Сабақтың тақырыбы : Асыл сөз Сабақтың мақсаты



бет2/6
Дата13.12.2016
өлшемі1,2 Mb.
#3752
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Үйге тапсырма: Отыз бірінші қара сөзін оқып келуге бер

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6



Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы

«Әсемпаз болма әрнеге»

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын,мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,топтау ,баяндау т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, суреттер, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих,қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген Абайдың отыз бірінші қара сөзін сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Абайдың әжесінің аты кім?

2. Семейде қандай медреседе оқыды?

3. Табиғат лирикасына арналған қандай өлеңдерін білесіңдер?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Әсемпаз болма әрнеге өлеңде ақын жастарды өнер білімге шақыра отырып,оларды адамгершілік,асыл мінездерге үндейді.

Топпен жұмыс: .1. Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та ,бар қалан.

Өлеңдегі пайда,мақтан,мінін ұрлап,жасыру тәрізді сөздердің мән мағынасына көңіл бөліңдер,олардың синонимдерін анықтаңдар.

  1. Осы өлеңнен ақынның нақылға,қанатты сөздерге айналып кеткен өлең жолдарын табыңдар.

Дәптермен жұмыс: Сөздікті дәптерлеріне жазады.

Шапқат -- мейірім,жәрдем

Ез (езбе) -- мезі етуші,мыжыма

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. «Бастапқы екеу соңғысыз біте қалса қазаққа» дегенде,ақын нені меңзеп отыр деп ойлайсыңдар? Т.б

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін жаттап,бес асыл іс туралы ой толғау жазып келу

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6



Сабақтың тақырыбы: Өлең туралы

Сабақтың мақсаты:

а) Өлең мазмұнын меңгере отырып автор шеберлігін тануына көмектесу,өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету;

ә) шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетінің дамуына,тіл байлығының артуына ықпал жасау;

б) өз бетінше зерттеу,талдау жұмыстарына машықтанып,түйінді ой, өзіндік пікір қалыптатыруына жол ашу;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,талдау т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих,ән-күй

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілгенАбайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін жатқа сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. 1 Абайдың неше күйі бар?

2.Оқу-білімге шақырған қандай өлеңдерін білесіңдер?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Өлең -арнайы шумақ,тармақ,ұйқас,буын,бунақ қалпын сақтаған,кейіпкер көңіл-күйіне неғұрлым терең үңілетін поэзиялық жанр түрі. Өлең сөздегі сөйлем өрнектері,ойды беру тәсілдерімен,көркемдеу құралдарын қолдануымен ерекшеленеді. Өлеңдер шумақтан,шумақ тармақтан,тармақ бунақтан, бунақ буындардан тұрады.

Топпен жұмыс: . Өлең шумақтарын құрылысына қарай талдайды.

4 3 4

Өлең сөздің // –патшасы,//сөз-сарасы, 1 шумақ

Қиынынан// қиыстырар// ер данасы 4 тармақ

Тілге жеңіл //жүрекке// жылы тиіп 12 бунақ

Теп-тегіс// жұмыр келсін //айналасы. 11 буынды
Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Кез-келген ақын-жазушылардың өлең шумақтарын құрылысына қарай талдап келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6



Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы

« Жолама қулар маңайға»

Сабақтың мақсаты: а) Шәкәрімнің өмірінен өзінің «Мұтылғанның өмірі атты» ғұмырнамалық дастанынан үзінділер оқыту арқылы таныту;

ә) әдебиеттің әр жанрында жазған шығармаларынан үзінділер оқытып,оны баяндай білу қабілеттерін дамыту;

б) Ұлтымыздың ұлыларының еліне еткен еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтау ,баяндау т.б

Сабақтың көрнекілігі:, Шәкәрімнің суреті ,үнтаспа, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, ән-күй

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге өлең шумақтарын құрылысына қарай талдап келуге берілген соны тексеріп, «Абай кім?» танымдық сызбаны толтырады.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Абай, Сұлтанмахмұт, Сәкен,Ілиястар сияқты Шәкәрім де қазақ поэзиясының өркендеуіне үлес қосты.XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы прозаның дамуына Шәкәрімнің прозалық туындылары «Түрік,қазақ,қырғыз һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шартты трактаттары», «Бәйшешек бақшасы» әңгімелер топтамасы бар.

Шәкәрім өлең-жырларын ұшқырлай түсу үшін олардың көбіне ән жазған.

Дәптермен жұмыс: Дәптерлеріне Шәкәрімнің өлеңдерін аудармаларын,поэмаларын жазады.

Білімді бекіту: Жоғарыда оқылған үзінділерден ой қорыту. Оқушы Шәкәрімнің шығармашылығының қандай түрлерін біліп шықты.

Мысалшы ақын нақыл сөзші

аудармашысазгер

дастан жазған
Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: «Жолама қулар маңайға» өлеңін жаттап келу

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6



Сабақтың тақырыбы: «Адамдық борышың»

Сабақтың мақсаты:

а) Шәкәрім өлеңдері туралы түсінік бере отырып,ерлікке,адамгершілікке баулу;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,топтау , т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар,үнтаспа, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген Шәкәрімнің «Жолама қулар маңайға» өлеңін жатқа сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Шәкәрімнің қандай поэмаларын білесіңдер?

2. Кімдердің шығармаларын аударған?

3. Қандай әндерін білесіңдер?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Шәкәрім өлеңдерінің тақырыбы,көркемдік мазмұны сан қилы. Абай өнерінен үлгі алған ақын өлеңдерінен шығыс,батыс әдебиетінің өрнектерін көреміз.

Шәкәрім өлеңдерінң келесі бір саласы адамдық,азаматтық тақырыпта жазылған Бұл шығармалары өзіндік таза Шәкәрімге ғана тән стильмен ерекшеленеді.

Топпен жұмыс: . хронологиялық таблицаны толтырады.

1858 жылы дүниеге келеді

1905-1906 жылдары Меккеге қажылыққа барады.

1908 жылы елден жырақта тастақта тұрады

1931 жылы қайтыс болады

Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

1 Шәкәрімнің қоғам қайраткері жөнінде не білесің?

2. Шәкәрім өзіне кімді үлгі тұтқан?
Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Шәкәрімнің «Адамдық борышың» атты өлеңін мәнерлеп оқып, адамгершілік туралы мақал жазып келу

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы:



Сабақтың тақырыбы: Сыныптан тыс оқу

Сабақтың мақсаты:

а) Өтілген сабақтар бойынша оқушылардың білімін тексекру;

ә) шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетінің дамуына,тіл байлығының артуына ықпал жасау;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ұжымдық талдау т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?

2. «Батырлар жыры» қай әдебиетке жатады?

3. А.Құнанбаевтың қандай әндерін білесіңдер?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Қазақ әдебиеті екіге бөлінеді: біріншісі—ауыз әдебиеті,екіншісі –жазба әдебиеті. Ауыз биеті мен жазба әдебиетінің айырмашылығын түсіндіремін.

Тақтамен жұмыс: .Тақтаға кез-келген ақынның бір шумақ өлеңін жазып, құрылысына қарай талдайды.

4 3 4

Мен жазбаймын //өлеңді// ермек үшін,

Жоқ-барды, // ертегіні // термек үшін.

Көкірегі сезімді, // тілі орамды

Жаздым үлгі// жастарға // бермек үшін
1 шумақ, 4 тармақ, 11 бунақ, 11 буынды.

Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Қайталау. Кез-келген көркем шығарманы оқып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы

»Анама хат»,«Қара бұлт»

Сабақтың мақсаты: :

Ахмет Байтұрсынұлның

»Анама хат»,«Қара бұлт» өлкңдерінің мазмұнын ашу оқушылардың ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

ә) оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіре отырып,логикалық ойын дамыту,оқу материалына сын көзімен қарап,жолдастық көмекке қашанда әзір болу қасиетіне,ұлттық дәстүрді қастерлеуге үйрету;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар,үнтаспа, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген кез-келген ақын-жазушының шығармаларын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Не үшін біз кейіпкерлерді жағымды және жағымсыз деп екіге бөлеміз?

2. Жағымсыз кейіпкерлерді қалай ажыратамыз?

б) Жаңа сабақ: : А.Байтұрсынов»Анама хат»

«Қара бұлт»
Ахмет Байтұрсынов ағартушылық-деомократтық бағыттағы ақын әрі ғалым тілші,әдебиет зерттеушісі түрколог ақын аудармашы. Ол қазіргі Қостанай облысы Торғай атырабындағы Сарытүбек деген жерде 1873 жылы дүниеге келген.

кітапен жұмыс: .Кітаптан Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

Топпен жұмыс: семантикалық картаны толтырады.

өлеңдері

мысалдары

аудармалары

Ғылыми еңбектері

Мақалалары
















Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

1 Ақын қара бұлт арқылы өмірдегі қандай адамдарды бейнелеген?

2. Тау сөзімен адамдардың қандай қасиетін көрсетпек болған?

3. Қара бұлттың мақтаншақтығы мен қайырымсыздығын көрген тау қалай тебіренеді?
Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: А. Байтұрсыновтың «Қара бұлт» өлеңі

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6



Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыров

«Шығамын тірі болсам адам болып» Сабақтың мақсаты:

а) С. Торайғыров шығармашылығынан жалпы мәлімет бере отырып, өлеңнің тақырыбын,негізгі идеясын ашу;

ә) оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

б) оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру,өз ойын ашық айтуға,ізденуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,топтау , ізденушілікт.б

Сабақтың көрнекілігі:,кітаптар,тірек сызбала , дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, ән-күй

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген А. Байтұрсыновтың «Қара бұлт» өлеңін жатқа сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

С. Торайғыров-қазақ халқының 20 ғасыр басындағы аса көрнекті ақыны. Ол халық көзін ашуды арман етті. Шығармаларында қазақ аулындағы жағымсыз көріністерді әшкерелеп,халықты өнер-білімге,мәдениетке шақырды.

«Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңін ақын өзінің ұстазы Нұрғалиға арнаған екен. Өлең 1913 жылы жазылған, 1922 жылы «Адасқан өмір» кітабында жарияланады. Лирикалық кейіпкер арқылы ақын сол дәуірдегі ұрпақтың мұрат мақсатын жырға қосады.

Топпен жұмыс: .Оқушылар әр топта өздеріне берілген шумақты талдайды.

1-топ. Ақын нені жаман нені жақсы деп есептейді?

2- топ. Ақын аурмаған кездерін қандай күйге теңейді? Ақынның жас кезіндегі арманы мақсатын меңзеген жолды оқыңдар

3- топ. Өлеңнің негізгі идеясы қандай?

Сөздікпен жұмыс:.тірі болсам-өлмесем;жиһан кезіп-өмір;көрде-молада; надандық-білімсіздік; жарық күнде сәуле қуған-білім іздеген; серт-уәде.

Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Ақын нені армандаған?

  2. Ақын өлеңде өзіне қандай мақсат қояды?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттау. Өлең мазмұнына сүйене отырып «Ақынның арманы-білімді ұрпақ» тақырыбында ойтолғау жазу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6



Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев

« Мен кім?»

Сабақтың мақсаты:

а) Мағжан Жұмабаевтың «Мен кім?» өлеңінің негізгі идеясын таныту;

ә) оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

б) өршіл де өжет,жігерлі болуды талап ету,үйрету;

Сабақтың түрі: жаңа оқу материалын меңгерту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,топтау , салыстырут.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, деңгейлік тапсырмалар жазылған жайма қағаз т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңін жатқа сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Қазақ әдебиетінің 20 ғасыр басындағы жарқын жұлдыздарының бірі—Мағжан Жұмабаев.

Мағжан Жұмабаев кім,қандай ақын? Осы сұрақтың жауабын,яғни ақынның кім екенін,ақындық қуаты қандай екенін «Мен кім?» деген өлеңінен іздеп көрейік.

Өлеңді мәнерлеп оқып, ауызша талдау.

Топпен жұмыс: . «Баяндаушы топ» Ақын өзін нелерге теңейді?

Жалын жолбарыс бұлт





Тұлпар арыстан

теңіз күн жел
« Суреттеуші топ» Ақын өзін неге осы нәрселерге теңеді? Ол сөздер қандай қасиеттерді бейнелейтіндігін айтыңдар.

Арыстан: азулы аң,аң патшасы.Жолбарыс: бұл да мықты.Бұлт: түйіліп тұрады,жаңбыр әкеледі. Күн: жер бетіне шуақ әкеледі. Теңіз: буырқанады,толқиды,тасады. Жалын: от,өртеп жібереді.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Венн диаграммасы бойынша «Мен кім?» өлеңін Сұлтанмахмұттың «Шығамын тірі болсам,адам болып» өлеңімен салыстырады.

Білімді бағалау:Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: «Ер жігітке тән қасиеттер..» деген сөйлемді жалғастырып,толықтырып,өлеңді жаттап келу

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Сәбит Дөнентаев «Бозторғай»

Сабақтың мақсаты:

а) С. Дөнентаев в шығармашылығынан жалпы мәлімет бере отырып, «Бозторғай»

өлеңнің тақырыбын,негізгі идеясын ашу;

ә) оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін

дамыта отырып тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

б) оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру,өз ойын ашық айтуға,ізденуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,топтау , ізденушілікт.б

Сабақтың көрнекілігі:,кітаптар,тірек сызбала , дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, ән-күй

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген Мен кім өлеңін жатқа сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақ: : Сәбит Дөнентаев «Бозторғай»
«Сəбит Дөнентаев. «Заман кімдікі?», «Бозторғай», «Ой»

фельетондары» С.Дөнентаевтың өмірі мен жазушылық қызметі (өткен

сыныпта оқылған деректерді толықтыру). Өлеңдерінің тақырыбы мен идеясы.

Ақын шығармаларындағы аллегория жəне астарлау. С.Дөнентаев шағын

сюжетті өлеңнің шебері, көсемсөз шебері. Əдебиет теориясы: аллегория, сатиратуралы ұғымдарды кеңейту. Пəнаралық

байланыс: тарих, қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Дөнентаевтың мысал

С. Дөнентаев-қазақ халқының 20 ғасыр басындағы аса көрнекті ақыны. Ол халық көзін ашуды арман етті. Шығармаларында қазақ аулындағы жағымсыз көріністерді әшкерелеп,халықты өнер-білімге,мәдениетке шақырды.

Лирикалық кейіпкер арқылы ақын сол дәуірдегі ұрпақтың мұрат мақсатын жырға қосады.

Топпен жұмыс: .Оқушылар әр топта өздеріне берілген шумақты талдайды.

1-топ. Ақын нені жаман нені жақсы деп есептейді?

2- топ. Ақынның арманы мақсатын меңзеген жолды оқыңдар

3- топ. Өлеңнің негізгі идеясы қандай?

Сөздікпен жұмыс Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Ақын нені армандаған?

2. Ақын өлеңде өзіне қандай мақсат қояды?

Сәбит Дөнентаев «Бозторғай»

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6



Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Далада»

Сабақтың мақсаты:

а) ақынның өмірінен мәлімет беру Өлең арқылы жаңа өмірден жақсылық күткен ақын бейнесін ашу;

ә) Өлеңдегі негізгі ойды түсіне білуге,ой қорытуға,бейнелі сөздерді таба білу дағдыларын дамыту;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,топтау , ой толғау т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар,суреттер, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген Мағжан Жұмабаевтың «Мен кім?» өлеңін жатқа сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. «Мен кім?» өлеңіндегі сұраулы сөйлем оралымдары әдебиет теориясында қалай аталады?

2. «Мен кім?» өлеңінен эпитеттерді тауып бер.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Бүгін біз ақын Сәкеннің 1922 жылы жарық көрген «Асау тұлпар» кітабының алғашқы бетіне арнау түрінде жазылған «Далада» өлеңімен танысамыз.

1. Асау тұлпар мен кең дала дуэті 2. Асау тұлпар арыны

3. Асауға мінген ақын 4. Ақын салған ән 5. Ақынның әніне қосылған табиғат

Бұдан біз Сәкеннің поэзия тілімен салған суретін көз алдымызға елестетеміз. Алты жасар асау тұлпар мен кең дала дуэті,табиғат көрінісі.Сол далада арындап шапқан асау тұлпар арыны,асауға мінген ақын сипаты.Ақынның кеудесін мақтаныш сезімі кернеп,кең дала төсінде салған әннің құдіретіне бүкіл табиғат қосылып үндесуі. Ең соңында автордың ел болашағы—жастарға тапсырған аманаты.Міне,ақынды толғандырған,өлеңіне арқау болған мәселелер осылар.

Кітаппен жұмыс: .Өлеңді оқушыларға оқыту. Өлеңнен теңеулерді,риторикалық сұраулы сөйлемдерді тапқызу.

Теңеу: риторикалық сұраулы сөйлем:

-Танаулары шелектей, Өрге қарай орғыса,

Ырсылдап демі көріктей, Өр не қылмақ асауға?

Көздері оттай өріктей Желге қарай орғыса,

Жел не қылмақ асауға?

Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Сәкеннің «Далада» өлеңін мәнерлеп оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6



Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлин

«Даудың басы -Дайрабайдың көк сиыры»

Сабақтың мақсаты:

а) Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып ерлікке, адамгершілікке баулу;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,іздендіру т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген С.Сейфуллиннің «Далада» өлеңін мәнерлеп оқытып,мазмұнын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Асау тұлпардың шабысын қалай суреттейді?

2. Көз алдарыңа кең даланы жасыл жайлауды,елестете отырып,қандай әсер алуға болады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Бейімбет Майлин 1894 жылы қазіргі Қостанай облысының Тараз ауданында дүниеге келген. Ауыл медресесінен сауатын ашқан ол сол кезеңдегі белгілі оқу орындары болып саналатын Троицк қаласындағы «Ғалия» медресесінен кейін Уфа қаласындағы «Уәзифа» медресесінен білім алған.

«Даудың басы-Дайрабайдың көк сиыры» әңгімесінің мазмұнын түсіндіріп беремін.

кітаппен жұмыс: .Оқушыларға әңгімені мәнерлеп оқытып, сол бойынша сұрақтар қоямын.

Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

1.XX ғасырдың басында қазақ тұрмысына енген жаңалықтар және ескі мен жаңаның арасындағы үйлесімсіздіктер әңгімеде кімдердің істері мен сөздері арқылы суреттелген?

2. Дайрабай сөзі көптің көңілінен шығып, Айсары әрекетінің келемеж-мазаққа айналуы неліктен?

3. Жазушының қандай әңгімелерін оқығансың?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Бейімбет Майлиннің «Даудың басы-Дайрабайдың көк сиыры» әңгімесіноқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6



Сабақтың тақырыбы: Б.Майлиннің «Даудың басы-Дайрабайдың

көк сиыры» әңгімесінің тақырыбы мен кейіпкерлері.

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

ә) оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіре отырып,логикалық ойын дамыту,оқу материалына сын көзімен қарап,жолдастық көмекке қашанда әзір болу қасиетіне,ұлттық дәстүрді қастерлеуге үйрету;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,топтау , т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген Бейімбет Майлиннің «Даудың басы-Дайрабайдың көк сиыры» әңгімесінің мазмұнын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Қандай поэмаларын білесіңдер?

2. Дайрабай сөзі көптің көңілінен шығып, Айсары әрекетінің келемеж-мазаққа айналуы неліктен

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Б.Майлин әңгімелерінің тақырыбы –ауыл өмірі. 20 –ғасырдың бас кезіндегі аласапыран заманды қазақтың қабылдауы,түсінуі халыққа жат әдет-ғұрыпты күшпен таңу,оның нәтижесі жазушының әңгімелерінде нақты суреттелген.

Б.Майлин әңгімелері сол тұстағы аумалы-төкпелі кезеңнің жаманы мен жақсысын,пайдасы мен залалын дәл тауып көрсете білуімен құнды.Жазушының сондай әңгімелерінің бірі «Даудың басы-Дайрабайдың көк сиыры» .

Шығармашылық жұмыс: Әңгімедегі кейіпкерлерге мінездеме береді.
Жағымды жағымсыз







Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Әңгімедегі жағымды кейіпкерлерге мінездеме жазу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6



Сабақтың тақырыбы: І. Жансүгірұлы «Ана тілім» «Домбыра »

Сабақтың мақсаты:

а) І.Жансүгіров шығармашылығынан жалпы мәлімет бере отырып, өлеңнің тақырыбын,негізгі идеясын ашу;

ә) оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

б) оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру,өз ойын ашық айтуға,ізденуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген Бейімбет Майлиннің «Даудың басы-Дайрабайдың көк сиыры» әңгімесіндегі кейіпкерлерге мінездеме жазып келгнін тексеремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Б.Майлин өлеңдерінде,әңгімелерінде сол кездегі ауыл тұрмысы қалай суреттелген?

2. Жазушының қандай романын білесіңдер?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

І.Жансүгіров 1894 жылы Талдықорғанның Ақсу ауданында туған. Анасынан ерте қалған Ілиясқа ескіше хат танитын,көзі ашық,көкірегі ояу әкесі Жансүгір ескі әңгіме,аңыз-ертегі,жырларды жасынан құлағына құйып өсіреді.

Ақынның 1915-1916 жылдары алғашқы өлеңдерінде қоғамдық,саяси теңсіздікті көрсету,оқу-ағарту,білім ге шақыру,өнерге,еңбекке үндеу мәселелері жазылған.

«Ана тілім» өлеңін мәнерлеп оқып,тақырыбы мен идеясын ашып беремін.

кітаппен жұмыс: . Кітаптан Ілиястың «Ана тілім» өлеңін мәнерлеп,нақышына келтіре оқиды.

Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Ана тілі туралы не айтқан?

  2. Қазіргі тіл мәселесіне қалай қарайсыңдар?

  3. «Үш тұғырлы тіл» дегенге келісесіңдер ме?


Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: І Жансүгіровтың «Ана тілім» өлеңін жаттап келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6



Каталог: uploads -> doc -> 0587
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0587 -> Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Мукатаева Гүлмира Шәріпқызы Сабақтың атауы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет