Сабақтың тақырыбы: Кітап –асыл қазына Сабақтың мақсаты



Дата15.09.2017
өлшемі96,09 Kb.
#33409
Сабақтың тақырыбы: Кітап –асыл қазына
Сабақтың мақсаты: Кітап –білім бұлағы,- дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқулықты құрметтеуге, күтіп ұстауға үйрету.

Көрнекілік: Слайдтар, кітаптар.

Тәрбие сағатының барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Кітап та алма ағашы, 
Жемісін біздер теретін. 
Тәтті алмаға балашы, 
Кітабыңның әр бетін. 

2. Негізгі бөлім.

Халқымыз өнер мен білімді қадірлеген.Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ата – бабамыз кітапты ерекше ақылшы ұстаз санаған. «Кітап – білім бұлағы,білім - өмір шырағы» деген қанатты сөз қалдырған. Кітап адам баласына бала кезінен бастап,өмірінің соңына дейін сырлас досы болады. Ендеше, құрметті ата-аналар, ұстаздар 3 «А» сынып оқушыларының дайындаған « Кітап – асыл қазына» атты ашық тәрбие сағатын назарларыңызға ұсынамыз.

Олай болса топтарымызбен таныстырып өтейін:

1-ші топ «Білім»

2-ші топ «Ғылым»

1-ші кезең. «Өнер»

Кітап – адам өмірінің таусылмас қазынасы дүниенің айнасы, ғылым – білімнің көзі,өнер мен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы досың. Кітап – адам баласының ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап қалатын, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал.

Кітап – араб сөзі. Ол қазақша «жазу», «жазба» деген мағынаны білдіреді. Кітап – көп ақылдың құйылған көлі, ол ортақ мүлік, халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы. Ата бабаларымыз «Күш білімде, білім кітапта», «Кітап – ғажап дос» деп бекер айтпаған. Кітап – шебер ұстаз, тілсіз мұғалім.

Алғашқы кітаптар осыдан бірнеші жыл бұрын пайда болған.Ол біздің қолымыздағы еш ұқсамайды.Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалған.Жұмсақ балшыққа үшкір нәрсемен жазу жазып,оны кептіріп,кейін күйдірген.Ол кәдімгі кірпіш тас сияқты болған.Бамбук өсімдігінен таяқшалар әзірлеп соған да жазған.Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған.Кейін жануарлардың терісінен пергамент деп аталатын материал жасалып,кітап соған жазылған.Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз XIII ғасырда пайда болды.Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырларды артқа тастаған.

«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» деген екен Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.

Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге – деп, Абай атамыз айтқандай «Білімнің қайнар бұлағы – кітап». Сондықтан да мұны адамзаттың баға жетпес құндылығы деп білеміз. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді. Кітап арқылы баланың дүниетанымы кеңейіп, еңбекке деген саналы көзқарас қалыптасады, сабаққа деген ынтасы артады. Сондықтан біз жас кезімізден-ақ кітапты сүюге және оны күтіп, ұқыпты ұстауымыз керек.

Мектеп табалдырығын аттаған өздеріңдей жас бүлдіршіндер өмірінің ең басты кезеңін, білім бастауын «Әліппенден» алады. Қолындағы су жаңа кітапқа қызыға да, тамсана да қарайды.

Ал осы оқулықтарды шығарып, кітаптарды жазып, ұрпағының сауатты, білімді болуы үшін маңдай терін төгетін ұлы ақын-жазушыларымыздың еңбегі аса зор, әрі жауапты екенін біз білуге тиіспіз.



Ахмет Байтұрсынов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев туралы айту.

Мұғалім:-Оқушылар,ертеде болған  кітаптың түрлерін  тамашалайық.Түркі халықтарының көне жазба ескерткіші.( слайд) 


“Папирус” кітабы.( слайд) 
Мысырда жазуға папирус қолданыла бастады.Кітап “Папирус”деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға шиыршықтап оралды. 
“ Пергамент” кітабы.( слайд) 
Кітап басу цехы.( слайд) 
Түптеу цехы.( слайд) 
Білім көзі – кітапта, ал кітаптың мекені – кітапхана, яғни грек тілінен аударғанда «кітап сақтайтын орын» деген мағынаны білдіреді. Кітапханадан көптеген қызықты қажетті деректерді, ертегілерді таба аламыз, сондай-ақ «Балдырған», «Асыл сөз» сияқты газет-журналдар да бар. Кітапханада әрбір кітаптың тұратын өз орны бар.

Кітапхана – жас оқырмандардың сүйікті мәдени ортасына айналып, сапалы білім мен саналы тәрбие беруде ұстаздардың бірден – бір сенімді серігіне айналуы тиіс. Ата-бабамыздың өткен тамыры терең тарихтарын, тұңғиықтан сыр шертетін әдебиеттерін, таңғажайып ғылым кереметтерін киелі шаңырақ кітапханадан табамыз.

Кітап – адамның досы, кітапты оқи отырып, көп қызыққа кенелесің, айналадағы өмірмен, табиғатпен танысып, көптеген достар табасың. Ал осы кітаптар үйінің, яғни кітапхананың да өзіне сай пайдалану ережесі бар. Кітапхананың ішінде шулауға болмайды. Кітапты кітапханадан кітапханашыдан жаздырып алуы керек. Кітапты жазып беретін орынды «абонемент» деп атайды.

Кітапханада кітаптар тек қана сақталып тұрмайды екен, олар онда тұрғанмен өз оқырмандарына 10 күнге қонаққа барады екен, егер уақытында кітапты қайтармаса олар өздерінің үйін сағынып, мұңаяды екен. Сондай-ақ ол кітаптарды басқалардың оқығысы келіп күтіп жүргенін ұмытпауымыз керек. Кітап алушыны «оқырман» дейміз. Кітапханада кейбір өзіне қажетті деректерді кітапты үйге алмай-ақ отырып, жазып алуға арналған орынды «оқырман залы» деп атаймыз.



Бейнебаян

Мұғалім: Өте жақсы. Олай болса алғашқы кітапханалар қай жылы, қай жерде ашылғанын қарап есте сақтайық.

1838жылы - Өскеменде

1870жылы – Оралда

1883жылы – Семейде

1891жылы – Павлодарда

1892жылы – Қарқаралыда

1892жылы – Қостанайда

1906жылы – Верныйда ашылған.

2-ші кезең. «Өлең – сөздің патшасы»

Өмір мәні - өнер менен білімде

Айтайықшы кітабыңды жыр ете.

Әрі ақылшың - әрі рухани қазынаң

Құнды байлық баға жетпес бұл өте, – деп кітап туралы өлеңдерге кезек берейік.

Әсем:Кітап!

Сен адамзаттың жақын досы!

Келмейді сені оқымай көңіл хошы.

Ел мұңы, көңіл сыры, ақын жыры,

Басылған таңба болып өзіндей осы.

Рамазан:Кітап!

Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,

Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.

Жеткізіп өткендердің өсиетін,

Шешіліп кейде достай сырласады.

Еділ:Кітап!

Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы,

Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы.

Ашқанда-ақ өткен күнмен беттеріңді,

Келер күн көз алдыма кеп тұрады.

Жұлдызай:Түлекті тәрбиелер кітап-мектеп,

Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.

Молайтып ақылыңды сан еселеп

Береді білім нәрін кітап көптеп.



Салтанат:Кітапта бейне жапырақ

Жырлайтын сырын өмірдің.

Оқисың кейде жаттап

Көтеріп күйін көңілдің.



Алмагүл:Оқулықты мектебің

Берер саған теп-тегін.

Білмейсің-ау сен бірақ

Қанша еңбек кеткенін.



Бекжан:Саған білім жемісін

Оқулығың береді.

Талай адам сол үшін,

Маңдай терін төгеді.



Жұлдызай:Ағаш кесіп қанша адам,

Ормандарда жүреді.

Аға қанша шаршаған,

Ағаш тиеп үнемі.



Мансұр:Машинист боп жасынан,

Дүбірлетіп даланы.

Сол ағашты тасыған,

Білер ме көп ағаны.



Назгүл:Заводтарда күн-түні

Қағаз жасап бағалы.

Қанша адамның кім үшін

Маңдай тері тамады.



Милана:Оқулықты баршаға,

Талай ғалым қолға алып.

Жылдар бойы қаншама

Жазады ұзақ толғанып.



Ақерке:Әдемілеп берсем деп,

Бояу жағып не түрлі.

Суретшілер көркемдеп,

Қанша уақыт отырды.



Айдын:Әріп теру үшін де

Талай адам терледі.

Баспахана ішінде

Талай тыным көрмеді.



Рахат: Оқулығың құралың

Жағар білім шырағын

Баса алмайсың ешқашан

Онсыз алға бір адым.

Мақал-мәтелдер – халық даналығының қазына байлығы. Олар ғасырлар бойы қалыптасып, сол халықпен мәңгі бақи бірге жасап, біте қайнасып кеткен дүние. Сондықтан да оны жұртшылық жадына сақтап, өзінің күнделікті өмірінде, өзара қарым-қатынасында пайдаланады. Мақал мен мәтелге бай халықтың бірі – қазақ халқы.

3-ші кезең. «Мақал - сөздің мәйегі»

Білім

1.Жылан інінен қалай шығады?

Жылы-жылы сөйлесең, жылан да інінен шығады.

2.Қар жана ма?

Қалауын тапса, қар жанады.

3.Инемен құдық қазуға бола ма?

Оқу инемен құдық қазғандай.

4.Еңтәтті не?

Ананың сүті тәтті,баланың тілі тәтті.

Ғылым

1.Не қорқақ,не батыр?

Көз қорқақ,қол батыр.

2. Не адамның арқауы?

Ас адамның арқауы.

3.Кімнен кім жаман?

Олақтан салақ жаман.

4.Тауық түс көреме?

Тауықтың түсіне тары кіреді.

Өнер

1.Оттан да ыстық не?

Отан оттан да ыстық.

2.Ер қаруы нешеу?

Ер қаруы бес қару.

3.Отқа түсіп күймеуге бола ма?

Отан үшін отқа түс күймейсің.

4. Түкіріктен көл болама?

Көп түкірсе көл болар.

4-ші кезең. «Нақыл сөздер»

Әр топ өздері ізденіп жинақтаған ұлы адамдардың нақыл сөздерін оқып береді.



5-шы кезең «Өнерлі өрге жүзер»

Кітап туралы көрініс көрсету. «Кітаптар мұңы», «Оқушы мен кітап», «Науқас кітап»



6-шы кезең «Білген адам тауып айтады......»

Жұмбақ шешу

Білім

1. Сандығым бар өзгеше

Қолыма алып жүремін. (кітап)

2. Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы. (мектеп)

3. Оқытады жазда,

Оқытады қыста

Тілсіз дана ұстаз. (кітап)



Ғылым

1. Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді. (ұстаз)

2. Ұшымен қазық,

Тор көзді жазық.

Үстіне өттім,

Асыл сөз жазып. (дәптер)

3.Көлемі шағын көп қырлы,

Қолдан қолға өтеді.

Өмірдің талай мол сыры,

Ішіне сиып кетеді. (кітап)

Өнер

1.Оқу-білім аспабы,

Қоймасының бас қабы.

Бөлмесі де бірнешеу,

Тиегі бар ашпалы. (сөмке)

2.Қойған жеріңде жатады,

Қолыңа алсаң өзіңе тіл қатады. (кітап)

3. Ілулі тұр кең алаң,

Керегімді мен одан.

Жазып алам көшіріп,

Сүртем сосын өшіріп. (Тақта)

7-ші кезең. «Кім шапшаң»

Берілген қима қағаздан суретті құрастыру.



8-ші кезең. «Білім көзі – кітапта »

Сұрақтарға жауап беру.

Білім

1. Қазақтың үш биін ата. (Төле, Әйтеке, Қазыбек)

2. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақтың батыр қыздарын ата. (Ә.Молдағұлова, М.Мәметова)

3. Жыл атауынан құр қалған жануар не? (Түйе)

4. Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан, қазақтың ұлы ағартушысы кім? (Ыбырай Алтынсарин)

Ғылым

1. Абай Құнанбаевтың қандай өлеңдерін білесің? (Қыс, Адам болам десеңіз, Жазғытұрым, Күз)

2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)

3. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)

4. Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерін ата. (Ту, Елтаңба, Гимн)

Өнер

1. Қазақ әліппесін жасаған, алғаш оқу құралын жазған кім? (Ахмет Байтұрсынов)

2. «Кел, балалар, оқылық» өлеңі кімдікі? (Ыбырай Алтынсарин)

3. Қазақтың аты аңызға айналған батыры кім? (Бауыржан Момышұлы)

4. Қазақ халқының тұңғыш балуаны. (Қажы Мұқан Мұңайтбасұлы)

Қорытынды:  Ой қозғау. 
Кітап неден, қалай жасалады? 
Кітапсыз өмірді елестету мүмкін бе? 
Кітапты қалай ұстау керекпіз? 
Кітапханаларға барып кітаптар алып оқимыз ба? 
Қандай кітап оқығанды жақсы көресің? 
Мұғалім: -Жарайсыңдар балалар! Кітап оқу үшін біздің мектептегі кітапханаға барыңдар.

Кітабыңды құрметте


Күтіп ұста кірлетпе. 
Кішілерге табыс ет, 
Дақ түсірмей бір бетке.

-Рахмет сіздерге балалар!  Кітапты  ұқыпты  ұстаңдар! Сау болыңдар.



Мұғалім: Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Ұқыпты, білімді бала болып өсіңдер. Белсенді қатысқандарыңа рахмет!
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет