Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырзалиев «Кәрі қыран»



Дата30.05.2017
өлшемі90,55 Kb.
#17268
түріСабақ
Павлодар облысы Май ауданы

Қаратерек жалпы орта білім беретін мектеп

Сембаева Сайран Қанатаевна

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Сабақ жоспары

Қазақ әдебиеті

7 а сынып

Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырзалиев «Кәрі қыран»  

Сабақтың мақсаты:
Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы жан -жақты түсінік беру.
Міндеті:
1.Баллада туралы білім беру, өлең мазмұнын игеру.
2.Биіктік, адалдық,ұлт туралы түсініктерін кеңейту,оқушының көзқарасын қалыптастыру, пікірін туғызу,ойын анық жеткізуге жетелеу.
3.Өрлікке, ерлікке, қайсарлыққа, арлылыққа тәрбиелеу.Халқымыздың 
асыл қасиеттерін бойына сіңіруге жағдай туғызу.
Сабақтың типі: Интеграл сабақ.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Қолданылатын әдіс- тәсілдер:,сұрақ -жауап, ой қозғау, сөздік, іздену, салыстыру, талдау, пікірлесу. СТО технологиясы

Сабақтың көрнекілігі:Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар, кестелер ,слайд, интерактивтік тақта.
Пәнаралық байланыс: Биология,География, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.

Үй жұмысы-эссе оқу

ІІ.Жаңа сабақ.

Ақын өмірі.

Қадыр Ғинаятұлы МырзалиевҚадыр Мырза Әлі (1935 жылы туған) — ақын, Қазақстанның халық жазушысы (1995), ҚР Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі

Ақын 1935 жылы 5 қазанда Орал облысыныңЖымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз»журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, «Балауса» баспасының редакторы, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған.

1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы«Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ол Қазақстанның халық жазушысы. 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды


4.Ой шақыру.Сөзжұмбақ

а

қ

о

р

д

а

 

 

қ

ы

з

 

 

б

е

р

е

к

е

 

 

н

а

н

 

 

н

а

м

ы

с

1. Елбасының жұмыс орны 2. Гүл өссе- жердің көркі, ....өссе- елдің көркі. 3.Еңбек түбі- ............... 4. Ас атасы - .....5. Қоянды қамыс өлтіреді, ерді ....өлтіреді.

Қыран туралы әңгімелесу

а)Қыран қандай құс?
- Жыртқыш құс, тыныс алу мүшесі жақсы дамығандықтан биікте ұша алады, көзі өткір.
ә) Қазақстанның қай жерлерін мекен етеді.
- Таулы аймақта, таудың ұшар биігіне ұя салады.
б)Халқымыз не себепті қыранды қасиетті құс санған?
- Жеті қазынаның бірі,Ерлерді қыранға теңеген, себебі тек биікте ұшады, өлексе жемейді,адамға жаманшылығы жоқ.
в)Мемлекеттік рәмізіміз-туда қыран не себепті бейнеленген?
- Еліміз әрқашан тек биіктен көрінсін, Қырандай тәуелсіз, намысшыл, адал болайық деген ұғым бар.
Мәтінді оқушылар мәнерлеп кезекпен оқиды.

Қыран туралы мәлімет іздеу-АКТ қолдану. Топпен жұмыс.

Қыранқыран бүркіт. Түсіндірме сөздікте «қыран» сөзінің мағынасы — бүркіт, қаршыға, қырғи, ителгісияқты алғыр құстардың жалпы атауы деп баяндайды. Әрине, бұл мағына аталған құстардың қасиетіне қарай кейін пайда болса керек. Кейбір түркі тілдерінде, атап айтқанда, қырғыздарда қыран — епті, алғыр сияқты мағыналарда қолданылады. Және бұл тілде текжыртқыш құс қана емес, аңға салатын иттерге де (тазыға) айтыла береді. Шамалауымызша, сөздің алғашқы тұлғасы «қыр» болып, мағынасы — жою, құрту етістіктерімен синонимдес болуы ғажап емес. Құс атауы — «қырғи» да осы түбірден туындаған деуге болады. Бұл деректер бойынша, «қыран бүркіт» тіркесі «епті, алғыр бүркіт» түсінігімен деңгейлес келеді. «...жаз — қаршыға, қыс — бүркіт дегендей босағасынан бір қыраны арылмайтын еді» (С. Мұқанов, Аққан жұлдыз.).[1]

Самұрық - қазақ мифологиясындағы екі дүние арасындағы дәнекер болатын, қыран тәрізді алып құс . Самұрық құсы әлемдік ағаштың (Бәйтерек) шыңында тұрады. Аңыз бойынша Самұрық өлгенімен, қайта тіріле алады.Өлгенде де, тірілгенде де от болып жанады .

Қыран, қыран бүркіт. Түсіндірме сөздікте «қыран» сөзінің мағынасы — бүркіт, қаршыға, қырғи, ителгі сияқты алғыр құстардың жалпы атауы деп баяндайды

Бүркіт - (лат. Aquila chrysaetos) — сұңқартәрізділер отрядына, қаршыға тұқымдасына жататын үлкен құс. Көбінесе тоғайлы және таулы жерде тіршілік етеді. Биік ағаштар мен зәулім жар тасқа ұя салып, 1-2 жұмыртқа табады.

Сұңқар-Қазақстанда кең тараған құстардың бірі. Жұптасып тірлік етеді. Мекиені үш-төрт жұмыртқа табады. Көп сәттерде тасқа ұялайды. Жұмыртқасын бір ай мөлшері басып, балапан шығарады.

Ақ сұңқар (лат. Falco rusticolus) - сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Қазақстанда тұрақты мекендемейді. Көкшетау, Өскемен, Алматы маңайын 12 жыл (1976-1988) ішінде 2 рет қана қыстайды. Қазір Алматы қаласындағы хайуанаттар паркінде үш ақ сұңқар бар.



әншілігін айтқымыз келсе — бұлбұл дейміз, көрегендігін айтқымыз келсе — қыран, көріпкел дейміз
Ой талқы.Топтастыру- кластер құру Ассоциация


-Не түсіндік?
-Қыран қандай?
- Өзін -өзі өлімге итерген қандай күш?
-"Қыранша өмір сүргенің қандай бақыт, қандай бақыт қыранша өле білген" деген жолдарды қалай түсінесің?

Ақын кәрі қыранды қалай суреттейді? 83 бет
2. Қарт қыран қандай халге душар болды?
3. Неге намыстанды?
4. «Найзағайдай жарқылдап ғұмыры өтті» деген жолдың мағынасын қалай түсінесіңдер? Одан қыранның өткен ғұмыры қандай болғаны байқалады?
5. Қыранның соңғы шешіміне не себеп болды?
6. «Кәрі қыран» өлеңінің баллада жанрына жатқызуға болатын белгілерін анықтап,

мысалдармен дәлелдеп әңгімелеу.
7. «Қыранша өмір сүргенің-
Қандай бақыт!
Қандай бақыт-
Қыранша өле білген!- деген жолдардағы тұспалды ойды анықтау. Ақынның ойын әңгімелеңдер.
7. Символ туралы түсінік беру.
Мысалы, гүл-жастықтың символы, ақ көгершін-бейбітшіліктің символы, аққу-адалдық, махаббаттың символы, ал, қыран-еркіндіктің, ерліктің символы. Оның дәлелі туымыздағы қыранның бейнесі. Бұл біздің халқымыздың бақыт пен молшылыққа, адамзат өркениетінің биіктеріне ұмтылуын айқындайды.
5. Сөздік жұмысы.
Зәбірі артты-азап көрді, жапа шекті
Албасты басқыр (қарғыс)- біреуге кейігенде жамандық келсін деген мағынада айтылады.
Тәрк ету - дүниеден безу.

Сергіту сәті, билеу Қаражорға
Мәтінмен жұмыс.

Кесте толтыру

Автор суреттеуі Қыран неге намыстанады

Менің әсерім Ненің символы

Қорытындылау. Сабақты «Не білдік? Не үйрендік?» деген сауалдармен бекіту.
- ақын Қадыр Мырза Әлидің өмірі, шығармашылығын, 
- қыран құстардың топ-топқа бөлінетінін, 
- қыран хикаясы арқылы ерлікті, өрлікті жырлағанын, 
- қыранның еркіндік пен ерліктің символы екенін, т.б.
Бағалау парағын толтыру. Бағалау

Үйге тапсырма:
1.Ұнаған шумақты жаттау.
2. "Қадыр-Қыран-Қазақ" ой – толғау
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет