Сахиев Жүніс. Су әлемінің саздары. ғылыми-фантастикалық роман. «Фолиант» баспасы, Астана – 2008



бет8/39
Дата26.01.2018
өлшемі9,74 Mb.
#34042
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39

  • Құрал дайын ба? - деді.

  • Дайын, — жігіт басын изеді.

  • Ендеше қосыңыз, бастайын.

  • Қазір... — жігіт қыздан көзін тайдырмастан оң жақ қабырғадан бір түймені жай ғана нұқыды. - Міне, енді қарай беріңіз...

Қыз эллипс тәрізденген экранның қарсы алдына отыра кетті. Соны күткендей экранның үстіңгі жағындағы бір панельдің санылауынан екі жіңішке сым жаймен шығып келіп, қыздын дәл мандай тұсына қалт тұра қалды. Оны бұрын-сонды көрмеген, түсінбеген адам «Бұл немене өзі» деп те сәл де болса шошынып қалар еді. Оның жалпы түрі суықтаған адамның құлағына, мұрнына және басқадай жеріне жақын қойылатын улыра жоғары жиіліктегі тоқ көзіне де ұқсайды екен. Ал өздері үшін ол о бастан жақсы белгілі нәрсе. Ол адамның болашақ тағдырын экранға беретін ғажайып құрал. Қыздың қозғалмай отырып қалғанының мәні де сол еді.

Жігітте болса да үн жоқ. Ол, тіпті, экранға қараудан да бас тартқан. Мұнысы бір жағынан оның мәдениеттілігі мен парасаттылығы еді. Онысын қызда түсініп отыр. Егер араларында бір-біріне деген махаббат сезімі оянар болса, екеуі ешкімді де, ештемені де қажет етпек емес. Бір-бірімен көзбен, сезіммен тіл табысып-ақ тамаша да бақытты өмірді кешіп жатпақ. Бірақ тағдыр екеуінің сезімдерін үйлестірмеген. Сондықтан да бір- біріне қаншалықты жақындаймын дегеннің өзінде де бір сезім күші екеуінің арасына бір кедергі бола қалғандай да болады.

Зерек қыз оны да ойлап қойған. Енді бір кезде ол: «Осы Жер ғаламшарының тұрғындары қандай бақытты. Бұл өмірдегі дәм-тұзының қашан, қай кезде таусылатынын білмейді. Тіпті, жаман сырқатқа ұшыраса да өмірден үміттерін бір үзбейді-ау. Сол талпыныс, сол үміттің өзі қандай құдірет!» Өмір сүруге деген құштарлықтары қандай! Ал біз болсақ, бүкіл болашақ тағдырларымызды мына экраннан алдын ала көріп- біліп аламыз да, бұл ғажайып дүниеге сүле соқ боламыз. Оның қаншама зияны тиіп жатыр. Осы кемедегі әрбір адам өзінің қашан және неден өлетінін жақсы біледі. Тек өз тағдыры ма, ұлы табиғаттың қатаң дүлейін де алдын ала біле алады. Тағы қате кетпейді. Ал Жер тұрғындары болса, тіпті, өздері мініп ұшып келе жатқан немесе су беті мен су астында мініп келе жатқан кеменің енді бір сәтте нендей жағдайға ұшырайтынын да алдын ала сезбейді. Құдды бір жаңа туған сәбилер сияқты, қайда тастасаң да бәрі бірдей, тілі жоқтай. Жанартаудың қай сәтте атылатынын, жердің қай сәтте қатты сілкінетінін, дауылдың қашан тұратынын да дәл біле алмайды кейде. Сондықтанда олар бақытты. Бақытсыздықты алдын ала білмейтін бақыты жандар! Өлімінің қашан келетінін алдын ала білмей кетіп қалған адамның өзін де бақытты адам ба деп қаламын» деп бір ойлап қойды зерек қыз.

Сөйтіп болғанша қарсы алдындағы тілсіз экранның бетінен өзінің болашақ тағдырларының ізі көріне бастады. Қыз елең ете түскен. Бірақ онша сасқалақтаған да, күйгелектеген де жоқ. Өйткені, экрандағы көріністерді бейнемагнитофондағы сияқты қалағанынша баяулата да, жылдамдата да алатын мүмкіндік молынан бар. Қысқасы, бұл құрал адамның тағдырын алдына шығып барып түсіріп алып келген бейнекамерадай ап-анық әрі нақты етіп көрсетеді. Адам баласының ғұмыры қаншама қысқа делінсе де, сол жүз төңірегіндегі тағдырды алдын ала көріп шығу үшін де соншама уақыт отыру керек болмақ. Бейнеэранның жылдамдаткыш, үзіп-жарып, тек қажетті жерлерін көрсеткіш етіп жасалуының да сыры осында болатын. Ал қазір қызға беріліп отырған уақыттын ұзын-ырғасы жарты сағаттың айналасы ғана. Одан соң екеуін де су асты саяхат-сапары күтіп тұр. Қыз соған үлгеруге асықты. Қыз алдағы алыс тағдырын қойып, дәл қазіргі жағдайын аныктауды жөн санады. Өйткені, қанша жас болса да, сапарлас жігіттерінін өзінен әлденені жасырып жүргенін сезген еді. Экранның арнайы қажетті түймелерін баса отырып, оның енді бір сағаттан кейін болатын оқиғаны көз алдына жаюын қалады.

Бұл ойын ол қасында әрі қарап басқа бір іспен айналысып тұрған жігітке айтқан жоқ. Сондықтан да ол бейқам, еркін еді. Бір жағынан келгенде, оның әлде кімнің тағдырында жұмысы не? Қыз енді ширақ қозғалып, экранның астындағы тетіктердін қажеттілерін басып-басып жіберіп, қажет деген уақыт пен кеңістікке әкелді. Артынша бар көрініс көз алдына жайылды. Басшы бастап, басқалар қоштап арнайы киімдерімен кемеден жүзіп шықты. Әркайсысының маңдайындағы қуатты жарық шамдардан мұхит тереңінің табиғаты тамаша көрініс береді. Бәрі қаз-қатар жүзіп барады. Содан бір кезде тау жотасы басталды. Одан кейін шатқалдар мен үңгірлер. Тап кәдімгі сыртағы табиғат көрінісі сияқты-ау. Мұхит асты деп ойлаудың өзі де қиын. Бейнебір осы бар ғажайып көріністі мына судын қалың қабаты бір мезетте жаба салғандай. Өзі де солай. Қаншама құпия нәрселер азғана уақыттың ішінде сутереңіне батып ғайып болады. Суы тартылған аймақтар құрлыққа айналып шыға келеді.

Жер ғаламшарында мұндай ұлы да ірі өзгерістердің көп болғаны өздеріне ә дегеннен белгілі. Кемедегілердің бәрі де жақсы біледі. Бүгін де Жер тағдыры, елдердің тағдыры өздеріне саусақпен санағандай анық. Егер де осы Зерек қыз Жер шарының кай аймағына барса да, Жер тарихы туралы әңгіме қозғай қалса да, бәрібір де өзіне тең келетін ешбір жан табылмас еді. Тіпті, көп білемін дейтін ғалымдардың өздері де таңданар еді-ау, бұл Зерек қызға. Бірақ екі ғаламшардың тұрғындарының өмір сүру дәстүрі екі бөлек. Қыз осыларды да ой елегінен тез өткізіп жіберіп барып экранға қайта қадалды. Бәрі жүзіп келеді. Басшы әдеттегіше алда. Кей кездері ол кейінде немесе орта тұста ұстайтын. Ал бұл жолы ол соңғы жаққа бас­қа жігітті қойыпты. Енді бір сәтте бәрі іші қап-қараңғы үңгірге енді. Нағыз қараңғы дүние де енді ғана басталғандай. Кенет күтпеген құбылыс болды. Мандайындағы жарық шам себепсіз күрт сөнді. Не болғанын білмей де қалған. Соқыр адамдай екі қолын ербендетіп, тастан тасқа соғыла берген. Микротелерадиобайланыспен қаншама көмек сұрап хабар таратса да жігіттердің бірі де бұрылып келер емес. Басшы болса да ештемені естімеген, көрмеген адамдай зымырап кетіп бара жатыр. Енді бір мезетте олардың дыбыстары да естілмей қалды. Шошып кеткен Зерек кыз:

  • Ей, жігіттер, қайдасындар?! Менің маңдай шамым сөніп қалды! Көмек беріндер! — деп хабар таратты.

  • Недедіңіз?

Қыздың дауысы бөлмеге де шығып кеткен еді. Қыз қатты қысылды. Көріністі жасыру үшін экранды тез сөндіре қойды. Экранда тек «Тағдыр» деген сөз ғана жанып тұрды. Зерек- қыздың жас жүрегі бірдемені бекер сезбеген екен. «Мұндай қатерлі серуеннің қажеті қанша маған. Кім үшін және не үшін жасалмақ бұл қастандық? Қандай мақсатпен?» деп бір толғанды. Қасында тұрған жігіт те қыздың бір үрейлі тағдырға ұшырайтынын алдын ала көргенін сезді-ау. Жақындап келіп жанына отырды.

  • Айтшы, Ержігіт, — деді кыз сол кезде үрейлі жүзін сәл қырын үстап, - осы саяхат-сапарға бармауға бола ма?

  • Бұл мен шешетін мәселе емес, - деді жігіт сәл ғана төмен қарап.

  • Мен бұл серуеннен бастартамын. Бармаймын!

  • Ол жағын өзің шеш. Бірақ, басшының қатаң мінезін жак­сы білесің...

  • Білемін, — деді қыз терең күрсініп.

Осы сөзден кейін бөлме ішінде бір сәтке болсада тыныштық орнағандай еді, артынша қабырғалардағы дыбыс күшейткіштерден басшының әуенді үні шықты.

  • Мұхитқа шығатын дөңгелек есікке келіңіздер! Уакыт санаулы! Менің бөлмеме барудың қажеті жоқ!

Жігіт зерек кызға, зерек қыз ержігітке қарады. Ендігі жағдай айтпай-ақ түсінікті еді. Жасар шара жоқ. Басшы бұйрығын екі етуге ешкім де дағдыланбаған. Айтты — болды. Зерек қыз сәл бір қиял әлеміне берілді де жай ғана:

  • Айтшы, Ержігіт, көп білесің ғой. Осы пенденің алда болар тағдырын алдын ала өзгертуге бола ма?

  • Біздің Ұлы жаратушынын алдындағы пендешілігімізде, әлсіздігіміз де сонда емес пе? Өзің ойлап қара. Биороботтардың тағдыры біздің қолымызда. Сол сияқты ғой, — деп жігіт жеңіл күрсінді.

Қыз қайтып тіл қата алмады. «Тағдырды алдын ала білгеннен не пайда, оған өзгеріс енгізе алмаған соң. Одан да мүлдем білмегеннін өзі жақсы екен шынымен-ақ» деп тұжырымдады ол өз ойын. Сөйттіде жігіт пен бірге тез жинала бастады. Мұхит тереңіне шығатын дөңгелек есікке де пневмоорындық жеткізеді. Екеуі соған отырды. Бір-біріне қарап қойған. Бірақ тіл қатысқан жоқ. Бәрі де түсінікті еді. Жігіт қажетті түймені нұқыған бой да пневмоорындықжылдам жүйткіп жөнелді.
Қайсар мінез

Океанология институтының директоры көпке дейін өз - өзіне келе алмай бейтарап күйде отырды. Отырмай, ойланбай қайтсін, бір отбасының екі мүшесінің ой-пікірлері екі түрлі болып шықса. Директордың ойы шартарапқа шашылған. Мұндай келіспеушілік жағдайлар Әбділданың алдынан бірінші рет шығып отырған жоқ-ты. Талай отбасының мүшелерін ақыл-кеңесімен табыстырған, татуластырған. Олармен салыстырғанда бұл жағдай да аса күрделі емес-ті. Айдынбек анау-мынау адам емес, дүрдей ғалым. Есімі елге мәлім. Әйелінің ақылының келте еместігі көрініп тұр. Оның бір ғана кемшілігі — бала таппағаны, бедеулігі. Әбділдаға Айдынбектін қалай перзентсіз қалғаны да белгілі.

Тек Айдынбек пен Раушан ғана ма? Осы үлкен институттын шанырағында тағы да бір-екі отбасының жағдайлары бар. Қызмет пен ғылым деп жүріп, уақытын өткізіп алып, тұрмыс құра алмай әлдекімнен не ұл, не қыз тауып алып, жалғыз ілікті ана атанып жүрген әйелдер де баршылық. Көпшілік болған жерде түрлі-түрлі тағдыр да бар. Мүндай көріністі үйреншікті көрініс десе де болғандай. Олардың тағдыры әрқилы болып келеді емес пе? Әбділда осындайларды көргенде, олардың тағдырларымен танысқанда жүрегі сыздап, осылайша мен-зең бір күйді басынан кешеді. Мұндайда өзінің академиктігі де, қызметі мен ғылыми еңбектері де жайына қалады. Реңі де бозарып шыға келеді. Өйткені, жаны жайсаң азамат болған соң ондай тағдырларға терең сезімді бір аянышпен қарайды. Ерлі- зайыптылар қашан да бір-бірлерін жақсы түсінуге тиісті. Отау кұрып, шаңырақ көтерудің өзі де сондай бір түсінушіліктен туындап жатса керек. Тек біреулерді ме?! Әбділда Сұлтанұлы кей-кейде өзінің де қалай отбасын кұрғанын есіне алады. Өзінің де әйеліне деген, әйелінің өзіне деген өкпе-назы болмай түрмайды. Оның бәрін де ақылмен саралап, оны дер кезінде кешіре, орнына келтіре білу керек. Өйтпеген күнде отба­сын ұстап түру қиынға соқпақ. Болмашы нәрсені тізе берген де жақсы емес.

Кейбір жас отбасының мүшелері шаңырақ шайқалғанда шарт кетеді, шырт сынады. Оның бәрі де ердің әйелге, әйелдің ерге деген сыйластық көзқарасы мен әрекетінен туындап жатады. Ер адам қандай да бір әйелге тіл қатады, ал әйел бір ер адамға көз салады. Бірге тұрып, бірге өмір кешіп жаткандығына қарамай өмір таукыметіне төзбей, бір-бірімен кикілжіңге барып, бір-бірінің көңіліне өмірлік дақ саларлық сөз айтып қалып, бір-бірінен кешірім сұрауға бармай, бір-бірін кешірмей, мойындамай, ақыр соңында ажырасып тынады. Отбасы осылайша ойран болады.

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет