Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы»



Дата06.07.2018
өлшемі22,95 Kb.
#47938
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы»
Сабақтың мақсаты:

1) Ғ. Мүсіреповтің шығармашылығы туралы оқушылардың таным, білім көкжиегін кеңейту, мәтін мазмұнын меңгерту, әңгімедегі кейіпкерлер, олардың іс – әрекеттері туралы өзіндік пікірлерін қалыптастыру;

2) шығарма идеясы негізінде оқушыларды ананы сыйлап, қадірлей білуге тәрбиелеу, дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру;

3) оқушының өз бетінше салыстыра білу, зерттеу, қорытынды, тұжырым жасаудағы машығын дамыту;


Сабақтың түрі: іскерлік пен дағдыны жетілдіру
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену
Сабақтың көрнекілігі: автордың портреті, кітаптар көрмесі, сызбалар, кестелер
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, өзін өзі тану
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.



Тренингтер

«Сызғыш» - Есімдері бойынша әріптер бойымен орналасу

Айда, Айтқабыл, Аружан, Асылбек, Бекжан, Дәурен, Жұпар, Нұрила, Нұрсейіт, Тоқтар.



«Көңіл-күйімізді жаттықтыру».

1. Қабағы түйілген, ашулы адамның кейпі;

3. Жылап тұрған адамның бейнесі;

4. Жай күліп тұрған адамды көрсету және қатты күліп тұрған адамды көрсету;

5. Өлең айтып тұрған адамның сезімін көрсету

Дәл қазіргі сәтте өздеріңіздің көңіл-күйлеріңіз қандай? - бет-әлпеттеріңмен бейнелеңіздер.



Туған күндер бойынша екі топқа бөліну

Жаз, көктем айлары - Дәурен, Айда, Нұрсейіт, Нұрила, Бекжан

Күз, қыс айлары – Жұпар, Аружан, Асылбек, Тоқтар, Айтқабыл
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1/ «Қазақтың саятшылық дәстүрі» - шағын шығарма жазып келу - ауызша оқыту

2/ «Автор орындығы» - бір оқушы шығарманың авторы болады, басқа оқушылар «Саятшы Ораз» әңгімесі бойынша авторға сұрақтар қояды:


  1. Сіздің есіңізде неге Сүлеймен жездеңіз емес, саятшы Ораз қалды?

  2. Ораздың айтатын әңгімелері не туралы еді?

  3. Ораз қандай мақалдарды жиі айтатын еді?


ІІІ. Жаңа сабақ

1) «Тыныштық» сәті

Ана туралы ән әуенімен әңгіме оқып беру

Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов айтқандай, бізді сүйетұғын, біз үшін күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана.. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.


«Анаңды меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойғы борышың. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. 

"Алып анадан туады " дегендей біздің неше түрлі ғұламаларымыз, батырларымыз анадан туған. Ананың құдіреті өте күшті...

Мына бір аңыз әңгімеге құлақ түрейік:

Ақсақ Темірдің ұлы өлген соң, ол баласының кегін қан төгіс арқылы қайтармақ болады. Алып мұнараларды адамның сүйегінен тұрғызды. Қаһарына мінген Темірді көрген кезде адам да, тіпті жан-жануарлар жан-жаққа қашатын. Сол кезде бір әйел адам келіп:


- Хан болсаң өзіңе хансың, ал мен үшін сен адам қатарына да жатпайсың! Сен әлемге өлім әкелсең, мен өмір сыйлаймын. Сені де мен сияқты ана тапқан! Сен де анадан шыққансың. Баламды кері қайтар,- деп бұйырады. Сол кезде Ақсақ Темір әскерін дүниенің төрт бұрышына жібереді. Сол кезден бастап Темір райынан қайтып, басқаша өмір сүреді"
Міне, тіпті тас жүректі жібітіп, тілін таба білетін адам ол - АНА! 
Жұмақ ана табанының астында, сол жұмақ есігін ашам десең ешқашан анаңды ренжітпе! 

Әңгіме кім туралы? Барлығымыз жанымызға ең жақын адамымызды елестетіп көрейікші.

Кім қандай ой ойлады?

2) «Жүректегі ақ тілегім» – барлық оқушы түрлі-түсті қағаздан кішкене жүрекшелер ойып, аналарымызға деген жақсы-жақсы тілектерімізді жазып, ватман қағазға жапсырайық.


3) Әңгіме мазмұнымен үйден алдын ала оқып танысып келу тапсырылды.

Тапсырмалар орындай отырып, әңгіме мазмұнын талдау



  1. Әр топ бір-біріне үш сұрақтан әзірлейді

Сұрақтарға жауап беру

Үлгі: 1/ Кейкінің үкімі?

2/ Жалпақ батыр мен оның серіктерін жерге қаратқан нендей күш?


  1. «Пирамидалық эссе» жазу

  1. Әңгіме кейіпкері – Ана

  2. Әңгіменің орнын бейнелейтін екі сөз – Ергенекті елі

  3. Үш сөзге сыйдырып кейіпкерді сипаттау – батыл, ашулы, өжет

  4. Төрт сөз арқылы кейіпкердің маңыздылығын сипатта – Ана аталы сөзімен тоқтатты.

  5. Бес сөз арқылы кейіпкердің кері әсерін анықта – Жалғыз өзі жаудың артынан келуі

  6. Алты сөзбен өз пікіріңді айт – Ана баласы үшін құрбан болуға дайын.




  1. Кесте толтыру




Мәтінде сенің көңіл-күйіңе әсер еткен тұстар

Сенің пікірің?









  1. Мәтіннен теңеу сөздерді табу

Теңеу- құбылысты басқа нәрсемен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі.

Етектей сақал, іркіт сабасындай, жауырыны қақпақтай, жұдырығы тоқпақтай, құйған пештей, оқтаудай ойнап, киіктей орғып, ұршықтай ойнап, бөкендей бүктетіліп, тұйғындай түйіліп, жұлдыздай ағып...

Мәтінде кездесетін қазақтың салт-дәстүрлерін ата:

Сауға, сүндет той, ат шабыс, балуан күрес, бәйге, қыз алып қашу, қыз ұзату,



  1. ВЕНН диаграммасы




Ананың анасы


Ортақ


Жалпақ балуан


Бейнесі: Бейшараның боз көйлегі

жырым жырым. Қолдары қарғаның

тұяғындай қап-қара.Ерні қырық тілінген, жарық-жарық. Бірақ түйілген қабағынан, От жанған көзінен жаның шошырлық.

Қырық жігітті билеп әкететін құдіретті күш иесі. Сонар дегеннің қызы.


Мінезі: өр мінезді, ер, батыл.

Ергенекті елінің

құрбаны.



Бейнесі: Жауырыны қақпақтай, жұдырығы тоқпақтай,сыртынан қарағанда құйған пештей. Астында сары қасқа аты бар. Бала бидің батыры, балуан.

Мінезі: Қалыңдығынан айырылып

қалған намысшыл батыр. Ақылды.

Сөзге тоқтамшыл





  1. Әңгіме кейіпкерлері туралы ой жинақтау

1. Ананың қандай қасиеттерін ерекше бағалар едің?

(Ананың батылдығын, қайсарлығын, өжет қасиеттерін ерекше айтар едім)

2. Ана бейнесін жасай отырып, жазушы не айтпақшы болған?



(Жазушы ана тағдыры, батылдық, қайраттылық, өжеттік Ана бейнесін құрайтын ерекше қасиеттер екенін айтады)
ІV. Сабақты бекіту

«Ананың анасы» әңгімесіндегі Ана деген ұлы ұғымды қалай суреттер едің?


кешірімшіл

батыл


өжет


АНА

мейірімді

қамқор

қайсар
қаталдығы да бар



ең әдемі
V. Үйге тапсырма:

1/ Ғ. Мүсіреповтің өмірі, шығармашылығы туралы Бекжан мен Жұпарға дайындап келу тапсырылады



2/ «Ана махаббаты – құдіретті күш» - ойтолғау жазу;
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет