Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді көбейту Сабақтың мақсаты



Дата10.07.2017
өлшемі31,86 Kb.
#21043
түріСабақ
«Бекітемін»

Мектеп директоры: М. Исабеков


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ордабасы ауданы

«Жусансай» жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ашық сабақ

Тақырыбы:



Ондық бөлшектерді

көбейту

Математика пәнінің мұғалімі:



Исабеков Жандарбек

Жусансай 2013 – 2014 оқу жылы



Математика 5Ә сынып
Күні : 28. 02. 2014ж

Мұғалімі: Исабеков Ж.

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді көбейту

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды ондық бөлшектерді ондық бөлшектерге көбейте білуге дағдыландыру.

  • Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру.Белсенділіктерін арттыру , оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.

  • Оқуға саналы сезімге ,жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.Тез ойлап , ойын тез қорытындылауға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.


Сабақтын типі: дәстүрлі емес, ойын түрінде

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы және топтық сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: тақырыптар жазылған плакаттар, кеспе қағаздары, тақта, бор, оқулық

Пән аралық байланыс: дене тәрбиесі, қазақ тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың әдісі: баяндау, топпен жұмыс

Сабақтың өту жоспары:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2. Сабақтың барысымен таныстыру.

3. Жаңа сабақ түсіндіру.

4. Математикалық жарыстар

5. Қорытынды


Сабақтың барысы:

  1. Психологиялық кезең, сынып оқушыларын үш топқа болу,

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі

Оқушыларға мысалдар арқылы ондық бөлшектерді көбейту туралы түсініктер беріледі.

Мысалы: 7,32 ондық бөлшегін 2,8 ондық бөлшегіне көбейткейік.

Ол үшін:


  1. Үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейтуді орындау керек;

  2. Шыққан нәтижеден көбейткіштердің екеуінде үтірден кейін неше ондық таңба тұрса, көбейтіндіде оң жақтан сонша цифрларды үтірмен айырып бөлу керек.

7,32


2,8

5856


1464

20,496
Ондық бөлшекті 0,1; 0,01; 0,001,....., разряд бірліктеріне көбейту үшін, осы бөлшектегі үтірді разряд бірліктерінде неше нөл болса, сонша цифрға солға қарай жылжыту керек.

Мысалы: 56,1*0,1= 5,61 т.с.с.


  1. Математикалық ойындар:

А) есептеу ойыны ( бұл ойында әр топқа оқулықтан есептер беріледі

яғни, 1-ші топқа: №1119- ші есеп

2-ші топқа: №1120- ші есеп

3-ші топқа: №1121- ші есеп)



Ә) кім ұзаққа секіреді ойыны ( бұл ойында әр топтан 4 оқушыдан шығып бір орында тұрып ұзындыққа секіреді, ал бір оқушы осы оқушылардың секірген сандарын тақтаға есептеп тұрады.)

Б) мақал – мәтелдер сайысы ( әр топ өздерінің сандар туралы білетін мақал – мәтелдерін айтады.)

В) сұрақ – жауаптар сайысы (бұл сайыста әр топ өздерінің дайындап келген сұрақтарын бір біріне қояды.)


  1. Қортынды ( мұғалім жеңімпаз топтарды анықтап оларды марапаттайды)



Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма беру:
Каталог: materialy -> matematika
matematika -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі оңтұстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы
matematika -> Кештің тақырыбы: Қасиетті жеті саны. 8-11 сынып
matematika -> Хаттама №1 Шымкент қаласы. 30. 11. 2015 жыл №85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі Қатысқандар
matematika -> Сабақ П. Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебі
matematika -> Сабақтың тақырыбы: Сандар тізбегі және олардың берілу тәсілдері. Insert тәсілі бойынша
matematika -> Сабақ Тақырыбы: Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар
matematika -> Сабақ тақырыбы: Пифагор теоремасының қолданылуы геометрия 8 сынып Сабақ мақсаты
matematika -> Сабақтың тақырыбы: Кеңістіктегі түзу мен жазықтықтардың өзара орналасуы
matematika -> Сабақтың тақырыбы : Логарифмдік функция. Логарифмдік функцияның графигі және қасиеттері. ІІ. Сабақтың мақсаты
matematika -> Сабақ Математика пәні мұғалімі : Атабек Ф. Т. №50 мектеп гимназия


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет