Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлин «Айт күндері»



Дата12.09.2020
өлшемі28,59 Kb.
#63672
түріСабақ

Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлин «Айт күндері»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ халқының ұлы ақыны Б. Майлинның өмірі мен шығармашылық жолы туралы оқушыларға қысқаша түсінік беру.

Дамытушылық: Жылдамдық оқу дағдысын, оқушылардың тілін, ойлау қабілетін дамыту, сөз байлықтарын толықтыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды қазақ халқының салт – дәстүрлерімен таныстырып, құрметтей білуге тәрбиелеу. Әңгімеге сүйене отырып, айт мерекесі жайында түсініктерін молайту.

Көрнекіліктер: ақын портреті, шығармалары, үлестірмелі кеспе қағаздар, тірек сызба

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау, сұрақ-жауап.

I Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіздер ме!

-Бүгін сыныпта кім кезекші?

-Қаңтардың қай күні?



II Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ-жауап әдісі.

  • Мағжан Жұмабаев қайда, нешінші жылы туған?

  • М.Жұмабаев қайда оқыған?

  • М.Жұмабаевтың қандай шығармалары бар?

III Жаңа тақырып. Кіріспе.

1. Қызығушылықты ояту.



  • Б.Майлин кім болған?

  • Б.Майлиннің қандай шығармалары бар?

  • Қайда дүниеге келген?

2. Топтастыру.

«ББҮ» кестесі. Сабақ басында тек бірінші екі бағанын ғана толтырады.



Білемін

Білгім келеді

Үйрендім










Оқушылар кестені толтырғаннан кейін, дауыстап оқиды. Әр оқушы өз кестесін алып тақтаға іліп қояды.

3. Мағынаны тану.

Берілген мәтінді оқып, ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысу.

Мәтінді пайдалана отырып кестені толтыру.



Жазушы

Қайда оқыған

Кім болған

өлеңдері

повесі

Поэмалары

Б. Майлин

Троицк Уәзифа медресе

Қостанай орыс қазақ мектебі

Уфа Ғалия медресе


Сатирик

Жазушы


Мұғалім

«Мырқымбай»

«Кедейдің кейістігі»

«Қазақ туралы»


«Шұғаның белгісі»

«Кемпірдің ертегісі»

«Маржан»


Оқушылар тапсырманы өз жұмыс дәптерлерінде орындайды.

Жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысқаннан кейін, «Айт күндері» әңгімесін оқуға көшеді. Әңгіме бойынша бірнеше сұрақтар құрастырып, бір – бірлеріне қою арқылы әңгімені талдайды.

Мұғалімнің қосымша сұрақтары


  • Айт күні адамдар бір – бірін қалай құттықтайды?

  • Бәкен деген кім?

  • Бәкеннің келіншегі не үшін мұңайды?

IV Бекіту «Айт» сөзіне сөзжасамдық ұя құрастыру

Айт

Оқушылар сөзжасамдық ұяны тақтаға бір-бірлеп шығып толтырады.

4. Пікір күнделігі

Оқушылар үлестірмелі кеспе қағаздарына шығармадан үзіндіні жазады. Сол үзінді бойынша өз пікірлерін жазып, дауыстап оқып,өз ойларын ортаға салады.



Шығармадан үзінді

Өз пікірім








V Қорытынды. Синквейн. Бес жолды өлең.

  1. Бейімбет Майлин

  2. Сауатты, білімді

  3. Жазады, оқытады, әңгімелейді, оқиды

  4. Б.Майлиннің «Айт күндері» шығармасы бар

  5. Жазушы

Оқушылар мұғалімнің көмегімен тақтада ілініп тұрған плакаттағы бес жолды өлеңді толықтырады.

Сабақтың басындағы «ББҮ» кестесіндегі үшінші бағанды толтырады. Үйренгендерін жазып, білгісі келген мақсаттарына жеткендерін айтады.



VI Үй жұмысы.

Кесте бойынша жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мазмұнын айту.

«Айт күндері» әңгімесін оқу.

VII Бағалау



Оқушыларды сабаққа қатысқандарына қарай бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 0513
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0513 -> Сабақтың тақырыбы: Спорт қашан пайда болды? Үстеу. Сабақтың мақсаты
0513 -> Информатика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану
0513 -> Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Сабақтың мақсаты
0513 -> Жаратылыстану пәні сабақтарында сыни тұРҒыдан ойлауды дамыту технологиясы функционалды сауаттылықты қалыптастыру қҰралы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет