Санжарга, Айманға



бет6/19
Дата29.01.2018
өлшемі5,37 Mb.
#35724
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

3.3. Дененшынықтырудың

және биохимиялық негіздері

Дененшынықтырумен Ресей халықтары көне заманнан бері айналысқан. Орыс деревняларында ыстық моншаға түсіп, оның буына қаныққан адамдар далаға шығып алып қарға аунап, қайтадан ыстық моншаға түсіп буға оранған. Мұның өзі денсаулықтың негізі еді. Сондықтан да орыс адамдарының дені әр қашанда сау болған. Қазақтар күндіз-түні далада мал бағып, денесін үнемі шынықтырып жүрген. Белгілі бір жағдайларда адам өз ағзасының ауа-райының қолайсыз әсерлерімен және айналаны қоршаған сыртқы орта факторларынан қорғаныс қабілетін күшейте түседі. Бұған жүйелі және ұтымды түрде жасалған валеологиялық жаттығулар жасаумен қол жеткізуге болады. Ағзаны шынықтыру деп осыларды айтуға болады.

Әдетте шынықтыруды ағзаның суыққа деген төзімділік тұрақ-тылығының деңгейі деп кейбір ғалым-физиологтар мен медиктср түсіндіреді. Өйткені суыққа деген жоғары сезімталдылық қалыпты жағдай бойынша тұмаумен (грипп) қосақталып келіп, ағзаны нашарлатады. Ең алдымсн тыныс жоддары қабынып, мұрыннан үздіксіз су ағады. Ағзаның температурасы кенеттен жоғарылайды. Алайда шынығуды тек дерттің алдын алудың тәсілі деп түсінудің қажеті жоқ, сондай-ақ, ағзаның қорғаныс қасиетін жоғарылататын және сан алуан климаттық жағдайларда қызмет етуге қабілет-тіліктің төмендеуі деп түсіну керек.

Шынығудың физиологиялық-биологиялық негізі ағзаның айналаны қоршаған сыртқы ортаның факторларына сай икемділік мүмкіндіктерін белсенді түрде дамытады.

Шынығу кезінде ағзаның біріншіден, айналаны қоршаған сыртқы орта факторларымен арадағы биологиялық тепе-теңдікке жету, екіншіден, ағза ішіндегі физиологиялық-биохимиялық үрдістер арасындағы бұзылмаған қальшты сақтау. Айналаны қоршаған сыртқы орта факторларымен қашан да, қай мезгілде, жыл маусымдарында болмасын ағза биологиялық тепе-теңдікті сақтай алса, онда адам ұзақ уақыт өмір: сүреді. Ғұмыры ұзақ

59

болады. Ал егер, биологиялық тепе-теңдік бұзылған кезде, онда адам тіршілік үрдісін тоқтатады. Тіпті қальшты жағдайдың өзінде де ағзада қалыптан тыс ауытқулардың үзіліссіз өзара ықпал әрекеттері өтіп отырады. Олардың керекті ағзаның икемдегіш типтік-тегершіктермен жедел жөнге келтіріліп отырады. Бұл табиғат күшіне байланысты жүреді.



3.4. Денешынықтырудың негізгі қағидалары мен жағдайлары

1) Біртіндеулік; 2) жүйелік; 3) адамның денсаулығының ауытқуына байланысты жеке бастың аутогендік ерекшелікгерінің есебі; 4) дене шынықтыру үрдісінде күн энергаясын, суық суды және ауаны кешенді түрде пайдалану; 5) күнге қыздырыну. Күн сәулесінің энергиясын емдікке халық ежелден пайдаланып келеді. Әдетте күн сәулесінің радиациясы үш түрден тұрады. 1) Төте радиация; 2) шағылысу; шашыранды радиация; 3) ультра фиолетті.



3.5. Атмосфералық ауа арқылы денені шынықтыру

Атмосфералық ауамен адамзат баласы бірге өсіп, біте қайнасып келе жатқан ежелгі тіршілік тірегі. Оттек — бүкіл тіршілік дүниесі. Ең бірінші қажетті заттарының бірі. Онсыз өмір жоқ. Өкпе бір минуттың ішінде 12-13 литрдей, ал тәулігіне 7280 литрдей оттек жұтады да, көмір қышқыл газын бөліп шығарады. Сөйтіп, олар ауаны бұзады, ал жасыл, өсімдік күн сәулесінің әсерімен (энергиясымен көмір қышқыл газын сіңіреді де, оттекті атмосфералық ауаға бөліп шығарады. Қай жерде жасыл өсімдіктер көп өссе, сол жердің ауасы өте таза келеді. Әсіресе орман-тоғай іші. Адам ағзасына әсер ететін негізгі фактор атмосфералық ауаның температурасы.



3.6. Таза ауа — тіршілік кепілі

Адам әрекеті тек жер бетіндегі суды ғана емес ауаны да ластап келеді. Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жануарлардың денесіне сіңеді жене жер бетіне шөгеді. Кейде оларды жел

60

алғашқы шыққан орнына мындаған километр жерге айдап апарады. Міне сондықтан да газ немесе қатты зат түрінде бөлініп шығатын заттардан ауаны қорғау адам денсаулығы үшін де, тіршілік үшін де үлкен мән алады.



Осы уақытта ауаға улы қосындыларды жібермеу, адамзат баласының алдында тұрған үлкен проблемалардың бірі.

Ауаның әр түрлі жолмен былғануы атмосферада бірте-бірте

түпкілікті мутагенді өзгерістср тудыратыны анықталып отыр.

Мысалы, қалалардың үстін, 2000—2500 м биіктік көлемінде, әр

түрлі газдар мен ұсақ бөлшектерден тұратын қарақошқыл (не

тұман екені, не бұлт екені белгісіз) түтін басып тұрады. Осындай

көрініс Алматы қаласына тән құбылыс. Осындай құбылстардан

қала ішіне күн сәулесінің ультракүлгін сәулесі жетпейді. Осыған

байланысты қала ішінде неше түрлі жұқпалы ауру тарататын

микробтар көбейіп кетеді. Олар неше түрлі көз, тері өкпе

дерттерін адамдарға дарытады. Адамдар көп мөлшерде ауруға

шалдығады. Әсіресе тұмау адамдарды әбден әлсіретіп жібереді.

Арнаулы түрде жүргізілген деректер бойынша, жаз айларында

күн сәулесінің 20-дан 50 процесінтіне дейін қала үстіндегі

қарақошқыл көрініс тұтып қалатыны анықталды. Қарақошқыл

көрініс күн сәулесінің спектрлік құрамын өзгертеді. Алматы

үстіндегі күн сәулесінің спектрлік құрамында тек 0,5 процент

ультракүлгін сәуле бар екені анықталады, ал тау бөктерлеріндегі

ультракүлгін сәулелердің мөлшері 20 %-ке жететіні белгілі болды.

Өнеркәсіп орындары атмосфераны әр түрлі газдармен және

ұзақ қалқып жүретін майда шаң-тозандармен де ластайды. Әсі-

ресе миллиондаған тонна көмір мен мұнайдың жануы негізінде

пайда болатын көмір қышқыл газының көлемі аса үлкен.

Халықаралық зерттеулердің қорытындылары бойынша, бұл газ-

дың көлемі жылына 0,3—0,5 процент өсіп отыратыны

- анықталды. Ал оның табиғи мөлшері 0,003 %. 1988 жылдан бері

оның көлемі тағы да 1,13 процентке ості. Егер ауаның көмір

қышқыл газымен толықтырылуы жақсы нәтижеге бермейтіні

белгілі. Егер көмірқышқыл газы жинала берсе, онда күн

сөулесінің энергиясы жерге жетпей биосферадағы сулар қатып

қалып мұзға айналады, яғни, мұз дәуірі қайтадан оралуы мүмкін

деген болжам бар. Ал екінші көзқарасқа тоқталатын болсақ,

онда ауада көмір қышқыл газының мөлшері көбейеді де, жер

бетінденгі энергия космос кеңістігіне тарамай калады, ауаның

температурасын жоғарлатып жібереді. Сол себептен жер бетіндегі

мәңгі қарлар мен мұздар еріп теңіздер мен мұхиттардың сулары

көбейіп, деңгейлері көтеріледі, яғни жер бетін топан суы басып

61

кете ме деген болжам бар. Қазіргі кезде ауаның жылынуын көпшілік біледі. Оның күнделікті радио-телевизор хабарлары айтыл жатады. Газет-журналдардан оқып жатырмыз 0,04 продентке дейін СО2 жиналуы ғалымдардың болжауы бойынша, дүние жүзінде тірі организмдерге қолайсыз "парниктік эффект" дейітн құбылысты тудырады. Климат мүлдем өзгеріп кетеді, жылдық орташа температурас 0,8—3 градусқа дейін өседі.



Ауада кейінгі кезде оттектің азаюы байқалып отыр. Өйткені оны көптеген организмдер, неше түрлі транспорттар пайдаланады. Бір автомобиль 1000 километрдей жол жүргендс бір адамның бір жыл ішінде дем алуға жұмсайтын оттектің мөлшеріндей оттекті жояды. Жағылған бір тонна таскөмір 10 адамға бір жылда тыныс алатын оттекті жояды. Тек қана жанар маймен таскөмір ағаш, торф, газ жанғанның өзінде жер жүзіндегі оттектің сұрапыл көп бөлігі жанып, тіршілік дүниесінен жойылып жатады. Бұл жолдарды айлаудың өзі қорқынышты.

Қазіргі кезде атмосфералық ауаның аса көп мөлшерден тыс улануы АҚШ-та болып отыр. Әбден шегіне жеткен өндіріс жүйелері басқа биосфсра байлықтарын аяусыз пайдаланумен қоймай дем алатын ауаны да адам өміріне қауіп туғызатын улы газға айналдырып отыр. Бұның өзі тек Америка халқы емес, басқа да көршілес отырған елдерге нұсқан келтіруде. Өйткені ауа өне бойы бір жерде тұра бермейді. Жел арқылы басқа жаққа ауысып отырады да улы, зиянды заттарды тарата береді.

АҚШ-та жыл сайын ауаға 150—160 миллион тоннадай зиянды заттар қосылып отырады. Яғни жан басына шаққанда бұл әрбір адамға 400—500 килограмнан келеді. Зиянды заттардың жалпы химиялық құрамында 5,2 проценттей көміртектің тотығы, 18 про-цент күкірт тотығы, 12 процент көмірлі өттек, 6 процент азот тотығы, 12 процент әртүрлі заттар бары анықталды. Осындай улы газдардың 60 проценттейі транспорттардан шығады. 150 миллионнан астам автомобильдерден бір жыл ішінде ауаға 100 миллион тоннадай зиянды газдар қосылып отырады. Ал жер жүзінде 300 миллиондай аетомобильдерден ауаға қосылып отыратын улы газдардың көлемі 200—250 миллион тоннадай болады.

Атмосфераның түтін және газ қосындыларымен ластануы адам денсаулығына зиянды құбылыстар туғызады. Бұл құбылыс әсіресе метеорологиялық жағдайдың әсерінен ауа сирек алмасатын қалаларда жиі кездеседі оны смог деп атайды. Ағылшын сөзі - тұман деген мағына береді.

Жер шарының аса ірі қалаларында "фотохимиялық тұман (смог)" түзілу үрдісі жылдан-жылға қарай өсіп отыр. Фото-

62

химиялық тұман (улы қосылыс) өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесіне, сондай-ақ адамзат баласына өте үлкен зиян келтіруде. Осы жағдайларға сәйкес, шет елдің мемілекеттерінде және біздің республикамызда атмосфералық ауаны қорғау мақсатында автомобильдердің қозғаушы күшін жетілдіру, нейтрализатарлар орнату, газбен және электр қуатымен жүретін электромобильдерді шығару проблемалары туып отыр. Сонымен бірге сутек отындарын пайдалану және жанар майлардың альтернативті түрлерін жасау проблемаларын шешу жолдары зерттелуде.



Ауаның жер бетіндегі қабатын автомобиль және өнеркәсіп газдары мен түтіннен тұратын қалың тұман басады. Күн сәулесі жиналған газдарды (фотохимиялық реакция) ыдыратып, әр түрлі улы қоспалар түзеді. Ол кезде адамдардың көзі ауырады, өкпесін улы газ толтырады, үздіксіз жөтеліп тынысы тарылады. Бұл орасан үлкен күйзеліске ұшыратады, жүздеген, мындаған адамдардың өмірін алып кетеді. Міне, 1952 жылы аса зардапты Лондонның түтінді тұманын американ ғалымы Л.Баттонның жазғанын төмендегі тараулардан оқисыздар.

Ортаны қорғау агенттігі 1984 жьшды Америка Құрама Штат-тары конгресіне "Ауаның ластануынан болатын экономикалық зиян" деген баяндама әзірледі. Зиянның жалпы көлемі орта есеппен алғанда жылына 2,3 миллиард доллар болған. 1900 жылы оның көлемі 16,9 миллиардқа жеткен.

1960 жылдардың басы мен ортасында біздің елімізде (бұрынғы СССР-де) химия өнеркөсібі ғана жыл сайын атмосфераға 95 мың тонна изотопты, 12 мың тонна күкірт қышқылды, 30 мың тонна күкіртті ангидритті және көптеген басқа затгарды атмосфералық ауаға таратқан.

Атмосфера ластануының зардабы сан алуан, әрі өте салмақты болып келеді. Күн радиациясының интенсивтілігі шұғыл "төмендейді. Күн сәулесі энергиясының 40—50 процентке жуығын Нью-Йорк және басқада ірі қалалардың атмосферасы сіңіріп тұрады. Бағалы өнімнің көптеген мөлшері жоғалады. Егер біздің ' еліміздің (ТМД-елдерінің) барлық цемент заводтарында жетілдірілген тозаң ұстағыш қондырғылар орнатылған болса, олар өнеркәсіп үшін жыл сайын 2 миллион тоннаға дейін цемент материалдарын сақтаған болар еді. Шаң-тозаң жер бетіне шөгеді де оны ластайды. Нью-Йоркте ғана бір шаршы километр территорияда айына 26 тонна күйе жиналатыны туралы ғылыми деректер біздің қолымызда бар.

63

Планетаның радиоакгивті элементтер мен ластануы (улануы) — саналы және сауатты адамдарға белгілі. Бұл түсінікті дс. Жапонияда атом бомбасын жарылу қасіретінің салдарын сипаттап жазу, атмосферадағы ядролық қаруларды сынауға қарсы шығу біздің барлығмызды бұл зәру проблемаға егжей-тегжейлі қанықтырады.



Ядролық жарылыстың зәрлі сәукелелері бірде-бір сауатты және саналы адамды тыныш қалдыру мүмкін емес. Семей атом полигонінде болған оқиға былай сипатталынады. Атом бомбасын жару үшін жергілікті халықты көшірген сымақты болып, бір жеті күн халықты басқа жерде ұстаған. Ал ауылда үлкенді-кішілі 54 адам қалған, олар атом бомбасы жарылған жаққа қарап қара түтіннің ішінен қызылды-жасылды оттарды көріп тамашалаған. Қараңғы қазақ қайдан білсін! Ол оттардың нағыз жан азабы екенін. Сол адамдардан күні бүгінге біреуі де қалмай барлығы өліп қалған.

Қолда бар ғылыми деректерге қарағанда, Невада штатындағы полигонда 1957 жылдан бастап ядро қондырғыларынан 200-ден астам жер астында жарылыс сыналған. Барлық сынаулардың үштен бірі радиоактивтік элементтердің атмосфераға енуімен байланысты. Атом қаруының сынағы жүргізілетін Невада шөлінде 540 шаршы километрдей алаң уланып кеткен. Аляскадағы атом жарылыстары мұхит суларының радиоактивтік төгінділермен уланған. Бұл кемінде 66 жыл сақталынады деп ғалымдар тұжырым жасайды.

Атом энергетикасы дамып келеді. Мұның өзі радиоактивті заттардың ағуы болмауына ғалым-физиктер, атом саласындағы мамандар кепілдік бере алмайды. Ғалымдар атап көрсеткендей, ядролық технологияның соның ішінде "бейбітшілік"

мақсатын-дағының ең күрделі проблемасы — жоғары активтік заттардың қалдықтары - цезий-137, стронций - 90 және басқаларын сақтауда болып отыр. Қазіргі Америкда осындай қалдықтардың 340 мың тоннасы жинақталған. Бұлардың қоймасы сенімді деп айтуға болмайды. Ричленде, Вашинітон штатында ғана соңғы 15 жыл ішінде осындай ағып кету 16 рет болған. Сыртқы ортаға 1400 тонна радиоактивтік қалдықтар түскен.

1971 жылы Америка сенаторларының бірі былай деп жазды:

Тіпті елде жыл сайын өндірілетін радиоактивті қалдықтардың

бір проценті ғана айналаны қоршаған ортаға түссе, радио-

актиитік қарулану ауқымы жағынан кезінде Хиросимаға

тасталған 100 атом бомбасының жарылыс зардабымен тең түседі.

64

Бірақ атом энергиясы жөніндегі комииссия қалдықтардың қалған 90% қауіпсіз етіп жерлей ала ма?"



Құрылықты радиоактивті зарарлаудан қорғай отырып, мұхитты ластайды. Көптеген қалдықтарды бетон контейнерлерге салып бітеп, мұхиттың ең терең жерлеріне тастайды. Контейнерлердің беріктігі мен бұлар тасталынатын тереңдік қауіпсіздікті біраз уақытқа қамтамасыз етеді. Бірақ қанша уақытқа? Мұны ешкім білмейді.

Цирконий-93-тің радиоактивтік ыдырау кезеңі миллион жылдай, ал цезий-137-тікі үш миллион жылдай болады т.б. Өзімізді радиоактивтік қалдықтардан қауіпсіз ете отырып, кейінгі ұрпақ-тарымыз үшін біз мейлінше қисапсыз да қауіпті қалжыңға басып отырған жоқпыз ба? Бұлар қашан да болсын контейнерлерден сөзсіз шығып, терең сулы мұхит шұңғылдарына шығып кетуі мүмкін ғой.

Басқа да тастандылар бар. Олар радиоактивті емес, алайда өте қауіпті тұтынушы өзіне-өзі қызмет ететін магазиннен сіз күні бұрын өлшеніп, целлофан қапшыққа орап салынып қойылған конфеттерді сөреден аласыз. Сіз өзініндің ұлыңызға сыйға тартатын плюш аюды синтетикалық мөлдір қапшыққа мүқият оралып, сырты өсем бантпен байланған. Шампунь немесе ваннаға арналған қылқан сүйығы жұмсақ пластик флакондар сатылады. Біздің тұрмысымызда товарды көріктендіретін химиялық ыдыстар биосфераға түседі де, оны ластайды.

3.7. Денені суық сумен шынықтыру

Табиғаттағы суық сумен дене шынықтыру ежелден келе жатқан әдістердің бірі. Суық суды бірнеше зорлық пен зомбылыққа пайдаланғаны туралы қолымызда ғылыми деректер бар. Орыс патшасы Иван Грозный Еділ өзенінің бойындағы татарларды Еділдің мұздай суына шомылдырып кристиан дініне бағындырған деседі.

Денені сумен шынықтырудың жолдары өте көп

(сүртіну, шомылу, суға түсу, қыста суға түсу, морождану, душ, монша), П.К.Ивановтың "Қарғаш" сауықтыру жүйесі. Мұздай суға түсу осы шараның қағидаларын ескереді. Практикалық ұсынылымдар мен сілтемелерді бұлжытпай қатаң түрде орындау керек. Егер олар дұрыс орындалса, онда ағзадағы өзгерістер қалыпты мөлшерде өтеді. Сондай-ақ, өкпенің тіршілік ету аймағы кеңейеді, шеттік қандағы эритроциттер мен лейкоцидтердің санымен

65

сапасы артады. Жүрек бұлшық еттің қабілеті жақсарады. Бір минут ішінде жүрек арқылы өтетін қан мөлшері көбейеді.



Қыс айларында суық суға түсу адамның психикалық қызметіне де үлксн психикалық әсерін тигізеді, осының нәтижесінде адамның ақылы өседі. Еске сақтау үрдісі қыйсапсыз көп мөлшерде артады. Адамның көңіл күйі арта түседі. Қыста суык суға түсуге мені алып келген ағзамдағы ауру еді деп баяндайды С.А.Назарбаева. Ол туралы біз (Ж.Ж.Жатқанбаев, С.А.Назарбаева - педагог, валеолог, ұйымдастырушы деген кітабымызда, Алматы: 2000 орыс тілінде жазған болатынбыз). Оқимын дейтіндерге бұл кітапты тауып беруімізге болады. Тек мына адреске хабарласуға болады, Алматы қаласы, Шоқан Уалиханов көшесі, 107 үй, 18 пәтер Ж.Жатқанбаевқа (г. Алматы, ул. Ш.Уалиханова, дом 107, кв. 18, индекс 480100).

Монша. Бу шығарар қайнау көзіне ие болған бу шығарып алу әдістеріне орай,- моншаның сан алуан сипатындағы монша түрін айырады. Рим, араб, түрік, фин- саунасы, орыс буландырылған (ғажап көрініс) сонымен қатар Жапониядағы Сэнино және офуро.

Моншаның түрлі бөлімдеріндей температураның алмасуы қан тамырлары үшін гимнастика сияқты, мүмкін одан да артық әсер етуі сөзсіз. Біресе кеңейіп, біресе тартылуы, олардың мойыс-қақтық икемділігі айтарлықтай түлетіп оңайтады. Су мсн адам арасындагы байланыс көне заманнан бері қарай қалыптасып келе жатқан жағдай. Сондықтан да табиғаттың өзі жаратқан суына жан-жақты тоқтатылып өткенді біз жөн көрдік.



3.8. Су - тіршілік тірегі

Әйтсе де, сыртқы ортаны, суды, ауаны қорғауға заңды түрде шара қолданбайтын бірде-бір мемлекет жоқ. Тіпті теңіз суын қорғау зиянды заттарды шығарудың технологиясын реттеу және қалдықтарды барынша азайту жөнінде халықаралық келісімде жасалған.

Бұл шаралар бұлжытпай іске асыру да керек етеді, себебі ауаның, судың топырақтың ластануы ең ақырғы шегіне жетті. Әсіресе бұл проблема халық өте жиі орналасқан өндірістік аудандарда тым үлкен орын алып отыр. Улы заттар бұл орындардан өзен суларымен, теңіз ағыстары және жел арқылы мындаған километр алшақ орналасқан аймақгарға тарап, жер шарының алыс түпкірлерінс қауіп тудырады.

66

Кейінгі жылдарда ластайтын қалдықтардың кәдімгі түрлеріне жерді радиоактивтік заттардың улау қаупі қосылды. Ал оның зиянды әсерлері жердің тек белгілі аймағымен ғана шектелмейді.

Судың ластануына әсіресе өнеркәсіп қалдықтарының қосылуы аса қауіпті. Қалддықтардың химиялық құрамының әр түрлі болуына сәйкес, олардың тигізер әсеріде әр түрлі. Мысалы, мұнай өңдеуден шыққан қалдықтар су бетін үлкен қабықпен жауып, оттектің алмасуын қиындатады. Үй тұрмысында және өнеркөсіпте өте көп мөлшерде қолданылатын синтетикалық детергенттер деп аталатын жууға қолданылатын заттардың әсері де мұнай қалдықтарымен бір бағыттас.

Сондай-ақ ол судың оттек бойына сіңіру қабілетін төмендетеді және органикалық заттары ыдырататын бактерияларды құртып, балықтарды улайды. Өңдеу кезінде бөлінетін басқа да өнеркәсіп қалдықтары, мысалы, мырыш, мыс, қорғасынның әр түрлі тұздары мен көмірді кокестеу кезінде пайда болатын фенол, цианидтер негіз ретінде әсер етеді. Енді біреулері (қыш-қылдар мен негіздер) судың электролиттік қасиетімен пайдалы және зиянды микроорганизм-дердің ара қатынасын өзгертеді. Бұл заттардың қайсысы болса да суда бұрын болмаған (немесе аз мөлшерде ғана кездесетін) бейтаныс қосындылар. Сондықтан да олардың ыдырауы суда өмір сүретін организмдерге қауіпті.

Суға түскен органикалық заттардың ыдырауы ең алдымен аэробтық (оттекпен тыныс алатын) микроорганизмдердің қаты-суымен жүреді. Бұл ретте көбіне зиянсыз қарапайым заттар тү-зіледі. Әрине бұл процесс органикалық қоспалар белгілі мөлшерде түскенде ғана қалыпты жүретіні белгілі.

Суды ластайтын заттардың көлемі артқан сайын оны ыдыратуға өтс көп мөлшерде оттек жұмсалады. Бұл оттектің судағы концентрациясын азайтады және сондай-ақ, ыдырау процесін оттексіз жүргізетін анаэробтық микроорганизмдердің санының артуына жағдай жасайды. Бүл жағдайда түзілетін заттардың сапасы бөлек. Онда метан, аминдер, күкірт және фосфор улы қосындылары пайда болып, су саси бастайды. Оттектің азаюы мен улы қосындылардың көбеюі бірінші кезекте балықтардың қырылуына, онан кейін су өсімдіктердің силеуіне әкеп соғады. Сөйтіп, бұл тіршілік ортасы су біртіндеп кедейленеді.

Ең ақырында судың ластануының зардаптарын адамның өзі және оның шаруашылық қажеттері тартады. Әзірде тұщы су қорының басты көзі өзен болып есептеледі. Ал оларды органикалық және минералдық қоспалардан тазарту өте қиын және қымбатқа түсетін іс. Осы ретте адамның денсаулығына келетін

67

қауіп мөлшері үлкен. Себебі ең соңғы техникалық жетістіктерге негізделген тазарту системалары да суда кездесетін кейбір зат-тардан толықтай тазартады деп айту қиын.



Судың ластануы өнеркәсіп салаларына да үлкен зиян келтіреді. Онда кейбір химиялық заттардың көп болуы суды сүзу қондырмаларына, химия, қағаз жасау және тамақ өнеркәсіптеріне пайдалануға жарамсыз етеді. Сондықтан да мұндай сулар алдымен қосымша өндеуден өтіп, өнеркәсіпке пайдаланылады да, артынан оған тағы да бірнеше улы заттар (жаңа технология негізінде) қосылып, өзенге жіберіледі.

Тұщы судың ластануы қоғам алдында тұрған үлкен проблема. Оның зардаптарының тіршілік үшін және адамның өз денсаулығы үшін қаншама ауыр жүк екенін түсіндірудің қажеті жоқ. Сондықтан да қазірде барлық елдерде суды тазарту мәсслесі бірінші басты проблема ретінде саналады. Ал қазақ жеріндегі суларды тазарту проблемасы зор роль атқарады.

Өнеркәсіп қалдықтарымен теңіз сулары да қатты ластануда: негізінен алғанда ол әр түрлі қалдықтарды көметін орынға айналған. Әрине, теңізге түсетін заттардың көлемінен теңіздердің көлемі әлде неше есе артық, онда жүретін физикалық және биохимиялық процестердің нәтижесінде бұл заттар тез арада зиянсыз қалыпқа өзгереді деп айта алмаймыз. Бірақ кейбір теңіз аймақтарының, әсіресе, құрлық жағалауларының қайта ластануы үлкеи зиян келтіретіні белгілі.

Мысалы, Солтүстік Америка мен Европаның әйгілі жаға-жайлары (пляждары) жағалауға жақын орналасқан қалалардың қоқсықтармен ластанатыны белгілі болды.

Теңіз суларының ластануы сонымен бірге суда тіршілік ететін организмдердің ара қатнастарын бұзып, зиянды түрлердің көбеюіне жол ашады. Өзеннің құйылар ағысында улы заттардың артуы тұщы суға уылдырық шашуға шығатын балықтардың көтерілуіне кедергі жасайды.

Егер басқа химиялык заттар теңіз суларында біраздан кейін тазаланады деуге болады, ал басқа қалдықтардын, биологиялық жолмен тазалануы мүмкін емес. Өйткені ластанған суларға қо-сындыларды ыдырататын микроорганизмдер қырылып қалады. Жоғарыда ескерткендей мұнай су бетін үлпек қабықпсн жауып, ауа жібермейді және өте жай ыдырайды. Осы себепті ол барлық мемлекеттерді де ойландыратын ірі мәселеге айналды. Осы уақытта сол үшін танкерлерді жууға жуындыны жағалаудан 50 миль жақынға тегуге тиім салынған. Әйтседе, жағалаулардың ластануы жылдан-жылға артып келсді, себебі мұнай көбіршіктері

68

әдетте толқындармен жағалауға жиналады және кейінгі уақытта мұнай тасымалдау қисапсыз көп мөлшерде өсіп кетті.



Теңіз суларын мұнай қалдықтарымен ластауда негізгі рөлді танкерлер атқарады. Қалдықтар суға кеме резервуарларын жуғанда немесе олар апатқа ұшырағанда қүйылады, әсіресе, ірі танкерлердан күйреуі аса қауіпті. Бұл уақытта суға 200—300 мың тоннадай мұнай өнімдері теңіз суларына ақтарылып, орасан зор алқапқа жайылады. Оның әсері барлық тірі организмдерге бірден қауіпті.

Мұнай қалдықтарынан әсіресе құстар ауыр зардап шегеді. Мұнаймен ластанған суға қонғанда, олардың қауырсындары майланып, жылу ұстайтын және су жұқтырмайтын қасиетін

жоғалтады. Осының нәтижесінде тері астына қан үийды да өліп қалады, Судың мұнай мен ластануынан жылына қаншама құстар қырьшатынын есептеп шығу мүмкін емес. Себебі, олардын көбі ашық теңіздердің үстінде қырылып қалады. Мұның қаншалықты қауіпті екенін мынадан көруге болады. Мысалы, 1996 жылы Ньюфаулендте әрбір миль жағалауда 464 каир өліктері табылған. Егер бұл санға осы себептен өлген тағы басқа он бір түрлі құстардың өліктерін қоса есептесе, бұл шама тағы да бірнеше есе өскен болар еді. Осындай жағдай Атлантика мұхтының екі жағалауында жиі кездеседі, себебі оны көптеген құстар қыста қоныс етеді. Теңіз суының мұнай қалдықтарьшен ластануы суда өмір сүретін сүтқоректілерге де үлкен әсср еді. әсіресе, бұл теңіз қамшатының өміріне тікелей қатынасты. Бұл аңның терісі дүние жүзінде жоғары бағаланады. Біздің қазақ жеріңде бұл аң көп мөлшерде кездеседі. Бірақ оны қалай болса, солай аулауға тиым салынған.

Су бетін үлпек жұқа көбікшемен жабатын мұнай қалдықтары микроорганизмдер мен кішірек жәндіктердің де тіршілік негізін, күрт өзгертіп жібереді. Олар түгелдей қырылып қалады.

Теңіз суының мұнай қалдықтары мен былғануы адамға да тікелей қауіпті. Мысалы, осы уақытта асқа пайдаланылатын устрица және моллюскалар денелеріндс рак ауруын туғызатын бензприн сияқты улы заттар жиналатыны белгілі болып отыр. Бұл заттың моллюскалар денесіне қалай жиналатыны туралы биология ғылымдарында белгілі ғылыми деректер осы күнге дейін жоқ.

Бірақ, жорамал ретінде оның моллюскалардың денесіне бензприннің жиналу себебі қоректік заттар арқылы келуі мүмкін. Мысалы, су түбіндегі тұнбада мұнай қалдықтарынан пайда болған көптеген қосылыстар бар екені анықталып отыр. Олармен моллюскалар қоректенуі мүмкін.

69

Мұнай қалдықтарының зиянды әрекеттерін болдырмайтын қандай шаралар бар? 1954 жылы Лондонда кемелерді жуған суды шектелген жерден тыс төгуге тиым салған халықаралық келісім шарт жасалынады.



Теңіздегі тіршілік иелерінің байырғы қатынасын сақтаудың басты шарты теңізге ешқандай мұнай жуындыларын төкпеу ғана болуы мүмкін.

3.9. Шу экологиялық фактор

Ауаны ластаудың ерекше бір түрі — шу. Ол зор әлеуметтік мәні бар факторға айналып отыр. 30 децибелге дейінгі әлсіз шу (жапырақтың сыбдыры, баяу естілетін музыка) адамға жайлы естілді, ал 20—120 децибелдін гүрсіл (жүк машинасының, реак-тивтік самолеттің, пневматикалық балғаның, дискотекадағы му-зыканың дыбысы) нерв жүйесін тітіркендіріп, адамның денсау-лығына да айтарлықтай зиян етеді. 60-70 децибелден басталатын даңғаза шу адамның есту қабілетін әлсіретеді, мұндай жағдай балаларда 45 децибелден кейін-ақ басталады. 80 децибелдік шу адамның ойлау қабілетін нашарлатады, артерия қысымының тербеліс өрісін арттырады, айналадағы өрістерді қабылдау қабілетін әлсіретеді. Шудың ұзақ уақыт әсер етуі вегетативтік нерв жүйесін шайқалтып, қан айналымын бұзады, гипертонияға әкеп соқтырады. 90 децибелдік шу адамды мүлде саңырау етеді. Жалпы алғанда, шу адамның дене және рухани денсаулығына қатер төндіреді.

Адамның айналасындағы шу көздері толып жатыр және олар алуан түрлі. Олардың ең бастылары — транспорт құралдары, өнеркәсіп және тұрмыс кәсіпорындарының техникалық жабдық-тары, желдету, газ турбина және компрессор қондырғылары, самолет двигательдері мен іштей жанатын двигательдерді сынау станциялары, әр түрлі аэро-газ динамикалық қондырғылар.

Тұрғын үйлерде, мектептерде, ауруханаларда, халық тұратын және тынығатын орындарда едәуір шу байқалады. Бұл халықтың нерв жүйесін қоздырып, тынығуға кедергі жасайды.

Организмнің ерекшелігіне және шудың дағдылы көріністеріне қарай шу адамға түрліше әсер етеді. 40 децибелден төменгі шу психикаға әсер етеді деп есептеледі. Шудың тітіркендіруші әсері оның шамасына, спектрлік және уақытша сипаттамаларына байланысты.

Қазақстан өкіметінің территориясында қабылданған регламент бойынша аурухана мен санаторийларда 35 децибел тұрғын

70

үй кварталдары класс бөлмелері жәнс оқу аудиториялары үшін — 40, стадиондар мен вокзалдар үшін — 60 децибел. Сонымен бірге транспорт құралдары үшін сыртқы шудың шекті нормасы белгіленген — 82—85 децибел.



Жиілігінің құрамына қарай барлық шуды төменгі жиіліктері орташа жиілікті, жоғары жиілікті деп 3 класқа беледі. 1. Төменгі жиілікті шу (дыбыс өткізбейтін кедергілерден — қабырғалардан, тосқауылдардан өтетін баяу жүрісті, соққысыз агрегаттардың шуы) — спектрдегі ең көп деңгей 300 Гц жиіліктен төмен. Шекті деңгейі - 90-100 децибел. 2. Орташа жиілікті шу (көптеген машиналардың, станоктар және соққысыз агрегаттардың шуы) — спектрдегі ең көп деңгейі 85—90 децибел. 3. Жоғары жиілікті шу — соққысызды агрегаттар, жоғары жылдамдығы ауыр ауа мен газдар ағымы шығаратьш сыңғырлаған, ызыңдаған, ысылдаған шу - спектрдегі ең жоғары деңгейі 800 Гц жиіліктен кеп орналасқан. Шекті деңгейі 75-80 децибел.

Осы үш класқа жататын шудың бірінде де сөздің түсінікті бо-луы көрсетілгсн. Шекті дсңгей мен спектрдің қосымша міндетті -шарты болып есептелінеді, атап айтқанда бір қалыпты шыққан дауыс сөйлеушіден 1,5 м қашықтықта жақсы естілуі тиіс.

Шудың деңгейі объективті шу өлшеуішпен - ал жиілік -спектрлері — тілкемді сүзгілері немесе анализаторлары бар шу өлшеуіштері мен өлшенеді.

Шудың зияндылық дәрежесі негізінен алғанда оның күшімен, жиілік құрамы мен — спектрімен, әсер ету ұзақтығымен және реттілігімен анықталады.

Жоғары жиілікті, яғни құрамында жоғары жиіліктегі дыбыстар басым болатын шу төменгі жиілікті шумен салыстырғанда едәуір зиянды. Сондықтан да шу күшінің шекті деңгейі оның жиілік құрамына қарай белгіленеді.

3.10. Ғұмыр бойы үйрен (век живи - век учись)

: Балалық шақ... ойыңда жекелеген үзік-үзік оқиғалардан бас-қадай ешқандай фактілер қалмайды. Балаларды биосфераға дұрыс көз қараста тәрбиелеудің айналамыздағы "Қорғансыз жөндіктерді", "көгалдар мен орман-тоғайларды". Корғауға үйретудің айрықша маңызы бар. Ал мұнымен кім шұғылдануы керек? Баланар бақшасымеи тәрбиешілердің білімі жете бермеуі мүмкін.

71

Ата-аналары ше? Олар биосферадан бір нәрсе әкелгенін мадақ-тайды.



Биосфераны қорғау проблемаларын дер кезінде және тиімді шешу үшін әрине маман керек, халық шаруашылығы салаларында биосфера байлықтарын пайдалану процестеріне тікелей қатысатын, басқаратын адамдардың биосфераны қорғау жүйелерінен хабары, тиісті білімі болуы керек. Маусымдық "түсім болса болғаны, ендігі жылы тағы да көре жатармыз, өзімізге жетсе болды — келешек өзі ойластыра берер" деушілік биосфераға жүрмейді.

Жас балалар экологиялық әлемнің алғашқы әліппесін жақсы білулері керек. Көпшілік жағдайда жастардың биосфераға көз-қарасы, турасын айтқанда онша емес, олардың биосфераның заңдылығын түсінбеушілігі мен селқостығы биосфераға қаншама зиян келтіреді десеңізші! Мектептегі биология пәнінің мұғалімі күллі оқулшыларға биосфера жөніндегі көзқарасты толық түсіндіре алу мүмкін бе? Жоқ мүмкін еемес. "Жалғыз адам жауынгер емес" деген қағида осындай да дәл келеді.

Кейінгі жылдары биосфераның қорғау негіздерін үйрету мәсе-лелерімен көптеген оқытушылар, ғалым-биологтар шұғылдануда. Биосфераны қорғау (оның биоресурстарын) тиімді пайдалану туралы баспасөз беттерінде, радио мен телевидение де көп айтылып, көп жазыльш жүр.

Қазіргі кезде бисфераны қорғау және экология проблемалары бастауыш сыныптардан бастап, жоғары сыныптарға дейін (сьшыптар — қазақ әдебиетіндегі терминологая) оқытылып келеді.



Шет тілі. Бұл пәннің сырттай қарағанда биосфераны қорғауға қандай қатынасы бар деген сөз ойға келеді. Орта мектептерде шет ел тілі пәнінің оқытушысына биосфераны қорғау материалдарын көбірек пайдалан деп ешкімде міндеттемейді. Дегенмен бұл пәннің өзінде де көптеген мүмкіндік бар, ал осы мүмкіндіктер пайдаланбау оқытушыға келіспейді. Ағылшын тілі сабағында биосфераны қорғау туралы не айтуға болады.

Адамзат баласының биосфераға келтіретін зиянын ағылшын тілінде айтып беруге әбден болады. Шет елдердегі биосфераны қорғау, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдікгерді өсіріп, көбейту жөніндегі ең жақсы ұйымдастырылған тәжірибелерін баяндау. Интернационалдық — достық клубында биосфераны қорғауды наси-хатгау секциясын ұйымдастырып, шет елдегі мектеп оқушыларына Қазақстанның әсем көрінісі мен байлығын таныстыру.



72

Биосфераны қорғау проблемасын химия пәнімен қалай байланыстыруға болады? Химия өнімдерінің егіннің, бау-бақшаның өнімділігін арттырудағы, адамға зиянды жәндіктермен және өсімдіктермен күресудегі сиқырлы күшін оқушыларға әңгімелеп беру. Сонымен қатар, химиялық препараттардың ат-мосфераны, су мен топарақты былғайтынын ойға түсіру керек. Мұның бәрін жергілікті мысалдармен дәлелдеу.

География сабағында "Қазақстанның биосфера байлығы тау-сылмайтын қазына емес". Орман-тоғайларды қалай болса, солай кесу суды, атмосфералық ауаны ластауға болмайтынын түсіндіріп отыру керек. Белгілі бір цифрларды мысалға келтіре отырып, биосфера байланысының таусылмайтын дүние емес екеніне көз жеткізу.

1000 гектардай самырсын өскен тайғаны жаппай кесу шамамен 200 мың текше метрдей құрылыстық ағаш береді. Әр текше метр ағаштың сатылу құны 2040 мың, немесе жинақтап алғанда 2 миллион теңгедей.

Ағашты жаппай кеспе, орман-тоғай ресурстарын ұзақ уақыт бойы комплексті түрде пайдалану керек. Қандай киім алуымыз мүмкін? Аумағы мың гектар жердегі пісіп жетілген самырсыннан жылына орта есеппен (ең аз шығымын алып отырмыз) 250 центнер самырсын жаңғағын, 100 центнер жидек, сондай мөлшерде саңырауқұлақ, біраз мөлшерде шырыш және емдік, техникалық шикі заттар алуға болады. Аңшылық өнімдерін де ұмытпаңыз. Жыл сайын "кіріс бөлігіне" 5—6 бұлғын, 20—30 ақ тиін, сасық күзеннің, ақ қоянның шұбар тышқанның және басқа да (қымбат терлі аңдардың, біраз терісі алынады. Бұған орташа салмағы 150 килограмдай бір маралдың немесе бұланның және бірнеше ондаған меңгіреу құр мен бұлдырықтың етін қосыңыз. Күллі киімнің сатылу бағасының жалпы құны 150 жылдың ішінде 7,5 миллион теңгедей. Әр жылга шаққанда бұл шамамен 50 мың теңге.

Биосфера қорғауды үйретудің басқа да толып жатқан жолдары бар. Көптеген елдердің қорықтарында, ұлттык, паркеттерінде, қала мен поселка маңына орналасқан ландшафтылы заказниктерінде арнайы оқыту соқпағы орналасқан, онда ботаниктер, зоологтар, орманшылар, экологтар оқушыларға биосфера тіршілігін таныстырады.

Кейде ол соқпақ жолдар мектеп оқушылардың оқытуға арналған табииғи учаскенің бір бөлігі болып саналады. АҚШ-тың Катламент қаласыньщ маңында орналасқан учаскенің

73

жұмысы осыған мысал бола алады. Учаскенің аумағы 40 гектар. Оны биосфера ресурстарды, андар мен балықтарды қорғайтын штат департаментінің мұғалімдердің, орман өнеркәсібі фирмасының бірлесе күш салуымен құрыдды. Өзен жағасындағы ағаш арнасынан төрт айналма сүрлеу жол салынған. Топырақтың тік қимасын зерттеу мақсатында терең ор қазылған, учаскенің инвентарлық картасы жасалған.

Мектепке дейінгі балалар мен бірінші сыныптың оқушылары осы бір мектеп жанындағы сүрлеу жолды (ол өзен бойымен ені 45 метр ағаш ескен алқапты және тік қазылған ордың жанынан өтеді) пайдаланылады. Осы соқпақ жолда екінші сыныптың оқу-шыларының көмегімен ағаш түрлерін айырады әуелі оқушылардың байқағыштығын және аңғарпаздығын жетілдіру мақсатында, бір өсімдіктің аты аталып, оған қысқаша сипаттама жатқызудың айрықша маңызы бар.

Үшінші сыныптың оқушыларды учаскенің ортасында өсіп тұрған 5000 жылдық май қарағай жөнінде өлең шығарады. Бесінші сыныптың оқушылары айналаны, қоршаған ортаны бақылап, сурет салады. Алтыншы-сегізінші сыньш оқушылары комплексті бақылау жасайды.

Жоғары сыныпқа арналған методика ерекше көңіл аударарлық әр оқушының арқан мен бөлінген "өз" учаскесі бар, олар 56 күндей өсімдіктерді тексереді, хайуанаттарды анықтайды, өсімдіктердің бірлестіктерінің (фитоценоздық) құрылымына анализ жасайды. Альшған қорытындыларға жазба түрінде түсініктер береді.

Төрт сүрлеу жолдың біреуі, осыған 15 жылдай бұрын мектеп оқушылары отырғызған (ол шамамен 2550-дей) ағаш арасынан өтеді. Екінші бір жол тоғайға қарай өтеді, онда оқушылар балық өсіруге және олардың тіршілігін зерттеуге қатынасады.

Венгрия мемлекетінде 20-дан астам мектеп биосфераны қорғау бағытына мамандандырылған. Оны бітірген оқушылар биосфераны қорғау проблемасынан едәуір білім алып шығады.

Алайда оқушылар тек сабақта және мектепте ғана білімін көтеріп қоймайды. Жас ұрпақтарды биосфера компоненттерін қорғауға тәрбиелеу жөнінде жазғанда — жастарды патриоттық қозғалысқа тәрбиелеу айрықша орын алады. Жастар Ұлы Отан соғыстарының шайқастары өткен орындарында — жауынгерлердің қабірлеріне парктер, бақтар, аллеялар орнатудың маңызы орасан зор. Біздің Заманда пайда болған бұл тамаша дәстүр Отанға, оның құрбан болған ұлдары мен қыздарына, туған биосфераға деген сүйіспеншілікке ұласатыны сөзсіз.



74

Біз эрозия топырақтың құнарын азайтады деп дабыл қағамыз. Бірақ онымен күресуге қыруар қаржы кетеді. Алайда біз село жастарынан осы жөнінде әр уақытта көмек сұраймыз ба? Олар миллиондаған жас оқушылар, егер оларға топырақтың бүлінбеуі өз қолдарында екендігін түсіндіріп, жерді баптауды үйретсек, бүл игі іске кімде болса құлшына араласатыны, қуана қолдайтыны сөзсіз емес пе? Өйткені бұл биосфераны қорғау мәселесі жайлы құрғақ сөз, құр уәде, даурықпа мәжіліс емес, нағыз пайдалы іс. Жас жеткіншектердің энтузиазымынқолдап, ересектсрдің ісіне араластырсақ біз көп нәрседен ұтпаймыз ба?

Көп жерде бұл қолдау тапты. Біздің айтайық дегеніміз — биосфераны абсолютті қорғау емес, оны тиімді пайдалану. Сон-дықтан да жоғары оқу орындарында биосфераны пайдалану негі-зінде, оны қорғаудың толық курсын оқытқан дұрыс емес пе? Әрі мұның өзі белгілі бір профильдігі мамандарға арналған.

Студенттерге, олардың тандаған мамандықтарының маңызын

айта отырып, адам баласының электр энергиясынсыз күні жоқ

екендігін айтып түсіндіру керек. Оларға өз мамандығынан басқа

саланы түсуіне, кейбір мамандардың су электр станциясының

қуатын шектеу, су қоймасының көлемін азайту, тіпті кейде оны

салудан бас тарту себептеріне түсінік беріп, жәрдемдесіңіз.

Комплексті экономиканы пайдаланып, таразының бір басына

қуатты электр энергиясын, ал екінші басына оған жұмсалған өн-

дірістік шығындар мен қоса, су астына кеткен шалғынды,

орман-тоғайды, ағаштарды қосып салыстырыңыз, осының қай-

сысы тиімді екендігін, таразы басы қай жағына ауатындығын

болашақ мамандарға түсіндіріп беруге болады. Болашақ гидро-

техниктерді биосфсраның кез-келген байлығына ұқыптылық пек

қарауға, ведомстволық жоспарды артығымен орындаймыз деген

желеумен су қаптатылған жерде оны мындаған текше метр ағаш-

ты тектен-тек қалдыруға жол бермеугс үйрету керек.

Су электр станциялары салынуда және салына береді де.

"Бірақ ең бастысы, оны жобалауға және салуға кімнің қатысаты-

:нында — текалдыңдағы тиісті мақсатын ғана ойлап, басқа нәр-

сеге көңіл бөлмейтін маман ба, әлде бұл маңызды жұмыс биос-

фераны пайдалану тұрғысынан да ой-өрісі кең, жан жақты білім-

дар адамға жүктеле мс.

Кәсіптік білімнің ұраны мынандай болуы тиіс: өз ісіңді үй-ренгеңде, оның биосфераға қандай әсері болатынына зер сал: ағашты кессең-кес, бірақ орман-тоғайды бүлдірме; маманның өз ар-намысын ойлауы, өзіне бекітілген жұмысын қалай болса да

75

орындау емес. Кейде жете ойластырылмағаннан да толық орын-далмағаны қоғам үшін тиімірек болуы мүмкін.



Баспасөз, теледидар, кино, радио биосфераны қорғауды наси-хаттау искусствоның, публицистиканың әр түрлі формасының тұрақты тақырыбына айналуы тиіс. Биосфераны пайдалану жүйесін де тікелей немесе жанамалы жұмыс істеп жүрген әрбір жұмысшыға, инженерлерге, жобалаушыға, хабарландырудың маңызы зор.

3.11. Валеолошяға белгілі болған адамдар және

олардыц іс-әрекеті

Валеология халықтық педагогикамек тығыз байланыста болады. Адамдардың денсаулығының мықты болуына ұлттық әдет-ғұрыпта ерекше айтылады.

Валеологая ғылымы жас ғылым оиың пайда болғаны 1987 жылы. Бұл кезде адамдардың сана-сезімі өте тым өскен кез болатын. Осыған байланысты валеологиялық мектептер пайда болған еді.

Қазақстан Республикасында валеологиялық тәлім-тәрбие бе-рудің мектебінің негізін қалаған салауатты өмір сүрудің салтын жасаған Порфирий Ивановтың айқын ізбасары, бірнеше қоғамдық валеологиялық қозалыстың ұйымдастырушысы Сара Алпысқызы Назарбаева екенін айтпай кетуге болмайды.

Оның ең басты қызметінің бірі — ол көп адамдарды өзін-өзіне күшіне сенуге үйрете бідді. Сену адамның десаулығының негізгі жағдайы.

С.А.Назарбаева көптеген адамдарға мысал ретінде көрсете білді. Зерттеуші Л.З.Тельдің айтуына қарағанда, адамға дәрігерлер маңызды емес, олардың емдеу тәсілдсрі, олар қалай адамдарды үйрететіні өте маңызды болып есептелінеді. Сондай ұстаздардың қатарына Сара Алпысқызы Назарбаеваны жатқызуға болады. Өйткені ол көп адамдарды үйрете білді. Бәрімізге белгілі әлемге өйгілі қайырымдылық қорының "Бөбектің" Президенті. Бұл қор көптеген балабақшаларға көмек жасап келеді. Ауру-сырқау ба-лаларды емдейді. Оның ішінде өте ауыр формада ауыратын бала-ларға Қазақстанда және шет мемлекеттерде емделуге жәрдемдесіп келеді. Әсіресе экологиялық жағдайы өте нашар аймақтарда тұратын халықтардың балаларының денсаулығын сақтауда "Бөбек" қоры айрықша роль атқаратыны баршаға белгілі бола бастады. Әсіресе, Арал теңізі аймақтарында және Семей атом-

76

ядролық полигонында тұратын халықтардың бала-шағаларына айрықша көңіл бөлініп отыр. Адамдардың қайғы-қасіретінің бақытсыздығының неден болатын себептерін көрсетіп қоймай, олардан құтылудың жолын көрсетіп беретін адам дүниеге келген болатын. Ол Порфирий Корнеевич Иванов еді. Ғажап адам, тұтас тұлға, ерекше жасалған тұлға, өте жоғары деңгейде дамыған адам. Оның адамгершілігі, жан-дүниесі өте жоғары еді. Оны халық ұстаз деп атап кеткен.



Өте қиыншылық өмірді Иванов көп көрді. Адам айтқысыз қиыншылықтарды басынан өткізді. Терең шахтыларда ауыр жұмыс жасады. Металлургиялық зауыттардың ауыр жұмыстарында да болды. Орман-тоғайлардағы ағаш кесуде істеді. Поезд деполарында жұмыс жасады. Бір кезде оны ауру адамдардың қатарына жатқызып "ес алаң" (шизофрения) деген диагнозды дәрігерлер оған қойды. Осының салдарынан 12 жыл бойы абақтылар мен жындыханаларда болды. Дегенмен Луган облысындағы Верхний Кондрючий хуторы, Ивановтың тұрған жері Мекке сияқты қасиетті жерге айналатынын кім білген. Порфирий Корнеевич Ивановтан ақыл-кеңес алу үшін ашлатынын ешкімде ойламаған.

Ивановтың болжауынша, адамзат баласының бақытсыздыққа ұшырауының, еңбасты себебінің бірі - адамның табиғатпен дұрыс қарым-қатынаста болмауынан деп түсіндіреді. Адам табиғаттың заңдарын білмегендіктен, оған өте көп зиян келтіреді. Ол зиян адамдардың денсаулығына үлкен зиянын тигізеді. Ұстаз табиғатты дұрыс пайдаланудың жолын көрсете білді. Табиғаттың күшін өзі жақсы түсінді. Өзі көзімен көрді, қолымен ұстады.

Адамдардың дснсаулығын арттыратын табиғат деп П.К.Иванов таныды. Олы халыққа түсіндірді. 1930 жылдары денешынықтыру-жаттығудың жолдары өмірге келіп, ол дами бастады. ; Біртіндеп Иванов жүйесінің бес пункті қалыптаса бастады. Ұстаздың жұлдызы жанды. Сол бес пункттердің бірі - адамдармен әрқашан амандасып есен-саулығын сұра. Өзіңе кедергі келтіретіндерді де басқаларға қалама.

Суық суға шомыл, жетісіне бір рет 36 сағат бойы ас-судан аулақ бол! Ішімдік ішпе, темекі шекпе.

Табиғатта өз орныңды біл. Табиғатта салауатты өмір сүруге тырыс. Дұрыс ойлан, дұрыс түсін, дұрыс сөйле, дұрыс көңілді бөл. Өлең айт, күлкідсн ажырама.

"Менің қымбаттым деп жазды - П.К.Иванов - сенің барлық ауруың сенің нәзіктігіңнен пайда болады. Жылылықтан туындайды, содан дамиды, дәмді тағамдардан да неше түрлі дерттер пайда болады, тыныш өмір сүруден көп нәрселерде адам ағза-

77

сында пайда болып, қатерлі дертке айналады. "Менің идеямсыз адамдар тіршілік ете алмайды. Ал менің идеал табиғатпен достас, бірге пайдаланып емдел. Дерттерден айық.

П.К.Иванов өзінің қағидаларын "Қарғаш" атты ілімінде жазып кетті. Оны біз оқып үйреніп, іске асыруымыз керек. Ол денсаулықтың кепілі.

3.12. Дене тәрбиесі — валеология ғылымдарының бір саласы. Дене тәрбиесі көне заманда Грецияда, Римде және басқадай еддерде дамыған. Ол туралы ғылыми тұрғыдан жиналған деректер бар. Дене тәрбиесінің маңызы — адамның денсаулығын нығайтып, күш-жігерін, ақыл-ойын арттырады. Осыған байланысты Францияда Ф.Рабле, М.Мантель, дене тәрбиесін ақыл-ой, біліммен бірге қарау керек екенін насихаттаған. Чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменский "Ұлы дидактика", "Ана мектебі" атты классикалық еңбектерінде балалар гигиенасы, денсаулығы, тамақ режимі проблемаларына, ойындары мен дене шынықтыру жаттығуларына ерекше мән беріп, дене тәрбиесін балалардың жас кезінен-ақ басталуы қажет екенін дәлелдеп, оны педагогикалық үрдістің аса маңызды бөлігі деп есептеді.

Орыс халқының алдыңғы қатардағы педагогтары мен қоғам қайраткерлері В.Н.Белинский, Н.А.Добролюбов, Н.Г.Чернышев-ский балалардың дене тәрбиесіне үлкен мән берген болатьш. Ұлы педагог К.Д.Упшнский дене тәрбиесін еңбекпен байланыстыра зерттеді. Ол адамның ақыл-ой мен көзқарасының, күш-жігерінің қалыптасып дамуына еңбектің маңызын жан-жақты көрсетті. Орыстың атақты анатом-педагогы П.Ф.Лесгафт дене тәрбиесінің ғылыми жүйесін құрды. Ол балалардың түсінігі мен ойлау қабілетін дамытуда дене тәрбиесінің маңызы бар деп көрсетті.

ХІХ-ХХ ғасырларда көптеген елде спорт түрлері дене тәрбиесі ретінде кеңінен өріс алып, дами түсті. Дене тәрбиесінің ғылыми негізде бірнеше ғылыми әдістемесі жасалынды. Ол валеологиялық тәрбиенің ең негізгі бағыттарының біріне айналды.

Гигиеналық-жаттығулар мен ұдайы шұғылдану, жугіру, шаңғы тебу, жүзу, қайық есу сияқты спорт ойындары мен арнаулы жаттығулар адамның тыныс алу үрдісін күшейтеді. Қан айналысып, зат алмасуын жақсартады.

Дене тәрбиесі адамның жас ерекшелігіне қарай жүргізіледі. 1—3 жастағы балаларға арналған дене тербиесінің міндеті — балаларды гигиеналық күтімге алу, олардың дұрыс, уақытымен тамақтануын қадағалау, жас сәбилерді тазалыққа т.б. дағдыландыру. Мектеп жасына дейінгі (3—7 жас) балалардың дене тәрбиесі төзімділігін, қозғалғыштығьш, ептілігін қалыптастыруға

78

бағытталған. Балалар бақшасында аптасына бір рет 20—30 минут арнайы жаттығулар, күн сайын таңертең 4—5 минут гимнастика өткізілгені дұрыс. Дене тәрбиесінің негізгі саласы — гимнастика, ол спорт және мектептен тыс жұмыс ретінде де жүргізіледі. Дене тәрбиесі міндетті пән ретінде оқу бағдарламасына енгізілген.



Дене тәрбиесі барлық жоғары оқу орындарында жалпы дене шынықтыру курсы ретінде жүргізіледі.

79

ІҮ. ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕҢЕСТІРІЛГЕН ТАҒАМ



Ас — адамның арқауы

Халык сөзі

Бұл тарауды оқи келе мына төмендегі проблемалармен танысуға болады.

1. Тамақтанудың денсаулық үшін маңызы,

2. Ұтымды тамақтану (рационалды тамақтану).

3. Үйлестірілген (сбалансирленген) тамақтармен қоректену.

4. Органикалық және минералды заттардың физиологиялық нормалары.

Тамақтану — өмірді, өсіп-өңуді, денсаулық пен адамның қыз-метіне деген сақтау тәсілі. Ағза, тамақ және сыртқы орта бірімен-бірі біте байланысқан. Тамақтану арқылы әрбір адам өзінің десаулығын сақтап, ғұмырын ұзартады. Жүйелі түрде тамақтанудың принциптерін толық білу керек. Өзінің қалыпты массаңды біліп, оны бір қалыпта тұрғылықты сақтай білу керек. Қажетті тағам компоненттері 4-таблицада көрсетілген.



4.1.Асқорыту жүйесі

Ішкен тағамдар асқорыту органдарында механикалық және химиялық өңдеуден өткеннен кейін, ол сулы сұйықтыққа айналып, ішекке өтеді. Ішекте тағам ар қарай қорытылады, ішектің сору қасиетіне байланысты, қанға және лимфаға түседі. Тамақ қанға

және лимфаға түскеннен соң — белоктардан-амин қышқыддары, майлардан-глицерин және май қышқыддары, гликогеннен-канттар бөлініп шығып отырғанда ағзада қажетті пластикалық және энер-гетикалық заттар синтезделіп отырады. Тағамның құрамында 650 әр түрлі қосылыстар бар. Олардың ең бастысы белок, май. көмірсу, микро- және макроэлементтер фосфор, кальций. натрий, йод, кобальт, қалайы, марганец, калий және т.б. Сонымен бірге тағамдық заттар құрамында витаминдер,

80

4-таблица. Денсаулық, теңестірлген тағам



81

органикалық қышқылдар, неше түрлі фитонцидтер, крахмал бар, хлетчаткалар болады.



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет