Сабақтың тақырыбы : Асыл сөз Сабақтың мақсаты



бет4/6
Дата13.12.2016
өлшемі1,2 Mb.
#3752
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген «Жауынгердің тұлғасы» бойынша жауынгердің қасиеттерін жазып келгенін тексеремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Серебряков Бауыржанға не деді?

2. Неше немісті қиратып келді?

3. Бауыржанның ерліктерін білесіңдер?

4. Бауыржанның қандай нақыл сөздерін білесіңдер?



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Әбдіжәміл Нүрпейісовтің «Балықшылар» әңгімесі «Қан мен тер» трилогиясынан үзінді екенінжәне трилогия туралы түсінік беріледі. «Балықшылар»әңгімесіндегі балықшылардың хал-жағдайы,күнкөріс көзі тек қана балық екенін айтып түсіндіру.



кітаппен жұмыс: .әңгімедегі кейіпкерлердің сөздерін рольдерге бөліп оқиды.

Шығармашылық жұмыс: Әңгімедегі кейіпкерлерге мінездеме береді,кейіпкердің қай түріне жататынын айтады.

Дәптермен жұмыс: Шығарманы құрылысына қарай талдайды.

  1. Басталуы

  2. Дамуы

  3. . Шиеленісуі

  4. Шарықтау шегі

  5. Шешімі

Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.



  1. Балықшылар балығын кімге өткізбекші болды?

  2. Андрей қандай адам еді?

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.



Үйге тапсырма: «Балықшылар» әңгімесін оқып келу

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6


Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

Сабақтың мақсаты:

а) Б.Соқпақпаевтың өмірі,әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білім беру,толықтыру;

ә) оқушылардың ой-өрісін,қызығушылығын ояту;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,топтау , т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар,дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген Ә.Нүрпейісовтің «Балықшылар» әңгімесінің мазмұнын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Б. Соқпақпаев «Менің атым Қожа» (повестен үзінді).



1. Қызығушылықты ояту.

Дарын иесі балалар жазушысы




Бердібек Соқпақпаев кім?

Қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар қаламгер

Сіздерге қандай есімдер ұнайды?

2..Мағынаны тану.

1 топ: «Менің атым»... 3 топ: «Бір сәттә кез»

2 топ: «Ағаттық аяқ астында» 4 топ: «Ағаттықтың азабы»

5 топ: «Түбі адам болатын бала»

Өзара оқыту стратегиясы бойынша әр топтан бір-екі оқушы шығып берілген тапсырманы мазмұндайды.

3. Ой толғаныс.

1 топ «Менің басымнан өткен қызықты оқиғам»

2 топ «Шығармадағы қай кейіпкермен кездесер едіңіз?»

3 топ: «Менің атым Қожа» мен «Менің де атым Қожа» фильміндегі бұрынғы ғасырдағы Қожа мен қазіргі ғасырдың «Қожасын» салыстырыңыз».

4 топ: «Шығарма сізге ұнады ма,несімен ұнады?»

5 топ: «Қожаға хат»



Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: «Менің бал балалық шағым» (повесть туралы эссе жазу).
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»

әңгімесі бойынша «Түбінде адам болатын бала»

Сабақтың мақсаты:

а) оқушыларды көркем әдебиетті оқуға ынталандыру,ой-өрісін кеңейту;

ә) сөйлеу тілін байыту,тіл мәдениетіне көңілдерін аударту,салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі: «Алтын сақа» ойыны түрінде

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар,асықтар,қоржын т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


б) Жаңа сабақты түсіндіру:

1 Мұғалімнің кіріспе сөзі

Бүгінгі «Алтын сақа» ойыны белгілі жазушы Бердібек Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа» повесі бойынша өткелі отыр. Қожа қандай бала?

Меніңше,Қожа соншалықты бұзық бала емес. Оны бұзатын –Сұлтан деген өзінен үлкен бала. Қожаға темекі тартуды үйретіп,өтірік айтқызып, ұрлық жасауға үйір қылған да сол—Сұлтан. Екеуі иесі жоқ үйге кіріп,кішкентай Дәулетке тиын-тебен беріп,анасының тығып қойған қымызын ішіп алады ғой. Ақшаға алданған Дәулет үйіндегі бүкіл затын,өзінің киім-кешегін түгел саудаға салады. Сонда Қожа «Оның ең соңғы белбеуіне дейін тонап әкету оңбағандық болар еді» деп аяйды. Осындай жақтарына қарап Қожаны адамгершілігі жоқ деуге бола ма?

--Жоқ ,әрине, Қожа қиялшыл,сезімтал,зейінді бала.

2. Ойынға қатысушы оқушыларды іріктеу.



Табалдырық кезеңінде қойылған сұрақтарға шапшаң әрі дұрыс жауап берген 4 оқушы арбаға ие болады.

Сұрақтар. Қай сәт бейнеленген?

1. Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін-ай!



Жауабы: Орыс әдебиетінен Анфиса Михайловна А. Пушкиннің «Қысқы кеш» өлеңін жатқа сұрағандағы сәт.

2. Есікті аша бергенде,тынысым мүлде бітіп,жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін.



Жауабы: Бақа оқиғасынан кейін апасына кездесер сәт.

3. Маңдайдан буым бұрқырап,есік алдына шықтым.Сәйбек көрінбейді. Омырауымды ағытып,желпініп,ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?



Жауабы: Педкеңес болып жатқан сәт.

Асықтар иіріледі,ойыншылардың реттік саны айқындалады.

Алшы-1 Тәйкі-2 Шік-3 Бүк-4

Әудемжер кезеңінде 4 сұрақ қойылады. Жауап бере алмаған немесе асығы бүк түскен оқушы ойыннан шығарылады. Әр кезеңде осылай ойыншы азайып отырады.

Сұрақтар


1. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен,...деген аттарды алып қараңдаршы,айтуға да ықшам,естір құлаққа да жағымды.Ол қандай есімдер?

Жауабы:Мұрат,Болат,Ербол,Бақыт

2. Тағы да мамам тұрып,басын изеп,мақұлдап,бірдеңе айтты. Анасының сөзі.



Жауабы: Шығарсаңдар,шығарыңдар мектептен!Кетсін қаңғып.Менің де жүйкемді жүн етіп құртып бітті бұл оңбаған!

3. Лаула!Лаула жігер оты!-деп шығарма қалай аяқталған еді?



Жауабы:Самға қиял құсы! Асығатыным да,аңсайтыным да ертеңгі болашағым.

4. Мамам жайлауға жүріп кетті. Мен мектепке келе жатырмын.Көңілім көтеріңкі,бойым сергек.

Анасының қандай сөзі құлағынан кетер емес?

Жауабы: Мен үшін сенің адам болғаныңнан артық ешқандай да бақыт жоқ.

Ойыншылар Қозыкөшке өтеді.

Асықтар иіріліп,конверттер таңдалады. (Үшінші кезеңде қалған 3 оқушыға 3 сұрақ қойылады.)

1. Қадыров түбінде адам болатын бала,-дейді Майқанова. Ахметов не деп қостады?



Жауабы: -Оты бар,-деп қостады.

2. Шешесі таңертең жайлауға қайтпақшы болды. Қожа анасын құшақтап не деп жылыды?



Жауабы: Жоқ,маматай, кетпеші,жаным мама! Ендігәрі тәртіпсіздік істесем,оңбай,көгермей кетейін.

3.Көк көз келіншек сатушыға не деп дауыстап жатыр?



Жауабы: Анау сұр кепкалы балаға бермеңіз. Ол кезексіз кіріп кетті.

4. Қожаның айтуы бойынша Жантас қандай бала?



Жауабы: Біреуді біреуге атыстырып,от тастап жүретін қу,сабақ үстінде сыбырлап сыпсыңдағыш,өзі тақтаға шыққанда көрінгенге құлақ түргіш бала.

Сұраққа дұрыс жауап бере алмағандары ойыннан шығады,тең келгендеріне асық иіріледі.

Ойындар Беласарға келеді. Асықтар иіріледі,конверттер таңдалады.

1. Қолтығымда добым бар.Бүгін оларды қалайда жеңуіміз керек. Қай команда ұтылған еді?



Жауабы: Біздің «Спартак» кеше «Қайраттықтардан» жеті де бес болып ұтылған еді.

2. Өзге ештеңең болмаса да әуелі оқулықтарың сай болсын,-деп Қожа қалай мақалдап еді?



Жауабы: Оқулығы сай бала-көңілі жай бала.

3. Саған бұл жолы жолдама берілмейді.Екінші кезекте барасың.

--Неге?

--«Неге болушы еді»-деп Майқанова қандай себеп айтты.



Жауабы: Барлық оқушыға бірден жетіспейді.Ал,екіншіден,ең әуелі біз лагерьге үлгілі,тәртіпті оқушыларды жібереміз.

Ойыншылар Жолайрыққа өтеді.Бұл кезеңде қалған оқушыдан Алтын көмбені ойнау-ойнамайтындығы сұралады. Егер ойыншы ойнамаса кезеңдерде жинаған асықтарының санына қарай 24 асыққа ие болады. Ал егер ойыншы Алтын көмбені ойнап,сұраққа жауап бере алмаса да «Алтын көмбенің» сыйлығына ие болады.

Сұрақ. Сабақты жақсы оқу-үлгілі оқушының бірінші белгісі. Мен осы тоқсанның ішінде қалай еткенде де озат оқушылардың қатарына қосылуым керек.

Ол үшін құпия кеңесте Қожа не істеймін деп шешті?



Жауабы: а) Сабақтан бір сағат та себепсіз қалмаймын.

ә) Үйге берілген тапсырманы мезгілінде орындап отырамын.


Жеңімпаздарды марапаттау
Мұғалімнің қорытынды сөзі

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6


Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Қайырлы күн», «Қара өлең»

шығармаларын оқыту

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың мәнерлеп оқу,жаттау дағдысын қалыптастыру,өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың ойлау қабілетін,тілдерін дамыту,байланыстырып сөйлеуге,салыстыра талдай білуге,ой ұшқырлығына баулу;



Сабақтың түрі: поэзиялық семинар сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,жатқа оқу т.б

Сабақтың көрнекілігі:, ақын портреті, кітаптар,үнтаспа, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: ән-күй, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген Б.Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа» әңгімесіеің мазмұнын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

1. Мұқағали қашан,қай жерде туған осы тақырыпты қамтитын қандай өлеңдері бар?

Оқушы жауап береді де,осы тақырыпта жазылған ақынның «Менің анкетам», «Қайран Қарасазым-ай», «Қарасаз», «Мен өскен лашық бір бөлме», «Құт мекен», «Туған жерге», «Туған жер сағындырды» т.б өлеңдеріне тоқталады. Үнтаспадан жұлдызды жұптар Рамазан мен Ұлтудың орындауындағы «Қайран Қарасазым-ай» әні тыңдалады.

2. «Қайырлы түн» өлеңі қай тақырыпты қамтиды, айтайын деген ойы қандай?

Оқушы Мұқағалидың балдай тәтті балалық шағының соғыс жылдарына дәл келіп,оның зардабы мен тауқыметінің не екенін біліп өскенін,бұдан кейінгі жылдарда Отанының тыныштықта өмір сүруін,ел аман жұрт тыныш болуын тілеуден туған өлең екенін айтып,өлеңдегі қаратпа сөздердің өлең мазмұнын ашуда ерекше мазмұны бар екенін айтады. Өлеңді 2-3 оқушы жатқа оқиды.

3. «Елім барда» өлеңінің тақырыбы,көркемдігі туралы не айтуға болады?

Бұл өлеңде ақын еліне,жеріне,Отаныфна деген ыстық ықыласын,сүйіспеншілігін жырға қосатынын,көптеген теңеу сөздер мен эпитеттік метафоралар бар екенін айтады.

Мысалы: « Таулар –менің таусылмайтын бақытым.Ал,ырысым—ұланғайыр кең далам». Өлеңнің осы екі жолынан-ақ кең мағынаны аңғаруға болатынын оқушы айтып өтеді. Өлеңді 2-3 оқушы жатқа оқиды.

4. «Анау-аспан,мынау-бақ» өлеңін талдау,Абайдың «Қыс» өлеңімен салыстыру,ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы не айтуға болады?

Екі оқушы өлеңді жатқа оқиды.

Келесі оқушы өлеңдерді талдайды,салыстырады. Екі өлеңдегі ұқсастық-екеуінің де қыс мезгілі туралы,екеуі де кейіптеу,теңеу тәсілімен жазылғандығын,алғашқы өлеңде («Анау-аспан,мынау-бақ») қысты адам кейіпіне кіргізіп,іле-шала оны табиғаттың жарасын емдеп,таңып жатқан дәрігерге балауынан үлкен экологиялық проблема кетеріп отырғандығына тоқталып өтеді.

Ал Абайдың «Қыс» өлеңінің жазылған уақыты 19 –ғасыр. Бұл өлеңнен ақын атамыз өмір сүрген дәуірдегі ата-бабамыздың тұрмысы,малды ауылдың қысқы тіршілігі суреттелетінін,бұрқ-сарқ етіп долданғанына, беті-қолды үсік шалып,қысқа ең төзімді жануар жылқы малының титығы құрығанына қарағанда-қыстың ең бір суық,аязды,қаһарлы кезеңінің бейнеленіп отырғанын айтады.

--Дұрыс айтасыңдар,балалар. Абайдың «Қыс» өлеңі -11 буынды ,кезекті ұйқас үлгісімен жазылған, 8 тармақтан тұратын үш шумақты өлең болса, Мұқағали өлеңі -8 буынды,шалыс ұйқасты,төрт тармақтан тұратын төрт шумақты өлең.

Мұқағали өлеңдерінің тақырыбы сан алуан екеніне көз жеткіздік. «Қара өлең» атты шығармасы тіл өнері,өлең-жыр тақырыбына жазылған шығарма екеніне назар аударайық.

Жалпы ,қазақтың қара өлеңі он бір буынды,бірінші,екінші,төртінші жолдары ұйқасатын,әр жолы төрт буынды сөзге бітетін бір шумақтан тұрады. Екі сөзден құралған «қара өлең» ұғымы бір қарағанда түсінікті сияқты. «Өлең» ұғымы көне қыпшақ тіліндегі «ұла» сөзінен шыққан екен. Бұл сөздердің бір-бірімен ұласуы,үйлесуі,ұйқасуы деген мағына береді. Ал,ол неге қара? Бұл жерде түр,түс туралы айтылып тұрған жоқ. «Қара» -ол әлемнің алғашқы қалпы,ежелгі,байырғы деген ұғымды береді. Демек, «қара өлең» дегеніміз-«ежелгі сөз ұланту». Қара өлең ауыз әдебиетіне жатады.Оның иесі,авторы-халық. Табиғатқа таңдануды,әділетті аңсауды,сұлулыққа сүйсінуді т.б бір шумақ қара өлеңмен сипаттау-халқымыздың қанына сіңген қасиет. (О.Асқар «Қара өлең» жинағы. 4-5 беттер). Өлеңді өзім жатқа оқып,әр жолына талдау жасап,көркемдігіне тоқталып өтемін.

Плакат бетіне жазылған пікірлерге назар аудару.

1. «Егер ертең туған тілім жоғалар болса,мен бүгін өлуге даярмын» Р.Ғамзатов

2. Туған тілім-тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім,мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім,мен де бірге өшемін. Ә.Тәжібаев

Тіл, сөз өнері туралы ,мақал-мәтел,нақыл сөздер айту.



  1. «Тіл өнері-дертпен тең»

  2. Тіл-халықтың жаны.

  3. Ең жақсы тіл-ана тілі (Оқушылар ары қарай жалғастырады).

Өлеңді алдыңғы сабақтарда өткен І.Жансүгіровтің «Анам тілі», М.Жұмабаевтың «Қазақ тілі» өлеңдерімен байланыстыру,салыстыру,пікір,ой тақырып ортақтастығына көңіл аударту.

.

Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау, «Тіл құдіреті»тақырыбында шағын шығарма жазып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6


Сабақтың тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Тұтқын бала»

Сабақтың мақсаты:

а) Шерхан Мұртаза «Қызыл жебе» романындағы «Тұтқын бала» тарауы бойынша бала Тұрардың санасын оятқан түрме сабақтарын жете түсінуі,Тұрар арманы оның орындалған мұраты екенін дәлелдеу;

ә) мәтіннен Тұрардың зеректігін,ойлылығын,ұстамдылығын,сонымен бірге үнемі күдікпен жүретін сақтығын айқындайтын үзінділерді табу,проблемалық сұрақтар арқылы жинақтауды дамыту;

б) романның арқауы-тарихи шындық екнін түсіндіру,кейіпкерлерге жағымды-жағымсыз әсерлері туралы ой айта ,қорыта алу;



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,топтау , т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген М.Мақатаевтың «Қара өлең», «Елім барда» өлеңдерін жатқа сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. М.Мақатаев туралы не білесіңдер?

2. Қандай эстрадалық әндерін білесіңдер?

Қандай поэмалары бар?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ш.Мұртаза 1932 жылы Жамбыл облысы,Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ деген жерде дүниеге келген. Жазушы өзін алғаш «Табылған теңіз» атты (1964) повесімен танытты.



Шығармалары: «1941 жылғы келіншек», «Интернат наны», «Жүрекке әжім түспейді», «Қара маржан» т.б

Драматургиясы: «Сталинге хат», «Бесеудің хаты», «Жалғыз үйлік зілзала», «Домалақ ана», «Есек саудасы». Т.б

«Тұтқын бала» әңгімесінің «Қызыл жебе» романынан үзінді екенін және әңгіменің тарихи шындық екенін түсіндіремін,мазмұнын қысқаша баяндап беремін.



Топпен жұмыс: . «Тұтқын бала» әңгімесі бойынша ондағы кейіпкерлерге мінездеме береді.

Жағымды жағымсыз








Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.


Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: Ш.Мұртазаның «Тұтқын бала» әңгімесін оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6


Сабақтың тақырыбы: Ш.Мұртаза «Бала Тұрар»

Сабақтың мақсаты:

а) Шерхан Мұртаза «Қызыл жебе» романындағы «Тұтқын бала» тарауы бойынша бала Тұрардың санасын оятқан түрме сабақтарын жете түсінуі,Тұрар арманы оның орындалған мұраты екенін дәлелдеу;

ә) мәтіннен Тұрардың зеректігін,ойлылығын,ұстамдылығын,сонымен бірге үнемі күдікпен жүретін сақтығын айқындайтын үзінділерді табу,проблемалық сұрақтар арқылы жинақтауды дамыту;

б) романның арқауы-тарихи шындық екнін түсіндіру,кейіпкерлерге жағымды-жағымсыз әсерлері туралы ой айта ,қорыта алу;


Сабақтың түрі: қорыту,жинақтау сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,топтау , т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар,үнтаспа, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, география

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген Ш.Мұртазаның «Тұтқын бала»әңгімесінің мазмұнын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романы бойынша «Тұтқын бала» әңгімесінен үзінді оқыдық, сол үзіндінің «Бала Тұрар» тарауы бойынша бүгін осы романды,яғни өзіміз оқыған әңгіме тарауы бойынша тоқталамыз.Үйден өздерің басқа тарауларға ат қойып,өз шығармашылық белсенділіктеріңді байқадыңдар.Олай болса,бүгінгі «Бала Тұрар» тарауы.

Тақтадағы сұрақтар.


  1. Тұрардың санасын оятқан түрме сабағы.

  2. Әке мен бала арасындағы сүйіспеншілік.

  3. Диірменде туған тышқанның баласы дүбірден қорықпайды.

  4. Әкені алыс сапарға шығарып салу.

  5. Тұрардың Меркедегі өмірі (картадан)

  6. Тақтаға шыққан Тұрар мен Атамырза: екі әрекет,екі мінез.

  7. «Әке көрген оқ жонар».

  8. Тұрардың өсу жолдары.

«Бала Тұрарға» мінездеме

Бала Тұрар –аңғал,қиялшыл,жасқаншақ,сенгіш,әкесін жақсы көреді,өмір әділетсіздігін сезеді,бірақ күресуге дәрмені жоқ..

Өздеріне дәптеріне мінездеме жазғызу.

Приходько мырзаға арыз,оның орындалуы.

Тұрар түрмеге келген күні Рысқұлдың «Түрмеде тұңғыш рет тастай қатып,судай сіңіп,бір рахат ұйқыға кетуі».Рысқұлдың түрменің ұзақ түндерінде баласын ұйқыдан қысып отырып айтқан сырлары зая кетпеуі,Тұрардың 20 жылдан кейін әлдебір жазушымен дос болып,өз әкесі басынан өткен шытырман шындықты оған арман ағысындай етіп айтып берер. Содан барып «Қараш-Қараш» туар.

-Қанаты қатаймаған балапаным,қара дауылға қарсы ұша алармысың сен?

Жүдеме! Жаралының жан серігі-жасымау. Жасыма! Ұқтың ба,Тұрар! деуі.

«Диірменде қорықпайтын тышқан баласымын» деп неліктен Тұрар өзін теңеді. Ондағы айтпақ ойы, оған Иван Владимировичтің берген жауабы. Сен «Қызыл жебесің,бауырым!» деуі нені білдіреді.

Шынымен қазақ дедіңіз бе? Қазақ та мен сияқты өзінің шын атынан айырылып жүрген жоқ па?



Әкені алыс сапарға шығарып салу.

1906 жылы маусым айының тамылжыған таңында Рысқұл камерасының құлпы соңғы рет сылдырлады. Ол соңғы рет айқұш-ұйқұш сом темірлі терезеге қарады. Баласын бауырына қысып жатты. Жалғыз жәдігерін қалталы қасқыр сияқты кеудесіне жасырып,алыс сапарға өзімен бірге ала кетер еді,оған айла жоқ.. Бронников және саяси тұтқындар белгісі.

Арба дөңгелегі қозғала бергенде,Тұрар әкесінен айырылғанын шын сезінуі,үстіне біреу май құйып жібергендей,от қойып жібергендей тұла бойы лап етіп:

-Көке! Деуі.

Тұрардың саусағы ілінген белбеудің шуда жібі сетінеп,бір талшығы баланың уысында қалып,ыдырай беруі.

Тұрардың Меркедегі өмірі. Қырғызбаев болып мектепке баруы.

Аспара,Қызыл жебе, Көке сөздерінің мағынасына тоқтала кету.

Тақтаға шыққан Тұрар мен Атамырза.

Тергеуші Семашко мырзаға Тұрардың ұнауы,Тұрардың Семашко мырзаға әрі тілмаш,әрі писарь болуы.

Жаманшылық күткен балаға жақсылық шіркін бұрқ етті. (мінездеме)

Иван Владимирович хатын оқуы,Рысқұлов атына куәлікті толтыруы,оған ұстазы берген бағасы. Аспара,Қызыл жебесінің ,бауырым! Деуі. Куәлікпен оралуы.



«Әке көрген оқ жонар» демекші.Бала бойындағы жақсы қасиет отбасынан басталады. Кейін ол қасиеттер қоғам қайраткерлігіне дейін өсті. Бала кездегі салт-дәстүр,әдет-ғұрыптың сақталуы,оны құрметтеу.

Тұрардың өсу жолдары

Туған халқының жер бетінен жойылып кетпеуі үшін,бел буып саяси өмірге араласуы.Халқы үшін адал туған ұл бүкіл ғұмырын ұлт қамқоры болуға арнады.


қиялшыл аңғал қайраткер
жасқаншақ «Қызыл жебе»

сенгшіш Азаттық үшін күрескер


ұстамды әкесін жақсы көреді халық қамқоршысы


Каталог: uploads -> doc -> 0587
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0587 -> Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Мукатаева Гүлмира Шәріпқызы Сабақтың атауы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет