Сабақтың тақырыбы : Асыл сөз Сабақтың мақсаты



бет1/6
Дата13.12.2016
өлшемі1,2 Mb.
#3752
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Асыл сөз

Сабақтың мақсаты:

а) көркем шығарманың мазмұнын меңгерту,шығарманы оқып-үйретудің әдіс тәсілдерін дұрыс қолданып,талдай білуге баулу;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Демалыста оқыған шығармаларын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

«Әдебиет» сөзі араб тілінен аударғанда «асыл сөз» дегенді білдіреді.Барлық жұрттың әдебиеті сияқты қазақ әдебиеті де екіге бөлінеді.: бірншісі –ауыз әдебиеті,екіншісі—жазба әдебиеті. Ауыз әдебиеті –елдің жазу өнерін білмей жүрген кезінде шыққан сөз өнері.Жазу өнері болмаған соң,елдің тарихы,өмірі,тұрмысы,салты, туған жері,өнері,арманы,әдемі,мәнді әңгімелермен айтылған. Ауыз әдебиетінің сөздерін шығарушылардың аты-жөндері бізге белгісіз.Олар басында ауызша шығарылған және бір ауыздан екінші ауызға көшіп ,ауызша айтылумен сақталған. Ал жазба әдебиетінің авторлары бар.



Топпен жұмыс: .Ауыз әдебиетінің түрлерін топтастыру.

Тұрмыс-салт жырлары мақалдар жұмбақтар



ертегілер

аңыз әңгімелер мәтелдер

шешендік сөздер айтыстар



Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.


Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: Ауыз әдебиеті және оның түрлері туралы оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6


Сабақтың тақырыбы: Батырлар жыры

Сабақтың мақсаты:

а) батырлар жыры туралы түсінігін кеңейту,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау;

ә) білімдік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау т.б

Сабақтың көрнекілігі: «Батырлар жыры» кітабы, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

1. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?

2.Ауыз әдебиетінің қандай салаларын білесіңдер?

3.Тұрмыс-салт жыры дегеніміз не?


б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Батырлар жыры -- ауыз әдебиетінің қомақты да асыл мұрасы. Оларда елін сыртқы жаулардан қорғау,елінің,халқының тәуелсіздігін сақтау мұраты басым. Қазақтың батырлар жырларында тарихи оқиғалардың ізі жатыр.Батырлар елінсүйген,ата мекенін,намысын қорғау,елдігін сақтау үшін ата жауына қарсы жан қияр ерлікке барған,көзсіз батырлық,ерлік көрсеткен.

Ең алдымен оның басты қаһарманы –батыр. Батырлар жырының барлығында ол әдеттен тыс жағдайда дүниеге келеді. Бір балаға зар болған ата-анасы оны тәңіріден тілеп алады. Ғайыптан туған ол жастайынан алып күштің иесі және тез ер жетеді. Алғашқы ерлігін өзіне жар таңдау сапарында көрсетеді.
Кітаппен жұмыс: Кітаптан батырлар жыры туралы түсінікті оқу,ойларын жеткізу.
Білімді бекіту:

1. Батырлар жыры әдебиеттің қай түріне жатады?

2. Қандай батырларды білесіңдер?

3. Батырлар жырының лиро -эпостық жырдан айырмашылықтары қандай?

4. «Ер Тарғын» жырын оқығансыңдар ма?
Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: Батырлар жырын оқып , кез-келген батырдың суретін салып келуге беремін.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Қобылынды батыр

Сабақтың мақсаты:

а) батырлар жыры туралы түсінігін кеңейту,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау;

ә)оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту,мағынаны танып білуге,ажыратуға,ой толғауға дағдылындыру;

б) Елін, жерін,Отанын сүюге баулу;



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау т.б

Сабақтың көрнекілігі: «Батырлар жыры» кітабы, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген батырлар жырын сұраймын. Оқушылырға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Батырлар жыры әдебиеттің қай түріне жатады?

2. Қандай батырларды білесіңдер?

3. Батырлар жырының эпостық жырдан айырмашылықтары қандай?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ертеде Тоқтарбай деген кісінің байлығында есеп жоқ болыпты. Сексенге келгенше бір бала көрмей қайғыменен қан жұтыпты. Әулиелерді аралап жүріп оның тілегі қабыл болыпты. Аналық бәйбішесі бір ұл және бір қыз босаныпты. Ұлдың атын Қобыланды, қыздың атын Қарлағаш қойыпты.

Мазмұндау жоспары.


  1. Естемістің Қобыландыны баулуы.

  2. Қобыландының Көктім Аймақ еліне аттануы.

  3. Қырық бес кез Қызыл ермен күресуі.

  4. Қобыландының қалмақтардан елін,жерін аман алып қалуы.

Кітаппен жұмыс: Тайбурылдың шабысы суреттелетін тұстарды мәнерлеп оқу,сөз айшықтарына көңіл бөлу.

Венн диаграммасы: Қобыланды мен Қараманға салыстырмалы мінездеме береді.

Қобыланды Қараман



Білімді бекіту: 1. Қобыландының ерлік істері мен адамгершілік қасиеттері жырда қалай бейнеленген?

2. Құртқаның ақыл-парасаты мен адамгершілік қасиеттері қандай оқиғалардан көрінеді? Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.



Үйге тапсырма: «Қобыланды батыр» жырын оқып,мазмұндап келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6


Сабақтың тақырыбы: Қобыланды батыр жырының композициялық

құрылысы

Сабақтың мақсаты:

а) Қобылынды батыр жырынан мәлімет бере отырып,ерлікке,адамгершілікке баулу;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,топтау ,баяндау т.б

Сабақтың көрнекілігі: «Батырлар жыры» кітабы, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген «Қобыланды батыр» жырының мазмұнын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Қобылынды батырдың ерлігін қандай іс-әрекеттерімен байқадыңдар?

2. Қобыландының мінген тұлпарының аты не?

Батырдың сүйген жары кім?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Қобылынды батыр—жауынгерлік этикасын,азаматтық—адамгершілік ережесін,халық дәстүрлері мен салттарын берік ұстанған адам. Әйел мен балаға,әке-шешесіне,әлсіздерге де көмегі әзір.

Дұшпаннан рахым күтпейді,аянышын алғысы келмейді. Дұшпаннан дұшпандық қана күту керек,дұшпандарға қайратпен ғана жауап қайыру керек.
Топпен жұмыс: 1- топ: Эпостағы кейіпкерлердің жеке көңіл-күйлерін,сезімдерін білдіру.

2-топ: Эпостағы теріс салдарды және проблемаларды бөліп қарастыру.

3-топ: Эпостағы барлық оң атауларды жинақтау.
Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Батырлар жыры әдебиеттің қай түріне жатады?

2. Қандай батырларды білесіңдер?

3. Батырлар жырының эпостық жырдан айырмашылықтары қандай?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Қобыланды батыр жырын құрылысына қарай талдап келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6


Сабақтың тақырыбы: Қобыланды батыр жырының

кейіпкерлері

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіре отырып,логикалық ойын дамыту, оқу материалына сын көзімен қарап,жолдастық көмекке қашанда әзір болу қасиетіне үйрету;

ә) сымбатты ,шымыр туған жердің табиғатын сүйе білетін,оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, венн диограммасы т.б

Сабақтың көрнекілігі: «Батырлар жыры» кітабы, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген «Қобыланды батыр» жырын құрылысына қарай талдап келуге берілген соны сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Батырға лайық махаббат сезімі де бар.Құртқа қызды сағынып Алшағыр қаласының сыртында кездеседі.

Сейілдің ұлы Қараман батыр екеуінің арасында нағыз достық сезімі бар.

Аяқталмаған сөйлем тренингі «Мен ...»

1 Мен Қобылынды батырдың өмірде тарихи шындыққа айналғанына ризамын.

2. Мен Қобылынды батырдың еліне көп көмегі тигенін білдім.

3. Мен Қобылынды батырдың ақыл мен қайратты тоғыстыра білгенін ұнатамын.

Білімді бекіту: Венн диаграммасы арқылы жырдағы жағымды,жағымсыз кейіпкерлерге мінездеме береді.

Жағымды ұқсастығы жағымсыз










Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Қобыланды жырындағы кейіпкерлерге мінездеме беріп келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6



Сабақтың тақырыбы: «Алпамыс батыр» жыры

Сабақтың мақсаты:

а) батырлар жыры туралы түсініктерін кеңейту,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздендіру т.б

Сабақтың көрнекілігі: «Батырлар жыры» кітабы, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге «Қобыланды батыр» жырының кейіпкерлеріне мінездеме беріп келуге берілген соны тексеремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Қобылынды батырдың ерлігін қандай іс-әрекеттерімен байқадыңдар?

2. Жағымды кейіпкерлерге кімді жатқызасыңдар?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

«Алпамыс батыр» жырының мазмұнын түсіндіремін.

1.Байбөрінің баласыз жүруі. 2. Ұлтанды асырап алуы.

3. Ұлтанның бұларға зорлық-зомбылық көрсетуі

4. Аналықтың зар жылауы. 5. Әулие-әмбиелерден бала сұрауы.

6. Алпамыс пен Қарлығаштың дүниегше келуі

Кітаппен жұмыс: Кітаптан жырды мәнерлеп,нақышына келтіре оқытқызып, түсінгендерін сұрап отырымын.

Екеуара жұмыс: Екі оқушыны тақтаға шығарып,Алпамыс пен Гүлбаршынның диалогін кезек оқытқызамын.
Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Не себепті Ұлтанды бала етіп асырап алды?

  2. Алпамыс қандай кедергілерге ұшырады?

  3. Кейқуат қандай көмек көрсетеді?


Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Алпамыс батыр» жырын оқып,мазмұндап келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6



Сабақтың тақырыбы: «Алпамыс батыр» жырының құрылысы

Сабақтың мақсаты:

а) Алпамыс батыр жырынан мәлімет бере отырып,ерлікке,адамгершілікке баулу;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, баяндау т.б

Сабақтың көрнекілігі: «Батырлар жыры» кітабы, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген «Алпамыс батыр» жырының мазмұнын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Алпамыстың туған жерінің аты қандай?

2. Алпамыстың руы не?

3. Байбөрі біздің ауданымыздағы қандай әулиеге келген?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Алпамыс жырын құрылысына қарай талдатамын.

1. Басталуы: Байбөрінің Ұлтанды асырап алуы

2. Дамуы: Алпамыстың дүниеге келуі.

3. Шиеленісуі:

4. Шарықтау шегі:

5. Шешімі:

Кітаппен жұмыс: «Алпамыс батыр» жырын құрылысына бөлген бөлімдерін мәнерлеп оқытқызамын.
. Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. «Алпамыс батыр» жыры қазақ әдебиетінің қай түріне жатады?

  2. Батырлар жыры дегеніміз не?

  3. Алпамыс жоқта Байбөрінің жылқыларын кім айдап әкетті?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Алпамыс батыр» жырындағы теңеулерді тауып келу

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6



Сабақтың тақырыбы: «Алпамыс батыр» жырындағы кейіпкерлер

Сабақтың мақсаты:

а) батырлар жырын тереңдете оқып үйрету.Жырдың мазмұнын меңгерту.Көркемдік ерекшелігін ашу;

ә) логикалық ойлау қабілеттерін,өмірге деген көзқарасын дамыту.Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау;

б) мәнерлеп оқу,көркем мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,топтау ,баяндау т.б

Сабақтың көрнекілігі: «Батырлар жыры» кітабы, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген «Алпамыс батыр» жырының мазмұнын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. «Алпамыс батыр» жырын не себепті эпостық жырға жатқызамыз?

  2. Алпамысқа көмектескен тұлпардың аты не? т.б



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

« Алпамыс батыр» жырындағы басты кейіпкерлерге мінездеме беру.

Жағымды кейіпкерлер: Алпамыс, Гүлбаршын, Байбөрі, Аналық, Кейқуат

Жағымсыз кейіпкерлер: Ұлтан, Мыстан кемпір

Кітаппен жұмыс: Гүлбаршын мен Алпамыстың кездескен жерін кітаптан оқиды.

Венн диаграммасы Ұлтан мен Алпамысқа салыстырмалы түрде мінездеме береді.
Айырмашылығы ұқсастығы айырмашылығы










Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Алпамыс жырда қалай бейнеленген?

  2. Ұлтанды Алпамыс қалай өлтіреді?

  3. Ұлтан Байбөріге қандай қорлық көрсетеді?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Алпамыс пен Ұлтанға мінездеме жазып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6



Сабақтың тақырыбы: «Күлтегін» жыры

Сабақтың мақсаты:

а) Ежелгі дәуір әдебиеті туралы түсінік беру,сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,топтау , т.б

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих,қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген «Алпамыс батыр» жырындағы кейіпкерлерге мінездеме жазып келуге берілген. Оқушылардың жауаптарын тыңдап, бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Алпамыстың ерліктері жырда қалай суреттеледі?

2. Байбөрінің қызын айттырған құдасы кім?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

VII-VIII ғасырларда елін қорғаған батырлардың ерліктерін тасқа қашап жазған.Бізге белгілі батырлары Күлтегін,Тоныкөк,Білге қаған т.б

Күлтегін түркі халқы үшін көптеген еңбектерінің арқасында кедей халықты бай, аш халықты тоқ етеді.

Ескерткіштің айна қатесіз көшірмесі Астанадағы Л.Н Гумеллев атындағы Еуразия университетіне 2001 жылы әкеліп қойылған.

Сөздікпен жұмыс: Қыдырхан,Кері-Кепу—көне жер атаулары

Екі шад—билеушілерге берілетін көне атау.

Кітаппен жұмыс: кітаптан «Күлтегін» жырын оқу оны батырлар жырымен салыстыру.
Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Күлтегін мен оның ағасы ел басына келгенге дейін түркі жұрты қандай күйде болды?

  2. Елді ел қылу үшін олар қандай әрекеттер жасады?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Күлтегін» жырын оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6



Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту. Мазмұндама.

Сабақтың мақсаты:

а) Тақырыптың мазмұны үлгі-өнегелі сөздер арқылы әдебиетке деген қызығушылығын арттыру;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) сауаттылығын,ой-өрісін дамыту;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, мәнерлеп оқу т.б

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар,суреттер т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Таза бұлақ

Үш жолаушы таза бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ тастақ жерден шыққан,суы салқын,шыныдай жарқырайды. Айналадағы ағаштардың жапырағы мол түскендіктен бұлақ суы салқын,әрі таза екен. Біреу суы шыққан жердегі үлкен тастың бетіне:

-Әй,жолаушы,болсаң осы бұлақтай бол!-деп жазу жазып қойыпты.

Жолаушылар бұл сөздің мәнін өздерінше шешеді.

Жолаушының бірі саудагер екен. Ол былай дейді.

Бұлақ толассыз ағып, алыс жерлерге барады. Сол сияқты сен де тынбай қызмет ет,тоқтап қалма сонда сен де мұратыңа жетесің.

Екінші жолаушы молда екен ол:

--Біреуге жақсылық етсең,ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе деген-дейді.

Үшінші жолаушы көркем әрі әдемі жігіт екен ол жолаушыларға: Адамның бұлаққа күні-түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болатынын,көңілді,бойыңды осы бұлақтай таза сақтаудың керектігін,мәселесін,мына бұлаққа қарасаң күн түссе күннің,шөп түссе шөптің сәулесін көретінін сондықтан көңілдің осы бұлақтай сыртқа ашық көрініп тұруының мәні зор екенін айтты.

( Ы.Алтынсарин. )

Мазмұндаманы үш рет оқып ,бір оқушыға мазмұнын айтқызып жазылады

Білімді бекіту: Оқушылардан өз пікірлерін сұрау.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ы.Алтынсарин әңгімелерін оқып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: С.Аронұлы «Жақсы мен жаман адам қасиеті»

Сабақтың мақсаты:

а) Ақынның өмірінен мәлімет бере отырып,оқушыларды ерлікке адамгершілікке баулу;

ә) Адам баласында кездесетін жаман мінез құлықтардан аулақ болуға,оларды сынай білуге үйрету;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген «Күлтегін» жырының мазмұнын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. «Күлтегін»жыры қай ғасырға жатады?

2. Тасқа қашалып жазылған қандай батырларды білесіңдер?

3.Әдебиеттің қай түріне жатқызасыңдар?

4. Батырлар жырына ұқсастықтары бар ма?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Аронұлы Сүйінбай қазақтың әйгілі ақыны,айтыс өнерінің майталман жүйрігі.Туып өскен жері – Алматы маңы,Жамбыл ауданына қарасты Қарақыстақ елді мекені.осы өңірден топырақ бұйырған.Шыққан тегі – ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Егей руы.
Кітаппен жұмыс: Кітаптан Сүйінбайдың өлеңін мәнерлеп оқиды..

Шығармашылық жұмыс : Жақсы мен жаман қасиетке байланысты мақал – мәтелдер айтады. Жақсы бала ата-анасының есіктегі басын төрге сүйрер

Жаман бала ата-анасыны төрдегі басын есікке сүйрер

Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Сүйінбай кімдермен айтысқа түскен?

2. Қандай дастандарын білесіңдер?

3. «Сүйінбай Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деп кім айтқан?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Жақсы мен жаман адам қасиеттері» өлеңін жаттап келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6



Сабақтың тақырыбы: Дулат Бабатайұлы «О,Ақтан жас,Ақтан жас»

Сабақтың мақсаты:

а) Дулат Бабатайұлының өмірінен мәлімет бере отырып оқушыларды елін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,қарапайымдылық,инабаттылық қасиеттерін қалыптастыру;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,мәнерлеп оқу.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген Сүйінбай Аронұлының «жақсы мен жаман адам қасиеттері»өлеңін жатқа сұраймын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Қазақ әдебиеті тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында туылады.Ауыл молдасынан оқып,мұсылманша сауат ашады.Алайда,ақындық өнерді ерекше қастерлеп аймақта өмір сүрген ,көне ақын,жыраулар мұрасынан,ескі тарихи аңыздар мен эпикалық жырлардан нәр алып өскен Дулат өз заманындағы аса күрделі адамдардың бірі болды.Өнер жолына ерте түскен Дулат ХIХ ғасырдың орта шенінде Сарыарқадағы ең атақты ақындардың санатына қосылды.Өмпірінің соңғы күндеріне дейін үлкен құрметке даңқа бөленіп өткен ақын 1874 жылы өз елінде қайтыс болады.

О,Ақтан жас,Ақтан жас,

Сен де жетер ме екенсің?

Жетімдіктің белінен

Асып өтер ме екенсің?
Топпен жұмыс: Өлеңді құрылысына қарай талдайды,риторикалық сұраулы сөйлемдерді табады.

Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Дулаттың қандай шығармаларын білесіңдер?

  2. Риторикалық сұраулы сөйлем дегеніміз не?

  3. Ақтан жасқа не айтып отыр?

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Дулат Бабатайұлының «О,Ақтанжас,Ақтан жас» өлеңін мәнерлеп оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6



Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы

«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»

Сабақтың мақсаты:

а) : А.Құнанбайұлының «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңінің мазмұнын меңгерту

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру; Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздендіру т.б

Сабақтың көрнекілігі: Альбомдар, кітаптар, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген Дулат Бабатайұлының «О,Ақтан жас,Ақтан жас!» өлеңін мәнерлеп оқытқызамын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Дулаттың қандай шығармаларын білесіңдер?

  2. Риторикалық сұраулы сөйлем дегеніміз не?

  3. Ақтан жасқа не айтып отыр?


б) Жаңа сабақ:

Абай 1845 жылы туған Құнанабай Абайды Ғабитхан дейтін молдаға сабаққа береді.Бірақ Құнанбай Абайды одан екі-үш жыл ғана оқытып, Семейдегі медресеге жібереді.Ахмет Риза медресесінде оқып жүрген кезінде Абай орысша приходская школадан төрт ай сабақ оқиды.

Кітапппен жұмыс: Кітаптан Абайдың «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңін мәнерлеп оқиды.

Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Өлеңді оқи отырып, ақын ақын суреттеуінен қандай әсер алдыңдар?

  2. Абай өлеңінде аттың сыны қандай сөздермен айшықталған?

  3. Абай суреттеуіндегі аттың сыны сөз өнері болғанда, суреттегі ат бейнесі өнердің қай түріне жатады?

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңін жаттап келуге және атқа,жылқыға байланысты мақал-мәтелдер жаттап келу

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6



Сабақтың тақырыбы: Абайдың отыз бірінші қара сөзі

Сабақтың мақсаты:

а) Абай Құнанбаевтың қара сөздері туралы түсінік беру, ерлікке,адамгершілікке баулу;

ә) оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу т.б

Сабақтың көрнекілігі:, Абайдың қара сөздері , газеттер, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген Абайдың «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңін жатқа айтып беруін талап етемін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Өлеңді оқи отырып, ақын ақын суреттеуінен қандай әсер алдыңдар?

  2. Абай өлеңінде аттың сыны қандай сөздермен айшықталған?

  3. Абай суреттеуіндегі аттың сыны сөз өнері болғанда, суреттегі ат бейнесі өнердің қай түріне жатады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Абайда алғаш бой көрсеткен проза үлгісінде ғақлия-дидактикалық шығармалар-қара сөздер. Жалпы бөлгенде қырық алты бөлімнен тұрады. Абайдың қара сөздері -философия,теология,психологияға құрылған,өз кезі үшін де,бүгін де бағасын жоймаған құнды еңбек.

Хронологиялық таблицамен жұмыс:

өлеңдері: 176, поэмасы 3, қара сөздері 45, күйі 3.
Кітаппен жұмыс: кітаптан Абайдың қара сөздерін оқып түсіндіріп береді

Дәптермен жұмыс: Сөздікті дәптерлеріне жазады.

Ғибраттану-үлгі алу деген мағынада (арабша)

Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Абайдың қара сөзіндегі дін-ислам туралы пікірлеріне көзқарасың қандай?

  2. Абайды неге ұлы ақын дейміз?

  3. Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Каталог: uploads -> doc -> 0587
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0587 -> Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Мукатаева Гүлмира Шәріпқызы Сабақтың атауы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет