Сабақтың түрі: тәрбие сағаты, ойын түрінде Сабақтың барысы Кіріспе



бет2/3
Дата27.02.2020
өлшемі60,8 Kb.
#58619
түріСабақ
1   2   3

Тақырыбы: «Адамгершілік – рухани тәрбиенің маңызы »

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, баланың жеке тұлғалық қабілетін  қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына жауапкершілігін қалыптастыру.

Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, ұлы тұлғалардың ұлағатты сөздері.

Әдісі: Пікірталас, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Тәрбие сағатының барысы:

I кезең: Тәрбие сағатымен таныстыру

II кезең: Оқушылардың Адамгершілік жайлы түсінігі

III кезең: Саяхатқа шығу ойыны

IV кезең:  Адамгершіліктің негізгі қағидаларын білесің бе? (Өз ойын ортаға салу)

V кезең: Пікірсайыс (қорытындылау)

Кіріспе сөз. Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.

«Тәрбиесіз адам адамгершілік жағынан надан, дүмше, - деп жазды В.А. Сухомлинский, - бұл да бір, ақаулы двигательмен ұшырылған самолет те бір, өзі өледі, өзгені де ала кетеді».

Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді.

Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.

Адамгершілік – адамның асыл қасиеті.

Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан, 72 тараудан тұратын «Құтты білік» дастанында көрсетіп берді.

Шығыстың ұлы ғалымы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.

Бүгінгі тәрбие сағатымызда адамгершілікті сендер қалай түсінесіңдер, әдеп нормаларын білесіңдер ме, өзара пікірлесіп ой бөлісеміз. Ал балалар, сөз кезегі өздеріңде.

Адамгершілік бастауы неде?

1-оқушы.Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.

2-оқушы.Отбасындағы тәрбиені адам өз өмірінің «Алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді. Мектепте халқымыздың әдептілік, әдемілік, имандылық, қайырымдылық, яғни рухани адамгершілік тағылымдарын  – еліміздің дәстүрін ата-ана мен ұстаз тағылымдарын өз білімдерімізбен жалғастырамыз.

3-оқушы.Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті.

Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрсе де ізеттілікті жоғалтпауы тиіс.

Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.

 

Мұғалім.Адамгершілікке байланысты проблемалық жағдаяттарды шешу үшін саяхатқа шығу ойынын ойнайық. Елімізде үлкен қалалар бар:



Астана, Алматы, Ақтау, Жезқазған, Көкшетау, Ақтөбе, Семей, т.б.

Ал, балалар, өздеріңе қай қалалар ұнайды? Ұнаған қала аты жазылған қима қағазда сұрақ бар. Соған жауап беру керек.

Сұрақтар:

–     Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің? 

–     Үлкен кісімен амандасып жол беремін.

–     Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?

–     Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.

–     Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім.

–     Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?

–     Асықпай түсіндіріп беремін.

–     Автобуста, қоғамдық орындарда егде адамдарды көрсең не істеген жөн?

–     Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.

–     Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?

–     Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.

–     Әдептілік деген не?

–     Адамдардың жүріс-тұрысы мен өзара қарым-қатынасының ережелері.

Мұғалім.«Қартайса қарт бабаңды сыйлай біл. Күндердің күні болғанда кімдерде кімнің белі дейсің бүгілмес» деп Бұқар жырау данамыз айтқан екен.

Адамгершіліктің негізгі қағидалары қандай?

4-оқушы.Кешірімді болу, кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік.

Рұқсат сұрау, кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлылық, қайырымдылық, т.б.

5-оқушы.Ізеттілік – айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Амандасу – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез-құлықтың нормасы.

6-оқушы.Әділ болу – адамшылықтың асыл белгісі. Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет-ғұрып дәртүрлеріне қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік жеңеді.

7-оқушы.Рұқсат сұрау – адамдар қарым-қатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және оған қол сұқпау. Әр адам бір-бірінің құқығын құрметтей білуді үйренгендері жөн.

Имандылық – әр адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды, ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.

8-оқушы.Кешікпеу – бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.

Сабырлылық – адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.

Қайырымдылық – айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы.

Мұғалім.Адамгершіліктің басты қағидаларын орындай адам құқықтарын қастерлеу шарттарының бірі. Оның баптары қандай?

9-оқушы.Барлық адамдар тең құқықты, ерікті, қадірлі. Азаматтар нәсіліне, жынысына, тіліне, тегіне, дініне, мүліктік және лауазымдық жағдайына қарай заң алдында бірдей. Өмір сүру құқығы, адамның бас бостандығы мен жеке өмір сүру еркі қасиетті болып табылады.

Қорытындылау.Адамгершілік қағидалары туралы бірталай мағлұмат алдық. Егер сен бала күніңнен әдепті болып өссең, есейе келе ата-ананың, өз Отаныңның мақтанышы боласың. Алған мағлұматтарды қорытындылай келе, «Адамгершілік – асыл қасиет» пікірсайысына кезек береміз.

Ортаға алғашқы қонағымызды шақырамыз.

Оның пікірінше, «Адамгершілік қасиеттерді барлық адамның бойынан байқай аламыз» дейді. Қарсы алыңыздар ортада _______________.

1.     Жалпы адамгершілік қасиеттерге не жатады?

2.     Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады?

3.     Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі неде деп ойлайсың?

Ортаға екінші қонағымызды шақырсақ, оның пікірінше «Адамгершілік қасиеттер адам бойынан алшақтап бара жатқан сияқты». Қарсы алайық, өз пікірін ортаға салушы – _____________.

1.     Бұлай ойлауыңның себебі неде?

2.     Адам бойындағы ар, намыс, ұят дегенді қалай түсінесің?

 

Үшінші қонағымыздың пікірін ортаға салайық, ол «Адамгершілік қасиеттерді дұрыс бағалау керек» дейді. Қарсы алайық, ортада – __________.



1.     Адамгершілік қасиеттерді қаншалықты бағалап жүрміз?

2.     Сен өзің жіберген қателігіңді мойындай аласың ба?

3.     Адам адамнан несімен ерекшеленеде?

Қызу пікірімізді жалғастыратын келесі қонағымызды ортаға шақырайық, ол «Әр адам өзінің адамгершілік қасиетімен таныла біледі» деген пікірде. Ортада – _____________.

 

1.     Адам бойындағы қандай адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалайсың?



2.     «Адам адамға дос, жолдас және бауыр» деген сөздің мағынасында не жатыр?

3.     Адамгершілік асыл қасиеттер жайында қандай мақал-мәтел, нақыл сөздер білесің?

Келесі қонағымызды ортаға шақырайық, ол «Адамға үш алуан мінез жұғады. Ата-анадан, ұстаздан, құрбысынан, әсіресе солардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады » деген пікірде. Ортада – ______________.

1.     Өз пікіріңізді ортаға сала отырсаңыз.

2.     «Жақсы жігіт ақылына жеңдіріп іс қылар, жаман жігіт оңай істі күш қылар» дегеннен нені байқауға болады?

3.     «Сөйлесе сөз әдепті» дегенді қалай түсінесіз?

Сарапшы қонақтарға сөз кезегі берілді.

«Адамгершілік»  тақырыбында сөзжұмбақ шешілді. Сұрақтары:

1.     Ақыл және сана, бостандық иесі болып табылатын табиғаттың бір бөлігі (адам).

2.     Жеке адам ұғымын білдіретін сөз (индивид).

3.     Адамды аңдар қауымынан ажырататын сөз (сана).

4.     Адамның өмір сүру ортасы (қоғам).

5.     Адам бойындағы жарамсыз қасиеттердің бірі (қатыгездік).

6.     Ішкі рухани адамгершілік қасиеттердің бірі (сенім).

7.     Адамды билейтін де, илейтін де нәрсе (орта).

8.     Адамгершілік қағидаларының бірі (шыншылдық).

9.     Адам іс-әрекетін қозғайшы күші (қажеттілік).

10.  Адам дарынының қасиетін анықтайтын сипаты (психология).

11.  Адам бойындағы асыл қасиет (әділдік).

12. Ең асыл қасиеттердің бірі (ерлік).

.

Күні: 2.03.2017ж

Тақырыбы: «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет»

Мақсаты: Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету.

Міндеттері:
- Өзара сыйластық қарым - қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
- жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- жақсылыққа, имандылыққа, адамгершілікке, шыншылдыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту;

Көрнекі құралдар: Өнегелі сөздер, мақал-мәтел, суреттер.

Мұғалім: Құрметті оқушылар, ұстаздар сіздерді бүгінгі

«Үлкенге – құрмет, кішіге- ізет» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер демекпін.

Бүгінгі өткелі тұрған  тәрбие сағатымызды топтық сайыс түрінде өткіземіз.

Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп
Үлгі аламыз жақсыдан-дей отыра ортаға оқушыларымызды шақырамыз.

 Кәне, балалар бәріміз бір - бірімізге жақсы тілек тілеп бастайық!  (Жүректен-жүрекке)


1. Әдепті бол!
2. Мейірімді бол!
3. Кішіпейіл бол!
4. Қамқоршы бол!
5. Тәртіпті бол!
6. Инабатты бол!
7. Қайырымды бол!

Барлығы: Біз үлкенді құрметтеген, кішіге ізет көрсеткен жалынды ұрпақтармыз!

Мұғалім: Топқа бөлу: Тақырып бойынша (сөйлем құрау)

І топ: Үлкенге құрмет көрсетушілер
ІІ топ: Кішіге ізет көрсетушілер

Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз 6 кезеңнен тұрады:



1. Екі топқа талдау
2. Мақал - мәтелдер сайысы
3.Тыйым сөздер сайысы
4. Ойын «Саяхатқа шығу»
5. «Құпия хаттарға» жауап беру
6. Қорытынды.

1. Екі топқа талдау

Мұғалім: Үлкенге құрмет, кішіге ізет дегенді қалай түсінесіңдер?

Бейне баян  (Әлеуметтік баян)

Бірінші топқа үлкенге құрмет дегенді қалай түсінесің?

Екі топқа кішіге ізет дегенді қалай түсінесің?  

(Екі топқа плакат, фламастерлер, стикерлер, әуен жіберу)

І: Адам баласы өзгелермен қарым - қатынас жасағанда оның таныс, таныс еместігіне, алыс - жақындығына, үлкен - кішілігіне, қызмет дәрежесіне қарамай кішіпейіл, әдепті болуы керек бұл адамгершілік борыш.

ІІ: Ұлы істердің қандайы болмасын кішіпейілділіктен басталады. Сондықтан әркім өзінен кішілердің мінезі кішкентайынан дұрыс қалыптасуына қамқорлық жасап, оларға жол көрсете білуі керек.

2. Мақал - мәтелдер сайысы
Кішіпейілділік, сыпайыгершілікке байланысты мақалдар айту.  Кішіпейілділік дегеніміз — өзімшілдік пен менмендіктің болмауы. Кішіпейіл адам басқаларды өзінен төмен санамайды. 

1. Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі.

2. Жасанды кішіпейілділік – жақсы қасиет емес.

3. Кішіпейілдің абыройы асады,

Тәкәппардың құты қашады

4. ...кішіпейілділік талаптылыққа тура пропорционал.


3. Тыйым сөздер сайысы
Мұғалім: Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі - тыйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Үлкеннің жолын кесу – әдепсіздіктің белгісі екенін білеміз, осындай ерсі істерге қатаң тыйым салынған.

- Ата-анаңа қарсы келме.


- Үлкеннен бұрын сөйлеме.
- Әдепсіз сөзді айтпа, өтірік айтпа.
- Жаман әдетті үйренбе.
- Мақтаншақ болма, тәкәппар болма.

4. Ойын «Саяхатқа шығу» 

Мұғалім: «Үлкенге – құрмет, кішіге- ізет»  көрсету үшін біз саяхатқа шығу ойынын ойнайық. Елімізде 4 үлкен қала бар:
1. Үлкен,       2. Құрмет,     3. Кіші,     4. Ізет

Ал, балалар, өздеріңе қай қалалар ұнайды?  Ұнаған қала аты жазылған  қағазда сұрақ бар. Соған жауап беру керек.



1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің? 
– Үлкен кісімен амандасып жол беремін.

2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
– Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.
– Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім.

3. Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?
– Асықпай түсіндіріп беремін.

4. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
– Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.

5. «Құпия хаттарға» жауап беру 

Хаттардың мазмұны:

1 хат. Құрметті достар! Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?
 

2 хат. Құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «Сен сараңсың» - дейді.  Мен не істеуім керек?

Қонақтарға сөз кезегін береміз.                                                             



Қорытынды:
Мұғалім: Адам бойында жақсы–жаман қасиеттер болады екен. Біздің халқымызда үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға бала кезден көп көңіл бөлінеді. Ол ананың сүтінен, үлкеннің ақылынан, ұстаздың үйреткенінен, кез келген адамның кісілігінен білінеді.
Жасы үлкенге иіліп сәлем беру, алдын кесіп өтпеу, алдынан барып есік ашу, үйге бұрын кірмеу, дастарханға бұрын қол созбау, үлкеннің сөзін бөлмеу, сөз жарыстырмау-жастарымыз үшін бұлжымас заң.

Күні: 9.03.2017ж

Бекітемін: Г.Құсайынова

Тақырыбы: «Ана – гүл, ана – өмір шуағы»


Мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар. Интерактивтік тақта. Презентация.
Мұғалімнің сөзі: - Қош, келдіңіздер! Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған.
Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы қасиетті Ана есімі болмақ! «Ана – гүл, ана – өмір шуағы» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
1 жүрг: Көктем келер гүлін алып, жазда келер жырын алып – деп ән мәтінінде айтылатындай, нұрлы шуағы мол наурыз айы туып, ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8 – наурыз мерекесі келіп жетті.
2 жүрг: Сіздер ер – азаматтардың қолқанаты, тірегімен жүрегі болып табыласыздар. Аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің шуақты күніндей мейірім – шапағатқа бөлене берсін. Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың мерекелері құтты болсын.
1 жүрг:
Айналдым «ана» деген асыл аттан
Шуағын бар әлемге шашыратқан
2жүрг:
Ойнап жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып даусынана жыратқан
Хормен барлығы: Жанымызды жайнатқан

Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың мерекелері құтты болсын.


Презентация бейнефильм

1 жүрг. Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі демекші - 8 наурыз мерекесі, қыздарымыздың да, мерекесі.


Қыз емес қыздың аты қызыл алтын
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес
Халқының сақтай білген, ізгі салтын – демекші, сүйкімді қыздарымызды құттықтап, ұлдардың орындауында «Су тасушы қыз»
әнін қабыл алыңыздар.
2жүрг: «Бала тілі – бал дегендей» балалардың шын көңілінен шыққан, жүрек жарды аналарына деген тілектері бар. Осы мерекенің алдында балаларға айтқан болатынбыз, аналарыңның мерекесі келе жатыр, қандай тілек тілер едіңдер – деп. Менің тілегімді жазыңызшы деп ұсыныс білдірген балалардың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Ән шашу
1 жүрг: Дүниедегі құдіреттің бәрі, ананың тілегі, ананың жүрегінің мықтылығы арқасында жүзеге аспақ. Ал, ақ самайлы, аяулы да, ардақты әжелеріміз болмаса, аналарымызға да, бұл жарық дүние есігін ашпас еді. Ендеше, әжелерімізді де мерекемен құттықтаймыз.
Омар:
Менің әжем, бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже

Сахналық көрініс


«Әжесі мен Бағлан» Қабдікәрім Ыдырысов.
- Жүрегім кім менің?
- Мен!
- Тірегім кім менің?
- Мен!
- Сәнім кім менің?
- Мен!
- Ботақаным, бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың өзің!
Ой, қарғам менің!
- Жоқ, әже, қарғаң мен емес!
Жо... жоқ, қарға болмаймын,
Керегі жоқ ондайдың.
Қарға «қарқ - қарқ» етеді,
Алысқа ұшып кетеді.
Қасыңда боп әрдайым,
Мен ешқайда бармаймын.
Ойын: «Кімнің даусы табайық» (аналармен)
5 бала шығады да, теріс қарап тұрады. Мен қолыммен кімді көрсетем, сол адам бір сөз айтады. Мыс: ботақаным – дейді.
5 баланың біреуі, менің мамамның даусы деп айту керек. Дұрыс тапқан бала орнына отырады.
2 жүрг: Барлық ана баласымен бақытты, барлық бала ата – анасымен бақытты – деп, ортаға балаларды шақырайық.
Ана деген сөзді де
Апа деген сөзді де
Әке деген сөзді де
Аға деген сөзді
хормен: Ойлап тапқан балалар!
Күнім, жаным дегенді
Құлыншағым дегенді
Ботақаным дегенді
Айналайын дегенді
Толған айым дегенді
хормен: Ойлап тапқан аналар!
Ән шашу:
1жүрг: Жаңбырменен жер көгереді
Батаменен ел көгереді – деп барлық аналарға, әжелерге Арман бата
беремін деп отыр.
Жаманшылық болмасын
Ардақ біткен жар болып
Ару ана қолдасын
Отбасының ордасын
Періштелер қорғасын
Тіккен әрбір отауға
Тәңірім, жақсылық жолдасын!
Бақыт – ашып қақпасын
Мәңгі – бақи жаппасын
Бәле – жала отбасын
Іздесе де таппасын
Әумин!
Ән шашу:
1 жүрг: Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңіз бен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз
2 жүрг: Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз
Сәуле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңілдеріңіз – деп сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, осы мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.

Енді балалар өздерінің қолдарынан дайындаған мамаларына деген сыйлықтарын тапсырады


Ұлдарымыздың қыздарымызға арнаған шағын сыйлықтарын тарту етсін.
Ұлдар сыйлықтарын бір – бірлеп таратады.

Күні: 23.02.2017ж

Бекітемін: тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Г.Құсайынова

Тақырыбы: Бақытыңды балаңнан ізде 


Мақсаты:Ата-ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты,бір-біріне деген сезімді нығайту,бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы,өз отбасындағы ата-ана тәрбиесі,өнегесі және баланың бас ұстазы ата-ана екенін түсіндіру 
Әдісі:пікірлесу,сұрақ-жауап,тренингтер,ситуациялық сұрақтар 
Түрі: пікірталас 

Барысы: Құрметті ата-аналар «Отан отбасынан басталады» демекші ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп,оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе.Осы мәселеге ата-аналар мен ұстаздар боп атсалыссақ,алар асуымыздың биік болары сөзсіз.Қазіргі қоғамда ата-ана баласынан не күтеді ? Баласын қалай тәрбиелейді?Ата-ананың бақыты неде? 
Баласы ата-анасын қалай бақытты етпек? 
Міне осы тұрғыда сөз қозғалатын «Бақытыңды балаңнан ізде»атты дөңгелек үстелімізді бастауға рұқсат етіңіздер! 
Мен бүгінгі пікірталасымызды Мұзафар Әлімбаевтың мына өлеңімен бастағанды жөн көріп отырмын. 
Қипақтайды қит етсе анаң,әкең, 
Қайтсем ғана осыны адам етем, 
Басқалардың осындай балалары, 
Тап осындай жаңғалақ шала ма екен 
Ойым емес,оллаһи,біздікінің... 
Енжарлығы елде жоқ алабөтен 
Туа сала тұлпардың жалын тартқан; 
Қырғиларға қызығып қарап өтем. 
Жарық сыйлап маңына жылу сыйлап, 
Бұ да бір күн алаудай жана ма екен? 
Ел қатарлы елеулі еңбек етсе-ау 
Болмаса да топ жарған дара бөтен. 
Мүше тістеп мықтылар той жасаса, 
Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем? 
....Үміт пен күдіктің ортасында 
Ата-ананың үміті талады екен! 
Міне осылайша өз баласының болашағына алаңдап , «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата-ананың арманы баласымен бірге жасайды екен. 

- Өз балаларымызды қаншалықты білетіндігімізді байқау үшін «Кім жылдам» ойынын ойналық: 
Ата-аналар дөңгелене тұрады 
Мұғалім сұрақ қойып допты береді ата-ана жылдам жауап беріп келесі ата-анаға береді
1.Балаңыздың туған күні қашан? 
2.Сынып жетекшісінің аты-жөні кім? 
3.Балаңыздың парталас көршісі кім? 
4.Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды? 
5.Балаңыздың сүйікті асы не? 
6.Балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді? 
7.Балаңыз қандай түсті жақсы көреді? 
8.Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай? 
9.Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз? 
10.Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі? 

«Әрбір баланың мінез құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекетінің үлгі алуы барысында қалыптасады.» деп Павлов айтпақшы баланың мінез-құлқы өскен ортасына,көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады.Ата-ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы,өзін көретін айнасы.Сондықтан,ата-аналар,мен сіздерге мынадай сұрақтар қойғым келіп отыр. 
1.Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз? 
2.Бала үшін ата-ананың қайсысының беделі күшті деп ұғасыз? 
3.Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба,әлде мектептің жауапкершілігі басым ба? 
-Ситуациялық жағдаяттар көрінісін көрсету 
1-жағдаят Өзінен кішілерге әлімжеттік көрсетіп ақша тартып алу 
2-жағдаят Бала міндетіне салғырт қарау 
3-жағдаят Балаларға қымбат зат алып беру 

Ата-аналардың пікірі тыңдалады 
Осы жерде мен ата-аналарға мынадай кеңестер айтқым келіп отыр. 
Егер балам қатыгез,қайырымсыз,өзімшіл болып өспесін десеңіз,бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіз 

1-қателік «Егер сен мен қалағандай болмасаң мен сені жақсы көрмеймін» 
2-қателік «Не істесең оны істе маған бәрібір» 
3-қателік: Аса қаталдық «Мен не айтсам соны орындауың керек,өйткені мен үйдің басшысымын» 
4-қателік Балаларды тым еркелету 
5-қателік «Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ» 
6-қателік Балаңызды тым көп ақшамен қамтамасыз ету 
7-қателік Баланың ісіне көңіл-күйіңізге қарап баға беру,яғни көңіл-күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау,әңгімесіне құлақ аспау 
Міне құрметті ата-аналар,бала тәрбиесінде осы қателіктерге жол бермесеңіз ғана балаңыздың саналы азамат болып өсіп,сізді бақытқа кенелтері сөзсіз. 

«Ата-ананың ақылы –қазулы қара жолмен тең» деп Дулат Бабатайұлы айтпақшы ата-ана баласының түйсігіне қандай із салса бала сол жолмен жүре беретіні белгілі. 
Енді «Жұмбақ кейіпкердің» әңгімесін тыңдасақ 

1.Ата-аналар, бұл жағдайға не айтасыздар? 
2.Сіздердің түсініктеріңізше «Бақытты жанұя» қандай болуы керек? 
3.Балаға, ата-анасына қандай ақыл кеңес айтар Келесі кезекті ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасқа арналған ойынға береміз 
Ойын «Жазалау » деп аталады 
Ортаға 3 ата-ананы шақырамыз 
1.Балаңыз мектепте сіздің көзіңізше мұғалімге дауыс көтеріп айқайласты 
2. Балаңыз көрші үйдің затын ұрлап алыпты,оны көршіңіз сізге келіп айтты 
3.Мектепте өзінен кіші баланы ұрып төбелес жасапты ,оны мұғалімнен естідіңіз 
Ата-аналар енді сіздер балаларыңызды жазалауларыңыз керек 
-Ата-анаға жадынама (Үлестірмелер таратып беру) 
Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің 
-Кішкентайынан көп жапа шеккен бала өскенде кінәмшіл болады 
-Кішкентайынан мазаққа ілінген бала өскенде ұялшақ болады 
-Кішкентайынан жекіруді көп естіген бала бар кінәні өз мойнына алуға бейім тұрады 
-Кішкентайынан көптің бірі болып өскен бала кейін бауырмал сабырлы,ұстамды келеді
-Кішкентайынан жалғыз тәрбиеленген бала өзімшіл болады 
-Кішкентайынан қатыгездікті көп көрген бала өскенде дау-дамайдың ортасында жүреді
Жағдаятқа ену 
Ортаға оқушыларды шақырамыз 
Оқушылар ата-аналарына барып өздерінің басынан өткен жағдайларын баяндап айтады 
1-оқушы Анашым,мен бүгін сабаққа бармай-ақ қояйыншы,үйге берілген тапсырманы жаттамап едім,апай сұраса «ауырып жатыр» деп айта салыңызшы 
2-оқушы Әке мен бүгін мектептің терезесін сындырып алдым 
3-оқушы Анашым,мен бүгін сіздің жақсы көретін құмыраңызды сындырып алдым 
4-оқушы Әке мен бүгін мектепте жарысқа қатысып ,мақтау қағазын алдым 
Ата-аналар осы жағдайларды сол сәтте қалай қабылдайтындықтарын(қуаныштарын,реніштерін іс-қимылын салып) көрсетеді 
-Ортаға ақ және қара жәшік қойылады 
Ата-аналардың қолына ата-анаға қатысты жақсы жаман қасиеттер жазылған үлестірме қағаздар таратылады 
Ата-ана осы қасиеттерді іріктеп жақсы қасиаттерді «егер мен баламнан бақытымды көргім келсе» деп ақ жәшікке 
Жаман қасиеттерді қара жәшікке салады 
Құрметті ата-аналар ! «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім жақындарына,туған туысқандарына беген сүйіспеншіліктен басталады»деп елбасы Н.Назарбаев айтпақшы,еліміздің болашағы бүгінгі балалардыңдұрыс азамат болып қалыптасуы отбасындағы тәрбиеге байланысты.Сондықтан балаларыңыз елін,Отанын сүйген азамат болып өсіп сіздерді бақытқа кенелтсін десеңіздер бала тәрбиелеудегі қателіктерге жол бермеңіздер! 
-Ата-аналардың пікірлері тыңдалады 
Бүгінгі пікірталас сайысымыздан қандай әсер алдыңыз? 
-Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, 
Өнерімен қуантады түбінде. 
Бала нені білсе жастан, ұядан- 
Өле-өлгенше соны таныр қиядан 
Өнер-білім берем десең басынан, 
Бер оқуға балаларды жасынан. 
Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған 
Жақсы-жаман болса бала солардан,-деп Жүсіп Баласағұн айтпақшы,ата-ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты.Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы,ата-аналар сіздерге байланысты. 
Әрбір отбасына күннің шуағындай шаттық,жылылығындай мейірімділік,қуаныш,береке,бақыт тілей отырып «Бақытыңды балаңнан ізде» 
атты пікірталасымызды аяқтаймыз.

Күні: 22.12.2016ж



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет