Сабақтың тақырыбы: Ғұндар жəне халықтардың ұлы қоныс аударуы, батысқа қарай аттануы, ғұндар Еуропада, Аттила. Сабақтың мақсаты



Дата07.05.2017
өлшемі59,43 Kb.
Сабақтың тақырыбы: Ғұндар жəне халықтардың ұлы қоныс аударуы, батысқа қарай аттануы, ғұндар Еуропада, Аттила. 

Сабақтың мақсаты: 


  • Халықтардың ұлы қоныс аударуығын негізін қалаушы ғұн мемлекетінің тарихы, құрылымы туралы баяндай отырып, оқушылардың тарихи санасын қалыптастыру, белсендігін арттыру, Аттиланың өміріне тоқталу, фильмін көрсету. 


  • Белсенді, ізденімпаз, жан-жақты білімді ащзамат тәрбиелеу. 





Сабақтың түрі: аралас 

Әдісі: интерактивті 

Көрнекілік: карта, суреттер 

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.




Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі 


  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу 


  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару 




ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

Ғұндар, б.з.б. III-I ғасырлардағы ғұндар мемлекеті, көршiлермен қарым-қатынасы, ғұндардың Мөде тұсында өрлеуi, ғұндардың Қазақстанға қоныс аударуы, көшпелi мал шаруашылығы, егiншілік, əлеуметтiк құрылысы, материалдық мəдениетi.




  1. Ғұндар тарихының ерте кезеңі 

  • Б.з.б. 1мыңжылдықта қазіргі Монғолияның оңтүстігінен каспий өңіріне дейінгі Орталық Азияның кең-байтақ кеңістігін әр түрлі тайпалар мекендеген. Қытай деректерінде, «ғұн», атауы б.з.б. 3 ғасырдың аяғында пайда болған. «Ғұн» сөзі «гун руң, хун ю» т.б. атаулармен тберілген. Қытайлар ғұндардың басшысын «шаньюй» деп атаған. 




  1. Ғұндар мемлекетінің құрылымы 

  • Қытай дерегінде ғұндардың күш-қуаты туралы: «ғұндардың құдіреттілігі сондай, олардың елшісі қолындағы шаньюйдің сенім таңбаларымен көрші елдерге барды, ол елдер бір мемлекеттен екінші мемлекетке шығарып салып, азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрды...» мдеп жазылған. 




  1. Ғұн тайпаларының бірлестігі 

  • Б.з.б. 55 жылы Ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік ғұндар болыпекіге бөлінді. 


  • Ғұндар Қытайдың Хань әулетінің негізін қалаушы Лю-Банды да жеңіп, оларды өздеріне бағынышты етті. Сөйтіп, Байкал көлінен Тибет тауына дейін, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта ағысына дейінгі аралықта құдіретті Ғұн мемлекеті пайда болды. 




Жаңа сабақтың жоспары: 




  1. Халықтардың ұлы қоныс аударуы. 

  • Ғұн қоғамы ұшы-қиыры жоқ кең-байтақ жерді жайлап, көптеген тайпаның басын біріктірді, әскери соғыс қуаты орасан зор құдіретті мемлекетке айналды. Еділдің (Аттиланың) жеңімпаз жорығы оның атын бүкіл әлемге әйгілі етті. 




  1. Ғұн жорықтарының маңызы. 

  • Аттила (Еділ) шамамен 400-453 жылдары өмір сүрген. 


  • Көптеген халықтардың жадында Ұлы ғұндардың бейнесі сақталып қалған. Аттилда туралы еңбектер 6 ғсырдан бастап әлі күнге дейін жазылып келеді. Неміс, францтуз, және итальян тілінде бірнеше туындылар шықты. Италияның атақты компазиторы Джузеппе Верди «Аттила» операсын жазды. Аттила бейнесі біздің халықтың есінде де сақталған. Халық оны «Еділ» деп атайды. Волга өзені де қазақша «Еділ» аталады.




  1. Тарихтағы ғұндар сипаттамасы. 

  • 448 жылы Аттиланың сарайында болып қайтқан Прииск оның сырт келбетін былай суреттейді: «Бір көрген адам оғның нағыз азиялық екенін бірден айтады. Басы үлкен, орта бойлы, мығым денелі. Қараған жерін тесіп өтетіндей, көзқарасы сұсты. Қозғалысы шапшаң, сенімді. Дауысы күмістей сыңғырлайды әрі құлаққа жағымды». 




Б.з-дың V ғасырында өмір сүрген Еділ (Атти-ла) патшаның Батыс елдерін бағындырған жеңімпаз жорықтарының нәтижесінде Еуразия кеңістігінде көшпелілердің империясы құрылды. Еділ Алмания (Германия) мен Скандинавия тарихында Этқель, славяндарда Атыл есімімен белгілі болса, венгр (мадиар) халқы оны бабамыз деп есептейді. Осы жерді оқушыларға оның себебін ашып айту. Одан кейін Еділ Батыс ғұн империясының билігіне қалай келгендігі, оның жүргізген жеңімпаз жорықтарының сипаттайтын қосымша деректерден үзінді келтіремін. Қосымша әдебиет: 

Т. Журтпбаев. Дулыга: Көне түркі батырлары туралы тарихи әфсаналар. - Алматы. 1994.

Еділдің тұсындағы ғұндардың жеңімпаз жорықтарын баяндай отырып картаның көмегімен ғұндардың мекендеген аумағы мен бағындырған елдерін картадан көрсетемін.

Оқушылар жақсы есте сақтау үшін Еділдің бағындарған елдері мен халықтарды дәптерлеріне жазғызып қоямын. Олар дәптерлеріне Рим империясы, угор /естек/, аландар, славяндар, Боспор патшалығы, вестгот, остгот сияқты герман тайпалары деп жазып алады.

Осы жерде ғұндардың батысқа жорығында қандай қарулармен қаруланғанын сипаттау мақсатында тақтаға ілінген сурет бойынша ғұндардың қару-жарақ түрлерін сипаттап айтып беремін. Одан әрі ғұндардың Еуропаны жаулауы Баламер патшаның тұсында басталып, Еділдің тұсында аяқталды. Ол қанша жерден жаулап алушы болғанмен, шамасы келгенше жаулап алған жерлерде қалалар мен мәдени ескерткіштерді қиратуға жол бермеген. Бұл дәуірдің ұлы оқиғасы деп 451 жылы болған Каталаун /Франқия жері/ шайқасын айтады. Рим мен ғұндар арасындағы соғыста 200 мың адам қайтыс болды деп жазады. Бұл шайқастың нәтижесінде ғұндар Рим империясының орталық бөлігін талқандап императордың қарындасын және оның жасауы деп Римнің қазынасын алуы Ғұндардың құдіреттілігін көрсетеді деп, оқушыларға осы сөйлемдерді мәтіннен тауып оқып беруге тапсырма беремін. Бұл оқиғаның әлемдік тарихта алатын маңызына ерекше тоқталып кетемін. Ғұндар бастаған «халықтардың ұлы қозғалысы» әлем тарихында орта ғасырлардың қақпасын ашып, феодалдык дәуірді бастан берді. Ғұн соғысынан кейін құл иеленуге негізделген Рим империясы ыдырап Еуропада ұлттық мемлекеттер пайда болды. Бұл Еуропа тарихы үшін үлкен прогресс еді деп ерекше тоқталып кетемін.


  • Одан әрі қандай мемлекет болмасын өз өмір сүру тарихында шарықтап өсу кезеңдері мен құлдырау кезеңдерін бастан кешірген, сол сияқты осындай ірі мемлекет ғұн империясы да түрлі себептерге байланысты дағдарысқа ұшырап, бірнеше иеліктерге бөлініп кеткендігін айтамын. Шығыс ғұн империясы ыдыраған уақытта біраз ел Оңтүстікке қоныс аударып Ақ Ғұн мемлекетін құрғанын, оның үлкен империяға айналып Үндістан мен Иран жерін бағындырғанын, қазіргі Түркістан мен Ташкент алқабы да Оңтүстік ғұн империясының құрамында болғанын баяндау. 




Сабақты бекіту: 




  1. Ғұндар туралы қандай деректерде айтылады? 



  2. Ғұндар бағындырған тайпаларды картадан көрсет. 



  3. Оқулықты пайдаланып, құдіретті Ғұн мемлекеті туралы әңгімеле. 



  4. Қытайлар ғұндармен неге соғысты, ғұндар неліктен жеңілді, соғыстың салдарын айт. 



  5. Ғұндар Еуропаның қай мемлекеттеріне дейін жетті, картадан көрсет. Ежелгі деректерде ғұндар қалай аталады? 



  6. Қосымша әдебиеттерді пайдаланып Аттила (Еділ) туралы әңгімеле. 



  7. Ғұндардың жауларын жеңу себептері неде? Ойыңды дәлелде. 



  8. Қытай деректерінде ғұндар қандай атпен белгілі болды? 



  9. Ғұндардың аты тарихта қандай әлемдік тарихпен тығыз байланысты? 



  10. Қытай деректері бойынша ғұндардың алғашқы көсемі кім болған? 



  11. Аманат дегеніміз не? 



  12. Ғұндардың жоғарғы билеушісін қалай атады? 



  13. Ғұн коғамында жоғарғы билікке ие болған Мөде қандай атаққа ие болды? 



  14. Б.з.б. 188 жылы болған қытайлыктар мен ғұндар арасындағы шайқас кімдердің жеңісімен аяқталды? 



  15. Зерттеушілердің көпшілігінің пікірі бойынша ғұндар кімдердің арғы тегі болып есептелінеді? 



  16. Ғұн империясы қашан екіге бөлініп, ыдырады? 



  17. Ғүндардың баспанасы не болды? 



  18. Ғұндарда өркениеттің қозғаушы күші болған көсіп түрін ата. 



  19. Үлкен соғыстардың кезінде ғұндардың қолданған жебе түрі. 


Бағалау. 


Үйге тапсырма: Шығармашылық тапсырма. «Ғұндардың әлемдік тарихта алатын орны жайлы әңгіме құрастырыңдар.»

тест тапсырмаларын шешу.




Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет