Сабақтың тақырыбы: з дыбысы мен әрпі



бет2/8
Дата25.12.2016
өлшемі1,43 Mb.
#5286
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

Дамытушылық мақсаты:Сандар қатарынан 7 санының орнын анықтау. Есептеу машығын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Тапқырлыққа баулу,сандар қатарын дұрыс санауға төселдіру

Сабақтың көрнекілігі: 7 саны цифрының үлгісі.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ІІ .Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

-6 саны қандай сандардың қосындысы.

- 6 саны қандай сандардан артық ?

- 6 саны қандай сандардан кем?

-Сандар қатарында қай саннан кейін келеді?



ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:

1 Дидактикалық материалдарды санай отырып, 7 санын шығарып алу.

2. Сурет бойынша жұмыс:






































6+1=7 7-1=6



Ү. Жаңа білімді пысықтау.

3. 7 қандай сандардың қосындысы?

0+7=7 2+5=7 4+3=7

1+6=7 3+4=7 5+2=7

7 саны қандай сандардан артық? 7<6 7>5 7>4 7>3 7>2 7>1 7>0

7саны қандай сандардан кем? 0<7 1<7 2<7 3<7 4<7 5<7 6 > 7

4. Мынау қандай фигура? Элементтерін ата.







ҮІ.Дәптермен жұмыс: Берілген үлгі бойынша істеуге үйрету.

ҮІІ. Сабақты қортындылау.

Біз бүгін сендермен қаншаны білдік?

Ол санды қалай шығарып алдық?

ҮІІІ. Бағалау
Пәні: математика күні: 18.11.13ж.

Сабақтың тақырыбы: 7 санының құрамы

Білімділік мақсаты: 1. 7 санының құрамымен таныстыру.Сандарды салыстыру.

Тәрбиелік мақсаты: 2. Ұқыптылыққа, тапқырлыққа баулу.

Дамытушылық мақсаты:3. 7 санының құрамын жіктеп айта білу,түсіну. 1-7 көлеміндегі сандарды қосу азайту.

Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру. -7 санын қалай шығарып алдық? 7 цифрын жазу. - 7 саны қандай сандардың қосындысы?

-7 саны қай сандардан артық?

7 саны қасиетті, киелі сан екенін айту.

ІІІ. Білімді тексеру.

1) 5- ті 1-ге арттыру үшін не істеуге болады? 5+1=6

2) Шешей 6 катлет пісірді. Оның біреуін баласы жеді. Неше катлет қалды?

Бұл есепті шығару үшін не істеу керек? 6-1=5

3) 3-еу еді, 5-еу болды. 5 саны 3-тен артық . (Егер артқан болса, онда қосу таңбасын қоямыз)

3







=

5




4







=

2

4-еу еді 2-еуі қалды. Мәні кеміп тұр, демек 4-2=2

ІҮ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:

1) Қандай сандардың қосындысы 7-ге тең?

7 7 7

6 2 4


2) Теңдіктер құру. 6+1=7 7-6=1 7-1=6

5+2=7 7-5=2 7-2=5

4+3=7 7-4=3 7-3=4

3) Кесінділерді өлшеу.



  1. Тақтамен жұмыс: Салыстыру.

7см > 6 cм 7см < 5cм 7см =7 см 2 см < 7 cм 7см =4 cм

0<7 3<7 7>6 7=7

4) Жасырын сандарды тап.





2




4




6



1




3




5




7




6




4




2







7




5




3




1

Шығармашылық жүмыс: салыстыру.

Дәптермен жұмыс:

ҮІІ Сабақты қортындылау: Біз нені үйрендік?

Пәні: еңбекке баулу күні: 21.11.14ж.

Сабақтың тақырыбы : Қажетті құрал жабдықтар

Білімділік мақсаты: Еңбек пәніндегі қажетті құрал жабдықтармен таныстыру,оларды дұрыс пайдалану жолдарымен таныстыру,қауіпсіздік ережелерін меңгерту.

Дамытушылық мақсаты: Қағазбен жұмыс істеудің әдіс-тәсілімен таныстыру. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыта отырып эстетикалық талғамдарын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: жұмыс орнын таза ұстауға ұқыпты болуға,бастаған ісін аяқтауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: үлгі жұмыстар,макеттер,буклеттер

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Еңбек құралдарын дайындау

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою:

Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.



ІІІ. Жаңа сабақ:

а) Қағаз және қатырма қағаздан нелер жасалады?

Кітап мұқабасын неден жасалады?

ә) Желіммен жұмыс істеу. Желіммен заттың бір бөлігін екінші бөлігімен біріктіруге болады.Желімді қағазға қыл қаламмен жағады.Заттың бөліктерін желімдеуге желімдегіш қарындаш, ПВА желімін пайдалануға болады.

1Егер желімдеуге кеңсе желімін пайдалансаңдар, онда желім жағуды бұйымның ортасынан жағу керек.

2Желімдеген парақтардың үстіне таза парақ салып, екі қолмен тегістеңдер.

3Жұмыс істеуге үлкен және кішкентай қылқаламдар қажет.

б) Еңбек қауірсіздік ережесімен таныстыру.Сендер қайшыны түрлі бұйымдарды қиюға пайдаланасыңдар.

1.Қайшыны бір-бірлеріңе тек қана доғал жағымен ұсыныңдар.

2.Қайшымен қиған кезде сол қолдың саусақтарының қайшыдан алысырақ болуын қадағалаңдар.

3. Қайшыны дұрыс ұстаңдар.



ІҮ. Жаңа білімді бекіту:

-Желімнің қандай түрлерін білесің?

-Қылқаламды не үшін пайдаланады?

Ү. Сабақты қорытындылау:

Біз бүгінгі сабақта не жасап үйрендік?



ҮІ. Аяқталған жұмыстардан көрме ұйымдастыру,үздік жұмыстарды мадақтау

ҮІІ. Бағалау
Пәні: еңбекке баулу күні: 15.11.13ж.

Сабақтың тақырыбы: Қалып үлгі бойынша белгілеу,салу

Білімділік мақсаты: Арнайы әзірленген дайын пішін бойынша жұмыс істеуді үйрену.

Дамытушылық мақсаты: Фигураларды сызып үйрену арқылы оқушылардың қас икемділіктерін дамыту

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды қайшымен, үшкір заттармен жұмыс барысында ұқыпты болуға тәрбиелеу,қауіпсіздік ережелерін сақтауға жаттықтыру.

Сабақтың түрі: Аралас.

Сабақтың әдістемелік тәсілі: Түсіндіру, сұрақ – жауап көрнекілік.

Сабақ пайдалану көрнекілік: Түсті қағаз, қайшы, жәй қарындаш.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Еңбек құралдарын дайындату

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Еңбек қауіпсіздік ережесін жатқа айту.



ІІІ. Жаңа материалдармен таныстыру:

- Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: Үлгіні пайдалану деп аталады.

а) Қалып үлгі дегеніміз не?

ә) Қию


б) пішін белгілеу.

IV. Жаңа сабақ:

Қалып үлгі - бұйымдар жасау үшін арнайы әзірленген дайын пішін. Қалып үлгіні қатырма қағаздан қиып алуға болады. Олардың пішіндері әр түрлі болып келеді. Қалып үлгіні пайдаланып геометриялық пішіндер сызып үйренейік.




Тік төрт-бұрыш

Шең-бер

Үшбұрыш



V.Практикалық бөлім:

1. Тікбұрышты белгілеу

.2. Шеңберді белгілеу.

3. Үшбұрышты белгілеу.

Аппликация жасау


VI.Қорытынды бөлім

Қиып алған фигуралардан не жасауға болатынын айтыңдаршы.



VII. Үйге тапсырма беру,

ҮІІІ. Бағалау:1,2,3, - сурет бойынша пішіндерді белгілеп, қиып үйрен.


Пәні: дене шынықтыру күні: 13.11.13ж.

Сабақтың тақырыбы: Акробатикалық жаттығулар

Білімділік мақсаты: Балаларды акробатикалық жаттығу түрлерімен таныстыру,дұрыс орындауға төселдіру.Балаларды сапқа тұрғызу, бір тізбекте саппен жүру, жүгіруге, бағытты өзгерте жүру, жүгіру және шашырап жүгіруге жаттықтыру.

Дамытушылық мақсаты: Жалпы дамыту жаттығулары мен негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындау барысында тұлғаның дұрыс дамуын қалыптастыру. Екі аяқпен еденнен(жерден) батыл түрде серпіле секіруге жаттықтыру. Гимнастикалық орындық үстінде тұлғаны дұрыс ұстап жүруге үйрету

Тәрбиелік мақсаты: дене шынықтыру пәніне деген қызығушылықтарын арттыру,қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға,ұстана білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын құрал жабдықтар: шығыршық, көлбеу қойылған тақтай, гимнастикалық орындақ не бөрене, текшелер,доптар ,асықтар.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Балаларды сабаққа дайындау. Гигиеналық талаптар қою.


ІІ. Бөлім.

Бір қатар сапқа тұру, дене тұлғаларын дұрыс ұстап тұру қалыптарын тексеру; бір тізбекті сапта қолдарын белге қойып, тізені бүкпей аяқтың ұшымен, өкшемен жүру, жүгіру; тізбекпен бағытты өзгерте жүру,жүгіру; бытырап жүру, жүгіру; бір тізбекте сап түзеп жүру; шеру жасап жүру.


ІІІ. Бөлім. Акробатикалық жаттығулар,жалпы дамыту жаттығулары.

Б.қ. –қолды жоғары көтере созып, шалқалай жату.

1-оң аяқты түзу жоғары көтеру, қолдың саусақтарын аяқтың басына тигізу.

2- б.қ.-қа келу. 3-сол аяқты түзу жоғары көтеру, қолдың саусақтарын аяқтың басына тигізу. 4-б.қ.-қа келу.


ІV.Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары.

Гимнастикалық қабырғаға өрмелеу.


V. Бөлім. Қорытынды бөлім:

Қимыл қозғалысы аз «Кімнің дауысы?» ойынын ойнату, тыныс алу жаттығулары орындалады.



Пәні: дүниетану күні: 14.11.13ж.

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Білімділік мақсаты: Мұрын, тіл , терінің адам ағзасында атқаратын қызметі туралы түсінік беру.

Дамытушылық мақсаты: Тіл, мұрын, терінің қызметі түсіне отырып, сөздік қорын есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Тіл, мұрын, теріні күтуге.жеке бас гигиенасын сақтауға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:

«Құлақ» туралы пысықтау.

-Адамның сезім мүшелерін ата.

-Мұрын қандай қызмет атқарады?

-Құлақты қалай қорғаймыз?

ІІІ. Мақсат қою:

сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.



ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.

1) Іштей оқыту.

2) Тізбектей оқыту.

3) Әңгімелету.

Сергіту сәті.

Ү. Жаңа білімді бекіту.

-Сезім мүшелерін ата.

Мұрын

Тіл арқылы нені ажыратамыз?



Тері

-Жылу мен суықты біз қандай сезім мүшесі арқылы ажыратамыз?

-Ащы және тәтті заттарды ата.

ҮІ. Сәйкестендіру кестесімен жұмыс:

Мұрын дәм сезеді

Тіл жылу мен суықты

Тері демалады



Есіңде болсын!Мұрныңды күте біл. Ол үшін таза орамалды пайдалан.

Өзің білмейтін лас заттарды ауызға салуға болмайды.



ҮІІ. Үйге тапсырма:

Сезім мүшелері түсініп оқуға.



ҮІІІ. Сабақты қорытындылау:

Адамның сезім мүшелері жайында не білдік?

Мұрын,тіл терінің қызметі туралы не білеміз?

ІХ. Бағалау


Пәні: дене шынықтыру күні: 14.11.13ж.

Сабақтың тақырыбы: Акробатикалық жаттығулар

Білімділік мақсаты: Балаларды акробатикалық жаттығу түрлерімен таныстыру,дұрыс орындауға төселдіру.Балаларды сапқа тұрғызу, бір тізбекте саппен жүру, жүгіруге, бағытты өзгерте жүру, жүгіру және шашырап жүгіруге жаттықтыру.

Дамытушылық мақсаты: Жалпы дамыту жаттығулары мен негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындау барысында тұлғаның дұрыс дамуын қалыптастыру. Екі аяқпен еденнен(жерден) батыл түрде серпіле секіруге жаттықтыру. Гимнастикалық орындық үстінде тұлғаны дұрыс ұстап жүруге үйрету

Тәрбиелік мақсаты: дене шынықтыру пәніне деген қызығушылықтарын арттыру,қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға,ұстана білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын құрал жабдықтар: көлбеу қойылған тақтай, гимнастикалық орындық не бөрене, текшелер ,асықтар.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Балаларды сабаққа дайындау.

Гигиеналық талаптар қою.
ІІ. Бөлім.

Бір қатар сапқа тұру, дене тұлғаларын дұрыс ұстап тұру қалыптарын тексеру; бір тізбекті сапта қолдарын белге қойып, тізені бүкпей аяқтың ұшымен, өкшемен жүру, жүгіру; тізбекпен бағытты өзгерте жүру,жүгіру; бытырап жүру, жүгіру; бір тізбекте сап түзеп жүру; шеру жасап жүру.


ІІІ. Бөлім. Акробатикалық жаттығулар,жалпы дамыту жаттығулары.

Б.қ. –қолды жоғары көтере созып, шалқалай жату.

1-оң аяқты түзу жоғары көтеру, қолдың саусақтарын аяқтың басына тигізу.

2- б.қ.-қа келу. 3-сол аяқты түзу жоғары көтеру, қолдың саусақтарын аяқтың басына тигізу. 4-б.қ.-қа келу.


ІV.Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары.

Гимнастикалық қабырғаға өрмелеу.


V. Бөлім. Қорытынды бөлім:

Қимыл қозғалысы «ұшты-ұшты» ойынын ойнату, тыныс алу жаттығулары орындалады.


Пәні: дене шынықтыру күні: 15.11.13ж.

Сабақтың тақырыбы: Акробатикалық жаттығулар

Білімділік мақсаты: Балаларды акробатикалық жаттығу түрлерімен таныстыру,дұрыс орындауға төселдіру.Балаларды сапқа тұрғызу, бір тізбекте саппен жүру, жүгіруге, бағытты өзгерте жүру, жүгіру және шашырап жүгіруге жаттықтыру.

Дамытушылық мақсаты: Жалпы дамыту жаттығулары мен негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындау барысында тұлғаның дұрыс дамуын қалыптастыру. Екі аяқпен еденнен(жерден) батыл түрде серпіле секіруге жаттықтыру. Гимнастикалық орындық үстінде тұлғаны дұрыс ұстап жүруге үйрету

Тәрбиелік мақсаты: дене шынықтыру пәніне деген қызығушылықтарын арттыру,қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға,ұстана білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын құрал жабдықтар: шығыршық, гимнастикалық орындық не бөрене, доптар ,асықтар.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Балаларды сабаққа дайындау. Гигиеналық талаптар қою.


ІІ. Бөлім.

Бір қатар сапқа тұру, дене тұлғаларын дұрыс ұстап тұру қалыптарын тексеру; бір тізбекті сапта қолдарын белге қойып, тізені бүкпей аяқтың ұшымен, өкшемен жүру, жүгіру; тізбекпен бағытты өзгерте жүру,жүгіру; бытырап жүру, жүгіру; бір тізбекте сап түзеп жүру; шеру жасап жүру.


ІІІ. Бөлім. Акробатикалық жаттығулар,жалпы дамыту жаттығулары.

Б.қ. –қолды жоғары көтере созып, шалқалай жату.

1-оң аяқты түзу жоғары көтеру, қолдың саусақтарын аяқтың басына тигізу.

2- б.қ.-қа келу. 3-сол аяқты түзу жоғары көтеру, қолдың саусақтарын аяқтың басына тигізу. 4-б.қ.-қа келу.


ІV.Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары.

Гимнастикалық қабырғаға өрмелеу.


V. Бөлім. Қорытынды бөлім:

Қозғалмалы ойындар «әтештер сайысы» ойынын ойнату, тыныс алу жаттығулары орындалады.


Пәні: музыка күні: 15.11.13

Сабақтың тақырыбы: Денемізді шынықтырайық

Білімділік мақсаты: Дене шынықтыру жайында білімдерін кеңейту,спортқа деген көзқарастарын арттыру, «Бәрі қызық балаға»атты әнді ырғағымен дұрыс орындауға жаттықтыру

Дамытушылық мақсаты: өлеңдерді жаттата отырып есте сақтау қабілеттерін дамыту,ырғағымен дұрыс орындата отырып сөздік қорын молайту,ырғақтық талғамдарын жетілдіру

Тәрбиелік мақсаты: әнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып,ән орындауға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

А)назарларын сабаққа аудару

Ә)құрал саймандарын дайындату

ІІ .Өткенді пысықтау

А)өткен тақырыпты еске түсіру



ІІІ.Жаңа сабақ: ән айту

«Бәрі қызық балаға»

Өлеңін жазған.С.Тұрғынбек

Әнін жазған Д.Әбілдинов

Ат жалында ойнаймын

Терең суға бойлаймын.

Күнге күйіп демалып,

Денсаулықты ойлаймын

Жай және жылдам

Өлеңін жазған. Ә.Асылбек

Әнін жазған. Е.Хасанғалиев

Шапалақта қолыңды

Жай-жай-жай!

Міне,былай

Шапалақта қолыңды.

Тез-тез-тез!



ІҮ. Сергіту сәті:

Ү. Ән тыңдау

«Спорт-біздің досымыз» өлеңін жазған Н.Әлімқұлов

Әнін жазған М.Сағатов

ҮІ. Қозғалмалы ойындар

«Жай және жылдам» әнін орындата отырып ,қол қимылымен музыкалық екпінді салу.

ҮІІ. Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорыту.

ҮІІІ. Бағалау

Пәні: бейнелеу өнері: күні: 18.11.13ж.

Сабақтың тақырыбы: Күзгі көрініс

Білімділікмақсаты: балаларға графика туралы түсінік беру,сызықтың сырын ұғындыру.

Дамытушылық мақсаты: Балалардың күзгітабиғаттан өздерінің бақылағандарын суреттерінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру, суретке мазмұн бере білуге, композиция жасауға, бірыңғай заттарды салуда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана білуге баулу.

Тәрбиелік мақсаты: Ұқыпты жұмыс істей білуге және баланың көркемдік талғамын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, жұмбақ шешу, сурет салу.
Сабақтың көрнекілігі: күзгі ауа райын бейнелейтін табиғат көрінісінің суреттері, бояулар, ұылқалам, оны қоятын тұғырлар,су,сүлгі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) Керекті құрал-саймандарды түгендеу

Ә) Балалар зейінін сабаққа аудару


ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
ІІІ. Жаңа сабақ:

Көктемде киінеді,

Қыста шешінеді. (Ағаш)
ІV. Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар

Үп –үлен боп өседі.
V. Үлгі суретті талдау.

Балаларға қылқаламмен жұмыс жасай білуге дағдыландыру. Ағаштың жоғарғы жағымен , төменгі жағын салыстырып жуан,жіңішкелігін ажырата білуге, түр түстерін дұрыс таңдауға қадағалау қажет


VІ. Балалардың өз бетінше жұмыстары

VІІ. Сабақты қорытындылау:


Балалар жұмыстарын талдау.

Пәні: әліппе күні: 20.11.14ж.

Сабақтың тақырыбы Қайталау.

Білімділік мақсаты: Бұрынғы сабақтан алған мәліметтерді тереңдету. Кестемен,Венн диаграммасымен,топтастыру әдістерімен жұмыс істеуді толықтыру.

Дамытушылық мақсаты: балалардың логикалық ойлау,шығармашылық қабілеттерін арттыру,сөздік қорын молайту,өз бетінше жұмыс істеуге төселдіру.

Тәрбиелік мақсаты:Ұқыптылыққа,тазалыққа,таза ,көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Мақсат қою:

Ребус шешу; доп,,ыдыс,,,бор,,ысқырық,,,,, шешуі: дыбыс

Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Өткен сабақта алған білім дағдысын тексеру.

а)Сөздік диктант.

ә) Сөздерді буынға бөлгізу.

б) Осы сөздерге дыбыстық талдау жасау:



Сергіту сәті

ІҮ.Тақтамен жұмыс:

1.Дауысты дыбыстардың астын сыз.

2.Дауыссыз дыбыстардың астын сыз.

3. Жеке оқушымен жұмыс: Әдеби кітапшалар оқыту.

4. Дәптермен жұмыс:

Венн диаграммасымен жұмыс:


Дауыссыз дыбыс

Екеуі де дыбыс

Дауысты дыбыс


Ү. Бекіту кезеңі:

Дыбыс. Буын дегеніміз не?

Сөз Сөйлем Сөздегі буын саны қай дыбысқа байланысты?

ҮІ. Сабақты қорытындылау:

Біз өткен сабақтан алған білімімізді тиянақтадық.

«Ішіне-сыртына» стратегиясын қолдану арқылы дауысты дыбыстан басталған сөздерді кестенің ішіне,дауыссыз дыбыстан басталған сөздерді кестенің сыртына қондыру керек

Қала,дала,айна,елік,аспан,тау,нан,олжа,долана,керік,лақ,шана,балық.

Ішіне сыртына

Айна,елік, қала,дала,тау,нан,долана,керік,

аспан,олжа лақ,шана,балық.


Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет