«Сабақты зерттеу – мұғалімнің уәжін арттыру құралы»



бет4/10
Дата20.12.2023
өлшемі0,93 Mb.
#197813
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1Лессон стади
Индивидуальный план педагогической практики, 1 - кезең нәтижесі, Квал тест педагогика, Снимок экрана 2023—07—12 в 09.36.17
4. Сабақты өткізу/бақылау
Сабақ – мұғалімдердің жоспарлаған идеяларын жүзеге асыратын Lesson Study үдерісі құраушыларының бірі болып табылады.
Бұл кезеңде топ мүшелерінің бірі сабақты өткізеді және басқа топ мүшелері бақылайды және оқушылардың оқуы, олардың ойлауының дамуы және ынтымақтастыққа жұмыс істеу мақсатында өзара әрекеттесуіне қатысты дәлелдемелер жинайды.
Сабақты өткізуге дейін оқушыларды сабақты зерттеу және сыныпта сабақты бақылаушылардың болатыны туралы хабардар ету керек. Бақылаушылардың сабаққа қатысуын балалардың оқуына кедергі болмайтындай етіп ұйымдастыру қажет. Олардың сыныпта орналасатын жерін оларға ынғайлы, әрі оқушыларға кедергі келтірмейтіндей етіп ойластырған жөн. Сонымен қатар бақылаушыларға сыныпта не болып жатқаны жақсы көрінетіндей болуы тиіс. Мұғалімдер президиумда отыратындай үстелдерден бөгет жасаудың қажеті жоқ, себебі бұл қосымша кедергі болып табылады.
Сабақтағы бейне және фото түсіру барынша көзге түспегені дұрыс. Сабақ барысында сынып ішінде бір жерден екінші жерге қарай жүріп оқушылардың назарын аударуға және сабақтың барысын бұзуға болмайды. Түсіру үшін оқушыларды қолдануға жол берілмейді.
Дәстүрлі бақылаулар әдетте, мұғалімнің сабақ бойы жүзеге асыратын іс-әрекетін басты назарда ұстайды. Сабақты зерттеуде бақылаудың фокусында оқушылар және олардың берілген нұсқауларға қалай жауап қайтаратыны болады.Оқушыларға тапсырмаларды барынша тиімді орындауға көмектесу үшін бақылаушыларда сабақ жоспарының көшірмесі, сабақта қолданылатын үлестірме материалдар, сонымен қатар жетекші қағидалары жазылған бақылау формаларыболуы керек.
Мұғалім командадағы әріптестерімен келіспей – ақ сабаққа болмашы өзгерістер алады ма?
Көптеген мұғалімдер оқушылардың сабақ барысында белгілі бір жағдайда туындаған қажеттіліктері негізінде сабаққа өзгерістер енгізеді. Болмашы өзгерістерден, бәлкім, құтылу мүмкін емес, дегенмен осындай өзгерістер сабақты жоспарлау кезеңінде алдын ала қарастырылса анағұрлым жақсы болады.
Егер де мұғалім айтарлықтай өзгеріс енгізетін болса бақылаушылар өздерінің жұмыстарын істеуге дайын болмайды және жинақталған дәлелдердің құндылығы БАҚЫЛАУ маңызды рөл атқарады, себебі ол мұғалімдерге зерттеудің бүкіл кезеңінде оқушылардың оқуына ілесіп, олардың ойлауында болып жатқан өзгерістерге және оқушыларға оқытудың қандай әдістері ықпал етіп жатқанын назарда ұстауға мүмкіндік береді. Десек те, осыған қоса, топтар бақылауды сабақтың нәтижесі ретінде ұсынатын оқушылардың жазба жұмыстары сияқты қосымша дәлелдемелермен толықтырады.
Командалар «Сабақты бақылау бойынша нұсқаулықты» әзірлей алады немесе сабақты қалай бақылау керектігін, кімді бақылау керектігін, не нәрсеге мән беру керектігін және бақылауды қалай жазып отыру керектігін көрсететін формамен де шектеле алады. Бақылаушылар сабақты бақылаған кезде дәлелдемелерді жинау бойынша ұсыныстарды басшылыққа алады. Мектептегі барлық мұғалімдер мен топтарға ортақ етіп әзірленген нұсқаулықта негізгі қағидалар мен нормаларды, тіпті этика, сұхбат, фото және бейнетүсіруды қолдану ережелерін де жазып көрсетуге болады.
Бақылау формалары – Lesson Study үдерісінің дәлелдемесі және есептілігі үшін пайдалануға болатын құжаттардың бірі болып табылады. Егер де сіз қандай да бір отырыста, коучинг-сабағында зерттеу сұрағына қатысты сабақты бақылау формаларын әзірлеуді ұйымдастырып, өткізсеңіз, бөлінген көшбасшылық қағидасын көрсетесіз. Топтарға өзіңіз басқа дереккөздерден алған дайын үлгілерді ұсынудың қажеті жоқ. Топ зерттеу сұрағын қойып алады, содан кейінгі олардың келесі қадамы – бақылау формаларын әзірлеу. Аталған форма анағұрлым егжей-тегжейлі болса тіпті жақсы, себебі бақылаушылар сабақты бақылау кезінде әзірленген критерийлерге сәйкестікті іздестіріп, белгілейді және сабақ аяқталған соң қолдарын қояды. Бұдан кейін ешқандай хаттаманың және жұмыстың қажеті жоқ, тек қана бірлескен талқылау және талдау жүзеге асырылады. Lesson study мұғалімдер жұмысын жеңілдетуге жұмыс жасағаны өте маңызды және қосымша жұмысты туындатпауы тиіс! Осы орайда, бақылау формасы – мұғалім бақылауының және қорытынды жасағанның күшті дәлелдемесі болып табылады. Бұл дәлелдемелер кейін топтың бірлескен кездесуінде талқыланатын болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет