Сабақтың тақырыбы : Жапырақ. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тақырыпты ұғындыру. Білімділік



Дата21.07.2017
өлшемі0,5 Mb.
#21646
түріСабақ
Күні: 25.01.2017ж

Дүниетану 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жапырақ.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тақырыпты ұғындыру.
Білімділік: Өсімдік мүшелерінің ішінде жапырақтың атқаратын қызметі, түрлері жайында мағұлұмат беру.
Дамытушылық: Қосымша тапсырмалар, сөзжұмбақ тәжірибелер орындату арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, қызығушылығын ояту, өздіктерінен жұмыс істеп, қорытынды шығаруға машықтандыру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру..
Сабақтың көрнекілігі: Жапырақтардың түрі, тірек - сызбалар, сөзжұмбақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдістері сұрақ - жауап, талдау, салыстыру, іздену, жинақтау.
Сабақ барысы
1. Бағалау - мотивациялық кезең.
а\Психологиялық дайындық
Сабақ мәтінін оқу және сұрақтарға жауап беру. Балалалр сабақ жайында не біледі екенбіз, оны сызба арқылы көрсетейік.

Сендер сабақ жайында жақсы біледі екенсіңдер. Ендеше мына сөзжұмбақты шешейік. Дұрыс шешсек, жаңа сабағымыздың тақырыбы шығады.

2Операциялық - орындаушылық кезең.
Ой толғаныс сатысы. Сөзжұмбақ шешу.

1. Ең ыстық мезгіл.
2. Өсімдіктің үш түрінің бірі.
3. Өсімдік өсетін жұмсақ, борпылдақ қабат.
4. Қазақ балаларына мектеп ашқан кім?
5. Өсімдіктің жер асты мүшесі.
6. Өсімдіктің барлық мүшесін бір - бірімен жалғастырып тұратын мүшесі.
7. Ағаш.,

Балалар, қандай сөз шықты? Жапырақ
Балалар, біз өсімдіктің тамыры мен сабағын білеміз. Өсімдіктің сабағына көрік беретін не деп ойлайсыңдар?
Дұрыс, жапырақ. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – Жапырақ. Алдыңда жатқан жапырақтар қай мезгілді білдіреді деп ойлайсыңдар?(Оқушы жауабын тыңдау)

Жаз мезгілінде

Күз мезгілінде

Сонымен, балалар, өсімдікке сән беретін жапырақ екен. Балалар ағаш жапырақтары қай кезде әдемі көрінеді? (Жазда)

Ағаш жапырақтары қай кезде сарғаяды? (Күзде)
Оқулықпен жұмыс.
- Оқушыларға тізбектей оқыту.






Шығармашылықпен жұмыс.
1 - топ. Жапырақтың суретін салу.

2 - топ. Жапырақ туралы өлең шығару.

Үйеңкінің жапырағы Талшынның жапырағы Еменнің жапырағы

Ақжелкеннің жапырағы Теректің жапырағы

Сонымен, балалар, өсімдік ең маңызды мүшесі жапырақ туралы оқиық.
(Мұғалімнің оқуы, талдау, тірек - сызбамен жұмыс.)

4. Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар

Біп-биік боп өседі.

5. Зеттеу жұмысы.
Ал, енді, балалар, бөлме өсімдігінің жапырағында не бар екенін зерттеп, көрейік.
Тәжірибе: Дайын жапырақ, қайшы, салфетка.
Қорытынды: Жапырақтың бойында су бар.

Поэзия минуты.
Оқушыларға табиғат туралы өлеңдерді жатқа айтқызу.

3. Рефлексиялық - бағалау кезеңі.

Сонымен, балалар, қандай тақырыппен таныстық? Өсімдік мүшелеріне нелер жатады? (Сызбамен жұмыс): Енді балалар, мына суреттен тал құрастырайық. Ол үшін ең бірінші тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жемісті орналастырамыз. (Осы сурет - сызба арқылы сабақты бекіту)

Үй тапсырмасы. «Жапырақ» мәтінін оқу, түсінігін айту. Жапырақтың суретін салу.
Бағалау: Жақсы қатысқан балаларға баға қою.
Каталог: uploads -> doc -> 105d
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
105d -> Биологиядан жұмыс дәптері Түсініктеме хат
105d -> Сабақтың тақырыбы: Популяциялар ішіндегі табиғи сұрыпталудың формалары.Қозғаушы сұрыптау
105d -> Сабақ негізделген оқу мақсаты 1 1 мұғалімнің көмегімен берілген тақырып пен тірек сөздер арқылы өлең құрастыру


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет