Сабақтың тақырыбы
|
Таулы жердің өсімдіктері мен жануарлары.Қорғау.
|
Сабақтың мақсаты
|
Білімдік: Таулы жердің өсімдіктері мен жануарлары және оларды қорғау туралы білім алады.
Дамытушылық: Сөйлеу дағдылары дамиды.
Тәрбиелік:Табиғатты қорғау қажеттігін сезінеді,топтық жұмыс жасап,достық қарым-қатынаста бір-біріне көмектеседі.
|
Күтілетін нәтиже
|
Таулы жердің өсімдіктері мен жануарлары және оларды қорғау туралы түсінік қалыптасады.Тақырып бойынша өз білімдерін қолдана отырып,постер қорғайды..Шығармашылық қабілеттері дамиды,пәнге қызығушылығы артады.Кері байланысқа үйренеді.
|
Сілтеме
|
«Дүниетану»-4 сынып,«Атамұра» баспасы .Сөзжұмбақ.
|
Сабақта қолданылытын материалдар:
|
Оқулық,стикрлер,А-3,кесте,жетондар.слайдтар,
|
Сабақта қолданылатын әдістер:
|
Топтық жұмыс,түсіндіру,АКТ,оқыту үшін бағала,СТО,жаңа әдістер
|
Сабақтың барысы
|
І.Ұйымдастыру бөлімі
|
«5» болсын алар бағамыз, Білімнен бақыт табамыз. Өнер-білім көп оқып, Өсе берсін санамыз! Топқа бөлу (су қоймасы құстарымен)
|
Үй тапсырмасын тексеру
|
Су қоймасы өсімдіктері мен жануарларын қорғау туралы ауызша дәлелдеп айту.1- топ:Су қоймасын жалпы қорғау туралы;2-топ: Құндыз,қара күзен туралы;3-топ:Су қоймасы құстары,арал албырты туралы;4-топ:Жетісу бақатісі.
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
-Жер бетінің ерекше биік тұстарын қалай атаймыз? (тау) ---Бүгінгі таулы жер туралы сабағымызда не туралы білуге болады деп ойлайсыңдар? (өсімдіктері,жануарлары,оларды қорғау) 1-топ:Таулы жер,өсімдіктері; 2-топ:Жануарлары; 3-топ:Құстары; 4-топ:Таулы жерді қорғау
|
Сергіту сәті
|
АКТ қолдану
|
Постер қорғау
|
Әр топ постер қорғайды.Өздерінің ізденіп келген материалдарын қолданады.(суреттер,рефераттар,т.б.)
|
Сөзжұмбақ «Қорық»
|
1)Ұзын аяқты жабайы қой. (арқар) 2) сирек кездесетін көбелектер (аполло) 3) 2011 жылғы қысқы Азиада тұмары (барыс) 4) Қоянды- ........, жігітті намыс өлтіреді (қамыс) 5) .......... ойлағаны арамдық, Қойдың ойлағаны – амандық.(қасқыр)
|
Шығармашылық тапсырма: «Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді.»
|
1-топ:Үстірт дөңесті аймағының оңтүстік батыстан солтүстік шығыс бағытта ұзындығы 550км,ені 350 км.Үстірт дөңесті аймағының периметрін тап? 2-топ:Іле АлатауындағыТалғар шыңының биіктігі 4973 м.Тянь-Шань тауындағы Хан тәңірі шыңы 6995 м. Қай шыңның биіктігі қанша үлкен? 3-топ:Маңғыстаудағы Қаратау аласа тау жоталары батыстан шығысқа қарай 110 км ұзындыққа созылып жатыр.Ал ені 12 км/ді алып жатыр.Қаратау аласа тау жоталарының ауданы қандай? 4-топ:Маңғыстаудағы Шерқала тарихи орнын шөлдеген жолаушыға сусын ұсынатын кесенің төңкерілген пішініне ұқсатады. Масштабын өте кішірейтіп алған кездегі кесенің диаметрі 6 см болса,радиусы қаншаға тең?
|
Тұжырымдау
|
Сонымен... Оқушылардың өз беттерімен сұрақ дайындап,келесі топтарға қоюы.
|
Қорытындылау
Үйге тапсырма
|
Кері байланыс.Мәтін бойынша дайындалу.Өлкеміздегі таулар, олардың табиғаты,өзі көрген,үлкендерден естіп-білгендерін әңгімелеуге дайындық. Ғарыш туралы іздену.
|
Бағалау
|
Кері байланыс.Дискуссиялық карта бойынша.Жетондар арқылы.Оқушылардың бірін-бағалауы
|
№
|
Сұрақтар
|
иә
|
жоқ
|
1
|
Адам бара алмайтын тік құздарда үкі ұялайды
|
|
|
2
|
Шырша,қарағай-қылқанжапырақты орман ағашы
|
|
|
3
|
Жапалақ едәуір ірі,түсі тас реңдес сұрғылт құс
|
|
|
4
|
Күреңот-балды көп беретін өсімдік
|
|
|
5
|
Наурызым-таулы жер қорығы
|
|
|
6
|
Арыстан-биік тауды мекендейтін ерекше сымбатты,күшті, епті,батыл аң.
|
|
|
7
|
Арқар түнде мұзды алқапқа дейін өрлеп барып,түнейді. Ертеңгісін жайылымға түседі
|
|
|
8
|
Тау етегіндегі жапырақты ормандарда ұшқат,тобылғы, итмұрын сияқты бұталар өседі.
|
|
|
9
|
Іле Алатауында халық тұтынуына қажетті жеміс-жидек өседі
|
|
|
10
|
Таутекені будандастырудан меринос қойы алынады
|
|
|