (хат,письмо)

  4. Ал, жүріңдер мен кешегіден де ... ертегі айтамын. (қызық,интересный)

  5. Ағамның .... сіңіп қапты. (иісі,запах)

  6. Аян есік жақтағы темір пештің түбіне төселген құрым киіздің үстінде кір-кір жұқа құрақ .... жамылып жатыр екен. (көрпе,одеяло)

  7. Аян арық ..... отқа тығып жіберіп,шала піскен күйелеш масақты лып дегізіп суырып алатын. (қол,рука)

IV . Жанды сөз

С. Мұратбековтің шығармаларына байланыстырып екі топ бір-біріне үйден дайындап келген тест түрінде сұрақтар қояды.

1-топ сұрақтары

1. С.Мұратбеков «Қылау» әңгімесінен . Сатай Рабиғадан қандай кітап алды?

А) қазақ әдебиеті Ә) геометрия В) алгебра Б) « Қан мен тер»

2. Сатай Рабиға кетуге ыңғайланғанда қандай сұрақ қойды?

А) Сен жақсы оқисың ба? Ә) Сен өлімнен қорқасың ба?

Б) Қасқырды көргенде қорықтың ба? В) Сен қай мектепте оқисың?

3. С.Мұратбековтің шығармаларын ата.

А) «Балықшы әні», «Туған жер» Ә) «Қос шалқар», «Оянған өлке»

Б) «Ауыл оты», «Дос іздеп жүрмін» В) «Әпке», «Дермене»

2-топ сұрақтары

1. «Менің басым ауырып тұр» Қай кейіпкердің сөзі?

А) Садақ Ә) Иманжанов Б) Есікбай В) Аян

2. С.Мұратбеков Мәскеудегі М. Горький атындағы институтты қашан бітірді?

А) 1973 Ә) 1971 Б) 1982 В) 1961

3. С.Мұратбековтің алғаш әңгімесі қай жылы жарияланды?

А) 1952 Ә) 1973 Б) 1954 В) 1964


V. Суретте,бейнеле.

Аян бейнесін құрастырамыз. Дәптерімізді алып Аян бейнесін топтастырып жазамыз.


Зеректілігі зейінділігі ұстамдылығы
Төзімділігі Аянның бейнесі мінезі

сырт пішіні


VI . Шешен сөз.

Әр топтан бір-бір оқушы шығып тақырып суырады. Тақырыпқа байланысты өз ой-пікірін ортаға салады.



  1. Аян мен әңгімені баяндап отырған бала арасындағы шын достық туралы ой өрбіт.

  2. Аян тағдыры сені ойландыра ма?



VII. Жорға.

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қойылады.


Білімді бағалау:

Оқушылырдың жинаған ұпайларын есептеп,жеңімпаз қатарды анықтау,белсене қатысқын оқушылырды бағалау.


Үйге тапсырма: Аян ертегісін «Баяғыда бір жетім бала болыпты» деген тақырыпта ертегіні жалғастырыңдар және оған өздеріңше ат қойыңдар.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Әбіш Кекілбай

«Шыңырау»

Сабақтың мақсаты:

а) Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып ерлікке, адамгершілікке баулу;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,іздендіру т.б

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген Сайын Мұратбековтың «Қылау» әңгімесінің мазмұнын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Таң азанғы әке даусы Сатайдың құлағына неліктен жағымсыз естілді?

2.Өлім мен өмір туралы Сатайдың ойлануына не түрткі болды?

3.Сатайдың сезімталдығы мен жайдарлылығы,қайырымдылығы оның қандай әрекеттерінен байқалады?

4.Орынсыз мақтанды сүймейтіндігіне Сатайдың қай әрекеті дәлел?



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

кітаппен жұмыс: .Оқушыларға әңгімені мәнерлеп оқытып, сол бойынша сұрақтар қоямын.

Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

1.XX ғасырдың басында қазақ тұрмысына енген жаңалықтар және ескі мен жаңаның арасындағы үйлесімсіздіктер әңгімеде кімдердің істері мен сөздері арқылы суреттелген?

2. Дайрабай сөзі көптің көңілінен шығып, Айсары әрекетінің келемеж-мазаққа айналуы неліктен?

3. Жазушының қандай әңгімелерін оқығансың?

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Бейімбет Майлиннің «Даудың басы-Дайрабайдың көк сиыры» әңгімесіноқып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Шығарма

Сабақтың мақсаты:

а) логикалық ойлау қабілеттерінөмірге деген көз қарасын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың ойлау қабілеттерін,ауызша және жазбаша пікір айту дағдыларын қалыптастыру;



Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: шығармашылық ізденіс т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Шығармаға жоспар жасауға және ол бойынша жазуға үйрету.

Жоспар--өте күрделі жұмыс. Ол бүкіл шығарма жазуға тиісті тақырыпты,туындыны,оның идеясын ,құрылысын және мазмұнын толық қамтитындай етіп жасалуы тиіс.Оқушы шығармасының талапқа сай жазылуы оның жоспарының дұрыс жасалуына да байланысты. Сондықтан ең алдымен жоспарды дұрыс,жүйелі жасауға үйретіледі.

Шығармаға жоспарды дұрыс жасау оқушының сол тақырыпты,мәселе мен туындының мазмұны мен идеясын қаншалықты түсінгеніне байланысты.Сондықтан шығарма жаздырардан бұрын сол тақырып мәселесін немесе еңбектің мазмұнын қаншалықты білетінін ,оған керекті жағдайларды анықтап алу керек.Содан кейін шығарма жоспарының мәні мен мазмұнының және қандай түрлері болатыны түсіндіріледі.

Қорытынды бөлім –оқушы шығармасының түйінді өзегі. Мұнда оқушы сөз етіп отырған тақырыптан алған әсерін,тілек мақсатын жазушы я шығарма ,тақырып я мәселе туралы пікірін білдіреді.

Шығарма тақырыбына жоспар құруға көмектесемін.

Жоспар

I Кіріспе.



II Негізгі бөлім:

а)

ә)



III Қорытынды.
Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: Кез-келген ақын-жазушылардың шығармаларын оқып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: М. Мағауин «Бір атаның балалары»

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылыардың білімдерін қазіргі заман үлгілерінен мысал келтіре отырып жүйеге келтіру,жазушының пікіріне өз ойын еркін айта білуге баулу;

ә) қазақ халқының бойындағы бауырмашыл қасиеттерді бағалай білуге,отансүйгіштікке,бауырмалдыққа,достыққа тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі: ізденіс сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, пікірсайыс т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар,тірек-сызба белгілері. т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

а) Ал, ағайын, тегіс жиналсақ ,сөзіме құлақ сал.-деді басқарма.

Жетісіп отырған ешкім жоқ соғыстан кейін.

Мына балаларды бөлісіп алайық. Жұрт дабырлап кетті.

ә) Балаларды бөлісіп алды. б) Зигфридке жасаған асық жілікті тойы

1. Той бастар 2. Халық әні 3 . Би.



Пікірсайыс

Қазақтың қара көз бөбектерін шет елге беру дұрыс па,дұрыс емес пе?



Қуаныш (жақтаушы)

Қазақтың қара көз балаларын шет елге беру дұрыс. Бізде тастанды балалардың өмірі бұлыңғыр.



Бауыржан (даттаушы)

Қазақтың қара көз балаларын шет елге беру дұрыс емес. Шерхан атамыз айтқандай «Қазақ елінде нан жоқ па?» Шет ел өз ұлындай көрмейді.



Топпен жұмыс: .Мәтінді сатылай кешенді талдау.

Әңгіменің басталуы Соғыстан кейінгі ауыл өмірі

Әңгіменің дамуы Балаларды бөліп алуы

Әңгіменің байланысуы Зигфридке той жасауы

Әңгіменің шиеленісуі Қазақ балаларымен Зекеңнің достасуы

Шарықтау шегі Ахметтің үстінен арыз түсуі

Әңгіменің шешімі Ахмет ақталды

Қорытынды Ахмет Бегімбетов көрші колхозға көшті



Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Ахмет пен Зекен бойындағы өнегелі қасиеттерді жинақтап,шағын әңгіме құрастыру

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6


Сабақтың тақырыбы: Д. Исабеков «Ата үміті»

Сабақтың мақсаты:

а) әңгіменің мазмұнымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу;

ә) түрлі тәсілдер арқылы оқушылардың байқағыштық,тапқырлық, сөз астарын түсіну, өз ойын жазбаша да ауызша да жүйелі айту қабілеттерін дамыту;

б) әңгіме идеясы негізінде оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа,мейірімділікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, пікірсайыс т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар,тірек-сызба белгілері. т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Әңгіменің композициялық құрылымы

(Әңгімені түгел баяндап болғаннан кейін әңгіме желісі бойынша жоспар құрамыз.)

Әңгіме құрылысына талдау

Р/с

Оқиға желісі

Оқиға өрісі


1.

Әңгіменің басталуы

Тоқсанбай мен Ергешбайдың дерме-не ору үшін жаңа жерге қоныс аударуы немесе көшіп келуі

.2.

Әңгіменің дамуы

Омашпен күтпеген кездесу,Омашпен серіктес болуы

3.

Әңгіменің байланысуы,

өрбуі

Күтпеген жағдай.Омаштың дермене ұрлап әкелуі

4.

Әңгіменің шиеленісуі

Тоқсанбай мен Ергешбайдың Омашпен серіктес болудан бас тартуы,олардың арасындағы кикілжің

5.

Әңгіменің шарықтау шегі

Ауылға оралған Тоқсанбай мен Ергешбай. Ауылды ауызашарға шақырып той жасауы.

6.

Әңгіменің шешімі,қорытынды

«Жарлы болсаң да, арлы бол». Омаштың кезекті ұрлығы немесе Тоқсанбай мен Ергешбайды алдап соғуы. Жалғыз баласын жетілдіру үшін ақ ниет тілеген Тоқсанбай


Образдар жүйесіне талдау

Кейіпкерлерге мінездеме





Сұрақтарға жауап беру.

а) Тоқсанбай мен Ергешбайға Омаш неге қосылды, Омаштың қандай қылықтары оларға ұнамады?

б) Тоқсанбай неден секем алды,кім үшін Омашқа кіріптар болды?

в) Бала Омашты неге қабылдамады, Ергешбайдың ол мінезін кім қалай түсінді?

г) Торғай ұясын бұзған,жұмыртқасын жеп, балапанын отқа тастаған Омаштан не күтуге болады?

д) Обал, сауап, адал, арам тәрізді ұғымды кім қалай түсінеді?
Дебат үлгісі бойынша ой-талқы

Р/с

Жақтаушы топ

Даттаушы топ

1

Резолюция: Еңбек

Контррезолюция: Еңбек емес

2

Критерий: Өзгенің еңбегін пайдалануға болмайды.

Критерий: Ебін тауып тірлік жасау керек.

3.

Аргументі

  1. Еңбекпен тапқан нан тәтті.

  2. Ұрлық адамға пайда әкелмейді.

Аргументі

  1. Заманың түлкі болса,тазы боп шал.

  2. Адам заманның ағымында.



Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

Кімнің шығармасымен таныстық? Басты шығармалары. Нені оқыдым,нені білдім? Берген тәрбиесі. Әңгімеден алған әсерім,өз көзқарасым.
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Адамгершілікті мен қалай түсінемін?» тақырыбында шағын шығарма жазып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6
Каталог: uploads -> doc -> 0587
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0587 -> Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Мукатаева Гүлмира Шәріпқызы Сабақтың атауы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет