Сабақтың тақырыбы: Сөз тазалығына жат элементтер. Әдеби тілмен диалектизмнің арақатынасы



бет2/5
Дата06.02.2022
өлшемі25,26 Kb.
#48202
түріСабақ
1   2   3   4   5
10-сынып (қгб) Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Сөз қысқалығы мен нұсқалығы
Сабақтың мақсаты:
білім алушыларға мемлекеттік тілдің мәні мен маңызын және мемлекеттік тілде таза сөйлеуді меңгерту;
шығармашылық тапсырмалар орындату арқылы ақыл-ой, таным белсенділіктерін таныту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі-практикалық
Сабақтың әдістері: СТО стратегиялары (оқыту, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, пікір айту, талдау, шығармашылық жұмыс)
Стратегиялар: диалогтық оқыту, топпен жұмыс, тренинг"Сәттілік", кері байланыс "Екі жұлдыз, бір тілек".
Пәнаралық байланыс: құқық, тарих, орыс тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау. Сұрақ- жауап өткізу. Жазбаша жұмыстарын тексеру
Жаңа сабақ:
Тіл мәдениетіне қажетті аса маңызды сапалардың бірі – тіл тазалығы.
Өзге тілден еніп, заңды түрде орныққан осы тәрізді сөздерден кейбіреудің дағдысына енген мүкістіктер (остановкаға барамын, субботада келді, звонит ет, т.б.) мүлде басқа.
Кейбір ұғымдар көшірме (калька) тәсілімен аударылып та алынады. Орыс тіліндегі земледелие сөзі, зерттеушілердің көрсетуінше, латын тілінен алынған көшірме (қазақша егіншілік), ал принять меры француз сөзінің көшірмесі (қазақша шара қолдану), т.б. Тілімізде көшірме сөздің небір түрлері бар: қанатты сөз (крылатые слова), қарулы күштер (вооруженные силы), жартылай қорғаушы (полузащитник), т.б.
Тіл мәдениетін сөз еткен мақалаларда аналық қой (дұрысы – саулық, саулық қой), елу бас қой (елу қой), мал өсірушілер (дұрысы — малшылар) тәрізді көзсіз көшірмелер тіл шұбарлау екендігі орынды көрсетіліп, дұрыс сыналып та жүр.
Тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болса да өз ортамыздан әлі күнге дейін тұрпайы сөйлейтін жастарды кездестіріп қаламыз. Тіліміздің лексикалық, фонетикалық, грамматикалық нормалары мен заңдылықтарын ескермейді, қазақ тілінен алған теориялық білімдерін пайдалана алмайды, сөйлегенде тыңдаушы өзінің ойын ұғып, сезіп тұрма, жоқ па, онымен санаспайды. Басқа тілдің сөзін араластырып, өз тілінің құтын қашырып сөйлеу мәдениетсіздік екенін аңғармайды. Белгілі жазушы Т.Ахтанов өз шығармаларында кейбіреулердің әңгімелесу кезінде бөгде сөздерді нормадан тыс араластырып сөйлейтін ерсіліктерін өткір сынаған.
Кейбір сөздерге тиісті қосымшалардың нормаға айналған түрлерін жалғамай , басқа түрлерін орынсыз жалғау да тіл тазалығына кесірін тигізеді. Мысалы:

  1. Жазда бұл жерде ыссы болады (ыссы есем - ыстық).

  2. Шешесі ауызғы бөлмеге шықты да, төсектегі жатқан жиенінің жанына келді. (ауызғы емес – ауыз бөлмеге, төсектегі емес – төсекте).

  3. Рабиға баласының бетін сүйді (бетін емес - бетінен).

  4. Абай жасында молдаға оқыды (молдаға емес - молдадан).

Сонымен қатар, сөздерді дұрыс байланыстырмай, орынсыз тіркес құрау, сөйтіп, сөйлем құрылысы мен мағынасын бұзатын кемшіліктерге көркем әдебиеттегі, газет-журналдағы әңгімелерден көптеген мысалдар келтіруге болады.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет