Сабақтың тақырыбы: Есеп шығару: Ньютон заңдары



бет2/2
Дата06.02.2022
өлшемі245,58 Kb.
#80425
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Ньютонның заңдарына есеп шығару

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Үдеу

Ускорение

Acceleration

Күш

Сила

Force

Ньютонның бірінші заңы

Первый закон Ньютона

Newton's first law

Ньютонның екінші заңы

Второй закон Ньютона

Newton's second law

Ньютонның үшінші заңы

Третий закон Ньютона

Newton's third law

Тіреудің реакция күші немесе нормаль қысым күші

Реакция опоры или сила нормального давления

Ground reaction force and force of the normal pressure

Теңәрекетті күш

Равнодействующая сила

net force, the resultant force

Үйкеліскүші

Силатрения

Friction force

Үйкеліс коэффициенті

Коэффициент трения

Friction coefficient

Күш векторының бағыты

Направление вектора силы

The direction of the force vector

Ауызша және жазбаша сөзге арналған қажетті сөйлемдер
Өзара әрекеттесу кезіндегі денеге түсірілетін барлық күштердің тең әрекет күші үдеу тудырады.

Алдыңғы білім

Ньютон заңдарының тұжырымдамасын, күштердің табиғатын білуі тиіс

Жоспар

Уақыттыжоспарлау

Жоспарбойыншаорындалуытиістапсырмалар

Ресурстар

Басталуы

5минут


5 минут


Сыныпты сабаққа ұйымдастыру.
Оқушыларды формулалар бойынша топтарға бөлеміз:
ІІ-топ:_ІІІ-топ:_Оқушыларды_сабаққа_белсендіру_(топтық_жұмыс):_әр_топқа_бір_сұрақтан_беріледі:_І-топ'>І-топ:
ІІ-топ:
ІІІ-топ:
Оқушыларды сабаққа белсендіру (топтық жұмыс): әр топқа бір сұрақтан беріледі:
І-топ: Қандай жағдайда дене түзусызықты бір қалыпты қозғалыс жасайтынын немесе тыныштықта болатынын түсіндіріңіздер.
ІІ-топ: Қандай жағдайда дене тең үдемелі қозғалатынын сипаттаңыздар.
ІІІ-топ: Күш калай пайда болатынын талдаңыздар.
Әр топ оқушылары өз жауаптарын сипаттап, талдау жасап болғаннан кейін оқушыларға видео көрсетіледі.
Видео:3 закона Ньютона на примере велосипеда
Көрген видеомызды бір сөйлеммен қорытындылайық:
Оқушылар видеоға сәйкес білімдерін қорытындылайтын сөйлем жазады.
Сөйлем кім, не, қашан, неге, қалай, қайда деген сұрақтарды қамтиды.

Три закона Ньютона на примере велосипеда
http://www.youtube.com/watch?v=iSoH0u-Nu8M

15 минут


5 минут

5 минут


Э ксперменттік есеп:
І-топ:
Құрал – жабдықтар:көлбеу жазықтық, ойыншық машина, құм салынған ыдыс, таразы, секундомер, динамометр, өлшеуіш лента.

Құм салынған ыдыстың бетін тегістеп, оның үстінен көлбеу жазықтықтан түскен машинаны жүргізіңдер де, осы машинаның тарту күшін анықтаңдар. Машинаның құмның үстінен жүріп өткен мезетіндегі жылдамдығының уақытқа тәуелділік графигін тұрғызыңдар. Қорытынды жасаңдар. Құм мен дөңгелек арасындағы үйкеліс коэффициентін машинаны бірқалыпты түзу сызықты қозғай отырып анықтаңдар.


ІІ-топ:
Құрал – жабдықтар:ойыншық машина, парта, көлбеу жазықтық, таразы, секундомер, динамометр, өлшеуіш лента.

Партаның бетіненкөлбеу жазықтықтан түскенмашинаны жүргізіңдер де, осы машинаның тарту күшін анықтаңдар. Машинаның партаның үстінен жүріп өткен мезетіндегі жылдамдығының уақытқа тәуелділік графигін тұрғызыңдар. Қорытынды жасаңдар. Парта мен дөңгелек арасындағы үйкеліс коэффициентін машинаны бірқалыпты түзу сызықты қозғай отырып анықтаңдар.


ІІІ-топ:
Құрал – жабдықтар:ойыншық машина, мәрмәр үстел, көлбеу жазықтық, таразы, секундомер, динамометр, өлшеуіш лента.

Мәрмәр үстел бетінен көлбеу жазықтықтан түскен машинаны жүргізіңдер де, осы машинаның тарту күшін анықтаңдар. Машинаның мәрмәр үстел үстінен жүріп өткен мезетіндегі жылдамдығының уақытқа тәуелділік графигін тұрғызыңдар. Қорытынды жасаңдар. Мәрмәр үстел мен дөңгелек арасындағы үйкеліс коэффициентін машинаны бірқалыпты түзу сызықты қозғай отырып анықтаңдар.


Тапсырманы орындаған кезде, оқушылар жұмыстың қандай ба бір бөлігін аяқтағанда және сұрақ туындағанда алдын ала дайындалған шаршыны қолданады.
«Шаршы»
Егер олар жұмысты түсінбесе, шаршыны қызылға бояйды.


Егер сенімсіз болса сары түске бояйды.


Егер бәрі жақсы болса жасыл түске бояйды.


Сапалық есептер:
І-топ:
Неліктен жүгіріп келе жатқан адам сурінгенде алға карай, ал мұзда тайғанаған адам өз қозғалысына қарсы бағытта құлайды?
ІІ-топ:
Үлкен жылдамдықпен жүріп келе жатқан велосипедшіге кенет тоқтау қажет болған жағдайда неліктен алдыңғы доңғалақты емес артқы доңғалақты тежеу керек.
ІІІ-топ:Бір қалыпты қозғалған автобустың еденінде қарбыз, ал оның төбесінің үстінде сутегімен толтырылған өте жеңіл резина шар жатыр. Егер автобус тежелсе, қарбыз бен шар қалай қозғалады? Ауаның кедергісі және еденнің үйкелісі аз деп есептеңдер.
Сандық есептер:
І-топ:

Find the acceleration of an object on a smooth surface, as shown in the figure.




ІІ-топ:
What force is needed to stop a truck of mass 4 tons moving at a velocity of 36 km/h in 50 m?


ІІІ-топ:
A force of 500N acts on a load of 250 kg which is at rest in space, as shown in the figure. Find

  1. The acceleration of the load;

The speed which the load reaches 5s 5 минут

  1. later.




көлбеу жазықтық,ойыншық машина, құм салынған ыдыс, парта, мәрмәр үстел, таразы, секундомер, динамометр, өлшеуіш лента.

Қызыл, сары жасыл түске боялған шаршылар


Б.А.Кронгарт, С.М. Тезекбаева
«Физика және астрономия» есептер жинағы
Ahmet AKI, Sinan KOSAK
Salim GUR
“Mechanics”, Zambak Publishing


5 минут


Үй тапсырмасы: Б.А.Кронгарт, С.М. Тезекбаева
«Физика және астрономия» 8.34, 8.32, 8.41, 8.42
Сөздік бойынша жұмыс жасау.
Рефлексия
Серіктестіктеріңізбен сөйлесіңіз

  • Үйренген 3 жаңа мәліметтермен бөлісіңіздер

  • Сіздер үшін жеңіл болған мәліметтермен бөлісіңіздер

  • Сіздерге қиындық туындатқан мәліметтермен бөлісіңіздер

  • Келесі жолы міндетті түрде оқып келетін мәліметтермен бөлісіңіздер



Қосымша ақпарат

Бөліп оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз?

Бағалау – оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ - сілтемелері
Құндылықтар


Зерттеу жүргізу үшін оқушыларды топқа бөлу. Оқушыларды формулалар бойынша топтарға бөлеміз.Топтағы оқушылар бірлесе отырып, берілген тапсырманы орындайды

Критериалды бағалаудың кіріктірілген жүйесі бойынша топ оқушыларды бағалау әр тапсырмадан кейін іске асырамын. Мәселен, бір сөйлеммен қорытындылайық, «Шаршы», Серіктестіктеріңіз
бен сөйлесіңіз

Көлбеу жазықтықты тұрғыға орнату барысында, дене беттерімен жұмыс жасауда оқушыларға қауіпсіздік ережесін сақтау ескертіледі және қадағаланады. Оқушылар топтық жұмыс кезінде, экспериментте алынған мәндерді талдауда сыныптағы оқушылардың бір-бірінің пікірін тыңдай білуіне, коммуникативтік қабілетін жарқын көрсетуіне жағдай жасалады.

Ой толғау
Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?



Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары/оқыту міндеттері нақты қойылды. Оқушыларды дененің қозғалысының жылдамдық өзгеруінің себебін біледі,Ньютон заңдарын қолданып, сандық, сапалық және эксперименттік есептер шығара алады; Ньютон заңдарын қолданып, мысалдарды түсіндіреді; Ньютон заңдарының формуласына енетін шамалардың арасындағы байланысты график арқылы көрсете алады. Көлбеу жазықтық бойымен қозғалған дененің үдемелі қозғалатынына, сонымен қатар горизонталь қозғалыста кемімелі қозғалуы мүмкіндігіне көз жеткізді

Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)
1: Оқушылар эксперменттік есеп шығаруда шаршы қолданып, өздеріне бағалау жүргізуі;
2: Оқушыларды видео көрсетілімде оқушылардың бір сөйлеммен қорытынды жасауы.
Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)
1: Оқушылардың серіктестіктеріңізбен сөйлесіңіз кері байланыста қиындық туындатқан мәліметтермен толығымен бөлісуі келесі сабақта жоспарлауға көмегін тигізеді


Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет