Санжарга, Айманға



бет7/19
Дата29.01.2018
өлшемі5,37 Mb.
#35724
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

Ұтымды тамақтану — ол клеткалар (жасушылар) қазақша құ-рамына қажетті заттар мен ағзаны қамтамасыз ететін қуат, қимыл және тағы басқа қажеттігін өтейтін, заттар алмасуын қажетті деңгейге ұстайтын тағамдарды пайдалану. Жүйелі түрде тамақтанудың негізгі элементтері мына төмендегідей:

1) тәуліктік қоректік заттардың ара қатасының үйлесімді балансасын сақтау;

2) дұрыс тамақ ішудің тәртібі, рационалды (тамақ сбаланцир-ленген) тамақтану — ол тамақтың қуаты мен сапалық химиялық құрамын, қоректік заттардың деңгейлік арақатынастарының тұрақтылығын, қортылуын және гигиеналық жағынан тазалығын ескертуді қажет етеді. Сондай-ақ тамақтану режимін, ұзақтығын, сапалық шамасына, химиялық құрамын анықтауды керек етеді.

Академик А.А. Покровскийдің жасаған классификациясы бойынша теңестірілген (сбалансирленген) дегеніміз — энергети-калық жағынан бағалы, тағамдағы энергия адам ағзасының жұмсаған энергиясына сайма-сай келуі;

Тәуліктік тағам құрамында қоректік заттар (нутрценттер) теңестірілген түрде болуы керек. Тағам құрамындағы белоктардың, майлардың және көмірсулардың арақатынасы (1:1:4) болуы керек. Айырбасталмайтын амин қышқылдарының витаминдердің арақатынасы теңестірілгені жөн. Тағам ішіндсгі компоненттердің ағзаларға сіңірілуі, тамақ ішу режиміне байланысты болуы керек. Ішілетін тамақтың мөлшері адамның бойына және массасына сай келуі керек. Балалардың массасын төменгі таблицадан байқауға болады (6-таблица).

Егер біз дұрыс түрде тамақтанатын болсақ, онда еске ұстау қабілетіміз артып, денеміз сауығып, көңіл-күйіміз кетеріле түсетіні сөзсіз. Қандай да аурулар болмасын, біз олардың алдын алар едік. Дұрыс түрде тамақтанған адамзат баласы 150-200 жыл жасар еді деп, жазады Дж. Гласс өзінің әлемге әйгілі еңбектерінін, бірінде (1999).

4.2. Зат алмасу

Өмірдің басты көрссткіші зат алмасу болып есептелінеді. Зат алмасу ішкі физиологиялық және айналаны қоршаған сыртқы орта факторымен байланысты жүреді. Зат алмасу екі үрдіске

82

байланысты. Біріншісі — ассимиляция (анаболизм), ал екіншісі — диссимиляция (катаболизм).



Ассимиляция (анаболизм) - жұмсалған ткандардың құрылымын қалпына келтіріп және әр түрлі тағамдармен бірге келген химиялық заттардан тірі заттарды синтездеп шығару үрдісі. Диссимиляция (катаболизм) - ассимиляцяның қарама-қарсы келетін үрдіс. Ол тірі құрылымдардың ыдырауын қамтамасыз етіп түрады. Әсіресе органикалық заттардың өзінің құралған құрамына дененің ажырап энергия бөліп шығаруы. Адам өзінің барлық өмірідде асқорыту органдары арқылы 2,5 тонна белоктарды, майларды, 10 т. Көмірсулар және 25 т суды сіңіреді. Олар қанға келіп қосылып отырады. Ас адамның арқауы - дейді қазақ Адамдарға күш-қуат береді. Тағамдардың құрамыңда орасан көп күн сәулесі жиналады. Ұлы ғалым К.А.Тимирязевтің сөзімен айтқаңда консервленеді. Ол туралы ұлы К.А.Тимирязев кезінде жазған болатын. Тағамдардағы байланысқан химиялық энергия зат алмасудың негізгі құрамды бөлігі. Сонымен бірге тағамдарда бірнеше қосылыстар болады. Олар: белоктар, майлар, көмір сулар, витаминдер, су және минерагщы қосылыстар. Осылардың барлығы жасушаның құрылысын құрауға қажетті заттар. Тіршілік тірегі белоктар, майлар, көмірсулар ыдырағанда ондағы жиналган химиялық энергия бөлініп шығады. Ол энергия ағзаларға өте қажет. Олардың өсіп-жетуіне, түрлі үрдістердің' өтуіне жұмсалынады. Биологиялық бағалы тағамдар дегеніміз осылар.

4.3. Тағамдардағы коректік заттар

Тағамдардың негізгі құрылысын жасайтын химиялық қосы-лыстар — белоктар, амин-қышқылдары (5-таблица) майлар, кө-міреулар, витаминдер, минерадды элементтердің түздары және су.

Белоктар — тіршілік омірге ең бір қажетті тагамдық қосылыс-тардың бірі (5,6,7-таблица). Оларды ағзалар жасуша, цитоплазма, жасуша аралық заттар құрау үшін ағза үнемі пайдаланады. Онсыз тіршілік иелері биосферада өмір сүре алмайды. Белоктарды наз және көп болуына байланысты ағзалар өсіп-дамып отырады. Белоктар болмаған жерде тіршілік иелері кездеспейді. Белоктардан жасушылар және түрлі ұлпалар (тканьдар) құралады. Белоктар жетіспеген шақта ағзалар өспей қалады. Ағзалар айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының қолайсыз әсеріне шыдай алмай тіршілігін жояды. Неше түрлі жұқпалы дерттерге ағза қарсы тұра алмайды. Бір сөзбен

83

айтқанда ағзалардын, қарсы тұратын кдсиеті төмендеп кетеді. Міне, белоктардың, ағзалардағы биологиялық ролі осындай. Жыныс және жас ерекдіеліктеріне қарай адам белоктарды қажет етеді (5-таблица).



5-таблица

Тіршілікке ең кажетті тағамдық элементтердің

қайнар козі

Тіршілікке ең қажетті

Элементтер



Ағзалардағы маңызы

Қандай азық-түлік құрамында кездеседі

Аргинин (амин

қышқылы)


Жыныс органдарын

да (жыныс бездерінде)



Жұмыртқада, сүтте, сұлыда да, бидайдың дәндерінде, ашытқы-ларда (дрожжи)

Цистин және глу-тамші қышқылы

Көк бауырда

Белогы көи продуктылар-да (әсіресе сиыр сүтінде)

Тирозин

Щитовидтегі бездерде, бүйректін. үстіңгі қа-бығында

Белогы мол про-дуктылар-да (әсіресе сиыр сүтінде)

Оттек (тыиыс алуга қажетті)

Мида

Хренда, жалбызда, са-рымсак,та, иетрушкада, картофельде, редисте, помидорларда

Қанықтырылмаған май қышқылдары

Зат алмасу ұрдісіне қатынасады

Мида, жұмыртқаның сары уызында, шошқа майларында бидайдың жаңадан өсіп келе жатқан өсінділерінде, майларда, олив, күн-бағыс жүгері майла-рында

Сондай-ақ жұмыстың ауыр және жеңілдігіне қарай белоктардың қажетті мөлшсрі өзгеріп отырады. Ауыр жұмыс істейтін адамдарға құрамында белогы мол тамақтар беріледі. Әсіресе мал етінен жасалган тағамдар. Ал ой еңбегін атқаратындарға әлсіз тағамдар-овощтар берілсді. Мұның бәрі адамның тіршілік өмірінс қажетті биологиялық шаралар. Тағам денсаулық кепілі. Белоктың физиолоиялық мөлшері ер адамдар үшін күніне 82—118 г.,

әйслдср үшін — 72—87 г. физикалық ауыр жұмыс істейтін адам-дарға 6—8 г белок артық беріледі. Ал балаларға қажетті белок-тардың мөлшері мына төмендегідсй (6-таблица).



84

6-таблица



Балалар мен жас өсіпірімдерге қажетті белоктардың, майлардың, көмірсулардың физиологиялық мөлшері

(күніне грамм есебімен)



Майлар. Тағам құрамындағы майларды энергияның қайнар көзі деп ғалым-биологтар (физиологтар) есептейді. Иә, солай да болады. 1 г май ыдырағанда немесе тотыққанда 9,3 ккал энергия бөлініп шығады, ал осындай мөлшерде алынған белоктар - 4,) ккал, көмірсулардан 4,1 ккал энергия бөлініп шығатынын биохимиктер толығымен дәл анықтаған болатын. Бұл энергияны әр қашанда есте сақтап жүрген дұрыс. Тағамға пайдаланыдатын азық-түліктің құрамында қанша энерғия бар екенін мына төмендегі 7-таблицадан байқауға болады. Ер және әйел адам, балалар, оқушылар қаншама тамақпен қоректену керек, бәрін күнделікті есептсп шығарып отыру керек. Сонда ғана адамның денсаулығы артып отырады.

Адам ағзасында май көп жиналады. Әсіресе нерв жүйелерінің тканьдарда май өте көп мөлшерде болады. Неге десеңіз? нерв жүйелеріне жүктеме өте көп түседі. Ағзада майлар жетіспейтін болса, онда ағзадағы иммунитет жойылады. Нерв жүйелерінің қызметі нашарлап, адам ауруларға шалдығады. Ішкі органдардың қызметі бұзылады. Ал, мал майлары ағзаға көп келетігі болса да жақсы нәтиже бермейді. Зат алмасу үрдісі бұзылады. Адам ағзасында бірнеше қатерлі склероз дерті пайда болады. Бірақ мал майларын өсімдік майларымен айырбастауға болмайды.



85

7-таблица



Тағамның энергиялық бағалығы

100 г есебімен алғанда )







Продукт




Ккал

Бидайдан пісірілген нан




234

Қарна бидайдан пісірілген нан




222

Жармалар




350-358

Макорондар




358

Бұршақ-фасоль




335

Қант




410

Шоколад




590

Сармай




780

Ертілген сармай




920

Сиыр сүті




67

Кефир




64

Қаймақ майлдығы 30 %




302

Кілегей майлығы 10 %




118

Майлы ірімшік




233

Кілегейден жасалған балмұздак.




179

Сыр




339

Ертілген сыр




290

Ірі қара еті




181

Қой еті




132

Шошқа еті




189

Қаз еті




337

Тауық еті




128

Колбаса (любительская)




315

Шәй колбасаы




162

Ысталған колбаса




392

Сосискалар




232

Шошқа майы




854

Жұмыртқа




164

Ала бұға (балық)




124

Лещ




140

Судак




85

Треска




75

Картофель




90

Сәбіз, қызылша




41-48

Капуста




29

Қияр




14

Томаттар




20

Қарбыз, қауын




40-49

Шие, жүзім




62-69

Мандарин, алмалар




44-48

Сарымсақ




53

Спирт ішімдік




730

86

Неге десеңіз? Артеросклерозды өршітіп жіберуі мүмкін. Өсімдік майларын мөлшсрден көп пайдаланған кезде, жасушаның биологиялық мембрандары бұзылып кетеді де адам тез қартаяды. Бетте әжімдер қаптап кетеді.

Көмірсулар ең алдымен энергияның ең бір қайнар көзі ретінде бағаланады. Соньшен бірге көмірсулар жасушылар мен тканьдардың құрылуына қажетті құрылыс материалдары ретінде бағалынады. Көмірсулар адам өмірінде айрықша тіршілік ролін атқарады. Көмірсуларсыз жер бетінде тіршілік иелері пайда болмайды да, ол дамымайды да. Көмірсулардың ағзалардағы қоры онша көп болмайды. Ағзаның қызмет жағдайына қарай өзгеріп отырады. Ауыр жұмыс істеген адамдар ағзасында көмірсулар өте аз болады, неге десеңіз? Олар бұлшық еттердің қызмет жасауына жұмсалып кетіп отырады. Көмірсулар тотыға келе майға айналады. Ағзадағы майлардың қорын толықтырьш отырады. Сондықтан да ауыр жұмыс істейтін адамдарға қант жеудің қажеті жоқ. Қант ағзаны дертке шалдықтырады. Әсіресе рафинацияланған шақпақ қант пен құмшекер.

Көмірсулар - тағамдардың ең негізгі бөлігін құрайды. Адам ағзасының физиологиялық мөлшері (нормасы) болады. Ол үшін адам 247—602 көмірсуларды пайдалану керек. Олар жеген тамақ-тармен ағзаларға келіп түсіп отырады. Физкультурамен айналысқан немесе өте ауыр физикалық жұмыс істеген адамдар, көмірсуларды коп пайдаланады. Ағзаға ауыр жүктеме түскенде, көмірсулар биологиялық жолмен жанып кетіп отырады. Өйткені ағзаға энергия қажет. Әйсл адамдар ерлерге қарағанда 15 % көмірсуларды аз пайдаланады.

Ағзаға көмірсулар өсімдіктерден өндірілетін азық-түлік арқылы келіп түседі. Олардың ішіндегі ең маңыздысы крахмалдар. Олар астық дәндерінде және картофельдерде көп болады. Қанттардан адам ағзасында гликоген (мал крахмалы) түзіледі. Гликоген орталық нерв жүйесін реттеп тұратын органикалық қосылыс. Ол ағзаға — бауырда жиналады. Мөлшері үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Кейбір кездерде гликогеннің мөлшсрі көбейіп, кейде азайып кетіп тұрады. Әдетте бір қалыпта тұрақты болып тұрғанда денсаулық жақсы болады. Қанттарды мүлдем жемей қоюға тағы да болмайды. Азғантай мөлшерде жеп отырған жен. Көп жесе адам толып кетеді де ғұмыры қысқарады. Ішектегі микрофлоралар не азайып, немесе көбейіп кетеді. Көбейіген кезде ағзаға май көп жиналып атеросклероз дами түседі. Жас кезде күніне 100 г қант жеуге болады. Ал 40-тан асқаннан кейін күніне 50—60, қант жеген дұрыс.

87

Белок тәулігіне 80—100 г, оның ішінде 55 % жануар белогы, 50—45 % өсімдік белогы. Тәулігіне ағзаның 1 кг массасына 1—12 жастағы балаларға бұл қажеттілік көбірек — тәулігіне — 1,5 г/кг, дене массасына, әйел екі қабат болғанда 3—4 — 1 кг ағза масса-сына болуы тиіс.

Май тәулігіне 80—100 г., оның ішінде 25-30 г өсімдік майы, 30— 35 % сарымай, қалғаны — тоң май. Артық тамақтану, гиподинамия — май қорын көбейтеді (ағзаның артық массасын туғызады).

Көмірсу тәулігіне - 400—500 г керек, оның ішінде крахмал — 70 %, кант - 20 %, пектин заттар - 3 %, клетчатка (жасушақ) — 2 %, ішіп-жейтін тамақтың калорялық қуатын есептеп, шығарып отыру керек. Оны әрбір сауатты және саналы оқыған адамдар лезде есептеп шығады. Ағзада энергиялық және валеологиялық тепе-теңдік баланс) жасалынуы керек. Яғни ағзаға тамақпен түскен энергия (тағамның қуаты — калориясы) ағзаның энергиялық және биологиялық шығындарына сайма-сай теңестірілініп тұруы керек. Тағамдардың калориясынан (қуатынан) ағзалардан босайтын энергия 5 % — артық болмағын. Медиктер (Х.Қ.Сәтбаева және басқалар, 1999) дұрыс деп санайды. Тағамдардың ұтымды болуы үшін тағам ішудің дұрыс ғылыми тәртібі болады. Оның тәуліктік саны мөлшерін, мерзімін, дұрыстап алдын ала жасап қоюдың денсаулық үшін маңызы айрықша.

Тамақты мөлшерден артық ішу ағзалардағы май қорын көбейтіп жіберіп, денсаулыққа зиянын тизгізеді. Ағзаның массасы жоғарылайды — ағзада артық май қоры жиналады. Денсаулық үшін бұл құбылыс пайдалы деп айта алмаймыз.

Артық ағза массасы - гипертония, қант диабеті, жүрек қыз-метінің жеткіліксіздігі, қоректен семіру - тағы басқа көптеген аурулардың пайда болуына себепкер болады. Өмірге қатерлі факторлардың қатарына талапсыз кіре алады.

Артық ағза массасы — адам мөлшерінен көп алған кезде, ягни ағза массасы тиіс массасынан асьш кеткен де байқалады. Шынайы ағза массасы процентгік ауытқу санына қарай толудың-семірудің тор деңгейін анықтайды (Х.Қ.Сәтбаева жөне т.б., Алматы, 1999).

І-деңгей 15-29 %.

ІІ-деңгей 30-49 %.

Ш-деңгей 50-100 %.

ІҮ-деңгей 100 % аса.

Сондықтан да қалыпты ағза массасын сақтау — денсаулықтың негізгі қайнар көзі. Қалыпты массаны сақтау үшін көптеген әдістер, тәсілдер, методикалар, ұсыныстар қажет.

88

Қалыпты ағза массасына сақтаудың жолдары (Х.Қ.Сәтбаева және т.б. бойынша, 1999). Олардың анықтауы бойынша ағза мас-сасын сақтаудың 7 принципі бар екенін көрсетеді.



1. Тағамның түр-түрін пайдалану.

2. Массаны тұрақты бір қалыпта сақтаудың қажеттігі.

3. Тағам мөлшерінде (рационында) холестерин мен май көп заттар болмауы керек.

4. Қантты аз пайдалану.

5. Ас тұзын және тұзы көп тағамдарды көп ішіп-жемеу, сәл ғана жеп, дәмін тату.

6. Жеміске, көк көніске бай және дәмді өсімдіктерден да-йындалған өнімдерден тұратын тағамдарды көбірек пайдалану.

7. Егер арақ-шарап, сыраға көңіліңіз ауса шамалап қана ішуге болады және қалыпты массаны сақтап тұрудың, екі амалы бар екенін (Х.Қ.Сәтбаева және т.б. басқалар айтады).


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет