Санжарга, Айманға



бет11/19
Дата29.01.2018
өлшемі5,37 Mb.
#35724
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19

5.3. Денсаулык және ерік

Адамның басына түскен қиындықтарды жеңу үшін оның еркі болуы керек. Еркі күшті адам әр қашанда өзінше тіршілік етеді, ешкімнің кеңесін қажет етпейді. Әр қашанда өзінің алдына қойған мақсаттарына жетіп отырады.

Адамдардың алға қойған мақсаттары неше түрлі ішкі және сыртқы қиындықтарға байланысты біркелкі орындалмай қалады. Еркі күшті адам мұның бәріне төтеп беріп, өзінің мақсаттарын түгелдей орындап отырады. Ерік адамдардың нерв жүйелерін де қарқында дамиды. "Үлкен ерік деп жазды ұлы педагог

А. С. Макаренко — тек өзінің алдына қойған мақсаттарын ғана орындап шығу емес, сонымен бірге өзіне жағымсыз, залалды

116

заттардан бірден тастап кетуі (темекі шегу, алкогольмен әуірлену, есірткі заттармен айланысу, улармен әуестенуі Ж. Ж.)". Ерік өзінен-өзі туындайды. Еріктін физиологиялық механизмін ұлы физиолог



И. П. Павлов толығымен анықтап шыққан. Еріктің дамуы екінші сигналды жүйеге байланысты деп И. П. Павлов қорытындыны бірден жасаған.

Қиын жағдайларда адамдардың қиындықты жеңуге деген өзіне тілек және мүмкіндігі (дайындығы) болуы керек. Кандай жағдайлар болмасын адамда қажірлі үміт және үлкен тіршілік сезімі болуы керек. Егер жас балаларды "Сен түк білмейсін деп желкелей берсең, онда белгілі бір теріс сезім пайда болады да, ол дами түседі. Ондай тәрбиеден аулақ болуымыз керек. Біздер еврейлердің жас балаларын қалай тәрбиелейтініне үлкен көңіл аударуымыз керек. Олар өз балаларын сен көп білесің, сен батырсың деп сезім бостандығын күщейтеді. Біреу үйіне қонаққа келсе, балаларын үстелдің үстінде отырғызып, ол кісі не айтады екен деп, одан ол тәрбие және білім алсын, деген ниетпен балаларын жақындатады. Ал біздің қазақтарда, жасыратыны жоқ, ондай тәрбие болмаған. Қазіргі кезде қалай екенін мен білмеймін (Ж. Ж.) Жас балаларда күйзеліс әрекетіне деген психологиялық дайындық-күйзеліске тетеп берер дайындық ерік болуы қажет, яғни күйзеліске төтеп беретін еріктің болатынына сенім тудырудың аутогендік жаттығулардың қажеттігіне сендірудің маңызы орасан зор. Сондай-ақ қимыл белсенділігінің психикалық-физикалық жаттығудың, "Шипагер" емі терапиясының "Цигун емінің" белсенді нуктелерді бармақпен басудың, тыныс алу гимнастикасының (оның 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші амалдарының) маңызы орасан зор.

Адам өміріне қауіп-қатер төнген шақта адам қайратты болуы және қалай болғанда да өзін еркін ұстап, жақсылыққа бағыттауы керек. Оған бір мысал. Ұшқыш-сынаушы Марина (Попович ұшақтарды сынап жүріп), бір күні әуелде ұшақты басқару жүйесі бұзылған болатын. Ұшқыштар қаншама тырысқанымен ұшықтың басқару жүйесі тузелмей қойды, ұшқыштар сасқан кезде Марина сумкасынан ерін бояғышты суырып алып ерінін бояй бастаған. Кейіннен ұшақтың басқару жүйесі орнына келіп аман-есен жерге оралған еді. Олар көңілді болған. Бірақ түн ортасында Маринаның нерв жүйесі бұзылып селкілдей бастаған. Бұдан шығатын корытынды: қандай жағдай болса да адам қорықпауы керек. Ержүрек болуы керек. Өмірді сақтап қалу — әркімнің өзіне, психологиялық күйіне, психологиялық саулығына

117


байланысты. Өзін-өзі сыйлау және ұстай білу күнделікті іс әсеріне қарсы тұра білу, қабілетін күшейтеді. Психологиялық саулығын қалыпты ұстайды. Күйзеліс болмау үшін адам нағыз қажетті істермен айланысу керек. Салауатты өмір сүру салтын сақтау, мұнаймау, жағымсыз жерлерден бойды алыс ұстау арқылы жеңудің жолдарын іздеу керек. Осы айтылғандардың бәрі — психопрофилактика больш есептелінеді. Психопро-филактикаиың бір түрі релаксация (босаңсу) — дене мен психиканы керексіз жабырқаудан, бос ойдан адам тез арылтады. Абыржаудан сақтайды.

Музыка терапия адамды абыржудан босатып тез сергітіп, жібереді. Ал вакалотерапия көңідді бірден көтереді. Психопрофи-лактиканың екінші түрі — өзін-өзі сендіру. Оған аутогенді жаттығулар көмектеседі.

Әр адам психологиялық реттеуіш әдістерін үйреніп, оларды белгілі бір тәртіппен қолданып, стресс кездеріндегі өз жағдайының тұрақтылық деңгейін көтере, ұстамдылықты дамыта білсе, онда адамның еңбекке деген қабілеті жақсара түседі.

Адам өзінің жағдайын бағалауы, жақсартуы, өзінің-өзіне

деген сенімін тудыруы үшін бірнеше жаттығуларды жасау керек

(X. Қ. Сәтбаева және т. б. Алматы, 1999).

5.4. Стресті болдырмаудың жолдары



1. Денсаулық психологиясы көпшіліктің қалаған арманына ілігіп отыр. Өйткені әлеуметтік жағдай, нарықтық эклономика, денсаулыққа ерекше әсер етіп, халықтың дснсаулығы айтар-лықтай төмендеп кетті. Не көп ауру көп. Дәрі-дәрмек өте қымбат. Оларды сатып алуға халықтың шамасы келе бермейді.

2. Денсаулық адам психикасына байланысты. Экономикалық жағдайларға байланысты мінез-кұлық өзгереді.



5.5. Психогигиена және денсаулық

Психогагиена — адамның денсаулығын сақтауға және нығайтуға арналған шараларды іске асыру міндетін алдына қойып, оны ойдағыдай іске асыру мақсатын көздейді. Адамның рухани байлығын дамыту, оңай проблема емес. Ол ауызбен айтқанға оңай болғанымен, іс жүзіне асыру өте қиын. Психогигиена ағзанның сау болуын қамтамасыз етуі керек. Психогигиена психологиялық профилактикамен тығыз байланыста болады.

118

Психогигиена мен психологиялық профилактиканың зерттейтін объектісі береу-ақ. Сондықтан да психогигиена мен психопро-филактиканы бір-бірінен айыру өте киын. Психогигиена шаралар



тек психиологиялық ауруларды (невроздар, қояншық ауруларды емдеуге қодданылатын шараларды пайдалану мақсатын көздеп

қана қоймай, сонымен бірге соматикалық дерттерді де ол емдеуге мүмкіншілік тудырады. Психогигиена нешс гүрлі жүрек ауруларын — инфаркт, ми соқпасын (инсульт), неше түрлі гипертоникалық ауруларды, онын, негізінде болатын гипертоникалық ауруларды емдеудің неше түрлі тәсіддерін беріп отырады. Алкоголикгерді, есірткі заттармен әуестенетін, токси-командармен күрес жүргізуде психогигиенаның атқаратын рөлі орасан зор. Неше түрлі психоздарды емдеуге жол ашады. Психогигиена бір неше бөлімге бөлінеді.

1) жас ерекшелігінің психогигиенасы;

2) Еңбек және оқу психогигиенасы;

3) үй-жай психогигиенасы;

4) жан ұямен жыныс психогигиенасы;

5) ұжым, тіршілік өмірінің психогигиенасы және т. б.

5.5.1. Жас ерекшелік шеихогигиенасы

Жас ерекшелік гигиенасы — адамнын рухани денсаулығына бақылау жасап, деннің сау болуын қамтамасыз ететін психогигиенаның көрнекті саласының бірі. Тіпті ананың құрсағындағы жатқан баланың дені сау болып тууына ол қамқорлық жасайды. Ана кезінде, оларға психогигиеналық талаптар қойып олардың қатаң сақтауын қадағалайды және орындауды сұрайды. Бала туу үрдісінде қадағалайды. Туған нәрестелерді қалай емізу керек екені тыс қалмайды. Алдағы уақытта сәби дұрыс өсуіне, денсаулыгана бақылау жасап отырады. Мектепке барған жасына дейін бала психогигиенаның бақылауында болады. Мектепте оқып жүрген шағында да, оның жүктемесі қатаң бақылауда болады. Кейін профессия тандау проблемасы да психогигиенасыз өтпейді. Алкоголь мен шұғылданбауына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Тіпті махаббат проблемаларыменде психогигиена айналысады. Психогигиена қартайған адамдардың психологиясынаы да сырт қалтырмайды. Әсіресе қарт адамдарға жастарды жақсы қарауға шақырып отырады.

119

5.5.2. Еңбек және оку психогигиенасы



Бұл бөлім психогигиенаның өте күрделі бөлімдерінің бірі. Еңбек қуаныштың қайнар көзі. Ол адамның рухани денсаулығын күшейтеді.

Еңбек тәртібі қатаң сақталынуы тиіс. Ұжымда тұлға өзін-өзі дұ-рыс ұстай білу керек. Ұжым мүшелері мен дұрыс қарым-қатынаста болған дұрыс. Ұжымда беделді болсаңыз, ден саулығыңыз орта түседі.

Еңбек психологиясының қатаң сақталуын, психогигиена бақылау жасап отырады. Еңбек тазалығының сақталуына да қатаң бақылау жасап, жәрдемдеседі. Неше түрлі автоматты механизмдер адамның физиологиялық мүмкіндіктеріне сай келуі керек. Адам сағатына қанша ақпарат қабылдауы тиіс, осының бәрін психогигиена қарап, бақылау жасайды. Бұл проблемамен жаңа ғылым бағыты - эргономика айналысады. Сонда да болса психогигиена оған бірнеше кеңес беріп, ұсыныстар жасайды. Эргономика тек еңбек туралы ғылым емес, сондай-ақ ол еңбек психологиясымен де, еңбек физиологиясы проблемаларьшенде айналысады. Космикалық мәселелерменде шұғылданады. Адамның жұмыста сергек жүруін қадағалайды. Жұмыс орындарында психоэмоциялық кабинеттердің болуына талап қояды. Күннен-күнге технологиялық үрдістер күшейіп, осыған орай техниканың көбеюі психогигиенаның жаңа саласы инженерлік психологияның пайда болуына әкеп соғып отыр. Еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру қазіргі кезде ең бір ірі проблемалардың бірі. Интеллектуалды еңбек психологиясы психогигиенаның ең бір басты белмінінің біріне айналып отыр.

5.5.3. Ақыл ой еңбектерінің психогигиенасы

Бұл оңай шаруа емес, тск ауызбен айтуға оңай, ал оны іс жүзіне асыру өтс қиын. Ой еңбегінің мөлшерін немен қалай белгілеудің өзі қиьш. Белсенді түрде дем алу проблемалары мен де психогигиена айналысады. Спорт проблемалары да психогигиенадан тыс қалған емес.



5.5.4. Үй-жай психологиясы

Психогигиенаның үй ішіндегі проблемаларды қалай шешудің жолын керсетіп беріп отырады. Үй ішінде нервісі ауырған адамдар болуы мүмкін. Оларға ерекше кеңіл аударуға психогигиена ақыл-кеңіс береді. Токсикомандармен қалай күрес жүргізудің

120

жолын психогигаена көрсетіп береді. Радионың адам психо-логиясына қалай әсер ететіні де психогигиена зерттейді. ІІәтердің адам ағзасына қалай физиологиялық әсер ететінін анықтайды. Әсіресе жас жан-ұя мүшелеріне пәтердің микро-климаты қалай әсер етеді, оныда психогигиена зерттейді. Жан-ұяда болатын неше түрлі комфликтердің себептерін ашып, оны шешудің жолдарын көрсетіп береді.



5.5.5. Жан-ұя және жыныс психогигиенасы

Жан-ұя мүшелерінің бірімен-бірінің ынтымақтастығына бай-ланысты, оларды бірімен-бірінің татулығы, сыйласулығы. Бірінің сөзін екінші біреуінің түсінуі, ол сөздің басшылыққа алынуы жан-ұяның ынтымақтылығын көрсетеді. Мұның бәрі жан-ұяда ба-лалардың дұрыс тәрбиеленуіне ықпал жасайды. Некеге бір жастағы адамдар отыруға болады. Ал некеге отырған адамдардың жастары әр мөлшерде болса олар онда тойдын әсерін сонда көреді.

Бұл нағыз бақытсыздық, Некеге отыру үшін ерлі-зайыпты адамдар бірін-бірі ұзақ жылдар бойы білуі керек. Олардың психологиялық деңгейлері бірімен-бірі сай келеме, жоқ болмаса келмейме осылардың барлығына психогигиена ғылыми тұрғыдан жауап беруге тиіс. Гармониялық түрде жыныс қатынастары болуы жан-ұяның беріктігінің ең басты критерийлерінің бірі. Онсыз жан-ұя берік болмайды. Ыдырап кетеді. Бұл нағыз трагедия. Олар әсіресе жас балаларға ете үлкен әсер етеді. Ерлі-зайыпты адамдардың дендері сау болуы, патология аурулар болмауы керек. Олардың моралды жағы өте таза болуы шартты мәселелердің бірі.

5.5.6. Үжымдағы тфшілік өмір психогигаенасы

Жан-ұядағы, өндіріс бригадалардағы, студент жастар арасын-дағы қарым-қатынасының психогигиена ерекше бір категорияларға жатады. Олар бір-бірінің ойын жақсы білуі керек. Бір-біреулеріне әр түрлі жағдай болғанда, көмекке келуі тиіс. Идеялары және бағыттары бір болуы тиіс. Бұл өте күрделі және шешуі табылмай келе жатқан проблемалардың бірі. Тұлғалардың бірінің психологиясы екіншісінің психологиясына сай келуі керек. Ондай бірлестік қайдан болсын. Адамдардың өздері биологиялық жағынан бір-біріне сай келмейді. Олар өте төтенше жағдайларда жаратылған биологиялық құбылыс. Осы проблемаларды шешу психогигиена ғылымының міндеттері, ол рухани Денсаулықты күшейтеді, адам өзін өзі жақсы ұстай алады, салауатты өмір сүреді.

121

ҮІ. ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕКЕ БАС ТАЗАЛЫҒЫ



(ГИГИЕНАСЫ)

Әр қашанда жұмысқа деген ынта-

жігеріңіз кұшті болу үшін, өзіңе

кейбір уақытта дем алыс беріп қою

керек немесе жұмыстың турін

өзгертуіңіз керек. Ағзаға түскен

жүктеме дем алыспен алмастырылып

отырмаса, онда төзімділік төмендеп

кетеді. Садақтың жібі сияқты ол

тарс етіп үзіліп кетуі мумкін.

Ян Амос Коменский

6.1. Гигиена ғылымы туралы жалпы түсінік

Гигиена грек сөзі — Gиgіеіпоs — емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді, профилактика деген ұғым. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін медициналық ғылым. Медицина ғылымдарының өте көрнекті салаларының бірі. Медициналық оқу орындарында санитарлық-гигиеналық факультеттері мен кафедралар бар. Арнаулы түрде маман-дәрігерлер-гигаенистер дайындалады.

Гигиена — аурулардың алдын алуға және денсаулық сақтауды қорғайды. Денсаулыққа зиян келтіретін азық-түрлерін жойып жіберуге гигиенистер ат салысады. Денсаулыққа зиян келтіретін факторлардың болмауын гигиена ғылымы қатаң бақылау жасап отырады. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы ортаның факторларын негізге ала отырып, гигиенистер адамзат баласының тіршілігі мен еңбегіне ыңғайлы жағдайлар жасауға адамзат баласын аурулардан айықтыруға, дерттер мен өлік көрсеткіштерін төмендетуге тіршілік өмірді ұзартуға, еңбекке деген қабілеттілікті көтеруге және т.б. биологиялық жағдайларды жақсартуға бағытталған ғылым. Неше түрлі әдістері, практикада қолданатын нақтылы тәсіддері болады. Осының бәрі адмның денсаулығын арттыруға қолданылады.

Сонымен гигиена ғылымының негізгі көздеген мақсаты — адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторларын сауықтыру арқылы бірінші денсаулық сақтаудың профилактикасын өткізу. Бір сөзбен айтқанда адамзат баласына залал

122

келтіретін факторлардан адамзат баласын қорғау. Жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, оқушы жастар гигиенасы, тағам гигиенасы, әйелдер гигиенасы болып бірнешеге бөлінеді. Әрбірінің өздерінің алдына қойған мақсаттары бар.



Дәрігер-гигиенистер, санитарлар айналаны қоршаған сыртқы ортаның адамдар өмірі мен жұмыс жағдайларының келеңсіз тұстарының алдын алатын ескертпе керіністеріндей күн сайын болатын санитарлық-гигиеналық бақылау жүргізіп, әрбір кездескен қолайсыз жағдайлардьщ жолына тосқауыл қойып отырады. Жұқпалы ауруларды таратпай, алдын алу мақсаттарымен қаптап кететін жұқпалы дерттерге қарсы медициналық әдістер мен шараларды кең көлемде қолданады. Неше түрлі алдыңғы қатардағы шараларды іс жүзіне асырып эпидемияға қарсы күресті үдете түседі. Ауа райының өзгешелігін, микроклиматтың біркелкі еместігін, судағы ауру тарататын микробтардың санын анықтап, биологиялық ерекшеліктерін ескеріп, ауадағы шаң-тозаңдардағы микробтарды біліп, қала ішіндегі түтіннің құрамын анықтап, олармен биологиялық және химиялық күрес жүргізудің жолдарын белгілеп береді.

Қай саладағы дәрігерлер қызметінде болмасын профилактикалық іс-әрекет жасап, көзге көріне түседі. Оларды жасау үшін терең ой, жүйрік ақыл керек. Адамзат баласының денсаулығы бірімен-бірі байланысты табиғи (биосфералық) және әлеуметтік-экономикалық, саяси факторлардың әсерлерімен қалылтасады. Биосфералық факторларға жататындар: атмос-фералық ауа (тропосферадағы), су (гидросферадағы), жер (литосферадағы, космостық факторлар (кун сәулесі), әлеуметгік факторларға еңбек және оқу жағдайлары, тамақ, киім-кешек, тесек-орын, жағдайы және т.б. жатады. Бұл факторлар адамдардың салауатты омір сүру салтын қалыптастырады. Бұл факторлар қолайсыз болғанда неше түрлі зиянды дағдылар дамып кетеді. Арақ-шараи ішу, темекі шегу, наркотикалық заттар мен әурелену, токсикоманиямен айналысу ерекше етек алады.



6.2. Гигиена ғылымының негізгі бағыттары

1. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторларын (экологиялық фактор, санитарлық-гигиеналық, медициналық-биологиялық) тұрғыдан бағалау.

123

2. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторларының (экологиясын) денсаулыққа деген әсерін ғылыми тұрғыдан зерттеу.



Гигиена ғылымының қолданатын әдістері. Гигиенаның бағыттарьш іске асыруда бірнеше тәсілдерді пайдаланады. Олар: физикалық, химиялық, бактериологиялық, физиологиялық. Осы тәсілдердің негізгі мақсаты — адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторлары мен ішетін тағамдарына, тұратын мекен-жайларына санитарлық-гигиеналық сипаттама беру.

1) Санитарлық-гигиеналық әдіс — негізгі мақсаты ірку сулар жиналатын жерлердің, өзен-көлдердің санитарлық сипаттамасын беру, судың неше түрлі жүқпалы ауру тарататын микробтармен және радиоактивті заттар мен түрлі химиялық улармен ласта-нуының себебін табу, оның сипатын анықтауға сөйкес ластанудың жолдарына заңды түрде тосқауыл қою, тәртіпке шақыру, экологиялық сараптамалар жүргізу арқылы адамдардың денсау-лығына келетін зиянды әсерлерін тоқтатуға мүмкіндік береді.

2) Физикалық әдіс — оның негізгі мақсаты - ауа темпе-ратурасын, ылғалдылығын, ауа қысымын, күн сәулесініц (радиа-циясын) өлшеп анықтап, зиянды әрекетін халыққа түсіндіру.

3) Химиялық әдістер — оның негізгі мақсаты атмосфералық ауаның, ішетін ауыз судың, жердің, азық-түліктің химиялық құрамын, олардағы адам ағзасына зиян келтіретін химиялық қосылыстарды органикалық уларды (гербицидтерді, пестицид-терді нитраттарды, нитриттерді фосфориттерді және т.б.) анықтап халыққа түсіндіру. Үйлердегі көміртектің мөлшерін анықтап, олардың көбеймеуіне тосқауыл қою. Тағамдық заттардағы улардың қалдықтарын бірнеше күрделі аспаптарды пайдаланып анықтайды. Олар: неше түрлі газды хроматография, хроматография, спеюрофотометрия, жалынды фотометр және т.б. Химиялық улар ана сүтінсн де табылған. Ол өте қауіпті у — ДДТ (диметилдиэтилтетраметил) тұқым қуалайтын улардың қатарына жатады. Тұқым қуалайтын қасиетіне байланысты ДДТ-ауыл шаруашылығында бүкіл әлем бойынша қолданылмайды. Міне осы күрделі проблемаларды медикгер, биолог-химиктермен бірлесе отырып анықтап, азық-түлікке гигиеналық-санитарлық сипаттама береді.

Мектептегі саиитарлық-гигиеналық жүмыстарды гигиенистер жүргізеді.

Олардың айтқандарын орындамаған мектептер, мекемелер айып төлейді, жазалары ауыр болса, қылмыстық іс қозғалады.

124


4) Биологиялық әдіс. Оның мақсаты су қоймаларының жағдайларын зерттсп, ондағы су өсімдіктерінің физиологиялық рөлін анықтау. Өйткені күн сәулесін сіңіріп көмір қышқыл газы мен судан органикалық заттар синтездеп, атмосфералық ауаға тіршілікке қажетті оттекті бөліп шығарады. Сөйтіп ауадағы оттектің мол қоры жиналады. Егер су өсімдіктері судың ластануына байланысты олар түгелімен жойылып кетуі мүмкін. Осының нәтижссінде ауадағы оттектің қоры азайып кетеді. Ал судағы, өсімдіктер тіршілік ететін жәндіктер мен балықтардың негізгі азығы. Табиғи мекені,

5) Бактериологиялық (микробиологиялық) әдіс. Оның мақсаты - судағы, атмосфералық ауадағы, жердегі, азық-түлік құрамындағы жұқпалы ауру тарататын микробтарды анықтап, олардан құтылудың жолдарын саралап береді. Тағам бактериялармен ластанғанда ботулизм уын таратады. Бұл ағзаға түскенде 99 % адамдар қайтыс болса, яғни 100 адам ботулизммен уланса, соның 99-ы қайтыс болады, бұл микробты Вассіhus bоtulіs деп атайды. Ауасыз жерде өсіп-өнетін микроб. Оны микробиология тілімен айтқанда анаэробты ағза, оның өсуіне оттек қажет емес. Ол әсіресе консервілердің ішінде дамиды. Балықтан жасалған консервілерде ботулизм микробы көп болады. Одан уланған адамның жанын аман-есен алып қалу мүмкін емес. Сонымен бірге азық-түлік құрамында болатын ішек бактерияларын микробиологиялық (бактериологиялық) әдістерді пайдаланып анықтайды. Оларды анықтаудың әдісі әбдсн жетілдірілген. Ішек таяқшалары Васtегіа соlі деп аталынады. Бактериологиялық әдістертсрді пайдаланып мал-дардың құтыруларын анықтайды. Адамдар сифилис, гоноррея, СПИДпен ауырғанда бактериологиялық әдістерді пайдаланып, ондағы микробтарды анықтап, емдеу жолдарын айқындайды. Өте қауіпті жұмыс. Кейде бактериологтардың өздері де ауырып қалады. Бірақ олар қажетті профилактиканы қатан, сақтайды.

6) Сынақ әдістері. Санитарлық токсикологиялық зерттеулер зиянды заттардың ағзаға тигізетін әсерін және өнеркөсіпте ауыл шаруашылығында, күнделікті үй-тұрмысында және т.б. орындарда қолданылатын заттардың улылық деңгейі мен дәрежесін анықтаудьщ ғылыми моделін жасап береді.

Осы жағдайларға байланысты иттерге, теңіз шошқаларына егеу құйрықтарға, қояндарға және т.б. хайуанаттарға лабораториялық қысқа, орта жене ұзақ мерзімді эксперименттер жүргізіледі. Қысқа мерзімді (летательная доза - жіті)

125

эксперимент жасалған хайуанаттардың 50 %, өлтіретін мөлшерде, ал орта мерзімді (летательная доза) жіті — шектеулі шоғырланған мөлшерден біраз көбейтілген шамада беріледі немесе денесіне жағылады. Ұзақ мерзімде жүргізілген эксперименттерде ұзақ уақыт бойы ағзаға түсетін улы заттарды белгілі шамасы пайдаланады.



Ағзаның белгілі бір физиологиясына микро қосындылардың аз шамасының ғана әсері тексеріледі. Ал үлкен көлемді улар қолданылса, онда сынақ ісіктерін тудыратын мақсатқа сәйкес эксперименттер жүргізіледі.

7) Санитарлық-статикалық әдіс. Әлеуметтік, табиғи және басқа жағдайлардың адамдардың, оқушылардың денсаулығына тигізетін физиологаялық-биологиялық әсерін анықтау. Балалар денсаулығы анықталады. Алынған қорытындылар неше түрлі нұсқауларға, кестелерге коэффициент ретінде алынады. Олар аксиома ретінде бағаланады.

3. Тамақ ішу белгілі бір уақытта ішілу керек. Тамақты кез келген уақытта ішу ешкандай нәтиже бермейді. Денсаулықты нығайтпайды. Күніне белгілі уақытта 4-5 рет тамақ ішуге болады. Кейбіреулер үш-ақ мезгіл ішу керек дейді. Ол дұрыс емес.

4. Белгілі бір уақытта ғана сабаққа дайындалу керек.

5. Аптасына 1,5-2 сағат бойы спортпен айналысу керек, белгілі бір спорт түрімен шұғылдану керек. Бұл жаттығуларды да белгілі бір уақытта атқаруы тиіс.

6. Сабақ оқығанда үздіксіз отырып алып оқымай 3-5 минут дем алыс жасап отыру ксрек. Гимнастика жасаған дұрыс. Оны дағдыға айналдыру керек.

7. Күніне 1,5-2 сағат жаяу жүру керек. Таза ауада жүрген кезде ауық-ауық физикалық жаттығулар жасап қою керек.

8. Үйықтау мезгілі 8 сағат болуы керек. Ұйқы дем алудың ең бір маңызды түрі екенін естен шығармау қажет.

6.3. Тәуліктік жүйе режимі

Тәуліктік жүйе режимі ағзаның жұмсаған қуатын өз қалпына келтіруге және оның іс-әрекеттенуін қамтамасыз ететін режим. Оның негізгі ырғақты және дұрыс еңбекпен алмастырыльш отырғаны жөн. Сонда ғана іс-әрекет дамып отырады.

Тәуліктік жүйенің негізі биологиялық ырғаққа байланысты, оны биология ғылымында ағзаның биологиялық сағаты деп түсіндіреді. Биологиялық сағат күннің шығуы мен батуына сәйкес өтіп отырады. Ал күннің шығуы мен батуы жердің ұзындығы мен ендігіне байланысты жүреді. Мысалы, Вашингтонда таңертең сағат 90() болғанда, Алматыда кешкі сағат 800. Осыған қарай жәндіктер бейімделеді. Осыған сәйкес олардың биологиялық үрдістерді өтеді. Қоректенуі мен дем алуы өтіп отырады. Күннің режимін сақтаса, адамның еркі жақсы дамиды. Адам өзіне-өзі қатаң тәртіп орнатады. Қандай жағдайда болмасын адам тәуліктік режимді қатаң ұстау керек. Оқу оқығанда қатаң режим болу керек. Тәулікті сағат бойынша бөліп қойған жөн.

1. Таңертең қай сағатта ұйқыдан ояну керек, үнемі бір мезгілде ояну керек. Бір мезгілде ұйықтау керек.

2. Таңертеңгі физкультура, гимнастика, шынықтыру үрдістері қай сағатта жасалынуы керек.

126

6.4. Дене тазалығы

6.4.1. Тері күтімі

Дене тазалығы дегеніміз — алдымен тері күтімі. Терінің дұрыс күтімі ағзаның қалыпты қызмет атқаруына әсер етеді. Тері алуан түрлі физиологиялық-биологиялық функцияны орындайды. Терінің құрылысы өте күрделі (15-таблица).

Жұмыс жасап, күнделікті тұрмыста шаруамен айналысқан шақта адам терісін кір шалады. Адам терлесе кір теріге жабысып қалып, терінің тыныс алуын қиындатады. Өйткені тері бездері бітеліп қалады. Осыдан барып теріде өтетін физиологиялық-биохимиялық үрдістердің қызметі мүлдем бұзылады. Бітелген май бездеріне жұқпалы ауру тарататын микробтардың енуі фолликулитті туындатады. Микробтар әсерінен терінің бетіндегі органикалық заттар ыдырап, жағымсыз иісті май қышқылы бөлінеді және тері қабынуы-дерматит дерті дамиды. Басқадай ірінді тері аурулары пайда болады. Тәуліктік тері гигиенасы үшін неше түрлі тәсілдер қолданылады. Олардың ішінде теріні тазалықта ұстау үшін денені иісі жақсы сабынмен сабындап жуу керек. Оны дағдыға айналдырған жөн. Аптасына бір рет моншаға барып жуыну, душқа шайыну керек. Ал жиірек кір шалатын бет, қол, мойын қосымша күтім жасауды қажет етеді. Қол кірлегенде оның терісінде неше түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар кебейеді. Ішек-қарын инфекциясы күрт инвазиясы, гепатит

127


вирустары жиналады. Жұқпалы дерттердің таралуында қол кірінің қаншалыкты роль атқаратыны көптеген адамдарға белгілі.

Қолдағы барлық бактериялардың 90 % тырнақ астында жиналады және оларды тек арнаулы щеткамен ғана тазартуға болады. Қол жуатын жерде кішкентай щетка тұруы пайдалы. Бет пен мойынды таңертең және ұйықтар алдында тазартып жуып отырған үлкен нәтиже беретінін айтпай кетуге болмайды. Адамның терісі құрғақ немесе майлы, ылғалды болып келеді. Ал егер тері құрғақ болса, онда балалар сабыны деп аталатын сабынды, лонолині бар сабындарды пайдаланған да тері онша құрғамай қалыпты жағдайда тұрады. Аяқты аптасына кемінде бір рет, әсіресе жаз айларында, күнде жуып тұруды дәрігерлер ұсынады. Аяқ терлейтін болса, түнге қарай терден құтылу үшін суық сумен аяқты жуып, табанды, саусақ арасын аптасына екі рет 5 % формалин ерітіндісі сіңген мақтамен сүрту керек. Қол, қолтық асты және дененің басқа бір бөліктері терлесе, дезодарант қолдану керек. Қазіргі кезде дезодарант өте көп.

Онша қымбат емес. Кейбіреулер арнаулы үнтақтарды пайдаланады. Менің бір таныс педагогім кейбір ұлттар өкілінің қолтығы жағымсыз иістерді көп таратады деп тұжырым жасады. Орыс буламысы, фин саунасы, жапон офуросы, сэнтосы ағзаға өте пайдалы. Моншаға түскеннен кейін адам өте жақсы дем альш сергіп қалады, жақсы ұйықтайды. Жұмысқа деген ынта-жігері арта түседі. Монша гигиенаны жақсы өткізеді. Денені сауықтырады. Әсіресе Сібірде түратын орыс халқының моншасы. Олар ыстық моншаға түсіп, буланып қайың, емен жапырақ-тарынан жасалған сыпыртқылар мен сабаланып, содан кейін моншадан жүгіріп шығып қалың қарға аунап, кейіннен моншаға қайтадан түседі. Дене жақсы шынығады. Денсаулық артады.

128


15-таблица. Денсаулық және жеке бас гигиенасы

129


6.4.2. Шаш пен тырнақ күтімі

Адамның шашы ерекше жаралған табиғат көрінісі. Адамның сұлулығы шашқа байланысты. Әсіресе әйел адамдардың байлығы мен сұлулығы, олардың шашы. Ешқандай зергерлік заттар адам шашын айырбастай алмайды. Сондықтан да шаш өте ұқыпты түрде күтуді қажет етеді. Шаш қорғаныс ролін атқаратынын айтпай кетуге болмайды.

Адам шашы бірнеше жыл бойы өсуін тоқтатпайды. Әйел адамдардың күніне 50 тал шашы тусіп, 50 тал шашты өсіп шығып отырады. Адам басындағы шаштың саны әр адамда әр қилы болады. Орта есеппен алғанда адам басында 140 000 тал шаш болады. Қара түсті шаш баста 100 000-дай. Шаштың жақсы өсуі үшін оны үнемі жақсы күтіп, май жағып отыру қажет. Крем жағып қойған да дұрыс. Ол шашты қоректік затпен қамтамасыз етеді. Шашты жиі-жиі жуып отырудың қажеті жоқ. Шашқа ауру пайда болады. Ұзын құрғақ шашты 3 апта сайын жуған дұрыс. Ұзын майлы шашты 7-14 күн өткеннен кейін жуған жөн. Қысқа шашты 7-14 күн өткеннен кейін жуып отырған дұрыс. Шашты жуу үшін белгілі бір шампунды пайдалану керек, су жылы болғаны дұрыс. Шашты сабынмен жуудың қажеті жоқ. Шаш бір түрлі түскс өзгереді. Жарқырап жайнамайды. Сондықтан да шампунмен жуған дұрыс. Ұзын шашты өте ұқыптылықпен жуу керек. Шашты таратып отыру керек. Майлы шашты сабынды спиртпен жуу керек. Әсіресе калийі көп көк сабынды спиртпен жуған дұрыс. Ол көқ сабын шашты дезинфекциялайды. Шаштың майын бірден кетіріп жібереді. Шампуньмен жуғаннан кейін шашты бірнеше рет сумен мұқият түрде жуу керек. Шампуньнің микробтарын түгелімен кетіру үшін. Шаш жарқырап түру үшін шашты 1 литр суға асқаналық қасықпен 2 қасық 8 %-ті сірке қышқылын қосып шашты шаю керек.

Содан кейін тарақпен тарау керек. Тарақтың жүзі өткір болмағаны дұрыс. Әдетте ең жақсы тарақ капроннан жасалынады. Тарақты таза ұстау керек. Ыстық сумен сабындап үнемі жуып отыру керек. Әрбір адамның өзінің тарағы болуы тиіс.



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет