Сабақтың тақырыбы : Ыбырай Алтынсарин «Баланың айласы»



Дата12.09.2020
өлшемі34 Kb.
#63734
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Баланың айласы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақтың көрнекті ақын, жазушысы Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек танысып, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу және шығармасындағы негізгі ойды таба білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеуге, шығармашылық жұмыста шапшаңдық танытуға, өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру, таным белсенділіктерін дамыту.

Тәрбиелік: Әңгіме арқылы жамандықтан аулақ жақсылыққа жақын болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Типі: Сын тұрғысынан ойлау, дамыту технологиясы, ассоциация әдісі.

Әдіс-тәсілдері: Ой қозғау, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің портреті,

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.

Сабақтың барысы.

Үйге берілген қосымша тапсырмаларды сұрау

Қоян мәтінін оқып, әңгімелеу, сұрақ-жауаптармен толықтыру.

Сергіту сәті: Сұр қоян әні.

Жаңа сабақ : «Баланың айласы»

Топтастыру стратегиясы.

– Балалар, Ы.Алтынсарин кім және ол қай жерде, қай жылы дүниеге келген.?

– Қандай шығармалары мен өлеңдерін білесіңдер?

– Қандай оқулық жазды?



  • 1841-1889 ж.ж. Қостанай облысында дүниеге келген

  • Жазушы, ұстаз, ағартушы.

  • Қазақ балалары үшін алғаш мектеп ашқан

  • «Дала жұлдызы»

  • «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын жазды.

  • Шығармалары: «Өнер, білім бар жұрттар» Кел, балалар, оқылық!, «Мақта қызбен мысық» ертегісі.

-Олай болса, оқулықтың 174 – бетін ашыңдар, Ы.Алтынсариннің «Баланың айласы» атты әңгімесін өтеміз.

5. Ой қозғау.

Мәтінді оқымас бұрын мақал-мәтелдің негізгі ойы болып тұрған тіркестерді табу.

Түйін сөздерден не түсіндіңдер.

Мәтінді оқымас бұрын, оқушылардың жалпы «айла» туралы ойларын біліп алу қажет.

- Айла деген сөзді қалай түсінесіңдер?

А) Мәтінмен жұмыс.

Ә) Сөздікпен жұмыс. Төре (төрелік) – шешім/ барлық мәселені шешетін ақсақал немесе ақылды ер-азаматты айтамыз. /әкім/

Әйдік – үлкен

Б) Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларға мәтінді мәнерлеп оқыту.

Сұрақ-жауаптар арқылы мәтін мазмұнын сұрау.

В) Дәптермен жұмыс.

«Жақсыдан үйрен» топтастыру.

6. Ой толғаныс.

- Бес жолды өлең жазу стратегиясы

1. Кім?

2. Қандай?

3. Не істеді?

4. Кім үшін?

5. Жалпы ойды түйіндейді.

7. Сабақты қорытындылау.

- Сұрақ – жауап арқылы сабақты қорытындылау.
8. Үйге тапсырма беру.

Әңгімені оқып, мазмұнын айтуға дайындалып келу, Жақсылық туралы мақал-мәтел жазу.



«Жақсылық пен мырзалық» тақырыбында эссе жазу. - Венн диаграммасы арқылы көрсету. Осы төмендегі диаграмма арқылы оқушылар мінездеме жазу . Ортақ қасиет

9. Оқушыларды біліміне қарай бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 01c1
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
01c1 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік:


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет