Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев. «Аққулар ұйықтағанда»



бет6/6
Дата23.12.2021
өлшемі47,76 Kb.
#127911
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
АҚҚУЛАР ҰЙЫҚТАҒАНДА
Compass RUS CH2, Baktorazov Kazakstan.pdf, 14. Жансейт Имангали ТПГС-19-3, 107727446116 2 макроэкон көрсеткіштер, Глоссарий Толешов Нургиса, 7.1-ресурс
Поэманы талдау.

1. Проблемалық сұрақтар.

- Поэмада негізгі мәселе не?

- Автор өзі көтерген мәселені қаншалықты аша білген?

- Ана неге аққуды атпақ болды? Бұл шешімге келу анаға оңай түсті ме?



2. Поэманың композициялық элементтері.

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасын талдау.




Рет

саны


Поэманың композициялық элементтері

Композициялық жоспар

Суреттеу тәсілі

Поэманың тілі

1.

Оқиғаның басталуы

«Жетім көлдің» табиғаты

Суреттеу

Жаңбырдың тамшысындай-теңеу

2.

Оқиғаның байланысы

Тәуіп шалдың айтқаны

Баяндау

Диолог


Қатыгез, сұрқай ой-эпитет

3.

Оқиғаның дамуы

Ананың көлге келуі

Суреттеу

Монолог


Ақша бұлт-эпитет

Ошақ қасы, от басы-тұрақты тіркес



4.

Оқиғаның шиеленісуі

Ананың аққуды атуы

Баяндау

Мөлдіреген « Жетім көл» көкке қарап,

Мөлтілдеген көз жасын тыя алмай тұр- кейіптеу.



5.

Оқиғаның шарықтау шегі

Қарт жылқышының әңгімесі

Диолог

Сұм жүрек- эпитет

6.

Оқиғаның шешімі

Эпилог


Ананы аққудың киесі ұруы

Аққулардың оралмай кетуі



Баяндау

Ақ төсек-аппақ айдын,

Аққу-бала-метафора.

Өмір-дария-метафора.




  1. Топпен жұмыс. Анаға мінездеме. (тірек – сызба)








Ана







Сабақты бекіту:



  1. Шығармашылық жұмыс. \пікірсайыс\

Тақырыбы:_«'>Міндеті: «Жеңіске жеткің келе ме, ізден, ойыңды дәлелдей білуге үйрен, біліміңді ұшта»

  1. Жақтаушы топ:

Тақырыбы: «Аққулар ұйықтағанда» - экология тақырыбындағы поэма.

Кілт сөздер: «Аққуды атуға болмайды».

Дәлелдеме: 1. Көлдің сәні – аққулар.

Аққу киесі оңдырмайды.



  1. Даттаушы топ:

Тақырыбы: «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының тақырыбы экология емес.

Кілт сөздер: «Ана махаббатымен құдыретті»

Дәлелдеме:

1. Бәрі де адам үшін жаратылған.

2.Наным-сеніммен де ана махаббаты құдыреті.
Қорытынды:


  • Балалар, адам –табиғат перзенті. Дүниеде екі ана бар.

Бірі- тіршіліктің анасы, табиғаттың анасы, екіншісі адам анасы. Екеуі де мейірімді. Осы екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға болмайды.

  • Ал біз, адамдар, солай етіп жүрміз бе?Жоқ, керісінше, біз қаталдық пен жауыздықты бірінші соларға көрсетіп жүрген жоқпыз ба?

  • Қасиетке оқ атқызған (анаға) қандай күш.

Баласы үшін өлімге де баратын ана қасиетке (аққуға) оқ атты. Ол ана үшін өліммен бірдей еді. Қасиетке оқ ату қасірет болды.
“Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден”,-деп жырлап өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев тірі болса биыл тура 9 ақпанда 82 жасқа толып , қазақ елінде дүбірлі той болып жатқан болар еді. Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздардай сәулесін шашып, ұрпақтан – ұрпаққа таралып , өз оқырмандарының ыстық ықыласына бөленуде.



Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық – бақытты халық. Мұқағали күнделігінде: “Маған нағыз баға беретін келешек ұрпақ! Нағыз бағалаушылар алда. Жылдар өтеді, жаңа ұрпақтар келеді. Мен өзім жайында мынаны айтам: мен XXI ғасыр ұрпақтарының құрдасымын”,- деп елінің егемен алып келешек ұрпақтың білімді де, ақылды балалары менің жырларымды оқып сусындар, бағасын берер деп келер ұрпаққа сенім артып, елінің болашағынан үлкен үміт күткен еді. Мұқағали Мақатаевты ұрпақтары ешқашан ұмытқан емес. Мұқағали бір ғасырда бір келетін, қазақ поэзиясының алтын домбырасы дерліктей хас талант иесі. Иә, жақсы жырды, жақсы ақынды таңдай білсек, қорғай білсек, хақымыздың рухани өзегі, сана байлығы толыға түсері анық. Мұқағали Мақатаевтың әрбір өлеңін қымбат қазынымыздай сақтап, оқуымыз керек. Ол – біздің міндетіміз.

Бағалау: Бағалау парағы



Үй тапсырмасы

Сабаққа қатысуы

Композициялық талдау

Пікір сайысқа қатысуы

Қорытынды

1.
















2.

















Үйге тапсырма: «Аққу көлдің еркесі», «Көлдің сәні аққу, қаз» (ой толғау), Ақын және аққу тақырыбына өлең жазу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет