Сабақтың тақырыбы, түрі. Пән Мұғалімнің аты-жөні Сынып 1



бет7/11
Дата25.06.2017
өлшемі12,23 Mb.
#19967
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

21.04.2017ж. күні 1-ші «б» сыныпта сауат ашу/обучение грамоте/ пәнінен (мұғалімі Елубаева С.Б.) «Составление рецепта салата» деген тақырыпта ашық шығармашылық сабақ өтті. Осы апталықта өтіп жатқан сабақтардың ішінде ең шығармашыл, ең тәтті сабақ осы болды. Ең тәтті дейтін себебіміз 1-ші сынып оқушылары өз қолдарымен салат жасады (!) Бұл деген керемет емес пе? Мұғалім өзі сатып әкелген тәтті жемістерді таныстырған соң, оқушы қыздың қалай салат жасаған бейнебаянын көрсетті. Содан соң оқушылар ең бірінші салат жасау үшін қандай ыдыстар қолдану қажеттігін айтып берді. Мұғалім берген үлестірмелі парақшалар арқылы алдымен не істеу керектігін, содан соң не істеу керек екенін кесілген сөздер арқылы рет-ретімен қойды. Яғни ең алдымен жемісті жуамыз, екінші қабығын аршимыз, сосын тураймыз, йогурт қосамыз, ең соңында бәрін араластырамыз, - деп оқушылар аспазшының киімін киіп осы айтылғандарды рет ретімен тапсырмаларды орындап шықты. Салат жасау барысында оқушылар өздері үйде аналарына қалай көмектесетіндіктерін, анасы не пісіретінін айтып әңгімелесті. Салат дайын болғанда мұғалім жұмыс істеген жерді қалай жинау керектігіне дейін үйретті, яғни оқушылар салат тураған тақтайшалар мен пышақтарды сүртіп орын орнына қойды. Сабақ соңында өздері істеген салатты жеп мәз болысты. Осы сабақта мұғалімнің дауысы бірқалыпты, жайлы шығатындығы байқалды. Ол оқушыларға байыппен, ақырын ғана айтып техникалық қауіпсіздік туралы, тіпті орнын жинау жөнінде де көптеген ақыл кеңес берді. Оқушылар істеген салаттан дәм ауыз тиген мұғалімдер салаттың дәмділігіне қайран қалысты. Сабаққа қатысқан үш оқушы: Куатова Айша, Вентляндт Иллария, Жангарашева Айя үшеуі де өте белсенді болды.




Каталог: 8DD1E344ADDC75B1
8DD1E344ADDC75B1 -> Заттардың қасиеттері. Заттарды санау
8DD1E344ADDC75B1 -> Бекітемін: Келісемін: Әдістемелік кеңес отырысында Мектеп директоры: Оқу ісінің меңгерушісі: қаралды: Хаттама №
8DD1E344ADDC75B1 -> Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді
8DD1E344ADDC75B1 -> Сабақтың типі : Бекіту сабағы Сабақтың түрі : Сайыс- сабақ; кіріккен. Көрнекілігі
8DD1E344ADDC75B1 -> 7 оқу жылындағы істеген жұмыстарының жылдық есебі Біздің әдістемелік бірлестігінің мәселесі: «Сабақта оқытудың әдістерін түрлендіре отырып, білім сапасын арттыру»
8DD1E344ADDC75B1 -> Абай орта мектебінің 2015-2016 оқу жылындағы Әдістемелік жұмыстарының сараптамасы
8DD1E344ADDC75B1 -> Сабақтың тақырыбы Сабақтың міндеттері Оқушыларға функциялардың қасиеттерін
8DD1E344ADDC75B1 -> Мұғалімдердің Ұбт-ге дайындық жұмыстарының есебі 2014-2015 оқу жылы Қазақ тілі мұғалімі:Қойшыбаева Г.Қ
8DD1E344ADDC75B1 -> Семинарда өткізілген «Тіл тағдыры менің тағдырым»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет