Сабақтың тақырыбы: Қола дәуіріндегі шаруашылық және қоғамдық-мәдени өмірдегі өзгерістер Сабақтың мақсаты



Дата07.02.2017
өлшемі81,42 Kb.
түріСабақ
Шанханай негізгі мектебі



(ашық сабақ)

Өткізген: Өмірхан Самал Ермекқызы

2016-2017 оқу жылы

Пәні: Қазақстан тарихы

Сыныбы: 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Қола дәуіріндегі шаруашылық және қоғамдық-мәдени өмірдегі өзгерістер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қола дәуірі адамдарының қоғамдық құрылымы, әдет-ғұрпы, өнері жайлы баяндау арқылы сол кездегі адамдар жасаған материалдық, рухани байлықтармен, ізгілікті істермен оқушыларды таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың тарихты ғылыми тұрғыдан талдауға, оны саналылықпен түсіне білуге үйрету, олардың қабілетін жан - жақты дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың тарихқа, өз халқының және басқа халықтардың мәдениетіне деген қызығушылығы мен құрмет сезімін дамыту, оларды өз елінің, бүкіл адамзаттың мәдениетін толықтыруға үлес қоса алатын азамат етіп тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: Өзара белсенділікті арттыру сабағы.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, сызбалар, ребус, фотолар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
а/ сәлемдесу, түгендеу
ә/ оқу құралдарын тексеру
б/ бағалау критерийімен таныстыру.
Жалпы ұпайы
0 - 4 – “3”
6- 8 – “4”
10 - 12 – “5”
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
І-кезең. Бейнесұрақ.
1.Андрондықтар шаруашылықтың қандай түрімен айналысқан? (Кен өндіру мен металл өңдеу)

2.Қола дәуірінің қоныстары қандай жерлерде орналасқан? (Есіл, Тобыл, Ертіс, Бұқтырма)

3. Андрон мәдениетіндегі тұрақтар Қазақстанның қай облысында табылған? (Қостанай облысы)

4.Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі қандай? (көзе құмыралар)

5.Андрондықтардың сырт бет бейнесін кім сипаттады? (В.П.Алексеев)
6.Аедрон мәдени-тарихи бірлестігі қанша мәдениеттен тұрды, атаңыз?

(2 (екі), Алакөл, Федоров)

7. Мал өсіру шаруашылығының қандай түрлерімен айналысты? (отырықшылық, бақташылық)

8.Ғалымдар Солтүстік және батыс Қазақстаннан қанша Андрон мәдениетінің қоныстарын зерттеді? (80-нен аса)

9. Андрон тектес қола мәдениеті қай өзеннен басталады? (Орал (Жайық))

10. Орталық Қазақстан аумағынан қола дәуіріне тән қанша қоныс пен қорымды зерттеді? (30-қоныс, 150-қорым)
ІІ-кезең. Кім тапқыр.
Бұл кезеңде оқушылар үйден жасап келген ребустарын жасырады.
ІІІ. Кім жылдам.
(дұрыс таңдау тесті)
1.Қола дәуіріндегі шаруашылықтың негізгі саласы

А) бау-бақша өсіру

В) егіншілік

С) мал шаруашылығы

D) аңшылық

2. Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі

А) микролит өндірісі

В) дәнүккіш жасау

С) көзе құмыралар жасау

D) келі мен кесап жасау

3. Ғалымдар қазақтың киіз үйлерін кімдердің баспаналарына ұқсатады

А) шатырға

В) күркеге

С) Андрондықтардың баспаналарына

D) сібірліктердің қонысына

4. Андрон мәдениетінің таралу аймағы қанша?

А) 3


В) 4

С) 2


D) 5

5. Андронов сырт бейнесін кім бейнеледі?

А) Ә.Марғұлан

В) Ә.Қастеев

С) В.П.Алексеев

D) Беғазы-Дәндібай

6. Сырдарияның төменгі ағысындағы, қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын кесене?

А) Қорым кесенесі

В) Есіл кесенесі

С) Түгіскен кесенесі

D) Тайпа көсемдері

7.  Қазақстанда қола дәуірінің басталған мерзімі?

А) б.з.б. 2 млн 600 мыңыншы жыл

В) б.з.б. 40-12 мыңыншы жыл

С) б.з.б. 2 мыңыншы жыл

D) б.з.б. 3 мыңыншы жылы

8. Мыс кеніне қалайы қосу арқылы өндірілген металл

А) темір В) мыс С) қола D) қорғасын



9. Қола дәуірінің кезеңдері қаншаға бөлінеді?

А) 7 В) 5 С) 3 D) 4



10. Ғалымдар Солтүстік және Батыс Қазақстаннан қанша Андрон мәдениетінің қоныстарын зерттеді?

А) 66-дан аса В) 55-тен аса С) 80-нен аса D) 70-тен аса



Дұрыс жауаптары

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

С С С С С С С С С С

ІҮ-кезең. Дұрыс. Бұрыс


І-топ.

1. Қола негізінен мыс пен алтының қосындысынан алынады. (дұрыс)__ІІ-топ.'>(бұрыс)


2. Сырт бет бейнесін академик В.П. Алексеев сипаттады? (дұрыс)

3. Қазақстан жеріндегі қола дәуірі 5 кезеңнен тұрды? (бұрыс)


4. Б. з. б. 2 мыңжылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола бұйымдар жасау ісін меңгерді.(дұрыс)

ІІ-топ.
1. Өздерінің дене құрлысы жағынан Андрондықтар моңғолойдықтарға ұқсаған.(бұрыс)
2. Андрондықтардың басты кәсібі мал бағу, кетпенді - теселі егіншілік пен балық аулау болған (дұрыс)

3. Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі-көзе құмыралар (дұрыс)

4.Орталық Қазақстан аумағынан қола дәуіріне тән 100 қоныс, 80 қорым зерттеді? (бұрыс)
ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгеру жоспары:
1. Климаттың өзгеруі
2.Отырықшы және жартылай көшпелі мал шаруашылығы

3.Кетпенді егіншілік

4. Зергерлік өнер

5. Беғазы-Дәндібай мәдениеті

6. Әлкей Хақанұлы Марғұлан

    Әлкей Марғұлан туралы хабарлау- Бұл атау Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекеніндегі обаларға байланысты қойылған. Беғазы-дәндібай мәдениетіне жататын жерлеу орындарының көпшілігі – обалар. Андроновтықтардың ерекшелігі: Беғазы-Дәндібай қорғандары биіктеу болып келеді және ұсақ қиыршық тастар мен топырақтан тұрғызылып, етегі үлкен қақпақтастармен бекітілген. Қола дәуірін жоспарлы зерттеу 1946 жылы басталды. Сол жылы қазақтың біртуар энциклопедист ғалымы Әлкей Хақанұлы Марғұлан көне дәуір тарихын зерттейтін археологиялық экспедиция құрды. Археологиялық топ Беғазы-Дәндібай мекенін 1947-1949 және 1952 жылдары жан-жақты зерттеді.

Сөйлемді тиісті орынына қой.
Б. з. б........ мыңжылдықта Еуразия далалық аймақтарында.......... тәсілі ойлап табылып, тас құралдарды күнделікті өмірден ығыстырып шығарды.
Өзгерістер: Рулық қатынастар ыдырап, орнына....... бірлестіктер құрыла бастады.
Түсті металдар мен....... өндірістік жолмен игерілді.......... шаруашылығы қалыптасты.
Біртіндеп көшпелі........ шаруашылығына ауыса бастады. Бұл екі бағыт мал шаруашылығы мен металлургияның тез дамуы.......... еңбегіне қажеттілікті арттырып, аталық отбасылық рулық қатынас орнады.
Ленинградта оқыған жылдарында Әлкей Марғұлан қандай ортада боп, кімдерден дәріс алды десек, шығыс иституты мен университетінде әлемге танымал небір атақты академиктер бір мезгілде кезектесіп дәрістер оқыған.
Әлкей Марғұлан да текті тұқымнан тараған. Алты алашқа есімі мәлім Олжабай батырдың тікелей төртінші ұрпағы, яғни Олжабай, Дулат, Марғұлан, Хақан, Әлкей деп тарайды. Қ. Сатбаев: «Әлкейдің басы толған тарих» деп бағалаған.

Әлкей Хақанұлы Марғұлан (1904-1985жж.) XX ғасырдағы аса ірі ғалымның бірі. Дүние жүзі ғылымында ол Қазақстан археологиясының  және Қазақ археология мектебінің негізін қалаушы. Сондай-ақ, ол тарихшы, шығыстанушы, этнограф, әдебиетші-фольклорист, және аса ірі өнертанушы. Ә.Х Марғұлан XX ғасырдағы ең ірі – Шоқантанушы



Бағалау критериясы

«5» — 21-25 ұпай

«4» — 14-20 ұпай

«3» — 4-13 ұпай

«2» — 0-3 ұпай

 VІІ. Үйге тапсырма: Ә.Марғұлан туралы эссе жазу




Мәдениет

Орналасқан жері

Кім зерттеді?


Андронов мәдениеті







Беғазы-Дәндібай мәдениеті







Каталог: uploads -> doc -> 0dc7
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0dc7 -> Сабақтың түрі : жаңа теориялық ұғым қалыптастыру сабағы Сабақтың әдісі : түсіндіру, талдау жинақтау
0dc7 -> Калейдоскоп Ақтөбе облысы Темір ауданы Қопа орта мектебі


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет