Сабақтың тақырыбы : сайын мұратбеков «жусан иісі»



Дата01.08.2017
өлшемі45,97 Kb.
#22493
түріСабақ
Аяққұм негізгі мектебі

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 7

Тақырыбы: С.Мұратбеков «Жусан иісі»

Пән мұғалімі: Сырашева Шайқұйған Ембергенқызы

2015-2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: САЙЫН МҰРАТБЕКОВ «ЖУСАН ИІСІ»

(Повестен үзінді)



Сабақтың мақсаты: а) Шығарманың идеясын , тақырыбын ашқыза отырып,

шығарманы құрылысына қарай талдату

ә) тақырыпты меңгерту арқылы ақыл – ойларын, ой -

өрістерін, тіл байлықтарын дамыту

б) адамгершілікке, бауырмалдыққа, достыққа,

мейірімділікке тәрбиелеу



Сабақ түрі:

Сабақ әдісі: Блум таксономиясы:

  1. Еске түсіру

  2. Түсіну

  3. Қолдану

  4. Талдау

  5. Жинақтау

  6. бағалау

Сабақ типі: бекіту, пысықтау сабағы

Көрнекілігі:. Жазушы суреті, бейнебаян, слайд, үлестірмелі қағаздар, алты қалпақ, бағдаршам, сызба-кестелер

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу

  2. Түгелдеу

  3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

Аянға жазған мінездеме, порттерін оқиды.



  1. Еске түсіру

Автор үшін алты сұрақ (сұрақтарға жауап беру арқылы сурет құрастырады)

1) Сайын Мұратбеков қай жылы, қай жерде дүниеге келд?

(1936 жылы Талдықорған өңірі Қапал ауданы, Қоңыр ауылында дүниеге келген)

2) Қай жылы қай оқу орнын бітірді?

( 1971 жылы Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институтын)

3) «...Сайын өзіне ғана тән тапқырыптық, жанрлық, стильдік даралығы, ерекше сөз нақышы, ашық үні, өзіндік бояуы бар шығармаларымен танылды» деп пікір айтқан кім? (Мырзатай Серғалиев)

4) Қай салада қызмет етті (Мұғалім)

5) Жазушының ең алғаш шығармалары қай жылы жарияланды? (1954жылы)

6) Ел арасына тараған қандай шығармаларын білесіңдер?

(«Ауыл оты», «Дос іздеп жүрмін», «Кәмен-Тоғай», «Жусан иісі», «Жабайы алма»)



Семантикалық карта Кім? Қайда? Қашан?

1) - Әй, анау кім ,ей?

(Садықтың Аянды ең алғаш атыспақ ойнап жүргенде көрген кезі)

2) – Барлық әріптерді неге тезірек үйретпейді екен?

(Аянның мектепке барып жүргендегі сөзі)

3) - Үйбай, бетім –ай, бұ дүбірлеген не десем, мыналар екен ғой

(Бапайдың кемпірінің ертегі тыңдап отырған балаларға айтқан сөзі)

4) – Тұра ғ ой. Мына жарты күрешкідегі сүтті Аянға апарып берейін

(Есікбайдың анасы, Аянды Тұражан сабап тастағанда сүт апарып беретін кезі )

5) – Иә, неге келдіңдер , балалар?

(Аян аяғын салдыруға барған дағы Асылдбек шалдың айтқан сөзі)

6) - Әй, жетпегірлер , тұрыңдар!

(Тұражанның жер жырту науқанындағы балаларға көрсеткен қорлығы)

ІІІ. Жаңа сабақ

2. Түсіну

«Жусан иісі» туралы слайд көрсету.



Тақтамен жұмыс.

Венн диаграмма




Сол кездегі жетім балалар

Қазіргі кездегі жетім балалар

1 Жоқшылықтан

2 Соғыс салдарынан жетім қалды



1 Тәрбиесіздіктен

2 Ата – анасының құқығынан айырылған балалар

3. тастанды балалар



3. Қолдану

Бейнебаян

«Жусан иісі» туралы бейнебаян көрсетіледі.



4.Талдау.

  1. Бейнебаяннан қандай әсер алдың?

  2. Өзіңе ұнаған тұсын әңгімеле

  3. Ол несімен ұнады?


Дәптермен жұмыс

Жағымды-жағымсыз кейіпкерлерді ажыратып жазу.



«Алты қалпақ» әдісі

  1. Ақ қалпақ – статистикалық (қажет деректердің бәрін келтіру)

  2. Сары қалпақ – сәттілік (сәтті кезеңдерді айту)

  3. Қара қалпақ – сәтсіздік (сәтсіз кезеңдерді айту)

  4. Көк қалпақ – аналитикалық (талдау жасау Неге? Не үшін? Неге байланысты?)

  5. Жасыл қалпақ – шығармашылық (ақылға сыйымсыз идеялар айту)

  6. Қызыл қалпақ – сезімталдық (бастан кешкен сезімдерін тұжырымдайды)

IV. Бекіту

5.Жинақтау

«Кері байланыс»


Білемін


Бүгін білгенім


Білгім келеді











V. Қорытынды

«Бағдаршам» әдісі


6.Бағалау.

VІ.Үйге тапсырмасын хабарлау

«Баяғыда бір жетім бала болыпты...» ертегіні аяқтау.
Каталог: uploads -> doc -> 040b
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
040b -> Сабақ: Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлуге есептер шығару
040b -> Сабақтың түрі: Аралас сабақ Әдіс тәсілдер: мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ жауап
040b -> Маңғыстау жерінде сақталған аңыздар бойынша мұнда жергілікті халық әулие санаған 360 сопы өмір сүрген және жерленген делінеді


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет