Сайділ талжанов 3 томды қ ш ы ғ армаларжина ғ Ы


Соғдиан (иран) тілінен келген префикстер мен жүрнақтар жайлы



бет7/27
Дата31.12.2019
өлшемі2,11 Mb.
#54002
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27

Соғдиан (иран) тілінен келген префикстер мен жүрнақтар жайлы


Бұл тақырыпты сөз етушілер әсіресе соңғы 10-15 жыл ішінде жиі кездеседі 1 біз бұны 40 жыл бұрын арнайы сөз етіп, мақала 2 жариялағандықтан бұл арада одан әрі жалғастыруды дұрыс көрдік.





1 Ю.Абдуалиев. Фонетика-морфологические особенности ташкентского говора казахского языка. Автореф. Канд. Дисс. Алма-Ата, 1967; Л.З. Рус- темов. Арабско-иранское заимствование. (Автореф. Кан. Дисс.). Алма- Ата, 1963.

2 С.Талжанов. К вопросу о влиянии персидского языка на казахский («Тіл мәселелері», 2-кітап. Алматы, 1936).

а) Префикстер

Бұл салада ең алдымен айтарымыз қазақ тілі ерекшелігінде бұрын болмаған, бірақ қазір қолданылып жүрген префикстер (бей, би, бе, нә) жайлы. Әрине бұрынғы кезде бұлар қазаққа белгілі түбірлермен бірге ауысты да, бері келе төл сөздермен бірге қолданылатындай халге келді. Мысалы, иран (парсы) тіліндегі түбір сөздермен бірге ауысқандарға мына төмендегі сөздер жатады.

Бейшара (би-шара - беспомощный, бедняга), қазақша - шарасыз; амалы жоқ д.м. қолданылады.

Беймаза - (безвкусный, беспокойный, надоедливый), қазақша — мазасыз, маза бермейтін деген мағынада айтылады.

Бейтап (беспокойный). Жүрегім бейтап (серпе мое беспокоится). Әкесі - бейтап (әкесі ауырыңқырап жатыр д.м.).

Бекер (парс. Бей-қор - без дела) - бездельник, напрасно; неправда, ложь.

Осы сөз алды косымшалар (префикстер) ең әуелде иранның түбір сөздерімен бірге келіп, кейініректе қазақтың төл сөзімен де қолданыла беретіндігіне мысал келтірелік: «бейбастақ (запущенный, недисциплинированный) - жөнсіз.

Бейбіт - бейбет, бетсіз, бағытсыз мағынасында: - безликий, без направления, беспечный, безнадзорный, мирный). Бейбіт жылқы (безнадзорный, без табунщиков табун лошадей). Бейбіт ел (беспечное, безнадзорное население, население без обороны, без караула: мирное население).

Бейбауырмал - без родственников (бауырмал - любящий родственников). Ең алғаш 20-жылдарда қазақ тіліне интернационал — бейбауырмал болып қате аударылған кезі де болып еді. Кейін ол сөз қолданудан түсіп қалды. Мұндай жағдай өзге тілдерде де кездеседі. Мысалы, галоши деген сөз бір кезде орыс тіліне мокроступ деп аударылған болатын. Бірақ оны орыс тілі қабылдамады. Галоши сөзі мықтап орын теуіп қала барды.

Парсы тілінің нә және -хақ (нә - отрицание, хақ - честный, правый) дегендерінен қазақ тілінде нахақ (без вины виноватый) сөзі келіп шықты. Осы амалмен нә тұғры нәтура — дұрыс емес дегендер, одан барып нақұрыс (ақымақ мағынасында айтылатын нақұрыс) қалыптасты.


Сөйтіп, мұның бәрі агглютинативтік (жалғамалы) топқа кіретін қазақ тіліне сөз алды қосымшалар (префикстер) тобын енгізіп оның морфологиялық кұрылымын жаңартты.

ә) Жұрнақтар

Бұл агглютинативті жүйеде поспозитив сақтайды. Енді соларға тоқталалық.

-паз. Бұл парсыда мамандықты көрсетеді: һонәрпаз (өнерпаз) - талантливый, даровитый, искусный мастер; құмарпаз (парсы - арабта) - азартный. Бұл жұрнақтың қазақтың төл жұрнақтарынан түбегейлі өзгешелігі бар. Ол өздері қосылатын сөздердің жуан, жіңішкелігіне қарамай, мысалы, сұрампаз (сұрағыш, сұрамшақ), алымпаз (алғыш), жемпаз (жегіш, бірақ жалмауыз емес), жүрімпаз екі мағынада:


  1. жүрімпаз ат - ходовая лошадь - мұнда тура мағынасы да;

  2. жүрімпаз жігіт дегенде ауыспалы мәнде де қолданылады. Берімпаз - мырза есебінде, келімпаз (завсегда-тай - часто посещающий).

-қор (парс. Хор - ішіп, жеу). Парақор, шайқор, дүниеқор (дүние араб пен парсы тіліне ортақ сөз); шаруақор, жемқор, қымызқор, тілеуқор т.б. да осы тәсілмен одан әлі жалғасып жасала береді.

Ираннан келді деп отырған осы хор (қор) жұрнағы ең әуелде дүние-хор, пара-хор болып тұтас келуі де кәдік, оның үстіне қазақ тілінің өзінде де кор-көр, кар-кер, кыр-кір жүрнақтарының бар екені белгілі.

Проф. Ғ.Мұсабаевтың айтуынша бөгде тілден жүрнақ-жалғау ауыспайды, тек жұрнақты сөздер тұтас түбір есепті ғана ауысады1 . Біз бұны, негізінен, дұрыс дей отырсақ та, оған түгелдей қосыла алмайтын сияқтымыз, өйткені әлгі жұрнақтардың артынан парсының -паз жұрнағының орнына өзіміздің байырғы: -ғыш, -гіш, -шақ, -шек жұрнақтарымыз жарысып, орын ауысып қолданыла береді. Жемпаз деген же- rim, келімпаз деген кел-гіш, сондай-ақ сөйлемпаз - сөйле-гіш болып, өзара синонимдік топ құруы тіл ерекшелігін, табиғатын дұрыс тануға итермелейді.

Ал, казақтың өз төл сөздеріне -қор жұрнағы қосылып, қымызқор, жалақор т.б. айта беруге әбден болады.






1 Ғ.Мұсабаев. Қазақ тілі грамматикасы тарихынан. Алматы, 1966, 130-134-беттер.
Қошқар (қошақанмен түбірлес) сөзіндегі қар жұрнағы жайлы пікірге қосылуға болады.

F.Мұсабаев -қар жұрнағының қолданылуын төрт салаға бөледі.

Соның бірі:


    1. Қош-қар сөзіндегі қар сөзін ар-лан сөзіндегі - ар дегенмен байланыстырып қарайды. Сонда - қар-ар дегеннен жасалды, деп проф. Құдайберген Жұбановтың пікіріне қосылады.

    2. Жон-ғар, жон-\қар - алғашқы сыңары - жон, соңғысы

  • қар (снег).

    1. Сот-қар. Мұның сот дегенін сод, сой (сойқан дегенде) содыр дегендермен байланыстырады. Соңғысы қар былайша айтқанда, бұзық деген ұғымдағы дербес сөз деп түйді. «Еркектің қоры, әйелдің қары - күлегеш» деген мақалдағы

  • қар, ғар сөздері осыған жатқызылады.

    1. Кереқар дегеннің де түбірі мен жұрнағы айқын көрініп тұр. Кере

-етістік түбірінен жасалған көсемше де, қар - қолдың қары, көне замандағы ұзындық өлшеу единицасы»1 - дейді Ғ.Мұсабаев.

-кер,-гер (парс.-гер). Зергер (паре. Зәргәр), дәрігер (паре, дәругәр).

Бұл жұрнақ мына тәрізді қазақ сөздеріне де қосылып, туынды түбір сөздер жасайды.

Іскер, жұмыскер, табыскер, желіскер, мініскер, желісқор (рысак).

Бұл аффикстің о бастағы негізі ұяң дауыссыз дыбысынан басталады. Кер болып, қатаң дауыссыздан басталған варианты қазақ тілінің ілгерінді дыбыс ықпалының әсерінен. Солай болса да мұндай буын үндестігі орын тебе алмаған. Ол аффикстің төркіні бөтен тілдік екенін осының өзі де аңғартады.

Әрине, қазақтың байырғы тілінде де -қар, -кер, -ғар, - гер, -қыр, -кіп,

-ғыр, -гір жұрнақтары бар. Бүлар: құдай ат-қыр, тұқымы құр-ғыр, біл-гір, өт-кір, т.т. болып, әрі буын, әрі дыбыс үндестігі негізінде қосылып қолданылады.

-кеш (паре. Кәш - гарбокәш), қазақша - арбакеш, кірекеш (ар. парс, плата за наем) - извозчик, обозчик.

Тақымкеш - шабандоз мағынасында.

-уар, -уәр жұрнағы. Мәдуәр (парс, үмідуар - надеющийся, настойчиво просящий у кого-либо, попрошайка). Қазақша мідуар болу емініп сұрау; үміттену. Жануар деген де осы амалмен жасалған туынды түбір сөз. Бұлардан басқа да сөзуар т.б. мысалдар келтіруге болады.





1 Аталған кітаптың 132-133-беттерін қараңыз.
Жоғарыда көрсетілген сөз алды қосымшалар (префикстер) мен жұрнактар қазақ тіліне ерте келіп кірген деуге болады. Бұған, біріншіден, бұл елдердің көршілес отыруы себеп болса, екіншіден, сауда-саттык арқылы, сондай-ақ олармен аралас өзбек, түркімендермен де қазак елінің өзара қарым-қатысы кашан да із қалдырып отырган хақ. Оның үстіне ғасырлар бойы Бұхара мен Самарканд тәрізді Орта Азияның ірі қалаларына барып, медреселерде оқып, білім алып қайтқан қазақтың ғұлама молдаларының да себебі тимеді деуге болмайды. Сұлтандар мен ханзадалар аркылы да келуі ғажап емес.

Сол кездердегі медреселерде оқылатын ілім-білім көбінесе, парсы (тәжік) тілінде жүргендігі де тарихи ақикат.

Молдалардың өздері үйреніп келгендері былай тұрсын, олар арқалап әкелген кітаптардың да басым көпшілігі парсы тілінде болатын. Орта Азиядағы парсы әдебиетінің әсері X- XV ғасырларда өте күшейді, бұған бірінші қарсы шыққан Мир-Әли-Шер Навои болды. X-XIV ғасырларда қыпшақ-қазақ тілінің парсы тіліне де әсері тимей қойған жоқ.

Сол заманда қазақ халқына парсы әдебиеті арқылы келген өлең шумақтары да аз болған жоқ. Әрине оның бәріне халық түсіне бермейтін. Мысалы, «Шәмсі, Қамар» атты қиссаны алайық.


Шәмші, Қамар сықылды дәптер бану, Кісі қайда зарлықта сіздей тану (дану)... Аһу көз, шырын сөзлі абзал-инсан,

Мен саған ғашық болдым жан ой ділдан... Жаныма, әй ғашық жар, бол меһірбан...


Осындағы шәмші (араб. Шәмсі - күн), қамар (араб, -ай), дәптер (паре. Духтар - қыз - дочь), мәртебелі (госпожа), дану (парс, дано, дана, данышпан дегендегі), аһу (араб, ақбөкен, киш), шырын сөзлі (тәтті сөзді), абзал инсан (асыл адам), Ділдан (парс. Жан мен жүректен деп тұр); меһірбан (паре, мейірбан, мейірімді жаны ашығыш). Міне, осылардың ішінде мағыналары түсініктілерімен катар, түсініксіз қолданылуы жағынан етене сіңіп кеткен сөздер де аз емес. Қазақ арасына көп тараған адам аттарының басым көпшілігі жөнінде осыны айтуға болады1.





1 Т.Жанұзақов. Қазақ есімддерінің тарихы. Алматы, 1971.
Мұндай өлеңдер (әндер) қазақ өлкесінің бар өңірінде де кездесе беруі мүмкін. Кейбіреулері белгілі жерлерде ғана орын тепкен.

Өзінің соңғы еңбектерінің бірінде көрнекті тюрколог проф. Н.А.Баскаков: «Еділ мен Жайық» бойындағы түркі халықтары екі ұлыстың әсерін алған, соның бірі бұлғарлар (шуваштар), екіншісі қыпшақтар (татар, башқұрттар), - дейді. Ғалымның бұл пікірі Еділ мен Жайық өзендерінің бойындағы әсерлер жайында болса, мына Орта Азиядағы түркі халықтары жөніндегі: «...өзбек, ұйғыр, қазақ, қарақалпақ, түрікмен, қырғыз халықтары төрт этногенездік топтан кұралады: соның біріншісі - қарлуқтар (өзбектер, ұйғырлар); екіншісі - қыпшақтар (қазақтар, қарақалпақтар), үшіншісі - оғыздар (түрікмендер), төртіншісі - кыпшак-қырғыздар (қырғыздар). Міне осы халықтар - ежелгі субстарттар (Иран) әртүрлі шеңберде эсер жасады., ал кейініректе араб-парсы, орыс тілінің әсері тиді»,1 - дейді Н.А.Баскаков. Ол осы сөзінде иран тілінің ежелгі субстарт екенін ескертіп айтуы орынды. Мұны - ертеден қарым-қатыста болды, сөз ауысып отырды деп түсінген жөн. Алайда, араб тілінің әсерін парсыдан бұрын атауы көптен қалыптасып қалған дәстүрді ұстануынан тәрізді. Біздің ойымызша, парсы тілінің әсері қазақ тіліне арабтан бұрын келуі де дау тудырмайтын сияқты. Көне соғдиан тілі тәжік тіліне орын берді. Тәжік немесе тәзік деген халықты ең әуелде араб деп ұқты, терістік Аравиядағы тай2 ұлысынан шыққан елге балады3.

«Түрік әдебиеті түп-түгел мұсылман әдебиетінен үлгі алды, әсіресе, парсы үлгілерінен нәр алды»,4 - дейді академик В.В.Бартольд. Ираннан келген мұсылмандарды түрік пен монғолдар сауда мен мәдениеттің өкілдері есебінде таныған екен. Бір кезде саудагер деген сөзбен синоним болып сарт, сартақ, сартауыл сөздері де Индияға дейін жетеді. Соңынан көшпелі түрік пен монғолдар отырықшы ирандықтарды сарт деп атады. Осыдан барып сартақтай атты монғол ертегісі туды. Сартақтай сөзі екі сөзден тұрады: біріншісі, сартақ - арык, бөгет деген мағынада да, екіншісі, тай - еркек деген мағынада.




1 Сб., «Языки народов СССР», т.2. М., 1961, с.10.

2 Атымтай жомарт осы ұлыстың адамы. Хотем деген кісі тай руынан шыққан екен. Хотем Тайский қазақша Атымтай блып кеткен

3 Сб. «Языки народов СССР», т. 2. М., 1961.

4 В.В.Бартольд. Соч., т. ІІ. М., 1963, с. 127.
Сол заманда арыққа бөгет жасайтын еркектерді тай деп атаған екен1.

Тұжыра айтсақ, Үйсін, Қаңлы, Қыпшақ тайпаларының тіліне арабтардан бұрын әсер еткен соғдиан тілі. Ал, соғдиандардың ирандықтар екені шүбә тудырмайды.

Біздің дәуірден бұрынғы 170 жылдар кезінде соғдиандар Канг (қазақша қаңлы) мемлекетіне қосылған. Бірінші ғасырда Кушан патшалығына кіреді. Кушанның астанасы Зерафшан бойында болыпты. Кушания дәуірлеген кезде бұрынғы Мараканд қаласы әлсіреп, кері кетеді. Біздің заманның VI ғасырында соғдиандар түрік қағанатына кіреді.

Соғдиандар Иран, Византия мемлекеттерімен қарым-қатыс жасайды. Мұның сауда керуендері Қашғариядағы Лоб- Норға дейін барады.

Қазақ халқының кейбір ұлыстарының соғдиян елімен бірге болуын дәлелдейтін басқа да деректер бар:

«Сак пен Усунь ұлыстары Жетісу бойында мың жылдай (біздің жыл санауымыздан VII ғасыр бұрын және үстіміздегі заманның V ғасырына дейін) дәурен сүрген екен».

Археологиялық зерттеулерге қарағанда, Сак пен Усунь (үйсін) бір ұлыс, бір тектен таралған, екі түрлі атанған ұлыс көрінеді. Бұл жөнінде:

«Мүмкін, көне нұсқадағы «сә» ұлысы, мына «Аристей, Геродот тарихындағы «ииедон» және (географ) Птоломейде кездесетін «исседон»

- бәрі бір сөз - бағя «у-сунь» (үйсін) деген бір ұлыстың түрлі-түрлі айтылып жүрген аты болу керек»2, - дейді археолог ғалым К.А.Акишев.

Ендеше, сақтар мен үйсіндер бірге өсіп, біте қайнаған түркі тұқымдас елдер деп түйеді ол. Ал, шығыстану ғалымы И.С.Брагинский: «сақтар мен соғдиандар - тәжіктердін арғы атасы. Фирдоусидің «Шах-намесінде» айтылатын «Рүстем- Дастан» батыр жыры солардан қалған»,3 - дейді.

Бұл арада біз сақ деген сөздің этимологиясын ашып берейік деп отырғамыз жоқ. Бұл үзіндіні сол заманда үйсін ұлысының болғанына көз жеткізу ниетімен алдық. Үйсін ұлысы түркі тектес ел екеніне дау жоқ. Ендеше, сонау соғдиан елімен коян-




1 В.Бартольд. Соч., т. 6. М., 1966, стр. 187.

2 К.А.Акишев, Г.А.Кушаев. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. Алма-Ата, 1963, с. 3-4. 69

3 Фирдоуси. Шах-наме. М., 1957, с. 12.

қолтық араласып келе жатқан үйсін ұлысы, ал қазір Ұлы жүз сапына кіретін үйсіндердің арғы тегі екені шек келтірмесе керек.

VIII ғасырдың бас кезінде Орта Азияны арабтар кеп шабады да, соғдиандар мемлекеті өз әмірін де, ықпалын да әлсіретеді. Бірақ, көне соғдиан елінің феодалдық дәстүрін арабтар із-түзсіз жоя алмады. Соғдиандар өнері Орта Азия мен Шығыс Түркістандағы елдерге әлі де болса әсерін тигізе береді. Бұл тәжік пен өзбектердің феодалдық өнеркәсібінен айқын танылады.1

Иран тілінің әсері соғдиандар арқылы қазақ тіліне арабтардан бұрын әсер етті деуіміздің үлкен тірегі осы және басқа2 тарихи мәліметтерге сүйенуден туып отыр.



2. Қазак пен монғол тілдерінің байланысы

Біз бұл тақырыпты араб тілінің әсерінен баяндап отырмыз. Мұның да өзіндік себептері бар. Орыс тіліндегі деректерде араб мәдениетінің әсері парсыдан да бұрын аталып келгені баршамызға мәлім. Бірақ біз дағдыға айналған бұл дәстүрді сақтамадық. Оның себебін де айттық, ғылыми дәлелдеген де тәріздіміз.

Үнемі «араб-парсы әсері», «араб-парсы әдебиеті» дегендер тұрақты тіркес есепті орын тепті. Мұның себебін біз тарихшылардың кейбіреуі қазақ халқын кейін қалыптасқан өте жас ел деп ұғынуынан туса керек деп шамалаймыз.

Қазақтардың бүгінгі сапында жүрген Үйсін, Қаңлы, Қоңырат, Ысты, Қыпшақ, Арғын, Найман, Алшын, Керей, Уақ тағысын тағы ұлыстардың атамзаманнан бері тарих көшінен қалмай келе жатқанын ескермейтін тәрізді. Қазақтардың ата тегі көне дүниеден келе жатқандығы - қазір дау тудырмайтын шешілген проблема. Тек қазақ ұлты болып, бас қосуы, -бұл өз алдына бөлек нәрсе. Сондықтан тарихи деректерге сүйене отырып, біз хронологиялық ретті негізге ала, монғол мен қазақ елінің ескі ұлыстары арасында болған қарым-қатынасты айтпай кете алмадық. Заты, біз бұл монғол мәселесін ираннан






1 Б.Г.Гафуров. История таджикского народа в кратком изложении, изд. 1, 2-ое, 1962 (бұл автордың пікірі де осыған саяды).

2 С.П.Толстов. Древняя культура Узбекистана. Ташкент, 1943; В.В.

Бартольд. История Туркестана. Ташкент, 1922; БСЭ, т. 39, с. 544-546.
(соғдиан, парсыдан) да бұрын баяндауымыз қажет еді, бірақ ғылыми бағдар мен пікір таластардан біз де аса алмай отырмыз.

Монғол мен түрік тілдерінің ара қатынасы біраз зерттелген де тәрізді. Бұл жөнінде ең алғаш еңбек жазған швед ғалымы Филип Иухан Страленберг1. Ол кісі XVIII ғасырда «Das Nord und ostlicke Theel von Eurupa und Asia» атты кітап шығарды. Неміс тіліндегі бүл еңбек (орысша аты: «Северная и Восточная часть Европы и Азии» делінеді). 1730 жылы Стокгольмде жарияланған. Мұнда түрік пен монғол тілі татар2санатына кіреді және олар өзара туыс тілдер екені дәлелденеді.

Ф.И.Страленбергтен кейінгі ғалымдардың бірталайы-ақ түрік пен монғол тілінің бір түбірден шыққанын айтады. Алтай төңірегінде өмір сүрген елдер ілгері заманда бір тілде сөйлеп, бері келе енші алысып, бөлінген деседі. Бұл пікірді жақтайтындр 3 М.Расянен, В.Шотт, Г.Винклер, В.Банд, Ю. Немет тағы басқалар.

Түрік пен монғол тілдерінің байланысы жөнінде шетелдік ғалымдардың пікірін толығырақ қамту үшін Г.Н.Рамстедтің «Введение в алтайское языкознание» атты кітабындағы проф. Н.А.Баскаков жазған беташарға жүгінген жөн.

Орал - Алтай тілдерінің туыстығы жөнінде монғол мен түрік және маньчжур мен тұңғыс тілдерінің ұқсастығын (лексикалық, грамматикалық жағынан да) зерттей келіп, бұл тілдердің түп негізі бір

«ататіл» (праязык) деп ұйғарады. Академик В.Я.Владимирцовтың айтуынша,: «Түрік пен тұңғыс тілдерін монғол тілімен туыс дейтініміздің себебі бар, өйткені бұлар көне заманда бір тілде сөйлеп, бері келе әртүрлі жағдайда өсіп-өркендесе керек. 4 Ендеше бәрінің түбі алтайлық

«ата-тіл»», - деп қорытады.





1 И.Страленберг – Полтавада тұтқында болған швед офицері. Сібірде ұзақ уақыт тұрған адам (қара: Н.А.Баскаков. Введение и изучение тюрк- ских языков. М., 1962, стр. 131.

2 «Татар» деген сөздің мәнісі мұнда бүгінгі ұғымнан кеңірек алынған. Монғолды да татар деп атайды.

3 W.Schott. «Versuch uber die tataschen sprshtn». Berlin 1836; G Winkler Uralaltaishen Volker unl sprahen. Berlin 1884; Его же: «Das Uralal- taichen und Seine gruppen. Berlin 1886; W. Band. Uralaltaishen forschen-

den. Leipzig, 1890; J.Nemet. Az Urali es atorokngelvek osi kapksolkte «Nulk turomonui Sozlemenzsk-47, Bulapest.



4 В.Я. Владимирцов. Сравнительная грамматика монгольского письмен- ного языка и хакасского наречия. Л., 1929, с. 45.
Монғол мен түркі тілдерінің туыстығын Г.Д.Сандеев, Н.А.Баскаков, Ц.Д.Номинханов тағы басқа ғалымдар да жақтайды. Шоқан Уәлиханов та бұлардан әлдеқайда бұрын: «Түрік пен монғол тілдерінің туыстығын қазір көптеген ғалымдар мойындап отыр»,1 - деп жазған-ды. «Қырғыз, қазақтар шаманды - багши (бақсы) деп атайды, ал монғолша багш — ұстаз, мұғалім; ұйғырша — бағш — хат танитындар, түрікменше ақын-жырауларды атайды» 2 , - деген болатын. Қазақ шешен десе, монғолдар сэсэн-сэцэн3 дейді. Оның үстіне Сүпітай мен Көкжал Жебе тәрізді Шыңғыстың батырлары ең алғаш қыпшақтарға келгенде: «Сендер бізге қарсы болмаңдар, біз тіліміз бір, дініміз бір елміз», - дегенді айтыпты деседі. Бұл пікір: П.Пельо, В.В.Бартольд, В.Г.Василевский сияқты ірі ғалымдардың еңбектерінде кездеседі.

Қазақ тілі маманы Ғ.Мұсабаев өзінің «Современный казахский язык» (лексика) атты еңбегінде қазақ-монғол тілдеріндегі ұксас сөздердің тізімін береді. Олар қазақша: абдыра, алтын, аян, байсал, баянды, аймақ, баран, үдере, қарыз, сарын, қар, дөнежін, дулыға, жасақ, аңсағай, талқы.

Сөйтіп, бұлардың монғол тіліндегі: абдара, алтин, аян, байцал, баян, аймаг, баран, елдер, гарз, сарин, гар, донжин, дуулга, анцгай, талкин дегендермен салыстырады.

Одан әрі Ғ.Мұсабаев: ем (монғ. Эм), ем-ші (эм-ч), ем-ші-лік (эм-чу-ул), ем-де-мек (эм-чу-ул-лэх), көк (хох - түркіменше, азербайжанша — гөк), көгермек (хохрех), қүр (хуур), қурай (хуурай) құрамақ (хуурах) сөздерін салыстыра тізеді. Сонымен бұл ғалымның айтуынша: 1. Монғол мен қазақ тілінің грамматикалық құрылысы ұксас;



  1. Негізгі сөздік қоры және сөздердің өзгеру түрі үқсас; 3. Түбірден жаңғырган сөздерді тудыратын жұрнақтар ұқсас. (...ендеше, - дейді ол, — осы фактылардың бәрі қазақ пен монгол тілдерінің бірінен- біріне ауысуы емес, бұлар ежелден туысқан халықтар»4 - деп түйеді.

Филология ғылымының докторы К.Аханов 5 қазақ пен монгол

тілдерінің ұқсастығын осы тәрізді төрт салада көрсетеді.







1 Ч.Валиханов. Соч., СПб., 1904, с. 179-180.

2 Бұл да сол кітаптың 324-бетінде.

3 Сол кітаптың 229-бетінде.

4 «Қазіргі қазақ тілі». Алматы, 1954, 59-бет.

5 К.Аханов. Қачақ тілі лексикасының мәселелері. Алматы, 1956, 65-66

-беттер.

Қазақ пен монғол тілдерінің лексикалық тұрғыдағы ұксастығын Ц.Д.Номинханов арнайы зерттеді1.

Тарихшы ғалым М.Ақынжанов та: «Түркі-монғол тектес халықтар ежелден бірімен-бірі қоныстас, шаруашылығы бір тұрпатты, тілдері жақын халықтар екені даусыз»,2 - деп есептейді.

Атақты маман Г.Д.Санжеев те түрік-монғол тілдерінің туыс екенін мойындай отырып,3 бірақ бұл туыстық кейінгі замандар жемісі деген тұжырым жасайды. Осы пікірді одан бұрын Н. Поппе де айтқан-ды. Ол:

«Түркі тілдерінің жақындығы, олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайынан барып туса керек, бұрынғы кездегі бөлек-бөлек халықтар кейініректе көшпелі федолдық мемлекет құрған соң араласып, ауыс-түйіс жасаған, бірінен-бірі аяқ-табақ алып пайдаланған болуы керек. Түркі, монғол, тұңғыс туыстығы, атын атап айтқанда, дәл осындай жақындасудан болған, бұлардың тілдері осы кезбен салыстырғанда ілгеріде ұқсастығы аз болуы кәдік»,4 - депті.

«Монғол мен түрік тілінің туыстығы - әлі талас мәселе. Алтайлық

«ататілдің» болуы жорамалдау ғана»,5 - дейді тағы Г.Д. Санжеев.

Л.Лигети мен И.Бенцинг т.б. ғалымдар да алтай тілдерінің туыстығы жөнінде өз пікірлерін айтады. Бұның көбі әзірге топшылаулар (гипотеза), алда тағы да талай ізденіс-зерттеулер болатындығына күмән жоқ.

Монгол тілінің маманы Ц.Д.Номинхановтың кейбір дау ыссыз дыбыстардың орын ау ыстыруы жөнінде жазғандарын арнайы атап кету қажет болады. Сонда:

Қазақша:

Монғолша:

Орысша:

М-мұрындық

б-бурунтаг

палочка продеваемая через хрящи под ноздрями верблюда для управления






1 Ц.Д.Номинханов. Термины родства в тюрко-монгольских языках. В сб., вопросы истории и диалектологии казахского языка», вып. І. Алма- Ата, 1958.

2 М.Ақынжанов. Қазақ тегі туралы. Алматы, 1957, 11-бет.

3 Г.Д.Санжеев К. Тюрко-монгольской лингвистической проблеме «Тр. Московского института востоковедения», сб. 4. 1947, с. 69.

4 Н.Поппе. Академик Владимирцов (1884-1931). См. Сб.: (Революция и письменность. М., 1932, № 1-2.

5 Г.Д.Санжеев. Аты аталған еңбектің 17-бетінде.

ж-желін

д-делен

вымя

жал

д- дэл

грива

й-айғыр

д-аджирга

жеребец

з-өгіз(өкір)

р-ухер

ВОЛ

з-егіз

р-ехир

близнецы

тө-тыңда

ч-чингна

слушай

т-тіке

ч-чике

прямо


1Осы ауыспалы кестеден кейін Ц.Д.Номинханов: «Түркі мен монғол тіліне ортақ фонетикалық (дыбыстық) заң бұл тілдердің бірге туысуының айғағы»,2 - деп қорытынды жасайды.

Қазақ тілі маманы Ш.Ш.Сарыбаев өзінің (К вопросу о монгольско-казахских языковых связях» деген мақаласында бұл тілдерді:«Қазақ-монғол тілдерінің лексикалық, грамматикалық ара қатынасын және кейбір сөздердің этимологиялық мағынасын тағайындау үшін ғана зерттедім»,3 - дейді.

Бұл автордың бір дыбыстың екінші дыбысқа ауысуы жайлы айтқан пікірі ойға қонымды. Сонда ол:

Қазақша:

Монғолша:

Орысша:

Ж-жиеншар

з-зээнцер

правнук

У-төлеу х-төлех Д-дала

т-тала


платит степь, поле

Б-кебек

в-хевег

отрубь, шелух

Қ-құймақ

х-хұймаг

блины

У-тауыс

г-тогос

павлин

Ш-шешек4

ц-цэцэг

бутон

Ш-шүмек

ч-чөмег

трубчатые кости

Қ-қүнан

г-гунан

жеребенок трех лет5


Қазақ тілінің өзінде де й мен д дыбыстары орын ауысады, мысалы, аяқ – азақ-адақ; Н.А.Баскаков. Введение и изучение тюркских языков.

М., 1962, с. 117.

2 Ц.Д.Номиханов. Аталған еңбектің 147-беті.

3 Ш.Сарыбаев. Аталған мақаласы. «Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері» атты жинақтың 2-шығуында. Алматы, 1960.

Осы арада қазақша «шешек ату» деген мағынада айтып отыр. Ал шешектің (оспа) өзі де мына гүл бәйшешекпен сабақтас деп танимыз.

5 Ш.Сарыбаев көрсеткен тізімдегі жалқы буыннан тұратын сөздерді алмадық.

деген тәрізді мысалдар келтіреді. Айта кетелік, осы салыстырмалы тізім Н.А.Баскаковтың «Алтай тілі» атты еңбегінде де бар. Мына мақаласын жазарда Ш.Ш.Сарыбаев оны өзінің пайдаланғанын накты көрсетіп өтеді. Бізде сондықтан ескермей кете алмадық.

Қазақ тілінде баяғыдан бері айтылып келе жатқан қос сөздер мен тұрақты тіркестер бар. Солардың ішінде біз үшін сынарлары мәнсіздері де кездеседі. Мысалы, абысын-ажын, ем-дом, тоқты-торым, телегей-теңіз, некен-саяқ, үрім-бұтақ, өрен-жаран, аты-шулы, үйлі-баранды, ұлан-байтақ, шеру- тарту, дән ырза, бірдің кесірі мыңға, мыңдікі түменге, бала- шаға т.б.

Міне осылардың бір жақ түсініксіз сыңарын іздей келгенде, монғол тіліне тірелетін тәрізді. Сонда: ажын, дом, торым, телегей т.б. талдайық. Ажын (қаз. абысын) монғолша інісінің әйелі ағасының әйеліне ажин болады екен. Сонда абысын- ажын боп тұрған екі сөз бір ұғым береді екен. Көне заманда ажын сөзі қазақта да абысын орнына жүруі кәдік.

Қазак тіліндегі ем-дом деген қос сөздің алғашқысы түсінікті. Ол ем болып жеке де айтылады. Ал домның мәнісін монғол тілінен табамыз. Қырғыз ғалымы Б.Орузбаеваның айтуынша, монғол тілінде дом - дәрі (лекарство) екен. «Монғолша- орысша сөздікте» ем-дом емдеу шарасы (целебное лекарство) деп түсіндірілген.

Қазақша тоқты-торым дегеннің де екінші компоненті түсініксіз. Ал монғолша тором тайлак, мәнісінде екен 1 . Махмуд Қашғаридің

«Девониінде» тоқты-торым - козы, ұсақ мал деп берілген.

Телегей-теңіз деген қос сөздегі телегейді Н. Поппе: монғолша

«delekei» - айдай әлем, дүние (вселенная, мир) мағынасында, қазақша толағай, телегей. Жапон тілінде телегей-теңіз д.м., ал академик В.Владимирцовтің түсіндіруінше delekei (далекей) - жер, әлем (земля, вселенная) дегендерді білдіреді.

Осыларды көрсете келіп Ш.Ш.Сарыбаев біздегі телегей монғолдың delekei дегенімен туыстас сөз деп қорытады2.

Джек Лондонның «Всеобщий поход» деген әңгімесі казак тіліне жиырмасыншы жылдардың аяқ шенінде «Теңсіз телегей аттаныс» болып аударылды. Бұл арада, телегей сөзі «Өзіне




1 Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1954, 203-бет.

2 Ш.Сарыбаевтың жоғарыда көрсетілген мақаласында.
75
теңі жоқ - айдай әлем аттанысы» мәнінде алынған.

Некен-саяқтың алғашқы некені монгол сөзі сияқты, өйткені монгол тілінде нәг-ән (бір жалғыз) деген бар. Қазақта: «Саяқ жүрсең, таяқ жейсің» дейді. Сонда некен мен саяк дегендер - екеуі бір мағына береді.

Заты, қос сөздердің екіншісі түсініксіз сыңары да сол мәніндегі бөгде тіл сөзі болуы кәдік. Бұған: бала-шаға тіркесіндегі шаға, шақа дегеннің бала, балапан мәнінде екені даусыз. Ұлан-байтақтың да біріншісі монғолдың олоны (много д.м.) болса керек.

«Бірдің кесірі мыңға, мыңның кесірі түменге» деп келетін тіркестегі түмен монғолдың он мың дегені екен. С.Е.Маловтың айтуынша, бұл түмен ескі ұйғыр тілінде де он мың мәнісінде айтылыпты, онда «tuman» (түмен) - он мың деп келтірген1. Коне монгол тілінде грамматикалық родтың болғанын Б.Я.Владимирцов, Г.Д.Санжеев тәрізді2 монғолтанушы ғалымдардың бәрі де көрсеткен-ді. Монғол жұрнағы (джин) мен «гуй» аналық текті «женский» родты білдіреді. Мысалы: құнажын, дөнежін, сондай-ақ кұдағи (әйел) дегендерді алайық. Монғолда гуннан -гунаджін; дунен - дүнжен: худа - худагуй тәрізденіп, алдыңғысы ерлер (муж.род.), соңғысы аналық (жен. род) текті білдіреді.

Қазақ тіліндегі - шы, -ші жұрнағы мен монғолша - ч формалары. Бұған қазақтан: санитаршы, аңшы, сорушы, емші, тракторшы, монғолдан: санитарч, анч, сорогч, емч, тракторч т.б., қазақ пен қалмақтан: елші-элч, тонаушы-тонач т.б. мысалдар келтіруге болады.

Қазақ пен монғол тілдеріндегі етістіктердің де ұқсастығын (туыстығын) Г.Рамстедт кезінде айтып, фактілер келтірген:



Қазақша

Монғолша

Орысша

аулау

авлах

охотиться

ажырау

ажрах

расставаться

аршу

арчих

чистить, очищать вычищать






1 С.Е.Малов. Памятники дренетюркской письменности. М. – Л., 1951, с. 435.

2 Б.Я.Владимирцов. Следы грамматического рода в монгольском языке. Доклады Российской акад. Наук. Л., 1925, с. 31-34; Г.Д.Санжеев.Следы грамматического рода в монгольском языке. «Вопросы языкознания». 1956, №5, с. 73-74.



арсию

арсайх

торчать во все стороны







разветвляться

асырау

асрах

кормить, держать







на попечений

болу

болох

становиться, делаться

бүркеу

бурхэх

кем, чем-либо покрываться







накрывать

быржию

биржийх

быть неровным,







шероховатым, шершавым байлам




баглаа

связка, пачка, кипа, пучок







(от глаг. байлау связать)

дөңгелеу

дөңгөлох

(катиться, надевать







шейную колодку)

еңкею

енхийх

(нагнуться становиться







наклониться, долговязым,







худеть, хилеть

жалпаю

жалбийх

сплющиваться

жымию

жимийх

(улыбаться, сжимать,







поджимать губы)

жарату

зарах

расходовать

жалғау

залгаа

соединение, связь,







сцепление, место соединения

ысқыру

исгэрэх

свистеть

мақтау

магтах

хвалить, славить

майырылу

майрах

притупляться

өсу

өсөх

расти, подрастать,







развиваться. Увеличиваться

сақтау

сахих

охранять, береч, втягивать

сору

сорох

вытягивать в себя, сосать,







тянуть, высасывать.

Сұрау

сурах

спрашивать, наводить,







справки,осведомляться

Сергу

сэргех

воспрянуть, оживляться,







пробуждаться

Сабау

савах

стучать, бить,

Сауу

саах

доить

Қақалу

хахах

подавиться

Салғыласу

салгалах

(спорт, дрожать,







торговаться, трястись)

тұңу

тунах

осаждаться, оседать,







отстаиваться, становиться прозрачной

(о воде) толеу

толех

платить, оплачивать



тонау

тонох

грабить, ограбить

тарау

тарах

расходиться, разъезжаться,







рассеиваться, распускаться

кекіру

хэхрах

отрыгивать

құрау

хурах

собирать, складывать,







составлять

қуыру

хуурах

жарить, поджаривать

шошу

цогих

пугаться, вздрагивать от







испуга

жүдеу

зудэх

изнуряться,

(жадау)

(зжадах)

истощаться, худеть

таяқтау

таягдх

бить тростью, посохом,

костылем

кадау хадах прибивать, приколачивать, вбивать



қону

хонох

ночевать, проводить ночь

үрку

ургэх (ургэ)

шарахаться, бросаться







в сторону от испуга (о

қарау

харих


животных)

видеть, смотреть, глазеть


Қазақтың : -лық, -лік, -дық, - дік, -тік, -тық жұрнақтарына монғолдың -лаг, -лиг жұрнактары дәл келеді.

Мысалы:

Қазақша Монғолша Батырлық батарлаг



Байлық баялаг

Жарлық зарлиг


Қазақша -лы, -лі болатын форма монғолша - лиг: төбелі доболиг.


Қазақша

Монғолша

Орысша

Кір

хир

грязь

Тарлан

торлон

сивая

Ала

алаг

пестрый

Көк, жасыл

кәх

зеленый, синий

Тегіс

тэгш

ровный

Күрең

хурэн

темно-рыжая



Аяң

уян

тихий-застенчивый

Қатты

хатуу

твердый, крепкий

Тарлан

тарлан

пестрый, крапчатый

Сары ала

саарал

пепельный

Құла

хул

саврасый

Бурыл

буурал

чалый

Ширақ

чийрэг

сильный, живой, бодрый,

теріс

тэрс

неправильный, ошибочный,

Ішетін ас, киетін киім, ұшқан құс, жүгірген аң, үй ішіндегі аспап-сайман, ата-тек, туған-туысқан, адамның дене мүшелері, даладағы өсімдік, төрт түлік мал - бәрінің де атаулары осы жоғарыда келтірілгендер тәрізді ұқсас болып келеді.

Тіпті күнделік өмірде колданылып жүрген кереге - хереге, тоқым

-тохом, дөдеге -тодехе тәрізді сөздер дыбысталуы жағынан мүлде бірдей ғой.

(Қазақ пен монғол елі ежелден бір туысқан ел болу керек. «... Монғол мен түркі түбір субстратының ажырай бастауы кай кез екенін айту қиын. Бірак бұлардың әрқайсысы өз алдына жеке тілге айнала бастағанына ең кемінде бес мың жылдан астам уақыт өтті деген С.Е.Маловтың пікірін қуаттауға тура келеді» 1 , - дейді Ғ.Мұсабаев. Әйтпесе, біздің жыл санауымыздан көп бұрын соғдиандар тілінен келген сөздердің, жұрнақтардың өздері де әлі күнге дейін тегін анық көрсетіп тұрады. Егер ежелден бірге туыспай, бері келе 12 ғасырдан бастап қана қарым-қатынас жасаған болса, мұндай ұқсастыққа жеткендей жағдай туа қоймаса керек. Қонысы бір, ежелден дос, ой-пікіріміздің араласуына үш-төрт жүз жылға созылған орыс халқының тілі де қазақ тіліне сырттай әсер жасағаны болмаса, олар бір-біріне етене кірігіп кете алмайды. Олай болса түркі- монғол тілдері ертеден туыс тіл екенінде дау болмасқа тиіс.

Қорыта айтсақ, осы күнгі Алтай тілдерінің туыстығы жөнінде ғалымдардың пікірі екі бөлінеді. Бәрі де ілгерілі- кейінді тіл материалдарына сүйене отырып, өз көзқарастарын айтады. «Алтай ататілінің» бар екенін, оның атам заманда болғандығын бір ауыздан мойындайды. «Алтай тілдерінін шыққан тегі бір, түп тамыры, туыс тілдер» дегенге саяды. Бұл теорияны жақтайтындар: Б.Я.Владимирцов, Е.Д.Поливанов, Г.И.Рамстедт т.б. Ал екінші бағыттағы - алтай тілдерінің







1 Ғ.Мұсабаев. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан, І бөлім. Алматы, 1966, 39-бет.

типологиялық ұқсастығын, туыс емес, араласудан деп қарайтын ғалымдардың ең ірісі көрнекті поляк ғалымы - В.Л.Котвич (1872-1944).

В.Л.Котвичтің айтуынша: «Көне түркі тілдерінде жазылған ескі ескерткіштер VII-VIII ғасырлардан қалған. Мына тұңғыс (журжен) тілдерінің ескерткіштері XII ғасырлардан қалған», - дейді ол. «Осы күнгі түркі халқының саны отыз миллион, монғолдар үш-ақ миллион», деп келеді де: «Алтай ататілі болды, бірақ туыстығы жағынан емес, топологиялық жағынан»1, — деп түйген-ді В.Л.Котвич.

«Корей тілінде де монғол, тұңғыс тілдерінің элементтері бар екен, сондықтан Г.И.Рамстедт пен Е.Д.Поливановтар корей тілін де осы Алтай

«ата тіліне» қоса салыпты, осыдан барып «Алтай ата тілінің» шеңберін кеңейту үшін кейінгі кейбіреулер жапон мен юкагир тілдерін де осы «ата тілге» теліген болатын, бірақ бұл пікірдің бүгінгі ғалым дүниесінде нақтылы орын тебуі мүмкін емес», - деп үзілді-кесілді тұжырымға келеді осы В.Л.Котвич (аталған еңбектің «Қорытындысында»),

Бүгінгі жапон ғалымдарының біразы өз тілін түркі тілдерімен туыс деп дәлелдеп жүр. Мына екі салада жүріп жатқан ғылыми талас-тартысты көрсете отырып, солардың ішінен алдыңғы айтылған генетикалық туыстық негізді жақтаймыз. Әзірге зерттелген материалдар бізді осыған әкеп тіреді.

Тағы да айтарымыз: монғол тілі мен түркі тілдерінің туыстығын жақтауымызда екі үлкен дәлеліміз бар. Соның бірі: монғол мен түркі халықтарының тарихи өркендеу жолдары, тілі, рухани тіршілігі, тұрмысы, әдет-ғұрпы, тәңірге табыну т.б. ежелгі көшпелі түркі елдерімен бірдей. Бұл мәселелерге үстірт қарау мүмкін емес тәрізді. «Шаман дінінің (тәңірге — аспанға табыну, балгер — тәуіп дінінің басқа да салттары) әдет-ғұрыптары монғолдарға қарағанда қырғызда (қазақта) молырақ сақталған, бірақ бұл монгол діні бері келе мұсылман дінімен астасып - екеуі бір дін болып шыққан. Қазақтар Мұхамметтің құдайына да, сонымен қатар монғолдың «онгонына» да (әруаққа сыйынуына да) бірдей нанған»2, — Деген болатын Шоқан Уәлиханов.





1 W.Kotwiez. «Studia nad jezykami Altaiskimi». Krakow, 1953. Автордың осы еңбегі «Исследование по алтайским языкам» болып орысшаға 1962 жылы ауддарылды. «М., 1962, 351-бетін қараңыз».

2 Ч.Ч.Валиханов. Собр. Соч. В 5-ти т.т. І. Алма-Ата, 1961, с. 710.
Әрі қарай бұл ойын жалғастырып Шоқан: «монғолдар да солай істеген, отқа (суға) табына отырып, өткен әруақтарын «онгондарын» шақыра отырып, мұсылман періштелеріне де сыйынып, Мұхаммет құдайына да жалбарынған, сөйтіп, бұл екі дін біріне-бірі кедергі де жасамаған»1, - деп кесіп айтады.

Тап осы ойы аздай-ақ Ш. Уәлиханов: «Жалғыз құдайға сенетін Мұхаммет діні,-із-түзі белгісізжын, пері, шайтандарды да бар деп ұқты, шамандардың рақымсыз рухтарын жоя алмады, мұсылман пері, кәпір пері болады, - деп білді»2, - дейді.

Ендеше ежелден тілі де, діні де жақын елдердің мұсылман дінін қабылдауы да, танымауы да қандай ұқсас десеңізші!

Монгол мен түркі халықтарының, соның ішінде қазақтардың, бір тектен шығуын тиянақтайтын екінші дәлеліміз мынау. Мысалы, соғдиян мәдениеті, тілі қазақ еліне көптен таныс. Үйсін, Қаңлы, Қыпшақ ұлыстарымен ежелгі заманда-ақ қоныстас болған. Сөйте тұрып, Иран тілінен ауысқан сөздер, жұрнақ-жалғаулар осы күнгі қазақ тіліне мидай араласып кете қоймаған, олар үндестік заңына толық бағынбайды, жымдасып кетпейді. Аққа қара жапсырғандай оқшау тұрады. Ығы-жығы білінбей араласып кетуіне екі мың жылдан астам мезгіл жеткілікті-ақ қой! Ал, монғол тілі мен қазақ тілінің арасындағы айырмашылық мүлде аз, «құнан, құнажын, дөнен, дөнежін, айғыр» дегендер тағы басқа көптеген сөздер азын-аулақ дыбыстық айырмасы болмаса, бірдей емес пе? Мал өсірушілік, көшіп-қону, соғыс терминдері де пәлендей өзгеріссіз айтылады. Мұндай бірлестік-үндестік Шыңғыс хан шабуылынан кейін араласқан елдерде бола қоюы неғайбіл! Тарих үшін 600-700 жылдай уақыт өте шағын. Монғол мен қазақ (түркі) халыктарының бірлестігі-туыстығы көз жеткісіз көне заманнан Алтайлық «ата тілінен» келе жатыр деуіміз де осы жағдайларга сүйенгендіктен еді.

Мүмкін, кейбір тарихшылар қазақ деген халық XV ғасырда пайда болады, сонда соғдиан дәуірінде қандай қазақ болады деп те таласар. Оларға айтарымыз мынау: ол кезде осы күнгі халық пен ұлт мағынасы болмауы рас. XX гасырда, дәл бүгін ұлы ұлт атанып отырған елдердің қайсысы сол мезгілде тап қазіргі дәрежеде бола қойды екен? Алайда, бүгінгі қазақ




1 Аталған кітаптың 470-бетінде: монғолша – онгон, қазақша – әруақ деп көрсеткен Шоқан Уәлиханов.

2 Ш.Уәлиханов. Аталған кітаптың 114-беті.
халқының сапына кіріп отырған Үйсін, Қаңлы, Қыпшақ, Арғын, Найман, Жалайыр т.т. аталатын ұлыс-рулардың болуы бұдан әрі дәлелдеуді қажет етпесе керек. Қазіргі қазақ тіліне соғдиандардың тілдік элементтерін осы ұлыс-рулар әкеліп қоспасына кім кепіл? Бүгін бәріміз де бас қосып, сол ұлыс- рулармен бір тілде сөйлесіп, ұғынысып жүрміз ғой. Осыларды аттап өту өте қиын сияқты.


  1. Каталог: files
    files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
    files -> Астрономия Мазмұны
    files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
    files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
    files -> Расул гамзатов
    files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
    files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
    files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
    files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет