Сабақтың тақырыбы Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу



Дата23.02.2020
өлшемі486,85 Kb.
#58858
түріСабақ
Байланысты:
сабақ жоспары №1
Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу, Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: №27 ОМГ

Күні: 15.01.2020 Мұғалімнің аты-жөні: Капалова Н.Б.

Сынып: 6 «А», «Ә» Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.2

бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің, мәндес теңдеулердің анықтамаларын білу;

6.2.2.3

бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу;



Сабақтың мақсаты

Барлығы: бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің, мәндес теңдеулердің анықтамаларын біледі; бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешеді;

Басым көпшілігі: бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді мәндес теңдеуге түрлендіреді, шешеді;

Кейбірі: бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді түрлі тәсілдер қолдана отырып, шеше алады;

Бағалау критерийі

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің, мәндес теңдеулердің анықтамаларын біледі; бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешеді; бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді мәндес теңдеуге түрлендіреді, шешеді; бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді түрлі тәсілдер қолдана отырып, шеше алады;

Тілдік мақсаттар


Терминдер: бір айнымалысы бар теңдеу, мәндес теңдеу;

Сөз тіркестері:

Жақшаларды ашып, қосылғыштардың орнын ауыстыру арқылы теңдеулерді шешу ax + b = 0 түрінде берілген теңдеуді (мұндағы x – айнымалыa мен b – кез келген сан) бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атаймыз.

Сызықты теңдеуді шешу – айнымалының кез келген мәнінде тура санды теңдікке айналатын барлық мәнін табу. Осындай әр айнымалының мәнін теңдеудің түбірі деп атайды.

Сызықты теңдеуді шешу барысында жақша ашып, ұқсас мүшелерді біріктіру сияқты амалдар орындалады. Ықшамдау, жақша ашу барысында таңба ережесін ескеру керек.



Құндылықтарға баулу

Топпен жұмыс жасауда ынтымақтастық ортада жұмыс жасауға, тыңдауға, бір-біріне көмек көрсетуге баулу.

Пәнаралық байланыс

арифметика

Алдыңғы білім

Тура санда теңдіктерді, олардың қасиеттерін біледі;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы
2 мин

3 мин

5 мин


Ұйымдастыру кезеңі.сыныпты сабаққа дайындау, ынтымақтастық орта құру.

«Сыныпқа кіру» билеті

x – 5 = - 4


- 7 + y = - 5

- 4 + x = - 1

x – 9 = - 5

x – 12 = - 7

«Сыныпқа кіру» билетінің жауабына сәйкес сынып 5 топқа бөлінеді.
Үй тапсырмасын тексеру.

819 (1 – 4)



1) 3(x – 2) = 4х

3х – 6 = 4х

3х – 4х = 6

- х = 6


х = - 6

3(- 6 – 2) = 4· (- 6)

- 24 = - 24

2) 6(z – 1) = 18

6z – 6 = 18

6z = 18 + 6

6z = 24


z = 24:6

z = 4


6 (4 – 1) = 18

18 = 18


3) 5(y + 3) = 10

5y + 15 = 10

5y = 10 – 15

5y = - 5


y = -1

5(- 1 + 3) = 10

10 = 10


4) 3(2x – 7) = 9

6x – 21 = 9

6x = 9 + 21

6x = 30


x = 30:6

x = 5


3(2·5 – 7) = 9

9 = 9


ҚБ: Дайын жауап арқылы жұптар бірін – бірі бағалайды.

Ұ: «Серпілген сауал» әдісі. Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтыру.

1. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу дегеніміз не? (ах=в түріндегі теңдеу бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады. Мұндағы х – айнымалы, а және в қандай да бір сандар)

2. Теңдеудің түбірі дегеніміз не? (Теңдеудің түбірі дегеніміз айнымалының теңдеуді тура теңдікке айналдыратын мәні).

3. Мәндес теңдеулер дегеніміз не? (Түбірлері бірдей немесе түбірлері болмайтын теңдеулер мәндес теңдеулер болып табылады).

4. Мәндес теңдеулерді қалай алуға болады? (1. Егер таңбасын қарама – қарсы таңбаға алмастыра отырып, қосылғыштарды теңдеудің бір жақ бөлігінен екінші жақ бөлігіне көшірсе, онда берілген теңдеуге мәндес теңдеу шығады. 2. Егер теңдеудің екі жақ бөлігіне бірдей санды қосса, онда берілген теңдеуге мәндес теңдеу шығады. 3. Егер теңдеудің екі жақ бөлігін нөлден өзгеше бірдей санға көбейтсе (бөлсе), онда берілген теңдеуге мәндес теңдеу шығады).

5. Бос жиын дегеніміз не? (Егер теңдеудің түбірі (шешімі) болмаса, онда шешімдер жиынын бос жиын деп атайды. Бос жиын Ø таңбасымен белгіленеді).



ҚБ: Мадақтау




Сабақтың ортасы
3 мин

17 мин

1 мин

7 мин


Ұ: «Құрастыр және жауап бер» әдісі. Оқушыларды жұмыс істеп отырған материал туралы тереңірек ойлауға жетелейді.

(-14х + 0,55)·0,5 = 5x – 170,9 теңдеуінің шешу алгаритмдерін құрастырыңдар.



1. Теңдеудің сол жағындағы жақшаны ашамыз.

2. Айнымалысы бар қосылғыштарды теңдеудің сол жақ бөлігіне, сандарды (бос мүшелерді) оң жақ бөлігіне көшіреміз.

3. Ұқсас қосылғыштарды біріктіреміз.

4. Белгісіз көбейткішті табамыз.

5. Тексеруді орындаймыз.

ҚБ: «Жақсарту үшін нұсқаулық» беру
Т: «Тыңдалым» картасы әдісі. Оқушыларды бірін – бірі тыңдауға, өзгенің ойын бағалауға жетелейді.

1 – топ: 17x – 2,6 = 3 (0,8 + 3x)

2 – топ: 8 + 5,1x = 49(1+0,1x)

3 – топ: 38(0,1x+1)=40 – 3,2x

4 – топ: 63x – 13,7 = 13(0,1+5x)

5 – топ: 0,8(5+2x) = 2x + 0,4


Орындалатын қадамдар:

1. Есеп шартын анықтаңдар.

2. Есеп шартына сәйкес негізгі 3 қажетті білімді атаңдар.

3. Теңдеуді шешу алгаритмін құрыңдар.

4. Алгаритм негізінде теңдеудің түбірін табыңдар.
Дескриптор:

1. Есеп шартын анықтайды.

2. Қажетті 3 негізгі білімді атайды.

3. Теңдеуді шешу алгаритмін құрады.

4. Алгаритм негізінде теңдеудің түбірін табады.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтар бір – бірін бағалайды.
Сергіту сәті: Әр топ бүгінгі сабақта қолданылған 10 термин айтады.
Ө: Саралау тапсырмасы:

А: z + 4 – 3 = 2z

B: 2(x – 6) – x = 3x + 4x

C:

ҚБ: Дайын жауап арқылы өзін – өзі тексеру





Сабақтың соңы
3 мин


Сұрақ- жауап

Бір айнымалысы бар сызықтың теңдеу дегеніміз не?

Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады?

Теңдеуді шешу дегеніміз не?



Рефлексия

«3 – 2 – 1» әдісі

Сабақта алған 3 маңызды ақпарат

Қиындық келтірген 2 мәселе

Сабаққа ұнаған 1 жағдай

Үйге тапсырма: №843






Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау





Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында саралау тапсырмалары берілді. Берілген тапсырмалар сараланған.

Екі жұдыз, бір тілек, мадақтау, дескрипторлар, бір-бірін, өз – өзін бағалау арқылы

Денсаулық сақтау технологиялары.


«Тыңдалым» картасы тапсырмасы

17x – 2,6 = 3 (0,8 + 3x)

17x – 2,6 = 2,4 + 9x

17x – 9x = 2,4 + 2,6

8x = 5


x = 0.625

8,025 = 8,025



8 + 5,1x = 49(1+0,1x)

8+5,1x = 49 + 4,9x

5,1x – 4,9x = 49 – 8

0,2x = 41

x = 205

1053,5 = 1053,5



38(0,1x+1)=40 – 3,2x

3,8x+38 = 40 – 3,2x

3,8x + 3,2x = 40 – 38

7x = 2


x = 2/7



63x – 13,7 = 13(0,1+5x)

63x – 13,7 = 1,3 + 65x

-2x = 15

x = - 7,5

- 486,2= -486,2


0,8(5+2x) = 2x + 0,4

4+1,6x=2x+0,4

1,6x-2x=0,4- 4

-0,4x = -3,6

x = 9

18,4 = 18,4



А: z + 4 – 3 = 2z

1 = z

z = 1

B: 2(x – 6) – x = 3x + 4x

2x – 12 – x = 7x

2x – x – 7x =12

-6x = 12


x = -2

2(-2 – 6) – (-2) = 3·(-2)+4·(-2)

-14 = -14


C:

1,4x – 1,05=0,42 – 0,7x

1,4x+0,7x=0,42+1,05

2,1x=1,47



x=0,7

0,4=0,4


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет