Сабақтың тақырыбы: з дыбысы мен әрпі



бет7/8
Дата25.12.2016
өлшемі1,43 Mb.
#5286
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) Керекті құрал-саймандарды түгендеу

Ә) Балалар зейінін сабаққа аудару
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
ІІІ. Жаңа сабақ:

Ән тыңдау.Балаларға танымал әндер.

«Орманға серуен». Өлеңін жазған Ә.Асылбек әнін жазған Ә.Бүшікова

ІV. Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар

Үп –үлен боп өседі.

V. «Орманға серуен»ойынын ойнату

І топ ІІ топ ІІІ топ

Көкек Тоқылдақ Аю
V. Үнтаспадан ән тыңдау

Балаларды үнтаспадан әнді тыңдай отырып нақышына келтіріп айтуға дағдыландыру.


VІ. Балалардың өз бетінше әнді айтқызу.
VІІ. Сабақты қорытындылау:


Пәні: дене шынықтыру күні: 06.12.13ж.

Сабақтың тақырыбы: Аяқтың бастапқы қалыптары
Сабақтың мақсаты:

Балаларды сапқа тұрғызу, бір тізбекте саппен жүру, жүгіруге, бағытты өзгерте жүру, жүгіру және шашырап жүгіруге жаттықтыру. Жалпы дамыту жаттығулары мен негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындау барысында тұлғаның дұрыс дамуын қалыптастыру. Екі аяқпен еденнен(жерден) батыл түрде серпіле секіруге жаттықтыру. Гимнастикалық орындық үстінде тұлғаны дұрыс ұстап жүруге үйрету.



Қолданылатын құрал жабдықтар: шығыршық, көлбеу қойылған тақтай, гимнастикалық орындақ не бөрене, текшелер,доптар ,асықтар.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Балаларды сабаққа дайындау.

Гигиеналық талаптар қою.

ІІ. Бөлім.

Бір қатар сапқа тұру, дене тұлғаларын дұрыс ұстап тұру қалыптарын тексеру; бір тізбекті сапта қолдарын белге қойып, тізені бүкпей аяқтың ұшымен, өкшемен жүру, жүгіру; тізбекпен бағытты өзгерте жүру,жүгіру; бытырап жүру, жүгіру; бір тізбекте сап түзеп жүру; шеру жасап жүру.



ІІІ. Бөлім. Жалпы дамыту жаттығулары.

«Доп секірді». Б.қ.-н.т. қол белде. 1-2-3-сол аяқпен секіру. 4-5-6-оң аяқпен секіру. 7-8-9- екі аяқпен секіру (6 рет).



ІV.Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары.

Тізерлеп отырып, жатып бір-біріне допты оң (сол) қолмен домалату.

«Қазым-қазым» қимыл-қозғалыс ойындары.

V. Бөлім. Қорытынды бөлім:

Қимыл қозғалысы аз «Кімнің дауысы?» ойынын ойнату, тыныс алу жаттығулары орындалады.




Пәні: математика күні: 08.12.14ж.

Сабақтың тақырыбы: Кесінділер ұзындықтарының қосындысы

және айырмасы.

Білімділік мақсаты: Кесіндінің ұзындықтарының қосындысы және айыр-масы туралы түсінік беру.Оқушылардың білім деңгейін анықтай отырып түрлі тапсырмалар арқылы толықтыру.

Дамытушылық мақсаты: Есептеу, ойлау,қабылдау қабілетін дамыту ,логикалық ойлауды арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа баулу. Тез есептеуге тәрбиелеу,пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: Ұзындығы әр түрлі кесінді сызылған плакат.

Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқу құралдарын дайындату:

2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

- Сандар қатарын ата.

- Қандай сандар бір таңбалы сандарға жатады?

-Екі таңбалы сандарды ата.



ІІІ .Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:

1) Сызылған кесінділердің ұзындығын өлшеу

2) Алынған ұзындықтарды қосу және азайту.

2см+3см=5 см 8см-4см=4см 3см+3см=6см

5см-2см=3см 4см+4см=8см 6см-3см

5см-3см=2см

3) Кесінді сызуға жаттығу.1см ұзын кесінді сыз.

Осыдан 1см қысқа кесінді сыз

Кесіндінің айырмасына тең кесінді сыз.

Кесіндінің қосындысына тең кесінді сыз



Шығармашылық жүмыс:

ә) «ойлан тап» ойыны.

...+3>2+5 ...-5<6-4 ...-4>1+2

ҮСергіту сәті:

ҮІ. Тақтамен жұмыс:

№4 берілген қисық сызықтың ұзындығын өлшей отыра қосынды құрау.

1см+2 см +4 см +1 см +3 см=11см

3 см +5 см +1 см +5 см=14см

2 см +2 см +1 см +5 см +1 см=11см

ҮІІ. Сабақты қортындылау:

Кесінді дегеніміз не?

Кесіндіні қандай құрал арқылы сызамыз,өлшейміз?

ҮІІІ. Бағалау

Пәні: әліппе күні: 09.12.14ж.

Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты: Бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерді тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, білімдегі олқылықтарды жою.

Дамытушылық мақсаты: Дұрыс оқу дағдысын арттыру. Сөздерді дұрыс оқып, жаңа сөздермен сөз қорын молайту. Ой-өрістерін кеңейту,логикалық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты:Ұқыптылыққа,тазалыққа,таза,көркем жазуға, сауатты-лыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.



ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.

Өтілген тақырыптар мәтіндер бойынша сұрақтар қойып

«Кім жылдам » ойыны арқылы білімдерін пысықтау.

ІІІ. Білімді тексеру. И,У әріптерінің орынына қай әріп жазылады? Ю Айдаһар, қаһарман сөздерінің жазылуына мән беріңдер.

Сөздік диктант алу: Ою, қою, дәріхана, асхана, шахмат, Нұрхат, жиһаз, трамвай, футбол, монтер,шахтер.



ІҮ. Мақсат қою:

- Бүгін , біз, сендермен өтілген дыбыстар бойынша алған білімдеріңді тексеру ретінде қайталау сабағын өткіземіз.



Ү. Қайталау

1. Жұмбақтар шешу арқылы әріптерді және дыбыстарды еске түсіру.

Э, Е, Ф, В, һ Х, Ю дыбыстарына жұмбақтар айту.

5. Жаңылтпаш айту.

Торта қойдым, Орта қойдым

Орта қойдым Жорта қойдым



Тапқырларға тапсырма

Қанша қойым бар? Былтыр болды жалқы қойым,

Егіз қозы тапты оным Биыл және өзі туды

Тағы екі қозы туды Қос қозысы былтыр туған,

Бір-бір қозы биыл туған Сонда бәрі неше деші?

Жүйріктерің есептеші? (жетеу)


ҮІ. Сабақты қортындылау:

Біз бүгінгі сабақта қандай дыбыстарды еске түсірдік?

Қандай екі дыбыстан құралған дыбыстарды білеміз?

Алфавиттегі қай дыбыстар сөздің басында кездеспейді?

Қазақ тілінде неше таңба бар?
ҮІІ. Бағалау
Пәні: әліппе күні: 09.12.15ж.

Сабақтың тақырыбы: Салыстыру.

Білімділік мақсаты:1. Мағынасы өзгерген сөздерді салыстыра отырып, түсіну. Сөздердің жуан жіңішкелігіне байланысты оқушылардың дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру.Танымдылық қабілетін дамыту.

Дамытушылық мақсаты: Дұрыс оқу дағдысын арттыру. Сөздерді дұрыс оқып, жаңа сөздермен сөз қорын молайту. Ой-өрістерін кеңейту,логикалық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты:Ұқыптылыққа,тазалыққа,таза,көркем жазуға, сауатты-лыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:бекіту

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі:

Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.



ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталау

1.-Орыс тілінен енген әріптерді ата. (в,ф,ё,э,щ,ц,ч)

2. Хат ,айдаһар сөзіне дыбыстық талдау жасау

ә) Сөздердің жуан, жіңішке айтылуы

А-Ә

Сан-сән ары-әрі ап-әл

Бары-бәрі татты-тәтті ар-әр

О-Ө

Бол-бөл тол-төл ор-өр

жон-жөн тос-төс оң-өң

тор-төр от-өт он-өн

Ы-І

Ыстық-істік жық-жік ыс-іс

Қиық-киік сыз-сіз тыс-тіс

Ұ-Ү

Тұр-түр сұр-сүр ұн-үн

Тұз-түз ұру-үру ұш-үш

Тұс-түс бұр-бүр ұю-үю

Мазмұны неге өзгеріп кетті?

4. Сөйлем құрату: Бірінші сыныпта он бес парта бар.Көшеде жүру ережелерін есіңе сақта. Қажымұқан- әлем чемпионаты.Он алтыншы желтоқсан Тәуелсіздік күні

5. Үлестірме қағазбен жұмыс: Сөздерді буынға бөл. Бала,шала,сурет,кілем, ұлан, дәптер кітап, қағаз, баға.

6 Дәптермен жұмыс:

ІІІ. Сабақты қортындылау:

Оқығанымыз бойынша не білдік?



Сабақты қорытындылау:

Біз бүгінгі сабақтақанда ұқсас дыбыстармен таныстық?



ІҮ. Бағалау




бала

шала

сурет

кілем

ұлан

дәптер

кітап

баға

қағаз

Буынға бөліп жаз






























Пәні: бейнелеу өнері күні: 10.12.15ж.

Сабақтың тақырыбы: Әртүрлі бейнелерді сызық,штрих арқылы салу

Сабақтың мақсаты: Сызық,штрих туралы түсінік беру.Кез келген бейнені сызық ,штрих арқылы кескіндеп салу өнерімен таныстыру,мүсіндеу дағдыларын жетілдіру,бейнені сипатын ашып бере білуге бағыт беру.Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, мүсіндеу

Сабақтың көрнекілігі: үлгі сурет, саз балшық, таяқшалар,тақтайшала,скульптуралық репродукциялар,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) Керекті құрал-саймандарды түгендеу

Ә) Балалар зейінін сабаққа аудару

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
ІІІ. Жаңа сабақ:

Сызықтың бірнеше түрі болады: түзу ,қисық,сынық сызықтар болады.

Күнделікті біз оларды сыныптың ішінде көреміз мысалы: еденді қабырғадан бөліп тұрған түзу сызық,қабырғаны сыныптың төбесінен тағы да түзу сызық арқылы бөлініп тұр. Ал,енді далаға қарасақ талдардың бұтақтары қисық сызықтар арқылы бейнелеуге болады.

Штирх деген не?

Штрих дегеніміз үзік сызықтар. Үзік сызықтар арқылы кез келген пішіннің ішін толыруға болады.
ІV. Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар

Үп –үлен боп өседі.
V. Үлгі суретті талдау.

1. Табиғатты бейнелеу

2. Табиғаттағы кез келген денені штрих арқылы кескіндеу

3. Жұмыстарын қадағалау

4.Жеке –жеке көмек көрсету
VІ. Балалардың өз бетінше жұмыстары

Мүсіндеуде бейненің сипатына көңіл бөліп, жұмыс істеу әдіс-тәсілдеріне бағыт беріп отыру.


VІІ. Сабақты қорытындылау:
Балалар жұмыстарын талдау. Көрме ұйымдастыру


Пәні: әліппе күні: 10.12.15ж.

Сабақтың тақырыбы: Салыстыру.

Білімділік мақсаты:Мағынасы өзгерген сөздерді салыстыра орырып, түсіну. Сөздердің жуан жіңішкелігіне байланысты оқушылардың дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: Дұрыс оқу дағдысын арттыру. Сөздерді дұрыс оқып, жаңа сөздермен сөз қорын молайту. Ой-өрістерін кеңейту,логикалық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты:Ұқыптылыққа,тазалыққа,таза,көркем жазуға, сауатты-лыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Бекіту

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.



ІІ.Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталау.

Өтілген тақырыптарды пысықтау.



ІІІ. Бекіту

К-Г қ-ғ П-Б

Елек-елегі оқ-оғы бап-бабы

Шелек-шелегі жоқ-жоғы доп-добы

Бесік-бесігі суық-суығы шап-шабу

Осы сөздердегі к неге г-ге , қ-ғ-ға, п б-ға айналып кетті .Себебі оларға дауысты і,ы дыбысы жалғанды.Ол сөздер тәуелдік жалғауының ІІІ жағы болып кетті.(Оның шелегі)

2. Сөйлем құрату:

3. Үлестірме қағазбен жұмыс: Сөздерді буынға бөл.

4 Дәптермен жұмыс:

Берілген дыбыстардан сөздер құрату: т,ғ,а,а,-таға,т,р,а,а,-тара,н,у,а,а,-науа, р,й,а,а,н,-айран,п,а,т,а,-апта,к,б,с,е,і,-бесік,е,ш,л,е,к,-шелек.



ІҮ. Тақтамен жұмыс:

Берілген сөздерді буынға бөлу,дыбыстық талдау жүргізу

Жу-сан,да-ла,жа-лау,мұ-ға-лім,ұш-қыш,ке-сірт-ке,е-тік-ші,ке-кі-лік,сыз-ғыш,

Дә-рі,зы-ғыр,ки-ме-шек.



Ү. Өз бетінше жұмыс: семантикалық кестемен жұмыс: «сөздер құра»





герь

пион

ки

езд

бол

бом

куль

чем




+
















фут













+







ла

+



















конь







+













подъ










+










цир



















+

аль
















+





ҮІ. Сабақты қортындылау:

Оқығанымыз бойынша не білдік?



ҮІІ. Бағалау

Пәні: әліппе күні: 11.12.15ж.

Сабақтың тақырыбы: Алфавит

Білімділік мақсаты: 1. Алфавит туралы түсінік беру. Әр дыбыстың орнын жатқа білуді қалыптастыру. Тез, дұрыс оқу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты: Көркем,әдемі,сауатты жазуға баулу. Ұқыптылыққа, тәртіптілікке дағдыландыру,дұрыс отыруға тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Есте сақтау қабілетін сақтау. Сөздік қорын молайту. Логикалық ойлау қабілеттерін ребус,сөзжұмбақтар шешу арқылы арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру кезеңі:

Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.



ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталауСалыстырып оқыту.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Алфавит туралы түсінік беру.

ә) Әр әріпті дұрыс дыбыстау.

б) Хормен оқытып жаттықтыру

в) Ретімен айтып, жаттату.

г) Берілген сөздерді алфавит ретімен айту.

ғ) Әр дыбысқа жеке-жеке сөз ойлату.

Ү. Жаңа білімін бекіту.

д) Оқулықпен жұмыс: Әріп тізбектерінің баспа және жазба түрін дұрыс оқып жаттығу.

е) Дәптермен жұмыс: Алфавитті көшіріп жазғызу.

ё) Диктант жазғызу. Астана, әтеш, балапан, вагон, гүл Ғалия доп, елік ёлка жастық.



ҮІ. Венн диаграммасымен жұмыс:


Екеуі де дауысты

Жуан дауысты

Жіңішке дауысты


ҮІІ. Топтастыру әдісі:


Қатаң




Ұяң

Дауыссыз

дыбыс





Үнді

ҮІІІ. Сабақты қортындылау:

Оқығанымыз бойынша не білдік?


ІХ. Бағалау

Пәні: математика күні: 9.12.15ж.

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Білімділік мақсаты: 1. Өткен тақырып бойынша алған білімдерін пысықтау

Дамытушылық мақсаты: Логикалық ойлау қабілетін , есте сақтауын қалыптастыру

Тәрбиелік мақсаты: Алған білімдерін пысықтау.

Сабақтың көрнекілігі: сандар қатары

Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: қайталау сабақ

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

- сандар қатарын ата.

- Қандай сандар бір таңбалы сандарға жатады?

-Екі таңбалы сандарды ата.



ІІІ .Мақсат қою:

тақырыбын, мақсатын хабарлау.



ІҮ. Бекіту

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

10 9 8 7 6 5 4 3 2 1 0

Үлгі 0+1=1 10-5=5

№2 барлық мүмкін теңдіктерді құру.

10=*+* 9=*+* 4=*+*

8=*+* 7=*+* 3=*+*

6=*+* 5=*+* 2=*+*

№3 салыстыр

Нешеу


2 >1 1< 2

№4 Сандарды салыстыру

1 2 3 4 * 6 7 8 9

10 9 8 7 6 * 4 3 2 1

Шығармашылық тапсырма.Қалқанқұлақтың қатесін тап

8+2=9 3+3=9 10<9

6-2=4 4+2=6 4>6

5+3=7 7-5=2 2<3



Ү. Өз бетінше тапсырма:

№6 ұзындығы 5см. Кесінді сызу. Одан қысқа кесінді сызу

5 см.

4 см.



ҮІ. Сабақты қортындылау:

Біз нені үйрендік?



ҮІІ. Үйге тапсырма. 81 бет.№5

ҮІІІ. Бағалау.


Пәні: еңбекке баулу күні: 19.12.14ж.

Сабақтың тақырыбы: Кеме құрастыру

Білімділік мақсаты: Қағаздан кеме жасау тәсілдерімен таныстыру.

Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа, ептілікке баулу.

Дамытушылық мақсаты: 3. Ойлау қабілетін дамыту.

Жабдықтау: картон. түрлі-түсті қағаз ,желім қайшы.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Мақсат қою:

Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.



ІІІ. Жаңа сабақ:

а) Қағаз қапшықтың жасалу реті:

Қағаздан геометриялық фигуралар қию (1,2,3,4)

1.Үлкен тік төртбұрыш қию,екі шетін қиғаштап қию.

2.Орташа дөңгелекерді қиып тік төртбұрыштың бетіне жапсырмалау.

3.Екі үшбұрыш қиып желкен құрап кеменің үстіне орналастыру.

4 Көк түсті қағаздан ирек сызық арқылы толқын суды бейнелеп жапсырмалау.








ІҮ. Жаңа білімді бекіту:-

Кеме қандай бөліктерден тұрады?

-Олардың бөліктерін немен бекітуге болады?

Өзіндік жұмыс:

Өз беттеріңмен суретке қарап (1 2 3 ) Құлынның бейнесін жасаңдар. Құлынның мүсінін қосымша элементтермен толықтырыңдар.



Ү. Сабақты қорытындылау:

Оқушылардың жұмысын салыстыра отырып, еңбегін бағалау.


ҮІ. Аяқталған жұмыстардан көрме ұйымдастыру.

Пәні: математика күні: 10.12.15ж.

Сабақтың тақырыбы: Оқушының білім деңгейін анықтау.

Білімділік мақсаты: 1.Оқушылардың білімін деңгейін тексеру. Өз бетінше жұмыс істеуге баулу.мысалдардың жауабын дұрыс табуға жетелеу.

Дамытушылық мақсаты: Ой-өрісін, білімін дамыту. Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа,тазалыққа,еңбекқорлыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар

Оқыту әдісі: түсіндіру.

Сабақтың түрі: деңгейлік тапсырма

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқу құралдарын дайындату

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет