Сайділ талжанов 3 томды қ ш ы ғ армаларжина ғ Ы



бет6/27
Дата31.12.2019
өлшемі2,11 Mb.
#54002
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Екінші тарау



ҚАЗАҚТАРДЫҢ БӨГДЕ ХАЛЫҚТАРМЕН ТІЛДІК ҚАРЫМ-ҚАТЫСЫ

  1. Қазақ пен иран тілдерінің байланысы

Әрбір халық тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамында толып жатқан сөздер бар. Осы сөздердің шығуы - белгілі ұғыммен байланысты және ол ойдың жемісі. Тіл ойдың формасы болғандықтан да, алдымен ой туып, адам одан соң сөйлей бастайды. Қай елдің болса да сөздік коры біртіндеп дамиды. Тілдің баюына, сөз қоры шеңберінің кеңеюіне көрші елмен жасасатын қарым-қатынастың да мәні зор сияқты. Орыс тілі де бөгде елдермен көршілес отыруы, алыс-беріс жасауы арқылы байыды.

«Мысалы, - дейді В.Г.Белинский, - мына «сфера, эфир, гений» деген сөздерді қарапайым халық өзара сөйлескенде қолданбайды, сондықтан оқымысты адамдардан естігенде де, олар ұғынбайды»1, - дейді. Өйткені бұл сөздер біріншіден бөгде тілден келіп кірген болса, екіншіден олар әлі жалпы халықтық сипатталмаған еді.

Сондай-ақ дүние жүзіндегі ел-елдерде жоқ ұғымдар да болады. Батыс Европаның географиялық жағдайында дала, сахара, степь деген мағына жок болғандыктан, ол француз тіліне steppe болып орыс тілінен ауысады. Кейде керісінше жағдай болады, ұлт тілі өсіп ержете бастағанда, сол ұлттың ілгергі қауымындағы азаматтары жаңадан жаңғыртып, өз тілінің қорынан алып, әдемі сөздер шығарады, бұлар (бұл сөздер) шет тілден кірген сөздерден әлдеқайда безбендірек те келеді, өз тілінде нығыз орын тебеді. Мысалы, профессор В.К.Тредиаковский (1703-1769) орыс тіліне предмет деген сөзді енгізсе, тарихшы Н.М.Карамзин (1766-1826) промышленность деген сөзді, ал профессор-физик М.Т.Павлов

(1793-1840) проявление деген сөзді кіргізген,

Өзінің көп ғасырлық тіршілігінде қазақ халқы талай елмен қанаттаса көрші отырып, дәмдес, тұздас болған, артынан бөгде елдермен кездесіп, бұрынғы көршілерінен алыстаған да кездері жоқ емес. Көне замандағы көп уақиғаның айғағындай



1 В.Г.Белинский. Полн.Собр.соч., түІІ. М., стр. 580.
біздің тілімізде, әдебиетімізде сақталып келген біраз куәліктер де бар. Тарихи дәйектемелерге сүйене отырып, осындай көршілестіктен туған жәйттердің бастарын аша кетелік.

Ең әуелі әңгімені ертеде соғдиан елімен көршілес болған дәуірден, сол кезден қалған іздерді шолудан басталық.


Соғдиан (иран) тілінен ауысқан жеке сөздер-ұғымдар жөнінде

Бір елдің мәдениеті екінші елге сөз ауысуы, сол сөзбен бірге ұғым ауысуы арқылы тарайды, сондықтан біз жеке сөздерге тоқталалык. Біздің түркі тілдеріне бөгде елдерден сөз ауысуы жайында пікір айтқан ғалымдарымыз үнемі араб тілінен қозғайды. Жалпы жұртшылыққа мәлім сегізінші-тоғызыншы ғасырларда ислам діні етек алып жайылды: шығыс елдерінің бірталайына дін арқылы әмірін жүргізді: Бұл — рас, бірақ одан бұрын да халықтар мен тайпалар араласқаны айдан анық.

Академик В.В.Радлов: «Алтай мен Енесей төңірегін жайлайтын азғана түркі ұлыстары бар, олардын тілі мен әдет-ғұрпына Мұхаммет мәдениетінің әсері дарымағаны байқалады», - деген еді. Бұл пікірді академик А.Н. Самойлович қолдамады. Ол 1928 жылы жазған «Следы влияния исламской культуры на турецкие племена Алтайско-Саянского района»1 атты мақаласында Алтай мен Енесей бойындағы түріктердің тіліне кірген араб-иран (парсы) сөздерінің тізімін береді. Барлығы - 25 сөз. Соның он бірі арабтікі, он екісі парсынікі, ал қалған екеуі араб пен парсыға ортақ сөздер. Сонда:


  1. Aqbl2 - араб. Ғақыл - образ мышления, характер, поведения, нрав

(қаз. ақыл).

  1. Esep - араб, ху ab — мнение, намерение; телеут диалектісінде - число, счет (қаз. есеп).

  2. Qalig араб. Xaliq - народ, население (қаз. халық).

  3. Xat араб, xat - письмо (қаз.хат).

  4. Xabar араб, xabar- молва, сведение, известие, весть, (қаз. хабар).

  5. qymat (кимат) - араб. Dymmat - ценный, дорогой (қаз. қымбат).




1 «Культура и письменность Востока» деген журналдың 1928 жылғы санын, 142-бетін қараңыз.

2 Акад. А.Н.самойлович келтірген сөздердің жазылуын (транскрипциясын)

сол қатында алдық.


  1. Taam (таам) - араб, ta am - пища, вкус (қаз. тағам) редко употреблямая форма дәм, часто употребляемая форма (пища, вкус, отсюда - дәм же - ешь пищу), дәмді тамақ (иногда тағам

  • вкусная пища).

  1. Sabby. Sambn араб. Sabun (сабун) - мыло (қаз. сабын).

  2. Cozt араб cart (шарт) - божба, клятва, присяга; (қаз. шарт

  • договор, условие).

Ю.Раа араб. Ваһа (баһа) - цена (қаз. бәһе, баға), (отсюда бәсі, бағасы, бәһәсі - его цена).

Алтай мен Енесей бойындағы «Мұхаммет дінінде жоқ» түркі тілдерінде де ісләм дінінің әсері болмағанмен, тілінің ықпалы тигенін осы келтірген тізімнен анық байқауға болады. Ендеше, Орта Азияға ертерек келіп, иран мәдениетін жайған ирандықтар әсерін тереңіректен іздеу керек болар дегенге келеді А.Н. Самойлович жоғарғы еңбегінде.

Ағылшын ғалымы Лаугрдің пікірінше иран тілінің монгол тіліне тигізген әсері әлдеқайда бұрын белгілі екен. Сонда монғолдың xormust (хормусд) деген есімі иранның Ormusd дегенінен алынған. Бұл Авеста кітабында келетін Ahuramazdah (Ахурамазда) дейтін құдай атына байланысты шыққанын бір кезде Шмидт дәлелдепті. Мұны Лауфер тағы ескерте кетеді. Радловтың «Proben der volkliteratur die turkischen Stammevolp XI» - дейтін кітабының беташарында Шифнер: Саянның

«Kurbustu» (курбусту) дейтін есімін де әлгі иранның ormusd дегеніне апарып телиді. Академик А.Н.Самойловичтің пікірі де мұнымен ұштасады. Ол Алтай мен Енесей өңіріндегі түркі тілдерінен иран тілінің көптен бері сақталып қалған сөздерін табады, Мысалы:



  1. Ar (ар) - nape, һәр, каждый (қаз. әр). Бұл «әр» қазақ тілінде жеке айтылмай, үнемі екінші бір сөзбен қосақталып: әр адам, әр кез т.б. болып айтылады.

  2. Ес (еш); паре, һиш - отрицание - не, ни (қаз. еш.). Бұл да: ешкім,

еш адам т.т. болып қолданылады. Ал «еңбегім еш болды», «ештен де кеш жақсы» болып тұрақты тіркес қалпында еш сөзінің дара тұруы - кальки фразеологизм болып қалыптасудың жемісі.

  1. Orozo (орозо) - апрс. ruvza (руза) - пост (қаз. ораза.), парсы руз -

день (күн). Қаз. «отыз күн ораза».

  1. Qaras (қағас); nape. Koras (кәғас) - писчая бумага (қазақша қағаз).




  1. Тәrәzі (тәрәзі); парс, taraza (тараза) - весы (қаз. таразы).

  2. Tucman (тушман) - парс. Dusman (душман) - враг (қаз. душман, дуспан, душпан).

  3. Salbbr (сабыр) — парс. Caluar (шалуар) шаровары, штаны

(қаз. шалбар).

  1. Pajram (пайрам) — парс, bojram (байрам) — праздник (қаз. мейрам).

  2. Раса (пажа) - парс. Padijca (падиша) қаз. патша.

  3. Pazar (пазар) парс. Bazar (базар) - рынок, базар1.

Академик А.Н.Самойловичтің жоғарыда айтылған пікірін

қолдап, зерттеуші ғалым Е.Г.Кагаров 1934 жылы: «Алтай шамандарының (бақсы-балгерлерінің) ұғымынша кұдай үшке бөлінеді, біреуі жердің астында, екіншісі үстінде, үшіншісі аспанда тұрады екен», - дейді.

Ендеше, иран тілінің әсері географиялық жағдайы жақын тұрған түркі тілдеріне ғана тиіп қоймай, тіпті қиыр терістікке — Сібір халықтарының тіліне де әсер еткені байқалады. Академик А.Н.Самойлович: «Ісләм дінінің шекара шеті Обь өзеніне тіреледі. Сібірдегі мұсылман-татар патшалығының көлемі де XV - XVI ғасырларда сол өзеннің жағасынан әрі аспаған»,-дей келіп, енді бұл шектің шығыс жағын мекендейтін «Мұхаммет дінінде жок», түрік халықтарына ісләм мәдениеті «керуен саудасы» («караванная торговля») арқылы да тарауы мүмкін», - деп түйеді. Алайда, біз ғалымның бұл пікіріне қосыла алмаймыз, өйкені ондай әсер көршілес отырған бөгде елдер арқылы да баруы мүмкін ғой. Мысалы, иранның анбар (склад) сөзі орыс халқының тіліне ең әуелі амбар болып кірген. Осы амбар орыс тілінен ауысқанда Орталық Қазақстан аудандарына албар болып сіңген. Оның өзінің тарихы бар. А.Гильфердинг деген зерттеуші бұл сөзді (амбарды) орыс тіліне санскриттен келді деген. Оған қарсы Н.Г.Чернышевский бұл амбар емес, анбар таза араб сөзі деп түйген-ді. Кейбір ғалымдар бұл сөзді ескі қыпшақ тілінен орыс тіліне ауысты деседі. Осы екі сөздің мағыналық айырмасы да бар, орыста амбар жабық қора, ал қазақта албар — төбесі ашық қора.

Араб тілінің хавлі - қора мағынасында айтылатын сөзі Батыс Қазақстан аудандарында аула болып кеткен. Оңтүстік






1 А.Н. Самойлович келтірген сөздердің бәрін тізе бермей, қазақ тілінде орын тепкендеріне тоқтадық.
қазақтарының сөйлеу тілінде әлі күнге дейін әуелі болып айтылады. Өзбек тілінде сол көне түрі толық сақталып айтылады.

Олай болса, ісләм мәдениеті тек қана «керуен саудасы» арқылы тарады деу ғылыми дәлелсіз болып шығады. Өйткені керуен саудасы қысқа мерзімді, сондықтан ол мұндай үлкен әсер етудің тиянақты тірегі бола алмайды. Ендеше, өзбек, татар, қазақ тәрізді мұсылман дініндегі көрші елдер тілдерінің өзара әсері екендігіне шүбә болмасқа керек. Ал Сібірді жайлайтын ісләм дінінде жоқ түркі тілдеріне келсек, онда оларға татар, қазақ тілдерінің әсері болмауы мүмкін емес. Өйткені олар көптен көрші отыр ғой.

Иран тілінің осынша Қиыр Шығысқа тамырын жаюына осылар тәрізді діни, тарихи жағдайлар себеп болған тәрізді. Мұсылман діні, әдебиеті арқылы қазақ тіліне арабтың бүтін сөздері ауысқан, жалғау-жұрнақтары сіңбеген. Ал, бұған қарағанда иран тілі әсерінің орны өзгешелеу тәрізді. Бұған күні бүгін тілімізде бар бірсыпыра жалғау-жұрнақтар (аффикс), префикстер мысал болады. Бұлай болуының бірінші себебі: «көне соғдиандар Орта Азияда - Зерафшан, Қашкар, Амудария өзендерінің бойларын мекендеген халық. Соғдиандардың орталығы - Маракан да, осы күнгі Самаркан қасындағы Афрасиаб қаласы болыпты.

Соғдиандар біздің заманымыздан бұрынғы VI ғасырдың аяқ шеніндегі Иранның Дарий атты патшасынан қалған «Бехистун» жазуында да ұшырайды. Соғдиандар мемлекеті Орта Азияда құрылған көне Бактрия Хорезм мемлекеттерімен қатар шыққан екен. Соғдиандарды IV ғасырда Ескендір Зұлқарнайын шауып алыпты. Үшінші ғасырда соғдиандар грек - Бактрия мемлекетінің сапына кіреді. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы екінші ғасырда Кангха (Қаңлы) патшалығына қосылады. Үстіміздегі дәуірдің VI ғасырында соғдиандар түрік қағанатына кіреді. Согдиандар Жетісуда ірі- ірі қалалар салады. Олар Иран, Қытай, Византия елдерімен сауда қарым-қатынасын жасайды. Соғдиандардың керуен саудасы Лобнорға дейін барады. Орта Азияны арабтар VIII ғасырдың бас кезінде жаулап алады да, согдиандар өздерінің дербес мемлекеттігінен ада-күде айырылады»1, - дейді тарих.

Иран тілінде сөйлейтін, сол нәсілден шыққан согдиандар Орта Азия халықтары тіліне, соның ішіндегі қазақ тіліне де


57

1 Советтік Үлкен Энциклопедия, 39-т., 544-546-беттер.


әсерін мол тигізуі, ол елдің Орта Азияға ерте келуінен деп ұғамыз. Араб тілі VIII ғасырда ісләм дінін арқалай кіріп, ықпалын қолма-қол жүргізуге қимыл жасады. Бұрыннан көрші иран тілінің әсері шетке ығысты, бірақ қазақ тіліне сіңіп кеткен иран сөздері орын тауып, қалып қоюы сөзсіз.

Қазіргі шуваш тілін зерттеуші ғалым М.Р.Федотовтың пікірінше:

«мұсылман шығысындағы елдермен Бұлғар мемлекеті (осы күнгі қазан татары мен башқұрт, шуваштарды айтып отыр) қызу қарым-қатыс жасады. Араб, парсы саудагерлері, сонымен қатар мұсылман діндарлары (миссионерлері), Бұлғар, Сувар тәрізді Еділ бойындағы ірі калаларда жиі-жиі болып жүрді. Багдад халифасы әл-Мұхтадир жіберген елшілерге ілесіп 921-922 жылдарда араб жазушысы Ахмет ибн-Фалдан немесе Фазлан Бұлғар патшасы Әлмұсаға келіп қайтты. Бағдадта туған ибн-Хаукаль да X ғасырдың орта шенінде немесе екінші жарымында болды. Гренада қаласынан шыққан испаниялық араб Абдуль Хамит әл-Гарнати XII ғасырда бірнеше рет Еділ бойын аралады. Сондықтан ол тілде (шуваш тілінде) араб-парсы сөздері 250 шамалы-ақ екен, соның ішінде араб сөздері екі есе көп»1, - дейді.

Шуваш тілімен салыстырғанда, қазақ тілінің географиялық жағдайы ерекше, олардың жер аумағы қиыс жатыр, екіншіден шуваштар алғашқы дәуірінде шаман дінінде болып, артынан христиан дініне ауысқан. Ендеше, ерте кездегі әсер көнеріп, кейінгі әсер бел алады, бұның ықпалы тілде де анық көрінеді.

Осы пікірлеріміздің дәлелі есепті ираннан қазақ тіліне кірген біраз сөздерге тоқталалық. Ең әуелі қазақ тіліндегі сөздерді келтіріп, сонсоң иран сөздерін жақша ішінде көрсетелік. Осының бәрін де орыс графикасына негізделген қазіргі жазуымызбен беруді дұрыс көрдік.

Абырой - аброй, әбүйір (парсыда абруй - честь, репутация); қазақта - абыройы ашылды деген бар. Оның үстіне мұның қазақ тіліне аударылған

«бетінің суын бес төкті» деген калька да бар. Бұл сөйлем парсы тілінен тура аударылған. Мұндағы: аб-су, руй//рой-бет, жүз деген сөздерге балама.

Ас (парс. Аш.) - пища, кушанье (парс. Ашхана) столовая, аспаз (парс.

Ашпаз) - повар. Бұл сөзде жұрнак түр, паз (парс.)

1 М.Р.Федотов. Обарабских и персидских заимствованиях в чувашском языке. (Сб.: «Вопросы чувашского языкознания и литературоведения».
Бұл мағынаны-мамандықты білдіретін жұрнақ.

Әбдәсте. Бұл: әб > аб және дәст<даст деген екі сөзден біріккен.

«Қобыланды» жырында:
Қарындасың Қарлығаш, Әбдестесі қарында,

Бес кесесі қолында, -


дегенде сулық орамал мәнінде айтылып тұр.

Өзбек, тәжік тілдерінде әбдаста - құман деген сөз. Түрік- татар тілдерінің салыстырмалы сөздігінде: абдаст-дәрет алу, дәрет алатын құман (Будагов. Ср. сл. тур-тат. Нар.);

В.В.Радлов та осы мағынада көрсетеді (Радлов. Опыт сл., I- IV). Даст. Сөзі қазақ тілінде: дәс орамал (бет орамал) болып та айтылады. «Қазақка қара сөзге дес бермедім» (Абай) дейтін өлең жолындағы «дес» те «қол бермедім», «қол қусырмадым, теңдік бермедім» деген ұғымда1,

Әбілһаят, әбілһаят суы, әбілһаят бұлағы.

Бұл екі сөздің бірігуінен жасалған: 1) аб-су (парсы тілінде);

2) һаят (арабша - парсыша) - өмір, тіршілік.


Бәйшешек, балауса гүл балдырғандай Қаратып шырайына талдырғандай.

Суындай әбілһаят шөлдеп ішкен.

Лебізі сусыныңды қандырғандай.

(І.Жансүгіров)
Дүрбі (парсы тілінде дүр - алыс, жырақ, аулақ)2. Мысалы, «аз дүр дидам әрең-әрең» дейтін сөйлем бар, мұның мәнісі: «алыстан әрең-әрең көретінмін». Осындағы аз немесе зи болып та айтылады, шығыс септіктің жалғауы «Тауана буад, һәр ки дана буад, зи даниши діл пир бәрна буад» (зи даниши данышпандықтан - аз даниши десе де бәрі бір шығыс жалғауын көрсетеді), ендеше, дүр алыс, ал бин - дидан (көру, қарау) — осы шактағы формасы. Сондықтан парсы тілінде Дүрбин - алыстан көретін (бинокль).




1 «Қазақ тілінің қысқаша этимологичлық сөздігі». Алматы, 1966, 16-17- беттер. 59

2 Сонда, 69-70-беттер.

Жексен (парс. Йексан — бірдей, бір тегіс). Жермен-жексен қылды. Мұндағы: йек < йак — бір, бірдей: сан — ұксас деген («Этимологиялық сөздіктің» 86-87-беттерінде).

Дегдар (парсы-тиг-дар: тиг-тегі, түбі; дар-бар; тегі бар), дегдар адам;

дегдар тұқым,

Ділгер (паре. Діл - гир: дил - жүрек, гир - алу - обиженный, печальный, жаждущий чего-либо). Тұзға ділгерміз. Қазақша ділгер - асыға күту, аңсау мағынасында екені даусыз.

Ділмәрд (паре. Діл-жүрек, мөрд - адам) - жүректі адам, ал тәжікше діл-мәрд - жүректі адам - храбрый, мужественный; человек с сердцем. Қазақша тілмәр шешен (красноречивый) деген мәнде айтылады.

Бұл жердегі діл дегенді қазақтың тілімен, ал мәр қазақтың жұрнағы қазы-мыр дегендегі мыр,-мір десек бұл ғылыми дәлелсіз болар еді. Мәр-ді парсының мор1 (жылан) дегенімен байланысты қарауға болар еді. Өткір тілді, улы тілді адамға айтылады ғой. «Тілі мірдің оғындай» дегендегі мір


  • әмір сөзінен шыққан тәрізді.

Дәдеге (парс. Ду-екі, қос; төг-етек; дутаг - қос етек

  • двухподольность); кигіз үйдің сыртқы үзігінің етегіне

  • туырлықпен астасатын жеріне оюлап төрт бұрышты киіз тігеді, бұлар дәдеге атанады, осы дәдегелер үйге көрік береді, сыртынан қарағанда көздің жауын алады, ал дәдеге жапсырған үзіктің етегі - қос етек болып тұрады.

Айбарлы ақ ордада Әшекейлі дәдеге, -

деген жолдар Дулат ақында да кездеседі.



Душар (паре. Ду-чар; ду-екі, чор-төрт) душарласу, кездесу. Зау-зат (паре). Зау (заһу) - екіқабат немесе босанған әйел мағынасында айтылады, зад - бала, нәресте, балапан мәнісін білдіреді («Этимологиялық сөздіктің» 99-бетінде).

«Қыз Жібек» жырында:

Атаңа нәлет қарақшы, Құдай сені қарғасын, Үрім-бұтак, зау-затың, Мендей болып зарласын.



1 Қазақта «Шахмаран» атты қисса бар. Мұның «Жылан патшасы» екенінде дау жоқ (парс. Шах – патша, мор – жылан).
Кептер (парс. Көптер - кәбуптәр) - голубь, (қазақ совет әдебиетінің атасы Сәкен Сейфуллин жазған «Көкшетау» поэмасындағы «кептер кебі»

- кептердің әңгімесі (повествование голубя) деген мағынаны береді. Гәп > кеп - әнгіме, сөз. Осы арадағы гәп > кеп - парсыдан тәжік, өзбек тілдері арқылы бізге келгені хақ.

Қас - қас батыр, қас сұлу, қаса сұлу. Осы жердегі қас, қаса сөздері өте, нағыз мәнінде, арнайы ерекше деген сыпатты да береді.
Қар - аппақ, бүркіт - қара, түлкі - қызыл, Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға, -
дейтін Абай жолдарындағы қаса, өте, нағыз, ерекше деген мағына береді. Парсы-тәжік тілдерінде - хасс: 1) ерекше, арнайы; 2) ерекше қасиетті. Арабта - хас - ерекше, арнайы; Өзбекте - хоса - асыл тұқымды; хоса тұлпар - асыл тұқымды арғымақ; тәжікте - хоса - ерекше, ерекше қасиетті («Этимологиялык сөздікте»).

Қор (парс. Хор) - презренный, низкий, ничтожный; тат. - хур итеу - оскорблять, наносить оскорбление (обиду); удмурт



  • кур карыны - оскорбить, огорчить; шувашта хур - поручение; обида,

отсюда - хурту, хур ету - наносить оскорбление, обиду; қазақта: «еркектің қоры - күлегеш» деп келеді. Қор ету, қор тұту, қор қылу, қорлау - оскорбить.

Құштар (парс. Хостар - желающий). Мұнда хост - воля, желание дегенге келеді, ал ар - жұрнақ. Шувашта хастар



  • усердный, рвение. Қазақта қүштар болу - сильно желать, усердно

стремиться, разжигать страсть.

Лепес «Жақсы лепес - жарым ырыс» (макал). Осы жерде араб-парсы тілдеріндегі «ләфз>лебіз дегенмен түбірлес. Бірақ академик Ф.Е.Корш казақ тіліндегі «лепес» сөзі «ләфз» (лебіз) сөзінен шығуы мүмкін емес, өйткені с дыбысы мен з дыбыстарының алмасуы бұл тілде кездеспейді. Сондықтан бұл лепес араб-парсы тілдеріндегі дем, леп, («тыныс»), нәфес сөзінің өзгерген түрі болу керек дейді1. Расында, бөтен тіл сөздердегі н мен л дыбыстарының алмасуы жиі ұшырайды. Мысалы, қазақта нәпсі, ләпсі болып айтыла береді.





1 Ф.Е.Корш. ОРЯС, т. ІІ, кн. І, 1906, с. 283.


һәр дайым мәрәуәд нәфеси,

Чун нигах микүнәм нәмәнд бәси.


Мұндағы нәфәс тыныс мағынасында.

(Саади. «Гүлстан»)



Меңдуана-улы, ащы шөп. Қазақтар тісі ауырғанда басады. Өзбекте - банг девона; ұйғырда - бәнги диванә; парсыда, тәжікте - «банги девона» екі сөз. 1. Банг: а) үнді қарасорасы - конопля; б) осы өсімдіктен алынатын наркотиктің түрі: 2. Девона (парс.) есуас д.м.; қазақта: диуана - есерсоқ, есуас (ел ақтаған қайыршы). Банг дегеннен мең болу, одан: меңіреу, мең-зең, меңдеу сияқты түбірлес сөздер1 келіп шыққан.

Наурыз айы - март айы (паре, Нау-жаңа; руз - күн). Бұл 21 наурыз (день иранского нового года). Шувашта - нурас (месяц); қазақта: наурызнама - 22 наурызда болатын жаңа жыл тойы наурыз коже т.б.

Нұқсан (парс. Нешан; нәгс — кемістік, кемшілік, зиян), Қазақта. нұқсан келтіру — зиянын тигізу, зиян келтіру2.

Нысана (парс. Нешан, нешане; орыс тілінде мишень болып келген). Көздеп ататын нүкте: мақсат, алға койған міндет айрықша белгі: таңба.

Пайғамбар (парс, пайғамбар — хабар әкелуші).

Пара (парс, пара) - кусок, част, разорванный, порванный, взятка.

«Пара-пара болды» дегендегі пара сөзі де осымен түбірлес. «Бұл елдің сөз танымас бір парасы» (Абай).

Парақор (парс. Пара - хор; мұндағы хор - алу) пара алғыш Сырнай (парс. Сур-най: сур-той; най-сыбызғы). «Сарнап жылау» да осымен түбірлес болуы ықтимал.



Тауан (парс. Тауана) - сила; тауаны қайту, немесе тауы қайту (тауы шағылу мәнісінде). Парсы-тәжікте: «тауана буад, һар ки дана буәд, аз (зи) даниші діл-пир бәрне буад» (кім дана болса, сол күшті (куатты), дана болғандықтан, шалдың жүрегі бала (қозы) болады. Осындағы - тауана біздің тауан тау дегендерімізге сай келеді.

Ұстаз, ұстат (парс. Устад) - учитель; наставник. Түрікте - ұста; татарда - оста, удмуртта - усто, шувашта - аста (мастер). «Ұстаздық қылған жалықпас үйретуден балаға» (Абай).

Шабата (парс. Чеботан - тостые сапоги), татарда - чабата; башқұртта - сабата; қарақалпақта - шабата; шувашта -




1 «Қазақтың қысқаша этимологиялық сөздігі». Алматы, 1968, 145-бет.

2 Сонда, 152-бет.

джапата (лапаты). Сөйтіп орыс пен украиндықтардағы чеботы четен сөздердің төркіні коне түркі тілдеріне барып тіреледі.

Шебер (парс. Зибар - украшение, убранство, убор, наряд). Монтолда - цебер; татарда - чибер (красивый); өзбекте - чевар (ловкий, искусный); марийде - чевер «красивый, красный, румяный); удмуртта - чевер (красный); шувашта - чипер (красивый, нарядный, искусный); қазақта - шебер (искусный мастер) т.б.

Ширек (парс. Чаһарйәк немесе чар-йак) одна четвертая, четверть. Удмуртта - черык (четверть), шувашта - черек, қазақта - ширек, ширек шай т.б.

Шапыраш (парс. Чап-раст; чап - левая сторана, раст прямой; правый, правильный, верный). Татарда - чапрыш (криврй); түрікше - джапраз (знак отличия, перевязь, надеваемая наискосок, через плечо); шувашта - чапрос (косой, кривой); қазақша - шапыраш (косоглазый).

Шілтер (парс. Чеһелтар. Бұл да: чеһел тар деген екі сөзден біріккен шашақ, тор коз). Татарда челтер (сетка, кружева, тюль); шувашта чентер (кружева, узор); қазақта шілтер (тюль).

Бұл сияқты тұтас келген түбір сөздердің тізімін одан әрі жалғастыра беруге болар еді.

Сөйтіп, бұл келтірілген азын-аулақ мысалдар қазақ пен иран елдерінің ерте кезде араласқанын, сондықтан да жеке сөздер, ұғымдар - ауысқанын дәлелдейді. Түркі қазақ тілдерінен иранға, парсыға ауысқан сөздердің тізімін беруге болар еді. Бірақ осы еңбекте ол біздің міндетімізге жатпайды.




Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет