Сайділ талжанов 3 томды қ ш ы ғ армаларжина ғ Ы



бет14/27
Дата31.12.2019
өлшемі2,11 Mb.
#54002
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27

ДӘРІГЕР БАРЗУЯ ТУРАЛЫ



ПАРСЫ жұртының бас дәрігері Барзуя әлгі Үндістан кітабын көшіріп әкеліп, аударған кісі ғой, міне, соның айтқан әңгімесі мынау еді. Менің әкем әскер қызметінде жүрді, ал шешем болса ірі маг1 тұқымынан шыққан еді. Мені тәңірімнің жарылқағаны сол, мен ата-анамның жақсы көрген ардақты ұлы болдым, сондықтан олар мені тәрбиелеуге басқа балаларынан гөрі көбірек көңіл бөлсе керек. Мені жеті жасымда мектепке берді, сауатым ашылғаннан кейін ата-анама алғыс айттым да, ғылымға үңілдім. Ең алдымен дәрігерлік ғылымды игеруге кірістім. Біраз тәлім-тәрбие алған соң пайдасын түсіндім, ғылымның бұл саласын бұрынғыдай да ұнаттым, сүйсініп зерттейтін болдым. Ауруларды емдеп жазуға шамам жеткен мезгілде, сөзім де, ісім де елдің аузына ілікті, атағым жайылып жүре берді. Осы әрекетім жаныма жақты, басқа адамдар мені күндей берді, ал күндеген сайын лепіре түстім, жоғары лауазымға, атақ алуға құштарлана ұмтылдым, сонда мен өкілене қарсы шығып, өз жүрегіммен дауласуға кірістім. Ей, жүрегім, өзіңе кімнің залал істейтінін сен әлі түсінбей жүрсің бе? Құрғақ қиялға өршелене ұмтылудан қалай арыла алмайсың? Оған қолы жеткен жандардың да тапқан пайдасы шамалы, шеккен азабы бастарынан асады, ажырасқанда кеміріп жегідей жейді, жоғалтып алып, айрылып қалған күнде де оның бұрын өзіне кіріптар еткен тауқыметі өте зор болады, ендеше, неге өлгенше өзеурейсің? Ей, жүрегім! Бұл жалғандағы алдамшы мекен-жайға кұштарлана қызығудан обыр нәпсіңді тыйсайшы, осы үйдің сыртында (ана дүниеде) не бар екенін сен неге есіңе алмайсың? Зымыраған сұм жалғанның соңынан калмай еліге беретін берекесіз есуастар қауымынан сен неге жерінбейсің? Ал некен- саяк біреулердің уысына бұл дүниеден болмашы бірдеме іліккен күнде де, ол оныкі емес қой, өйткені тағат тұтып тұрактамайды, оны иемденетіндер тек су қараңғы соқырлар мен бейқамдар емес пе? Мына бұғаудан босаншы, бар қуатың мен кабілетіңді жұмсап, мұршаң келсе игілікке бетіңді бұршы! Байка өзің, мұны сүрсітіп кідіртпе, кейінге қалдырма, есіңде болсын, азғырғанға тән тез көне кетеді, пасык әрі жиренішті заттың қосындысы түп-



1 Маг – ертедегі Иранда зороастра дінінің абыздарын осылай ататйтын.

түгел осының бойында. Оның кұрылысында пайдасы арагідік тиетін төрт қасиет бар, бұлар біріне-бірі мүлде қайшы тұратын арпалысқан қосындылар1, өмірді бүркей беретіндер де осылар. Өмір дегенің апатқа қарай жөнеп барады, ол бөлшектерден құралған табынатын пұт тәрізді, егер бөлшектері бір-бірінен ажыраса қалса, оларды тұтастыратын бір шеге бар, сол шеге шығып кетсе, онда байланысы үзіліп, бөлшектер ыдырайды. Ей, жүрегім! Жақсы көретін жандарыңның, достарыңның көңілдестігіне елікпе, емешең құрып аңсай да берме! Достықтың сүйініші де бар, сонымен бірге күйініші де, уайымы да мол ғой, ақыры ажырасып тынады. Мысалы, жаңа піскен ыстық асты қотаратын ожау тәрізді ол, ал көнерген соң әлгі ожаудың сынығы отқа өртеледі. Жұрттың бәрі жапатармағай ұмтылып, екілене іздей беретін төрт нәрсенің біреуін таңда!» - деп мен жүрегіме жарлық бердім. Сонда: «Мен секілді білімі бар кісіге ең керегі байлық па, рақат па, қадір-қасиет пе немесе ақыретте жарылқану ма, осылардың қайсысы қолайлы», - деген сұрақ қойдым.

Таңдай да, талғай да білетін дайындығым болды, өйткені дәрігерлік ғылыммен шұғылданып жүрдім, мұны даналар мақтаушы еді, діншіл тақуалар да ұнататын. Осы ғылымның бір кітабында, ең жақсы дәрігер өз мамандығына берілсін, ақыретте жарылқанудан өзге ешбір нәрсеге итініп елікпесін деген екен. Осының салдарынан дәрігерлік ғылымға ынталана кірістім, ана дүниеде жарылқануды арман еттім, бірақ бұл пиғылыма орай кұнды каржыны да іздемедім, өйткені мәңгі үзілмес байлыққа ие ететін бағалы жақұтты түкке арзымайтын су моншаққа айырбастаған, сөйтіп зиянға ұшыраған сорлы саудагер тәрізді болмайыншы дедім. Осымен қатар көне заманның бір кітабын оқыдым, сонда дәрігерлік еңбегі үшін бақилық өмірден игілік күткен кісі, осы фәни дүниедегі ырзық несібесінен де құр қалмайды деген екен. Бұған мысал ретінде, егістік жерді баптап, дәнді дақыл еккен диқанның, өзі күтпесе де кейде сол егісінің




1 Төрт қосынды – көне замандағылардың ұғымы бойынша негізгі төрт элеммент тең келсе организамнің өмір сүруіне жағдай жасайды-мыс, ал олардың біреуі басым болса ауруға шалдықтырады екен. Ол элементтер дейтін: қан мен самарқаулық және өттің екі түрі. Бұл ұғымның әсері осы замандағы темпераментті тексеру ісінде де кездеседі.

арасына түрлі шөптердің де қаулап шығатынын келтірген екен. Сондықтан мен енді кеселділерді емдеп жазуға кірістім, алғыстарын алып ана дүниенің қызығын көруге ұмтылдым, науқас жанның ешқайсысын елеусіз қалдырғаным жоқ, бәрін де емдей бердім, сонда оны құлан-таза айықтыра алам ба, жоқ болмаса күйзелуін ғана толастатам ба, білмеймін, әйтеуір, қалайда толық жазуға тырыстым.

Реті келгенде қона жатып та емдедім, жағдай болмаған кезде, дәрі беріп, оны қалай қолдану керек екенін түсіндіріп бердім. Дәрігерлік көмек көрсеткенде сый дәметіп немесе ақы алғаным жок, өзіммен білімі бірдей замандастарымнын ішінде менен бай тұратындары да, дәрежесі жоғарылары да болды, міне, мен соларды да күндемедім, денсаулығы орасан күшті, әрі парасаттыларды да жоқты сылтауратып күндеуге дәтім шыдамаушы еді. Ей, жүрегім! Сені үй ішің де, басқа жақындарың да өз пайдаңды іздетіп, дүние табуға, атаққа икемдеп жүрмесін, ол апатқа соқтырады, хош иісті ладан отқа өртенгенде оның аңкыған иісі өзгеріп сала береді, оған бөгде бір иіс пайда болады. Ей, жүрегім! Байлық пен мансап көзіңе шел қаптатып жүрмесін, «Семіздікті қой ғана көтереді» дегендей. бұған ердің ері-ақ шыдай алады, өйткені қолы жеткендер оның түкке арзымайтынын анық біледі, ол басқа біткен шаш тақылетті, өскен кезде тарап күтеді де, күзеп тастағаннан кейін оны қорда қоқсыққа лақтырып жіберіп, өзі қаша жөнеледі. Ей жүрегім, шынында, сен дәрігерлік ғылымның қуатына сенсең ауруларды әрдайым емдеп айықтыруға тырыс, бұдан еш уақытта жалтарушы болма! Бұл ғылымның әсерін де, пайдасын да жұрттың көбі біле қоймайды, бірақ біреуді күйзелудеі құткарып, бәз-баяғы қалпына келтіруге тырысатын кісіден сен үлгі ал! Осыдан артық ұлы сый, ізгі атаққа ие болатын кім бар? Егер жеке адамға жәрдем еткені үшін осындай сыйлық берілсе онда толып жатқан жанды ізденіп жүріп дертінен айыктыратын дәрігерге, қалайша сыйлық тартпайды ол? Бұл көпшіліктің саны тек тәңірімнің өзіне ғана аян, олар талай күйзелісті, калың азапты басынан кешіріп, өмірдің ләззаты мен қуанышынан ішіп жеуден, қатын мен баладан үмітін үзіп, әбден түңілгендер ғой міне, соларды уайым-қайғыдан құтқарып, байырғы тіршілігін қайта әкелсе, әрине, мұндай мол игілік үшін сыбаға алу жөн

187


18

емес пе? Өзінің ізгі қылығы үшін татырлық сыбаға алам деп үміттенуі әбден дұрыс! Ей, жүрегім! Мына өткінші дүниенің қызығына еліктеп, алдымыздағы өмірдің қамын естен шығарма, болмашыға алданып бағалы бұйымын орынсыз күйдіріп сатқан саудагер тәрізденбе! Ол туралы мынадай әңгіме бар екен: «Қорасы толған сандал ағашы1 бар біреу көп ойға түсіпті - егер мұны безбендеп өлшеп сатсам, онда ұзақ уақытым босқа кетер депті де, салмағын есептемей-ақ аз ғана ақшаға сатып жіберіпті», - дейді екен.

Өз жүрегіммен осылай айтыса бердім, үғынбасына қоймадым, оны лажсыз мойындатып, амалын тауысып көндірдім. Ол бұрынғы шабытынан қайтып, жақсылықты енді ана дүниеден үміттенді де, бар ынтасымен ауру-сырқауды емдеуге кірісті. Бірақ Үндістанға бармай тұрып та, патшалардан өміріме керекті мол сыйлықтарды алуыма бұл қылығым кедергі жасаған жок, ал қайтып келген соң да жақын жүрген бауырларымнан талай-талай сыбағамды алдым, тіпті сол сыбағаға өзім арзымайтын да тәріздімін.

Осыдан кейін, дәрігерлік ғылымды зерттеу арқылы мынаны аңғардым, дәрісімен емдеп олар жұрттың дертін жоймайды екен, емделген ел тағы басқа дерттен де ада-күде айығып, мүлде құлан таза болып құтыла алмайды екен. Дерті бұрынғысынан күшейіп қайта оралмауына күмәнсіз сенуі де қиын тәрізді. Ал ана дүниеде жағдайдың басқаша екенін, онда ешбір дерттің болмайтынын жэне қайта жаңғырмайтынын үғындым. Осыдан кейін дәрігерлікпен шұғылдануды қойып, дінге берілдім.



Осы ойға бойлап кірген кезде діннің бұл ғылымға қандай қатысы барлығы маған көмескі болды, дін туралы ешбір ескертуді де кездестірмедім, діннің ең жақсысы, тиянақтысы мынау деген нұсқау да ешбір жерде айтылмаған екен. Мен ел арасында жүріп көптеген дінді және оның талай салаларын кездестірдім. Бұл діндер ата-бабаларынан қалған мирас екен. Бірсыпыра адамдарды қорқытып, үрейлендіріп, зорлап дінге ендіргендерді де көрдім, ал кейбіреулер осы арқылы дүние құрастырып, түрлі дәрежеге де ие болып жүр екен. Осылардың




1 Сандал ағашы – түрлі және дәрі-дәрмек істеуге пайдаланылады, сондықтан орта ғасырдағы сауда ісінде бағасы өте қымбат, өте пайдалы ағаш болған екен.

бәрі де өз дінін құптап, баска дінді қателесу, адаскандық деп біледі. Жаратушы мен жаратылған жәндіктер жөнінде де, дүниенің жаратыла бастауы мен қашан бітуі туралы да, тағы басқа мәселелер жайында да олардың ұйымында шимай- шатаң қайшылықтар бар, біреуі екіншісін жазғырады, біріне- бірі қарсы шығып дұшпандык жасайды. Сондықтан әрбір дін саласындағы басты-басты ғалымдардан сабақ алуға беттедім, шындықты өтірік-жалғаннан айыру үшін алдымен солардың сөзін талқылап, дәлелдерін толық зерттеуге кірістім, нағыз ақиқат дінді тауып, соған сеніп мойынсұнуды ұйғардым, өзіме танық дінді қабылдағым келмеді, ұкпаған затыма жуымауға тырыстым. Мен нақ осылай істедім. Сұрастырып, іздестіре бердім, бірақ өз дінін мақтайтын, ал басқа дінді даттамайтын тірі жанды таппадым. Дәлелдерінің сыңаржақ екенін, әділдіктің жоқтығын анық білдім. Ақылды адам еріксіз ұйып келісерліктей қонымды дәлел көрсететін біреуін де ұшырата алмадым.



Осы уақиғаны көргенде, ешқайсысының да пікірін қабылдауға дәтім бармады, көзім анық жетпей тұрып осылардың біреуін жақтап шықсам, онда жылдам алданғыш аңқаудың аяғын құшармын деп ұқтым. Ол аңкау туралы мынадай бір әңгіме бар еді: «Баяғыда бір карақшы ұрлыққа аттанады. Түнде жолдастарымен бірге бір байдың үйінің төбесіне шығады. Үй иесі сезіп қойып, ұйқысынан оянады, тамының төбесіне ұрылардың бір арам оймен беймезгіл шыққанын түсінеді, сол арада әйелін оятып оған ақырын ғана сыбырлайды: «Үйдің төбесінде ұрылар жүр, мен ұйқтаған болып жатайын, сен мені оят та даусыңды көтеріңкіреп, олар еститіндей етіп: «Ей, қожам! Айтсайшы маған, сен мына мол дүниені, асыл мүлікті қайдан алып келдің?» деп сұра. Мен мойындамай танған сайын, сен өтінуіңді қойма», - дейді. Әйелі айтқанындай істейді, қоймастан ежіктеп сұрай береді. Ұрылар тыңдай қалысады. Сонда ері: «Ей, қатын, бақ талайыңа қарай бұйырған ырзық несібеңді ішіп-жеп, тыныш жата берсейші, менен еш нәрсе де сұрама, мұны айтуға болмайды, сатан да, маған да кесірі тиюі мүмкін, өйткені біреу-міреудің тыңдап тұрмасына кім кепіл?» - дейді. Әйелі: «Ей, ерім, тартынбай-ақ сөйлеші, мен қарғанып айтайын, екеуміздің сөзімізді тыңдап тұрған осы жақын жерде ешкім жок», - дейді. Ері: Болмадың ғой, ендеше, айтайын.
Мен осы байлықтың, мына асыл мүліктің бәрін тек ұрлықпен жинадым», - дейді.

Әйелі: «Әрі әділ, әрі жұртка қадірлі бола тұрып, бұған неге бой ұрдың, сенен ешкім күдіктенбейді де, қауіптенбейді ғой, сонда сен қалайша ұрлыққа бардың!» - деп сұрағанда, ері: «Ұрлық-қорлық жөніндегі ғылымның айтуына сүйендім. Менен сезіктеніп, ешкім қауіптенбейді де, өйткені өте нәзік жолмен ымы-жымын білдірмейтін еппен істеледі», - деп жауап қайырады. Сол арада әйелі: «Ол қандай еп? - деп сұрайды. Ері: «Мен жолдастарымды ертіп ұрлыққа ылғи айлы түнде аттанамын. Тонамақ болған үйдің төбесіне шығып, ай сәулесі түсіп тұрған терезесіне таяп барамын да, жеті қайыра мынадай ант ішемін: «Шолем, шолем»1, — деймін. Сонсоң ай сәулесін құшақтай алып, үйдің ішіне қарай секіремін, бұл кезде менің түскенімді ешкім сезбейді. Ай сәулесін жамылып тік тұра қаламын да, әлгі антты тағы жеті рет қайталаймын, сонда мен алуға жарайтын осы үйдегі ақшадан, дүние-мүліктен біреуі қағажу қалмай түгел жиналады, бәрі де алдыма кеп қаздай тізіледі. Мен ол үйден қалағанымды қалдырмай аламын да, ай сәулесін құшақтап тұрып, дағдылы антымды тағы жеті қайыра пысықтаймын, сөйтіп енді үй төбесіндегі жолдастарыма көтерілемін, алып барған нәрсені соларға арқалатып, кетіп отырамын», - деп әңгімені көйіте жөнеледі.

Мынаны естігенде ұрылар шексіз қуанып:

- Шынында, біз бұл үйден ұрлайтын мал-мүліктен гөрі өте бір құнды нәрсе таптық-ау! Біз сондай пайдалы хабар алдык, оның себі тисе, заты қорқып-үркуден аулақ болармыз, үкіметтен қауіпсіз жүрерміз, сірә, - деседі. Содан кейін ұрылар үй иесі мен әйелі әбден қалың ұйқыға батқанша күзетеді, ұзақ күтеді. Бір кезде ұрылардың бастығы ай сәулесі үй ішіне түсіп тұрған терезеге жуықтап барады да, жеті рет «Шолем, шолем», - дейді, сонсоң үй иесінің айтуы бойынша ай сәулесін құшақтай- мұшақтай төмен сырғанайды. Сонда басы төмен қарай құлдилап құлап кетеді, сол жерде қожайын ұшып тұрып, сойылмен періп жібереді де: - «Сен кімсің?» - деп сұрайды. Сонда ол: «Мен жылдам алданғыш аңқаумын!» - деп жауап береді. «Міне, жылдам сенудің осындай да жемісі болады екен», - дейді.






1 Шолем – көне заманғы еврейлер сөзіне еліктеп айтылған ғой, бұл арабтың «сәлем» (бейбітшілік) деген сөзімен түбірлес.

Апатқа ұшырамауыма әбден көзім жетпей тұрып, бір нәрсеге асығыс сене қоюдан енді ада-күде бас тарттым, сөйтіп дінді тағы зерттеуге кірістім, діндарлардың арасынан шындықты іздеп тапқым келді. Бірақ кімнен сұрасам да сауалыма жауап ала алмадым, олардың дәлелдерінен де менің санамды сендірерліктей ақиқат деп ұйып, соңынан ерерліктей еш нәрсе таба алмадым. Сонда тұрып мен:

- Егер тиянақты білім таба алмасам, онда баяғы өзім көрген аталарымның дінін тұтынуым керек, - деп түйдім. Ал ежелгі аталарымның дініне сеніп, әбден бекіну үшін, өз ұжданымды ақтайтын дәлел іздедім, оны да таба алмай торығып: «Егер осы ойлағаным өзіме тиянақты серік бола алса, онда сиқыршының баласы да баяғы әке жолын қуып сиқыршылық жасар еді де, жұрттың алдында мақтанар еді ғой», - дедім. Бұл да ақылдың ауқымына сыймады. Баяғыда бір адамды тамақ жегенде қомағайлығы үшін кінәлапты, сонда ол: «Менің әкем де, бабаларым да осылай жейтін еді», - деген желеу келтіріпті; міне, мен осыны есіме түсірдім, - деді.

Ата-бабамның дінінде қалуға тиянақты тірек таба алмай, діннің салаларын қайта зерттеуге кірістім, қайта ақтардым, тапқан қорытындымды үңіле тексердім, сөйтіп жүріп, өмірдің қысқарып қалғанын, үміттің тез-ақ үзілетінін сезіп шошып кеттім. Сонда: «Біле алмаймын, өмірмен қоштасатын мезгіл жуықтап қалды ма, немесе менің қолым белгілі бір іске тоқырай алмай, еш нәрсеге батылым жетпей, бірінен екіншісіне ауысып жүріп, бұрынғы өзім күйттеген игілі істен де орынсыз аулақтаған болармын ба, мен тілегіме жеткенше өмірім де бітер ме?» - деген ойға тірелдім.

Мүмкін мен осылай абыржып, әрі адасып жүргенде баяғыда біреудің басына түскен зауал маған да жететін шығар, - деп түйдім, ол адам туралы мынадай әңгіме бар еді: «Сонау көне заманда күйеуі бар әйелмен бір жігіт тамыр болыпты. Қораның ішіндегі құдықтын қасынан үңгір қаздырыпты да, оның аузын дуал сыртындағы жолға дейін создырыпты, сөйтіп үңгірдің ішкі есігіне құлып салыпты. Әйелдің бұл ісі қапылыста күйеуім, не басқа біреу үстімізден түспесін деп істеген сақтығы еді. Күндердің бір күні әлгі кісі осы үйде отырғанда, әйелге күйеуің сыртқы қақпаның алдында тұр деп хабарлайды. Сонда

әйел әлгі кісіге: «Қорадағы құдықтың қасына бар да үңгірге түсіп тез сыртқа шығып кет», - депті. Әлгі кісі құдыққа қарай барса, ол құдық биік тұрса керек, таба алмапты, сонда әйелге қайта келіп: «Мен үңгірді іздеп бардым, бірақ сен айтқан құдықты таппадым», дейді. Әйел: «Ой, есуас! Құдықтың саған не керегі бар еді! Мен саған құдықты ескерткенде, тек сол арқылы үңгірге жол тапсын деп едім ғой», - дейді. Ол: «Үңгірдің қасында кұдык болмаған соң, сен алдап айтқан шығар деп күдіктендім», - дейді. Әйел: «Ей, бақытсыз сорлы- ау! Құтылудың қамын істесейші, мынауың ақымақшылық қой, егеспе енді», - дейді. Ол: «Мен қалай барайын, өзің мені қақпайлап, әбден есімді шығардың ғой!» - дейді.

Осылай күйбеңдеп, салғыласып тұрғанда үй иесі кіріп келеді де, оны ұстап алып, әбден азаптап, сілесін қатыра сабап, діңкелетіп апарып, үкімет орнына тапсырыпты», - деуші еді.

Осындай неше түрлі толқудан, әр алуан адасудан қаймығып, енді дін жөнінде сөйлесуді мүлде доғардым, өз ұжданым дұрыс деп тапқан, дін қағидаларына қайшы келмейтін іске ғана қатысатын болдым. Біреуді ұрып-соғудан, өлтіруден, ызалы әрекеттен, ұрлықтан, қиянат істеуден мен ең әуелі қолымды тыйдым, күнәлі істен тәнімді сақтадым, өтірік айтудан, бөгде біреуге кесірі тиетін қаңқу сөзден тілімді аулақ ұстадым. Болмашы жалған сөзден, қулык-сұмдықтан, балағаттаудан, жала жабудан, өсек айтудан, келеке етуден шет жүрдім. Ешбір адамға жамандық ойламауға беттедім, пайғамбардың уағыздарын 1 мансүқ етпедім, ғарасат күнін де ұмытпадым, ақиретке барғанда жарылқанудың да, жаза тартудың да растығын мойындадым. Күпірлік істейтін адамдардан мейлінше қашық жүрдім, ниеті адал тақуалармен жақындасуға тырыстым. Тақуалылыққа тең келетін достың да, жолдастың да, жоқ екенін ұқтым. Тәңірім қолдап, өзі жебегендей болса, оның пайдасы зор екеніне көзім жетті: ата мен анадан да артық жаны ашыр әрі мейірімді осы тақуалық екен ден таптым, шын досыңдай болып, келелі кеңес беріп, игілікке баулитынын байқадым; оны қанша жұмсап






1 Пайғамбардың уағыздары – Мұхаммед (үстіміздегі дәуірдің 570-632 жылдары) пайғамбар өсиеттеген мұсылман дінінің негіздері. Осы аударылып отырған «Кәлилә мен Димнәнің» кей жерінде ислам дінінің әсері аңғарылады.

қажетіне жаратсаң да сарқылмайтынын аңғардым, қайта түрлене түлеп, құлпыра түсетініне көзім жетті. Қымқырып, жымқырып зақымын тигізетін әкімнен де, байлыктың кесірінен де, оттан да, қарақшы ұрыдан да, түрлі-түрлі зобалаңнан да оның ешқашан сескеніп, айылын жимайтынын сездім. Өмірдің болмашы ләззатына беріліп тақуалықтан қашқан адам, күшін ұзақ уақыт бекерге жұмсап босқа зиян шеккен саудагер тәрізді ғой. Ол туралы мынандай бір әңгіме болушы еді: «Бір саудагердің жиған-терген асыл тастары көп екен. Соның бәрін тестіру үшін ол бір адамды жалдапты, ақысына жүз динар бермекші болып келісіпті. Жалданған адам саудагердің үйіне кіріп, іске кірісе бергенде, өзінің қасында, бұрышта бір арфа тұр екен. Сонда саудагер: «Сен арфада ойнай білесің бе?» - деп сұрапты. Ол: «Менің өнерім жай білуден гөрі әлдеқайда басым», - деп жауап беріпті. Саудагер:

«Олай болса алшы қолыңа арфаны!» - депті. Арфаны қолына ұстағанда-ақ оның өте шебер ойнайтыны әйгіленіпті. Сонымен ол кешке дейін әнге басыпты, нәзік әсерлі неше алуан дыбыстарды саумалап шертіп, саудагерді алдандырыпты, ал әлгі асыл тастар салынған жәшіктің кақпағы ашылған күйі ескерусіз қалыпты. Кешқұрым ол саудагерге қарап:

- Еңбегімнің ақысын төлеңіз, - дегенде, саудагер:

- Сен ақы аларлықтай еш нәрсе істеген жоқсың ғой, - десе керек, сонда


ол:
- Мен сенің бұйрығыңды орындадым ғой, - депті. Саудагер сөзден

жеңіліп жүз динарды босқа төлепті, ал асыл тастары бәз- баяғы қалпында тесілусіз калыпты, - деуші еді.

Бұл дүниенің қызғылықты ләззатына, жан дүниеңді қоздыратын құмарына үңілген сайын одан көңілім қайтып, мүлде жиренетін болдым. Тәңіріге жалбарынып, тақуалык істеуге бел байладым. Ата-ананың өз баласын тәрбиелегені тәрізді, тақуалықтың да адамды келесі дүниеге даярлайтынын аңғардым. Мәңгі арылмас зұлымдықтан қорғайтын темір сауыт та сол екенін көрдім. Тағы бір аңғарғаным, тақуалық ракаттың бесігі, ол жаннаттың есігі екен.

- Егер тақуа адам үңіліп ойға шомса, оған сәуегейлік бітеді, ол

құлазиды да көнгіш бола бастайды, барына қанағат етеді, бұл жалғанның қызығынан кол үзеді, зұлымдыктың



қаупінен арылады, өрескел құштарлықты серпіп тастап, мүлде тазарады да, өз алдына оңаша қалады. Ол уайымнан құтылады, кызғаншақтықты жояды, сөйтіп оны мейірімді махаббат билейді. Дүниенің барлық алдамшы ләззатынан тартынады, ақыл-санасы кемеліне келеді, ол әр істің ақырғы нәтижесіне үңіледі де, өкініштен сақтанады, күнәлі қылық істемейді, сондықтан өзін пәле-жаладан қорғайды екен. Тақуалықтың осындай маңызын ұрып, оған менің де сүйіспеншілігім зорая түсті. Сонымен, сайып келгенде тақуалар тобына кіруді дұрыс көрдім.

Алайда дүние қызығынан баз кешкен тақуалардың тіршілігіне төзе алмаспын деп қорықтым, өйткені жасымнан бойыма сіңген дарқан дағдым кесірін тигізер деп ойладым, дүние қуып талаптанудан безсем, тақуалыкқа берілсем, онда ана бір кезде пайдалы екеніне көзім жетіп, арындай ұмтылған игілі әрекетімді, үйренген әдетімді тастап кетермін деп қауіптендім. Аузына сүйек тістеп, өзеннен өтіп бара жатқан ит сияқты болғым келмеді. Өйткені әлгі ит судың ішінен өз көлеңкесін көріп, бөгде ит деп ұғады да, оның сүйегін тартып алмақ болып суға сүңгиді, сонда ит іздеген етіне де жете алмайды, өзінің тістеген сүйегінен де айрылып қалады! Осыдан кейін мен тақуалықтан тайсалдым, өйткені өзімнің тұрлаусыз да шыдамсыз мінезімді білдім, жүрегім дауаламады, сонымен ежелгі қалпыма қайта оралдым.

Кейін өзімнің қауіптенуімді, жан төзе алмайтын тақуалықтын күйзелуі мен күйінішін мына өмірдегі адамның басынан кешіретін ұшан-теңіз азабымен салыстыра кету ойыма келді. Сонда, осы өмірде азаппен ауысып кезектеспейтін ләззаттың, не рақаттың жоқ екені және оның үнемі уайыммен бітетіні маған айқын көрінді. Бұл - дүние ащы су тәрізді: оны ішкен адам тек қаңырығы кеуіп шөлдей береді. Ол иттің аузына түскен сүйек тәрізді, иісін сезеді де ит сүйекті ет іздеп кеміреді, бірақ іздеген еңбегі еш болады, түк нәтиже шықпайды, сүйекке жырғызып құр босқа аузын қанға бояйды. Ол бір жапырақ ет тістеген шәулі тәрізді, аузындағы етін көріп оны басқа құстар талайды, талапайға түсіп, ақырында әбден болдырады, сонда ол енді өз басын қорғайды, етін тастай сала қашып құтылады. Ол түбіне уы бар бал құйған құмыра тәрізді. Жеген адам

алғашында азырақ рақатка батады да, ал түбіне жеткенде у ішіп, ажалға килігеді. Ол ұйқыда жаткан кісінің түсінде көрген куанышы тәрізді, оянып кетсе түк те жок. Ол жарк ете түсіп заматта сөнген нажағай тәрізді, лезде жоқ болады да, әлгі онан қорыққандар баяғы караңғылыққа бөленіп қала береді, ол - жібек құрты тәрізді: оранған жібек жамылғышы қалыңдаған сайын, шығуы қиындай береді.

Осылардың бәрін ойлап-ойлап, тақуалықтың жолына қайта түскім келді, бірак кейін оған қарсы шықтым да: тұрпайы жамандығын көре салып, бұл жалғанды тәрк етіп тақуалыққа жүгіруім де, немесе тақуа тіршіліктің қиындығын сезе қойып, одан ат-тонымды ала қашып бұл жалғанның алдамшы қызығына жармасуым да жөн болмас деп ұқтым. Өмірге көзқарасымды тұрақтата алмай, тиянақты шешімге келе алмай үнемі аласұрып өзгере берсем онда менің ісім мына бір соттың билігіне ұқсайды ғой: ол екі даугердін алдымен біреуін тыңдапты да, соның сөзін дұрыстапты, артынан екіншісін тыңдап, оның да айтқан дәлелін мақұлдапты ғой, - деген ойға тірелдім.

Тақуалық кұрудың сұрқай да сырдаң және өте ауыр жағын есіме түсіріп жүрегім түршіккенде: «Бұл жалғанның мәңгі рақатымен салыстырғанда мынау түкке арзымайды екен ғой», - дедім. Бұдан кейін осы жалған дүниедегі жаным аңсаған ләззат- қызықтардың бәрін шолып өтіп: мұнан ащы мұнан зиянды не бар, дәйім маскаралыққа, жамандыққа итереді-ау! - дегенді айттым. Сонсоң тағы да: «Аз уакыттың күйінішін адам қалай аңсамасын, егер оның арты ұзаққа созылған рақатка айналса, ал егер өткінші рақаттың соңы мәңгі азапқа айналса, одан қалай безер болмассың», - деп толғадым. Сонда мен: «Егер біреуге жүз жыл өмір сүресің, бірак әр күні денеңнен жапырақтап ет кесіп алып отырады, оны жамап қояды да қайталай береді, сөйтіп жүз жыл өткенде барлық азаптан ада-күдә кұтыласың, мәңгі қуанышқа бөленесің десе, онда әлгі адам сол өткен өмірін салауат бос кеткен мезгіл деп ұғар еді ғой», - дедім.

Адам осы секілді өзгерістердіанасының құрсағына біткеннен

бастап, өзінің соңғы күндеріне дейін басынан өткізбей ме? Мысалы, бала жасалатын сұйық дым ананың кұрсағына барып, оның бойындағы ылғалмен, қанмен араласады да қоюланып бөге беретінін біз дәрігерлік кітаптардан көреміз. Сонсоң бу аркылы

әлгі ылғал мен қап ашиды да ірімтіктенеді, соңынан ол ұйып қатаяды, кейін өзінің мезгілінде мүшелері белгі береді, егер ер бала болса беті шешесінің арқасына қарайды, әйел бала болса беті шешесінің қарнына қарайды. Қолы бетіне қабысады да, иегі екі тізенің арасына түседі, сол күйінде бір түйіншек тәрізденіп шаранаға оранып жатады. Бала күйзеліп тыныс алады, бүкіл денесі шырмауда болып іштің қалың қапырығында күнелтеді. Оның кіндігі шешесінің кіндігімен жалғасып тұрады, сол арқылы ол шешесінің ішкен асымен қоректеніп сусындайды. Осындай тар жайда, қараңғы түнекте әлгі нәресте өзі туғанша дәурен сүреді. Мезгіл жеткен кезде, бу күшейеді де нәресте қимылдай бастайды, таршылықтың қыспағынан күйзеліп енді басы шығуға бейімделеді, сонда ол аяқ-қолы кескіленіп азапқа түскен адамдай болады. Нәресте жерге түскенде, денесіне ауа таеді, немесе оны қолмен ұстайды, сонда ол терісін сыдырған жандай сезінеді. Осыдан кейін ол ашықса жеуге, шөлдесе ішуге ынтығады, көмекші іздейді, ешкімді таба алмай зар қағады, мұның үстіне қолға көтергенде, төсекке жатқызғанда, жаялыққа орағанда және маймен сылағанда да түрлі азап шегеді. Емшекте жүрген кезінде оны үнемі шалқасынан салып бөлейді, қаншалық азаптанса да қимылдауға оның мұршасы келмейді. Емшек ему дәуірінің сергелдеңінен босанысымен- ақ тәрбиелеу азабына душар болады, бұл кезде де ол түрлі қиыншылықтарды көреді. Онан кейін ауру-сырқау тағы басқа неше алуан күйзелістер басталады. Осыған байланысты дәрі- дәрмек қолданылады, түрлі тыйым салынады. Жасы толып ер жеткен соң семья құру, мал-мүлік жию, бала асырау міндеттері келіп туады. Жаратылысында бойына сіңген дүние қоңыздығы, ашқарақтығы артады, қауіпті іске бой ұрып, кұшырланып ізденуге кіріседі, сонда оны ашулану, қан тасу, жалқаяқ шашу, бусану тәрізді төрт жауы келіп қоршайды, міне, осылар әлекке түсіреді; ажалдың уынан, зәрлі жыланнан, жыртқыш аңнан және адамнан қорқу пайда болады, аңызак желден, аяздан, жауын- шашыннан және дауылдан үрейлену билей жөнеледі.. Егер өмірі ұзақ болса, онда қаужыраған кәріліктің түрлі азабы тағы келеді. Ал енді осылардың бәрінен де ол қаймықпаса, зияны тиер деп ойламаса онда ажалға қарсы барады, бұл дүниемен қоштасуға мәжбүр болады, бала-шағасынан, жакындарынан, сүйген

адамынан, тағы басқа да ардақтыларынан ажырайды, сөйтіп ол ғарасат күнінің ауыр азабынан үрейленуге де соқтытады. Расына келеек мұндай жанды жұрт сөлекет қылыққа, салақ әдетке, күнәлі іске бейімделген адам деп санайды. Өйткені акыреттің қамын ойламады, сақтық істемеді, бұл дүниеде өзін еліктірген, азғырған алдамшы тірліктен бойын аулақ ұстамады деседі.

Әсіресе мұнын барлығы мынадай жағдайда да орын тебеді. Мысалы, патшаны тәңірім бакытты-ақ етсін, ісінің сәті үнемі түсіп тұрсын, санасы да, талабы да жоғары болсын, іздегеніне жігер көрсетсін, әділ, шыншыл, қайырымды, жуас, игі мінезді, қолы ашық, береген, адамгершілік мәселесіне күйгелек те табанды, қажырлы, ақылды, момын, қырағы, қарасқыш, момақан, жаны ашығыш мейірімді, ер жүректі болсын, адамды тануға да зерек болсын. Адамды бағаласын және оның шығарған ғылымын сүйсін, озбырға қатал қарасын, тайсалмасын, біреудің ықпалына түспесін, қол астындағы елдің тілегін орындауға ниеттенсін, оларды жаманшылықтан корғасын, ал енді осының бәрі орындалған күнде де - бәрі бір істің тетігі түпкі тағдырдан екені бізге айқын көрінеді. Шынында, мына ақиқат адамнан безіп қашып бара жатқан тәрізді. Қимайтын зат жоғалды да, зиянды нәрсе пайда болып өмірге келді, жақсылық солғын тартты, жауыздык көктей құлпырды, алдамшы жалған жымың кағып күлуде, ал ақиқат зар еңіреп кейін шегінді, әділдік төмен түсіп, зорлық-зомбылык жоғары көтерілді, игі қасиет жерге көмілді де, есуастық үстемдік алды, пасықтык сайран салды да, қайырымдылык кыспаққа түсті, күндестік пен көре алмаушылық нығая берді, сый-құрмет тақуалардан безді, енді оны залымдар иемденіп жүр, залымдық оянды да, адалдық ұйқыға кетті, өтірік өркендеп жемістенді де, шындық қуара түсті, әділдік бұғып жүр, өтірік дандайсуға беттеді, даналар рақат қуып кетті де, даналыққа үстірт қарады, жәбір шеккендер қарақатталуда, ал жәбірлеушілер өз ісіне насаттануда, төңірегіндегі алысты да, жақынды да жалмап бара жатыр. Қанағат жойылып жоқ болды, зұлымдык өрге шапшыды, жақсылык төмендеп кірерлік қуыс іздеуде. Даңқ-атақ құлдырап төмен түсті, ал арамзалық сыйлы болды, әрі күшті саналды, әкімшілік татымды кісілерден көшіп, шалағайларға ауысты. Міне, осы кезде өмір көңілденіп, менменсіп, тәккапарлана түсті де:


- Мен мейірімділікті жасырып, жауыздыққа жол аштым, - деп көңірсіді.

Міне, бұл дүниенің ісі туралы жаратылыстың асылы, ең ғазизі адам туралы ойланып, толғандым да:

- Заты, адам қаншама асыл-ғазиз болғанымен айналып, үйіріліп зұлымдықтан шықпайды-ау, онан басқа қасиеті жоқ қой, — деп топшыладым. Адамның ақылға ең кендесі де осыларды үғынады, бірақ саналы іске бой ұрмайды және өзін жаманшылықтан қорғау үшін ешқандай әрекет істемейді. Мен бұған барынша таңданамын, аңғарып қарасам, адамды игі іске жібермей отырған зат мардымсыз да жексұрын, тәтті иіс пен ауызды тұщытатын дәмділік және сипалап сезіну екен, осыларға жетем деп ентелей ұмтылу, аз да болса өз үлесін алу тәрізді. Бірақ ажырасып айрылудың жылдамдығы адам айтқысыз ғой.

Адамның дәл кескінін мына мысалдан келіп таптым. Баяғыда бір азамат қорықканда корғану үшін бір құздың ернеуіне келіп паналапты, құздың жиегіндегі бұтаны қармап түсе бастапты да, аяғын бір кертпешке қойып тұрыпты. Жалтақтай қарап, алдындағы бір іннен төрт жыланның басы шығып тұрғанын көріпті. Төмендегі құздың түбіне үңілсе, бір аждаһа оған қарай аузын арандай ашып, айбат шегіп тұр екен. Жоғары қараса екі тышқан, біреуі ақ, біреуі қара, әлгі өзі ұстап тұрған бұтаның тамырын үдере кеміріп жатыр екен. Құтылудың амалын таппай, осылайша дал болып тұрған заматта ол өзіне жуық жерден аздаған балы бар араның ұясын көріпті де, сол балдың дәмін татуға ынтығыпты. Балға көңілі ауып, осы арада ол сақтануды мүлде ұмытып кетіпті. Бұтаның тамырын кеміріп жатқан тышқандар да есінен шығыпты, ал егер бұтаның тамырын олар кырқып жіберсе, аждаһаның аузына түсетінін де ойламапты, осылай көңілі басқаға алаң болып тұрғанда апатқа ұшырапты. Осы алдамшы, бақытсыз, зұлым, қауіп-қатерге толы өмірді мен әлгі құзға баладым. Төрт жыланды адам шырмауына түскен төрт қосындыға бейнеледім, егер осылардың біреуі өздігінен қоза жөнелсе, онда ашынған зымиян немесе зәрлі у тәрізді болады. Екі тышканды күн мен түнге ұксаттым, ал олардың бұта тамырын опыра кеміруін күн мен түннің жедел ауысып тұруына, күнелтудің, өмірдің тиянағы қысқаруына

баладым. Ал

аждаһа ешбір қашып құтыла алмайтын ажалдың өзі деп білдім. Бал дегенім - құлағымен естіп, қолымен ұстап, иісін біліп, дәмін татуға адамның үнемі ынтыға көксей беретін болмашы тәттілігі еді, осы тәттілік оны еліктіріп өз міндетін ұмыттырады, бетін басқа жаққа аударып жібереді, бұл жалғанның да, ақыреттің де қамын ойланудан қожыратады. Осының бәрін көргеннен кейін мен өз жағдайымды қанағат ететін болдым, шамам келгенше әділдікті ұстадым, әлі де болса өзімді өзім билеуге жететін мезгіл туар деген үміттемін, өзімді дұрыс жөнге саларлық күш- қуат та табармын деп ұқтым. Осыған бекіндім де, Үндістаннан өз жұртыма қарай бет алдым, сөйтіп ол жақтан көптеген кітаптар әкелдім, солардың ішінде осы кітап та бар еді.





Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет